Жағдайы нашар отбасыларымен жұмыс iстеуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру.
Кәмелетке толмағандардың iсі жөніндегі республикалық комиссияны құру, жергiлiктi жерлерде кәмелетке толмағандардың ісi жөніндегі комиссиялардың мәртебесiн арттыру мақсатқа сай болады. Комиссияның қызметi құқық қорғау функцияларын күшейтуге, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелерiнде ведомоствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыруға, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге, ұстауға, орналастыру мен оқытуға жауап беретiн мекемелер мен ұйымдарды бақылауға бағытталуы тиiс.
Ювенальды әдiлет жүйесiн одан әрi енгізу мақсатында кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық проблемаларына құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың мамандандырылуын тереңдету мен кеңейте түсу қажеттiлiгi туындап отыр.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алумен байланысты iс-шараларды iске асыру көбiне мемлекеттік, сондай-ақ аймақаралық және аймақтық деңгейлерде қабылданатын кешендi мақсатты бағдарламаларды жүзеге асырудың тиiмдiлігiне, сондай-ақ қалыптасуы оқу-тәрбие процесiнiң негiзi болуы тиiс өскелең ұрпақтың құқықтық сана-сезiмі деңгейiн арттыруға байланысты болады.
Қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау.
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қалалар мен елдi-мекендердiң көшелеріндегі қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ экстремистiк пиғылдағы азаматтар мен топтардың тарапынан қоғамға қарсы iс-қимылдардың алдын алу жөніндегі қызметiн жетiлдiру.
Халықтың қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы. Көшелер мен тұрғын үй массивтерiн патрульдеудi жүзеге асыру үшiн қоғамдық күштердi ерiктi негiзде құру, бұл қызметті моральдық және материалдық ынталандыруды қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртiптi сақтау мен iшкi iстер органдарының патрульдiк нарядтарын және iшкi әскерлердiң арнайы моторландырылған бөлiмдерiн басқаруды ұйымдастыру кезiнде жаңа нысандар мен кешендi көзқарастарды iздестiру және енгізу.
Меншiктiң мемлекеттік емес нысандарының объектiлерiнде олардың иелерiнiң күшiмен қоғамдық тәртiптi сақтауды, бұл мәселелердiң заңнамалық түрде реттелуiн қамтамасыз ету.
Облыс орталықтары мен республиканың iрi қалаларында қоғамдық тәртiптi сақтау жөніндегі қызметтi атқаратын полицияның кешендi күштерiн алдыңғы қатарлы техникамен жарақталған жедел басқару орталықтарын құру. Қылмыстар жасалғанда және төтенше жағдайлар буындаған кезде жедел iс-қимылды арттыру.
Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту, апаттық деңгейiн төмендету жөніндегі кешендi iс-шараларды жүзеге асыру.
5.3. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТIН ЖЕТIЛДIРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
Ұйымдасқан қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес.
Құқық қорғау органдары мен соттардың бірлескен жемiстi қызметiнiң негiзiнде біртұтас құқық қолдану практикасын жасау. Ұйымдасқан қылмыстың экономикалық базасын жою жөніндегі кешендi шараларды жүзеге асыру. Құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қауымдастықтар туралы жедел ақпараттарды алуын іске асыру мәселелеріндегі iс-қимылдар үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
Жедел-iздестiру қызметiнiң нысандары мен әдiстерiн одан әрі жетiлдiру. Қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды iздестiрудiң тиiмді жүйесiн құру.
Барлық құқық қорғау құрылымдарын төменнен жоғарыға дейiн ақпараттармен жедел қамтамасыз ету үшiн деректердiң интеграцияланған банкiн құру, құқық қорғау органдары қызметiнiң практикасына қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды, ақпаратты қабылдау-берудiң коммуникациялық құралдарын енгізу.
Есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау орнату, есiрткiлерге қол жеткізудi шектеу және олардың заңсыз айналымын болдырмау. Құқық қолдану қызметiн есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізушiлердi, жеткізушілердi, сондай-ақ есiрткi бизнесiн ұйымдастырушылар мен олардың белсендi қатысушыларын анықтауға және жауапқа тартуға бағдарлау. Елiмiздiң аумағын есiрткiлер мен психотроптық заттардың контрабандасы мен транзитiнен қорғауды қамтамасыз ету. Есiрткiлердiң заңсыз айналымын бақылау саласындағы екі жақты және көп жақты, әсiресе Орталық Азия елдерiмен тиiмдi байланыстарды дамыту. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз өткізуден түскен ақшаларды заңдастыру мен "тазарту" фактiлерiн анықтау жөніндегі шараларды қолдану.
Терроризмнiң туындауы мен таралуына ықпал ететiн факторларды дер кезiнде анықтау мен жоюды қамтамасыз ететiн біртұтас мемлекеттік саясатты жүргiзу. Дiни-саяси экстремизмге қарсы күрестi ведомствоаралық үйлестiру. Елiмiзге кiрудi бақылауды қатайту.
Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және дiни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі бөлiмшелер қызметкерлерiнiң кәсiби деңгейiн арттыру.
Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Экономикалық қарым-қатынастарды құқықтық реттеудi жетiлдiру, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлықтың негiзiн тарылту мақсатында экономика саласындағы заңнамалық кесiмдердiң, сондай-ақ салық заңнамасының орындалуын қадағалауды күшейту. Елiмiзде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң" мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін аймақтарда кеңiнен жайылған экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемаларының өзектiлiгi.
Құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлық және экономикалық қызмет саласындағы өзге де қылмыстардың жолын кесу мен оларға тергеу жүргiзудегi жұмыстарының нәтижелiлiгiн арттыру.
Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғам азаматтары институттарын, кәсiпкерлер ортасын, тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдарын тарту.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, сондай-ақ мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламаларды әзiрлеу.
5.4. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТIНДЕ
ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
САЯСАТЫН НАСИХАТТАУ
Заңдылықты қамтамасыз ету.
Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты одан әрі нығайту, олардың кадрларын заңдылықты, тәртiптi бұзатын адамдардан және сатқындардан тазарту жөніндегі мақсатты шараларды жүзеге асыру. Алдын алу жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыру, прокуратура органдарының қадағалау қызметі мен құқық қорғау органдарына ведомстволық бақылауды арттыру.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалардың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде пенитенциарлық жүйенi қайта құру және оны Iшкi істер министрлігінiң құрамынан шығару жөніндегі шаралар қабылдау.
Құқықтық саясатты насихаттау.
Халыққа құқықтық білім беру және оның құқықтық мәдениетiн көтеру. Халықтың құқықтық ақпаратты кең көлемде және еркiн түрде алуын қамтамасыз ету. Құқықтық білімдердi және қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы мәлiметтердi тарату үшiн алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар мен "Интернет" компьютерлiк желісінiң мүмкіндiктерiн пайдалану. Құқықтық білімдер конкурстарын өткізу.
Мемлекеттiң құқықтық саясаты мен құқық қорғау органдарының қызметi туралы қоғамдық пiкiрдi зерттеу. Елдiң және оның құқық қорғау құрылымдарының жағымды келбетiн қалыптастыру және сот әдiлдiгiнiң беделiн көтеру. Соттар мен құқық қорғау органдарын ақпараттық қолдауды жүзеге асыру. Азаматтардың заңға және мемлекеттік билiкке деген құрметті мен сенiмiн тәрбиелеуде мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының күшiн бірiктiру.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингi, шындыққа сәйкес келмейтiн ақпараттардың таралу фактiлерiнiң алдын алу тетіктерiн жетiлдiру.
5.5. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ
КАДРЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТIН НЫҒАЙТУ
Құқық қорғау органдарын сапалы жинақтау, кәсiби өзегiн нығайту, кадрларды даярлау және тәрбиелеу жүйесiн жетiлдiру жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыру.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң және соттар үшiн әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктердi қамтамасыз ету, еңбекақысын көтеру, еңбектi материалдық ынталандырудың жаңа нысандарын енгізу мәселелерін заңнамалық деңгейде шешу.
Құқық қорғау органдарындағы қызметтiң беделiн арттыру, олар туралы жағымды қоғамдық пiкiр қалыптастыру.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң бойында патриоттық және интернационалдық сезiмдi, қызметтiк мiндеттерiне адалдықты тәрбиелеу.
Заңгерлiк саладағы жоғары және орта оқу орындарының оқу процесін құқық қорғау органдарының практикалық қызметiне жақындату.
Iшкiiсминiнiң академиясы және басқа да оқу органдарының негiзiнде iшкi iстер органдарының қызметiн нормативтiк, ақпараттық, ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз етуге қабiлеттi жеке ғылыми-зерттеу базасын құру, оны жедел қызметтердiң басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу, стратегиялық жоспарлар әзiрлеу, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжамдар жасау, жедел жағдайдың даму варианттарын модельдеу, шетел мемлекеттерінiң құқық қорғау органдарының оң тәжiрибелерiн енгізу үшiн пайдалану.
5.6. ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты одан әрi дамыту, құқық қорғау саласында мемлекетаралық, үкiметаралық және ведомствоаралық деңгейлерде шарттар жасасу.
Қылмыскерлердi қылмыстық iзiне түсу және тапсыру мәселелерi бойынша тиiмдi халықаралық шарттар әзiрлеу және жасасу.
Басқа мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылдарының жаңа нысандары мен әдiстерiн iздестiру және ең алдымен ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, халықаралық терроризмге, экстремизмнің саяси, дiни және өзге де көрiнiстерiне, экономика саласындағы қылмысқа қарсы күресте енгізу.
Қажет болған жағдайда, нақты қылмысты ашу және тергеу үшiн әсiресе шекаралас аймақтарда, бірiккен жедел-тергеу топтарын құруды, қылмысқа қарсы күрес саласында бірiккен деректер банкiн қалыптастыруды және пайдалануды қарастыру.
Елiмiзде шетел азаматтарының болуына тиiмдi бақылауды орнату, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн олардың жауапкершiлiгiн күшейту, шетел азаматтарының елiмiзде болуын есепке алу мен бақылау жүйесiн автоматтандыруды жүзеге асыру, оларды тiркеу тәртібін жеңiлдету.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТIГI
Бағдарлама қылмысқа қарсы күрестiң қолданыстағы нысандары мен әдiстерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға, заңдылық пен құқықтық тәртiптi қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiн одан әрi дамытуға және нығайтуға бағытталған.
Бағдарламаны орындау үшiн, ұйғарылған iс-шараларды кезең-кезеңiмен орындауды көздейтiн, оны iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзiрлендi. Iс-шаралардың кешендiлiгi мемлекеттік және жергiлiктi билiк және басқару органдарының қызметiн барынша үйлестiру мен мүмкiндiктерiн шоғырландыруға жағдай жасайды. Бағдарламаны iске асыру тетiгiнiң тиiмдiлiгi қылмысқа қарсы күрестiң барлық бағыттары бойынша мақсатқа сай және келісілген iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.
Iс-шаралардың бірiншi көрсетiлген орындаушылары ведомоствоаралық топтар құра алады, олардың жұмысын белгiленген мерзiмде берiлген есептерi арқылы ұйымдастырады және бақылайды. Олар, орындаушылармен бірлесiп iс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуына, Бағдарламаны iске асыруға бөлінген қаржылық қаражат пен ресурстарды ұтымды түрде пайдалануға жауапты болады.
Бағдарламаның iс-шараларын қаржыландыру болмаған кезде орындаушылар, Iшкi iстер министрлігімен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметіне оларды iске асыру мерзiмдерiн өзгерту немесе орындаудан алып тастау туралы ұсыныстар енгiзедi.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бағдарламаның қаржы шығындарын талап ететiн іс-шараларын iске асыру:
- әрбір мемлекеттік органға тиiстi жылға бөлiнген сомалар шегіндегі республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары;
- сырттан қарыз алу (Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 3-кiшi бөлiміндегі 14, 15, 18 және 19-тармақшалар) есебiнен көзделедi.
Бұдан басқа, Бағдарламаны iске асыру үшiн техникалық және консультативтiк көмек желісі бойынша халықаралық ұйымдар мен донор-елдердiң ресурстары тартылады.
8. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КYТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде:
- қылмысқа, оның iшiнде ұйымдасқан нысандарға қарсы тиiмдi күрес жүргiзу үшiн қажеттi заңнамалық база жақсарады;
- құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алу жүйесiн құрудың негiзi қаланады, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға бейiм азаматтарды бақылау күшейедi;
- жалпы криминалдық ахуал жақсарады, қылмысқа қарсы күрес күшейе түседi, ауыр қылмыстардың төмендеу үрдiсi байқалады, қылмыстардың ашылуы жоғарылайды;
- экономиканың криминалдануы мен көлеңкелi бизнестiң деңгейi төмендейдi, елiмiздегi кәсiпкерлiк қызметтi және қаржы жүйесiн қорғау нығая түседi;
- қалалар мен елдi-мекендердегi қоғамдық тәртiп ахуалы жақсарады;
- халықтың құқықтық санасы, оның мемлекетке және қылмыстық әдiлет органдарына деген сенiмiнiң деңгейi артады, азаматтардың құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасауы жақсарады.
9. Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің
2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
Іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 13.06.01 ж. № 817; 2001.08.27. № 1107; Үкіметінің 12.09.01 ж. № 1180; 02.11.01 ж. № 1392; 24.12.01 ж. № 1680; 29.03.02 ж. № 372; 13.07.02 ж. № 771 қаулыларымен жоспар өзгертілді
───┬──────────────────────────────────┬───────────┬─────────────┬───────────
р/р│ Іс-шара │ Аяқтау │ Орындалуына │ Орындау
N │ │ нысаны │ жауаптылар │ мерзімі
───┼──────────────────────────────────┼───────────┼─────────────┼───────────
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5
───┴──────────────────────────────────┴───────────┴─────────────┴───────────
1. Заңнаманы жетілдіру, қылмысқа қарсы күрестің құқықтық базасын нығайту
1. Заң жобаларын әзiрлеу және
оларды Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң қарауына енгізу:
1.1. "Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас Заң жобасы ӘдМ, ІІМ, 2000 ж.
жемқорлыққа қарсы күрестi МКМ, ҰҚК 4-тоқсаны
күшейту мәселелерi жөніндегі (келісім
Қазақстан Республикасының бойынша),
заңнамалық кесiмдерiне өзгерістер Бас Проку.
мен толықтырулар енгізу туралы". ратура
(келісім
бойынша)
1.2. "Қазақстан Республикасының Заң жобасы МКМ, ӘдМ, 2001 ж.
заңнамалық кесiмдерiне ҰҚК 4-тоқсаны
экономикалық қылмыстарға қарсы (келісім
күрестi күшейтуге қатысты бойынша),
өзгерістер мен толықтырулар Ішкіісмині,
енгізу туралы". Бас Проку.
ратура
(келісім
бойынша)
1.3. "Қазақстан Республикасындағы Заң жобасы Бас Проку. 2001 ж.
мемлекеттік құқықтық ратура 1-тоқсаны
статистика мен есепке алу (келісім
қызметi туралы". бойынша),
ІІМ, НЕКА
1.4. "Қазақстан Республикасы Iшкi Заң жобасы ІІМ, ҚорМ, 2001 ж.
iстер министрлігінiң iшкi ҰҚК 1-тоқсаны
әскерлерi туралы" ҚР Заңына (келісім
өзгерістер мен толықтырулар бойынша),
енгізу туралы". ӘдМ
1.5. "Қазақстан Республикасының Заң жобасы МКМ, ӘдМ 2000 ж.
салық полициясы органдары 4-тоқсаны
туралы".
1.6. "Қазақстан Республикасындағы Заң жобасы ІІМ, ӘдМ 2001 ж.
мемлекеттік дактилоскопиялық 2-тоқсаны
тiркеу туралы".
2. "Сот сараптамасы туралы" Заң жобасы ӘдМ, ІІМ, Бас 2001 ж.
Заңға және Қазақстан Прокуратура 1-тоқсаны
Республикасының басқа да (келісім
заңнамалық кесiмдерiне сот бойынша)
сараптамасын жүргiзу құқығын
беретiн нормаларды бір iзге
салуды көздейтiн өзгерістер
мен толықтырулар енгізу.
3. Қазақстан Республикасының Заң жобасы ІІМ, ӘдМ, МКМ, 2001 ж.
Қылмыстық кодексiне құқық ҰҚК (келісім 2-тоқсаны
қорғау органдары бойынша), Бас
қызметкерлерiнiң және қоғамдық Прокуратура
тәртiптi сақтау мен қылмысқа (келісім бойынша)
қарсы күрес жөніндегі
қызметтiк мiндеттерiн немесе
қоғамдық борышын атқарушы басқа
да азаматтардың өмiрi мен
денсаулығына қол сұққаны үшiн
аса жоғары жауаптылық белгiлеудi
көздейтiн толықтырулар енгізу.
4. Шетел азаматтарын Қазақстан Заң жобасы ӘдМ, ІІМ, СІМ, 2000 ж.
Республикасынан тысқары жерге Бас Прокура. 4-тоқсан
шығарып жiберу туралы мәселенi тура (келісім
шешу кезiнде оларды ұстаудың бойынша)
тәртібі мен орнын анықтауды
көздейтiн көшi-қон мәселелерi
бойынша Қазақстан
Республикасының кейбір
заңнамалық кесiмдерiне
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу.
5. "Пенитенциарлық жүйені Жарлықтың ІІМ, ӘдМ 2001 ж.
Қазақстан Республикасы жобасы
Ішкіісминінің қарамағынан
кезең-кезеңімен шығару
жөніндегі шаралар туралы"
Қазақстан Республикасының
Президенті Жарлығының жобасын
әзiрлеу және Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң
қарауына енгізу.
6. Үкiмет қаулыларының жобаларын
әзiрлеу және Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң
қарауына енгізу:
6.1. "Мiнез-құлқы девианттық Бұйрық БҒМ, ІІМ, ӘдМ, 2001 ж.
(ауытқыған) балалар мен 3-тоқсан
жасөспiрiмдерге, сондай-ақ
олардың қылмыстық жауаптылық
туындайтын жасқа жеткенге
дейiн қылмыстық жазаға
тартылатын iс-әрекеттер жасаған
кәмелетке толмағандарға
арналған арнайы білім беру
ұйымдарының қызметін ұйымдастыру
мен арнайы айрықша ұстау ұйымдары
туралы ереженi бекіту туралы".
6.2. алып тасталды
6.3. "Түзеу мекемелерiнде жалпы Бірлескен ІІМ,БҒМ, ӘдМ 2001 ж.
білім беретiн мектептердің бұйрық 3-тоқсаны
қызметін ұйымдастыру ережесін
бекіту туралы
6.4. "Қоғамдық тәртiптi нығайту Қаулының ІІМ, Бас Проку. 2001 ж.
және полиция учаскелік жобасы ратура (келісім 1-тоқсаны
инспекторларының рөлiн бойынша), ӘдМ
арттыру жөніндегі қосымша
шаралар туралы".
6.5. Заң жобаларын және өзге де Қаулының ӘдМ, ІІМ, ҰҚК 2001 ж.
нормативтiк құқықтық жобасы (келісім 2-тоқсаны
кесiмдердi криминологиялық бойынша), МКМ,
сараптау тетiгiн әзiрлеу. БҒМ, ЭкМ, Бас
Iрi экономикалық жобаларды Прокуратура
әзiрлеу кезiнде мiндеттi (келісім
экономикалық-құқықтық бойынша)
сараптауды көздеу.
7. ҚР Жоғарғы Сотының Жоғарғы Жоғарғы Сот 2001 ж.
Пленумында соттардың сыбайлас Сот (келісім 2-тоқсаны
жемқорлық қылмыстары туралы Пленумының бойынша)
қылмыстық iстердi қарауының қаулысы
практикасын қарау
8. ҚК-ге, ҚIЖК-ге және басқа да Шолулар ӘдМ, ІІМ, Бас 2001 ж.
кодификацияланған заңнамалық Прокуратура 4-тоқсаны
кесiмдерге шолулар әзiрлеу (келісім
және басып шығару. бойынша)
2. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық
қауіпсіздікті сақтау
1. Қылмыстылықты, әлеуметтiк- Әдістемелік Бас Прокуратура 2001 ж.
демографиялық процестердi нұсқаулар (келісім 4-тоқсаны
және олардың криминогендiк бойынша), ІІМ,
зардаптарын кешендi бағалау ҰҚК (келісім
мен болжаудың әдiстемесiн бойынша), БҒМ,
әзiрлеу. ӘдМ, НЕКА, КДА,
ТЖА
2. Құқық бұзушылықтардың алдын Конференция ІІМ, Бас Проку. 2001 ж.
алу проблемалары жөніндегі материалдары ратура (келісім 3-тоқсаны
республикалық ғылыми- бойынша), ӘдМ,
практикалық конференцияны БҒМ, НЕКА
өткізу.
3. Құқық қорғау бағытындағы, Үкіметке Облыстардың, 2000-2002
оның iшiнде кәмелетке есеп беру Астана және жж.
толмағандармен және Алматы қала.
жастармен жұмыс жасау ларының
қоғамдық тәртiптi сақтау әкімдері, ІІМ,
жөніндегі және т.б. БҒМ, МАКМ, НЕКА
қоғамдық құрылымдар желісін
қалпына келтiру мен дамыту
жөніндегі шаралар кешенiн
жүзеге асыру.
4. Кәмелетке толмағандардың Үкіметке ІІМ, Бас Проку. 2001 ж.
қылмыстық топтарының есеп беру ратура 4-тоқсаны
қалыптасуына ықпал ететiн (келісім
себептер мен жағдайларды, бойынша), БҒМ,
сондай-ақ iшкi iстер МАКМ,
органдарының оларды таратып облыстардың,
жiберу жөніндегі жұмысының Астана және
практикасын кешендi оқып- Алматы қалала.
үйренудi жүргiзу. рының әкімдері
5. Республика аумағында "Құқық Үкіметке ІІМ, Облыстардың, 2001 ж.
тәртібі", "Мигрант" және есеп беру Астана және 2-тоқсаны
басқа да кешендi жедел-алдын Алматы қалала.
алу iс-шараларын жүргiзудiң рының әкімдері
практикасын жалғастыру
6. Полицияның учаскелiк Үкіметке Облыстардың, 2001 ж.
инспекторлары қызмет есеп беру Астана және 2-тоқсаны
көрсететiн әкiмшiлiк Алматы қалала.
учаскелер шегiнде бұрын жұмыс рының әкімдері,
iстеген құқық тәртібін сақтау ІІМ
пункттерiн қалпына келтiру.
Жұмыс iстеп жатқан полицияның
учаскелiк пункттерiн нығайту
шараларын қабылдау.
7. Полиция учаскелiк Үкіметке Облыстардың, 2001 ж.
инспекторларының алдын алу есеп беру Астана және 2-тоқсаны
жұмыстарының тиiмдiлiгiн Алматы қалала.
арттыру жөніндегі шараларды рының әкімдері,
қабылдау оларды өздерiне тән ІІМ
емес мiндеттерден босату.
Полицияның учаскелiк
инспекторлары көмекшiлерiнiң
штаттық лауазымдарын енгізу.
8. Алматы және Жамбыл Үкіметке Алматы, Жамбыл 2001 ж.