Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 29 наурыздағы № 372 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, № 44-45, 538-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасында:
9 "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары" деген бөлімдегі:
3 "Құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар" деген тарауда: реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |