Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 маусымдағы № 817 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 538-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары" деген 9-бөлімде:
"Заңнаманы жетілдіру, қылмысқа қарсы күрестің құқықтық базасын нығайту" деген 1-тарауда:
реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қаңтардағы № 140 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарында:
реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі