Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 тамыздағы № 1107 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 9-бөлiмде:
"Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау" деген 2-тарауда:
реттiк нөмiрi 1, 4, 9, 17, 19, 20, 22, 23, 27-жолдардағы, "Орындалуына жауаптылар" деген 4-бағанда "ЕХҚМ" деген сөз алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 24-жолдағы, 4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"БҒМ, IIМ, ЕХҚМ, ӘдМ".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі