Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен
(дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын
шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 Қаулысы
(2007.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында:
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 27.08.01 ж. № 1105; 2005.14.04. № 353 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1 -тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі:
“Қайталама қара және түстi металдар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 383 қаулысымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін заңды тұлғаларды анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізсін және ашылған кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жүргізсін;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісу бойынша түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар желісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындасын.
ҚР Үкіметінің 06.02.03 ж. № 135 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936; 2005.14.04. № 353 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігiмен (қаржы полициясы) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетімен бірлесіп, рұқсаттық құжаттары жоқ түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттері қызметінің жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын және олардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат беріп отырсын;
ҚР Үкіметінің 13.03.00 ж. № 383 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 27.08.01 ж. № 1105; 06.02.03 ж. № 135 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.16.11. № 1090 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Кедендiк бақылау комитетi Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының* (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ СЭҚ TH) 7204** кодтары бойынша қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын кодтары бойынша олардан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 7302, 8607** кодтары бойынша қолданыста болған рельстердi, темір жол төсенiші мен жылжымалы құрамның элементтерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан контрабандалық әкетудiң жолын кесу мақсатында тек қана темір жол және теңiз көлігімен экспорттауға рұқсат берсiн.
* Тауар номенклатурасы тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ TH кодымен де, атауымен де белгiленедi.
** Көлiк түрлерi бойынша экспортты шектеу көрсетiлген тауарлар нақты жағдайда баратын елi болып табылатын Еуропалық Одаққа мүше елдердiң аумағына экспортталған жағдайда қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендік бақылау комитетi қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарының, сондай-ақ бұрын қолданыста болған рельстердiң, темір жол төсенiшi мен жылжымалы құрам элементтерiнiң транзитi кезiнде iлеспе құжаттарда көрсетiлген жүктiң нақты болуына бақылауды күшейтсiн.
4. ҚР Үкіметінің 13.03.00 ж. № 383 қаулысымен алып тасталды
5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 2000 жылдың 1 наурызына дейін мерзімде осы қаулының қабылдануына байланысты қолданылып жүрген заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне осы қаулыны іске асыруда жәрдем көрсетсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |