Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23
қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 27 тамыздағы № 1105 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтағы "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"7616 99 100" деген сандардан кейін "қара және" деген сөздермен толықтырылсын;
"түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын," деген сөздердің алдынан "7204*, 740400 ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
"сондай-ақ" деген сөздерден кейін "7302, 8607* ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
"тек қана темір жол" деген сөздерден кейін "және теңіз" деген сөздермен толықтырылсын;
"Түсті металдардың" деген сөздер "Қара және түсті металдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:
"* Тауар номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де белгіленеді.
* Көрсетілген тауарлардың тасымалдау түрлеріне экспортты шектеу Еуропалық Одаққа мүше елдерге қатысты қолданылмайды".
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі