Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қарашадағы № 1090 Қаулысы
Қайталама металлургия нарығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 1, 8-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі мәтінде 3-тармақтың бірінші абзацындағы «, 7404 00 кодтары бойынша қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын және ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН 7601 20 910 0, 7601 20 990 0, 7606 11 990 0, 7606 12 500 0, 7606 12 990 0, 7606 91 000 0, 7606 92 000 0, 7616 99 100 0,» кодтары бойынша олардан жасалған бұйымдарды» деген сөздер «кодтары бойынша қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |