Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен
(дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын
шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 қаңтардағы № 23 Қаулысы (ҚР Үкіметінің 13.03.00 ж.
№ 383; 27.08.01 ж. № 1105; 06.02.03 ж. № 135; 06.09.04 ж. № 936
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 353 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында:
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 27.08.01 ж. № 1105 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Экономика, индустрия және сауда министрлігі:
"Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі № 969 қаулысымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін заңды тұлғаларды анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізсін және ашылған кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жүргізсін;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісу бойынша түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар желісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындасын.
ҚР Үкіметінің 06.02.03 ж. № 135 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігiмен (қаржы полициясы) және Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігімен бірлесіп, рұқсаттық құжаттары жоқ түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдау пункттері қызметінің жолын кесу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын және олардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне тоқсан сайын ақпарат беріп отырсын;
ҚР Үкіметінің 13.03.00 ж. № 383 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 27.08.01 ж. № 1105; 06.02.03 ж. № 135 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша: 7601 20 910, 7601 20 990, 7606 11 990, 7606 12 500, 7606 12 990, 7606 91 000, 7606 92 000, 7616 99 100 қара және 7204*, 740400 ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ 7302, 8607* ТМД СЭҚ ТН кодтары бойынша қолданыста болған рельстердi, темір жол төсеніші мен жылжымалы құрамның элементтерiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан контрабандалық әкетудiң жолын кесу мақсатында тек қана темір жол және теңіз көлiгімен экспортқа рұқсат етiлсiн. Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын, сондай-ақ қолданыста болған рельстердi темір жол төсенiшi мен жылжымалы құрамның элементтерiн транзиттік өткізу кезiнде кеден декларацияларында әкелiнген жүктің нақты салмағы белгіленсiн және әкету кезiнде iлеспе құжаттардың жүктiң нақты мөлшерiне сәйкестігін бақылау күшейтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 27.08.01 ж. № 1105 қаулысымен 3-тармақ ескертпелермен толықтырылды
* Тауар номенклатурасы тауардың кодымен де, атауымен де белгіленеді.
* Көрсетілген тауарлардың тасымалдау түрлеріне экспортты шектеу Еуропалық Одаққа мүше елдерге қатысты қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 13.03.00 ж. № 383 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 2000 жылдың 1 наурызына дейін мерзімде осы қаулының қабылдануына байланысты қолданылып жүрген заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
6. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне осы қаулыны іске асыруда жәрдем көрсетсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі