Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 29 желтоқсандағы № 1943 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.12.01 ж. № 1566 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 04.12.01 ж. № 1566 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1.
2. Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 қарашадағы № 1661 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы екінші абзац алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі