132. 30-тарау мынадай мазмұндағы 218-1 - 218-5-баптармен толықтырылсын:
"218-1-бап. Интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын тауарларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан
Республикасынан әкетуге шектеулер
Қазақстан Республикасы орталық кеден органының интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлар тiзілiмiне енгiзiлген интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу не Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес осы Заңмен белгiленген тәртiппен және интеллектуалдық меншiк объектiлерi жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.
218-2-бап. Интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын тауарларды тiркеу туралы өтiнiш
Интеллектуалдық меншік объектілерін қамтитын тауарларды Қазақстан Республикасы орталық кеден органының тiзiлiмiне енгізу интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Өтiнiш беру, қарау және тiзiлiмге енгізу тәртібін құзыретiне интеллектуалдық және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жатқызылған, мемлекет уәкiлеттiк берген органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы интеллектуалдық меншік объектілерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзедi және оны мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлар:
1) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша;
2) интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды тiзiлiмге енгiзген кезде терiс мәлiметтер берілген жағдайда;
3) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң өзгергенi жайында белгiленген мерзiмде хабарламағанда;
4) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқығы күшiн тоқтатқанда тiзiлiмнен алып тасталуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы құқық иеленушiнi интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлардың тiзiлiмнен алып тасталғандығы туралы дереу хабардар етедi.
Құқық иеленушi Қазақстан Республикасының орталық кеден органына оның интеллектуалдық меншiк объектiсiне құқығы жарамсыз болып қалғандығы туралы хабарлауға мiндеттi.
218-3-бап. Интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұру
Қазақстан Республикасының кеден органы, егер Қазақстан Республикасының кеден органы тауарлар арыз берушiнiң интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқығын бұзады деген белгiлердi анықтаса, Қазақстан Республикасының орталық кеден органының тiзiлiмiне енгiзiлген интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасының кеден органы интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде құқық иеленушi мен декларантты тоқтата тұру және оның себептерi туралы хабардар етедi, сондай-ақ декларантқа құқық иеленушiнiң атауы мен мекен-жайын, ал құқық иеленушiге - декларанттың атауы мен мекен-жайын хабарлайды.
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтатқан жағдайда, құқық иеленушi осындай тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты декларанттың залалдарын өтеуге жеткілікті мөлшерде енгізілетін соманы төлеуді қамтамасыз етуге міндетті. Аталған мөлшердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейдi.
218-4-бап. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мақсатында кедендік ресімдеуді тоқтата тұру мерзімі
Қазақстан Республикасының кеден органдары интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды он жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңдарында не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары бұл мерзiмдi қосымша он жұмыс күнiне ұзартуы мүмкiн.
Егер өтiнiш берушi ұсталған тауарлардың әкелiнуi немесе әкетiлуi фактiсiне байланысты интеллектуалдық меншiкке құқықтың бұзылуы туралы сот iсiн қозғау туралы дәлелдемелердi тапсырмаса, құқық иеленушiге алдын ала хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының кеден органдары аталған мерзiм өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген өзге талаптар орындалған жағдайда тауарларды шығаруға шектеудi тоқтатады.
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімі ішінде сот ісі қозғалған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарының талап арыз талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы сот шешiм қабылдағанға дейiн тауарлар шығарулы жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Өнеркәсiптiк үлгiлердi, патенттердi, интегралдық схемалардың топологияларын немесе жасырын ақпаратты қамтитын тауарларды шығару декларант құқық иеленушiнiң мүдделерiн қорғау үшiн қажет қамтамасыз етудi кемiнде бiр ай мерзiмге берген жағдайда жүзеге асырылады.
218-5-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықты қорғау жөнiнде шаралар қолданбағаны немесе талаптарды бұзғаны үшiн жауапкершілiк
Қазақстан Республикасының кеден органы осы Заңның 218-2-218-4- баптарында көзделген шараларды қолданбағаны не осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарды бұза отырып, тауарлар шығаруды тоқтатқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.".
133. 222-бапта:
"Қазақстан Республикасы заңдарына" деген сөздер "осы Заңға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюта заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.".
134. 232-баптағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы бекiткен" деген сөздермен ауыстырылсын.
135. 240 және 241-баптар алып тасталсын.
136. 252-бап мынадай мазмұндағы бiрiншi бөлікпен толықтырылсын:
"Тұлға кеден декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізудiң осы Заңда белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін тауарлар мен көлік құралдарын дұрыс мәлiмдемеу фактiсi - кеден төлемдерiн және (немесе) салығын қайтаруға апарып соқпайтын факт туралы мәлімдеме жасағанда, осы Заңның 254-бабының 2)-6) тармақшаларында көзделген жаза түрлерi қолданылмайды. Ықпал етудiң аталған шараларын қолданбау тұлғаны кеден төлемдері мен салығын төлеу міндетінен, осы Заңда көзделген басқа да талаптарды орындаудан, сондай-ақ осы Заңның 140-бабына сәйкес есептелетiн өсiмдi төлеуден босатпайды.".
137. Қазақша мәтiнде дұрыс.
138. 258-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заңның 254-бабының 4)-6) тармақшаларында көзделген жаза түрлерi олардың негізгі немесе қосымша жаза екеніне қарамастан кеден ережелерiн бұзғаны үшiн ол жасалған күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей қолданылады. Кеден ережелерiн бұзу нақты болған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жаза кеден ережелерiн бұзу нақты болған күндi анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жаза кеден ережелерiн бұзғаны үшiн ол анықталған күннен 5 жылдан ерте қолданылмайды.".
139. 260-баптың екiншi абзацындағы "ескертуге не" деген сөздерден кейiн "бестен" деген сөзбен толықтырылсын.
140. 261-баптың екiншi абзацтағы "үш" деген сөз "бестен он" деген сөздермен ауыстырылсын.
141. 262-бапта:
1) бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "үш" деген сөз "бестен он" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "екi жалақыдан он жалақыға дейiн" деген сөздер "он жалақыдан жиырма жалақыға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
142. 263-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
143. 264-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он"деген сөздер "он жалақыдан елу" деген сөздермен ауыстырылсын.
144. 265-баптың екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "жиырма" деген деген сөз "елу" деген сөзбен ауыстырылсын.
145. 266-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
146. 267-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
147. 268-баптың екiншi абзацындағы "он" деген сөздiң алуынан "бестен" деген сөздермен толықтырылсын.
148. 269-баптың екiншi абзацындағы "екi жалақыдан бес" деген сөздер "бес жалақыдан он" деген сөздермен ауыстырылсын.
149. 270-баптың екiншi абзацындағы "жиырма" деген соз "елу" деген сөзбен ауыстырылсын.
150. 271-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан елу" деген сөздермен ауыстырылсын.
151. 272-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
152. 273-баптың екiншi абзацындағы "екi жалақыдан бес" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
153. 274-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
154. 275-баптың екiншi абзацындағы "жиырма" деген сөз "елу" деген сөзбен ауыстырылсын.
155. 276-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
156. 278-бапта:
1) бiрiншi абзацтағы "уақытша сақтау қоймалары мен еркiн қоймалардағы" деген сөздер "еркiн қоймалардағы, уақытша сақтау орындарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) екiншi абзацтағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
157. 279-бапта:
1) бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "бес жалақыдан жиырма" деген сөздер "он жалақыдан елу" деген сөздермен ауыстырылсын, "лицензияның күшiн кiдiрте отырып" деген сөздер алып тасталсын;
2) екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "тауарларды ұқсатуға берiлген лицензияның күшiн кiдiрте отырып және" деген сөздер алынып тасталсын.
158. 280-бапта:
1) тақырыбындағы "өндiрiстiк және өзге де коммерциялық" деген сөздер "кәсiпкерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бiрiншi абзацтағы "өндiрiстiк және өзге де коммерциялық" деген сөздер "кәсiпкерлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) екiншi абзацтағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
159. 281-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
160. 283-баптың екiншi абзацындағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
161. 295-баптың тақырыбы мен мәтiніндегі "Кеден төлемдерiн" деген сөздер "Кеден төлемдерi мен салығын" деген сөздермен ауыстырылсын.
162. 296-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"296-бап. Банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершiлiгi";
мәтіндегі "Қазақстан Республикасы кеден органдарының" деген сөздер алып тасталсын.
163. 297-бапта:
1) бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "жиырмадан елу" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "он", "жиырма" деген сөздер "жиырма жалақыдан елу" деген сөздермен ауыстырылсын.
164. 298-бапта:
1) бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) екiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "жиырма жалақыдан елу" деген сөздермен ауыстырылсын.
165. 301-баптың бiрiншi бөлiгi "277" деген саннан кейiн "279" деген санмен толықтырылсын.
166. мынандай мазмұндағы 314-1-баппен толықтырылсын:
"314-1-бап. Кеден ережелерiн бұзу туралы iстердi бiрiктiру және бөлу
Бiр iсте жасатуына сол бiр адам жауапқа тартылатын немесе бiрлесiп қатысқан бiрнеше адам жауапқа тартылатын кеден ережелерiн бұзу туралы iстер бiрiктiрілуi мүмкiн.
Кеден ережелерiн бұзу туралы iстердi бөлу, егер iстiң жан-жақты, толық және объективтi шешiлуiне әсер етпесе, қажеттiлiктен туындаған жағдайларда рұқсат етiледi.
Iстердi бiрiктiру және бөлу iсте немесе қаралуында кеден ережелерiн бұзу туралы iстер жатқан Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды тұлғасының немесе осы немесе жоғары тұрған Қазақстан Республикасы кеден органы бастығының не оның орынбасарларының қаулысы бойынша жүргiзiледi.".
167. 330-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Заңды тұлғаның басшысы немесе басшысының орынбасары уақытша болмаған жағдайда, шақыру қағазы осы заңды тұлғаның қандай да бір қызметкерлерiне қолхатпен тапсырылады.".
168. 332-баптың екiншi бөлiгiнде "қазақстандық" деген соз "отандық" деген сөзбен ауыстырылсын.
169. 373-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"373-бап. Кеден iсi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi жариялау
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден iсi жөніндегі өзi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердi жариялауды қамтамасыз етедi."
170. 53-тарауда:
1) 376-379-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"376-бап. Алдын ала шешiм қабылдау
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы, кеден басқармалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген, Қазақстан Республикасының жекелеген кедендерi мүдделi тұлғаның сұрау салуы бойынша нақты тауарға немесе нақты шаруашылық операциясына қатысты тауардың сыныптамасына кедендiк құнына шыққан елiне қатысты алдын ала шешiм қабылдайды.
Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мөлшерде ақы алынады.
377-бап. Алдын ала шешiм қабылдау туралы сұрау салу
Алдын ала шешiмнiң қабылдануына мүдделi тұлға осы Заңның 376-бабында көрсетiлген Қазақстан Республикасының кеден органдарына жазбаша сұрау салады.
Алдын ала шешiм қабылдау үшiн талап етілетiн мәлiметтердiң көлемiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
Қараудың тәртібі, сондай-ақ өтiнiш берген тарапқа алдын ала шешiм берудiң мерзiмi Қазақстан Республикасының заң актілеріне және осы Заңға сәйкес белгiленедi.
Берiлген өтiнiш-сұрау салу белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда алдын ала шешiм қабылданбайды.
Алдын ала шешiм заңдарға қайшы келетiн мәмілеге не мәселелерге қатысты берiлмейдi және белгiсiз сипатта болады.
Алдын ала шешiмге не алдын ала шешiмдi қабылдаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
378-бап. Алдын ала шешiмнiң заңдық мәнi
Алдын ала шешiм Қазақстан Республикасының кеден органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
Егер алдын ала шешім қабылдауға негіз болған фактілер мен жағдайлар өзгермеген күйiнде қалса, Қазақстан Республикасы кеден органдарының алдын ала шешiмi келесi мерзiмдердiң iшiнде:
үш жыл - тауарлардың шыққан орнына қатысты;
бiр жыл - өзге мәселелерге қатысты заңдық күшi бар.
379-бап. Алдын ала қабылданған шешiмнiң күшiнiң жойылуы, оны қайтарып алу, өзгерту немесе кiдiрту
Қазақстан Республикасының жоғары тұрған кеден органдарының Қазақстан Республикасының төмен тұрған кеден органдарда қабылдаған алдын ала шешімді қайтарып алуға, өзгертуге немесе кiдiртуге органдарда құқығы бар.
Жоғарыда аталған жағдайларда алдын ала қабылданған шешімді алушыға қайтарып алудың, өзгертудiң, кiдiртудiң, күшi жойылды деп танудың не бұрын қабылданған шешiмдердiң заңсыздығын мойындаудың себептерi көрсетiлген жазбаша хабарлама жiберiледi.
Алдын ала қабылданған шешiмдi қайтарып алу, өзгерту немесе кідірту туралы шешiм Қазақстан Республикасы кеден органдарының мұндай шешiм туралы жазбаша хабарламасы өтініш берушiге ресми түрде тапсырылғаннан кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы заңдарының өзгертiлуiнiң нәтижесiнде алдын ала қабылданған шешiм қолданылып жүрген заңдарға қайшы болатын жағдайда Қазақстан Республикасының жаңа заң актiсi күшiне енген сәттен бастап Қазақстан Республикасы кеден органдары шешiмiнiң күшi жойылды деп танылады.
Алдын ала қабылданған шешiмнiң, егер ол өтiнiш берушi тапсырған жалған ақпараттың негізінде қабылданған жағдайда, жарамсыз деп танылуы мүмкiн.".
2) мынадай мазмұндағы 379-1-баппен толықтырылсын:
"379-1-бап. Алдын ала қабылданған шешiмдердiң жариялылығы
Құпия болып табылатын ақпараттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары қабылдаған алдын ала қабылданған шешiңдер жариялануға және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты бөлiгiнде кез келген мүдделi тұлғаға беруге жатады.".
171. 381-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiң меншiгiне айналдырылған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де заттар, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актiлерінде өзгеше көзделмесе, жүргiзiлуiнiң тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн аукционда сатылуға жатады.".
172. 390-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"390-бап. Шағымды қарау мерзiмi
Қазақстан Республикасының кеден органына айтылған шағым бiр айлық мерзiм iшiнде, ал қосымша зерделеу мен тексеруді қажет етпейтiн шағым он бес күннен кешiктiрмей қаралуға тиiс. Қазақстан Республикасының жоғары тұрған кеден органының не Қазақстан Республикасының орталық кеден органының шағымды қарау мерзiмiн ұзартуы бірақ, осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, екi айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.".
173. 392-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"392-бап. Шағым берудiң салдары
Шағым жасалған шешiм немесе әрекет Қазақстан Республикасының заңдары бұзылып қабылданған жағдайларда ол толық немесе ішінара кідіртілуі мүмкін.
Қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсiмдерiн өндiрiп алу жөніндегі шешiмдi қоспағанда, шағым жасалып отырған шешiмдi орындау сот шешiмiне дейiн кiдiртiледi.
Қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсiмдерiн өндiрiп алу жөніндегі кеден органының шешiмiн орындау оған осы Заңның 140-бабына сәйкес:
кеден органына шағым жасалған жағдайда - төлеушiге қабылданған шешiм жайында хабарланған күннен бастап отыз банк күнiне;
сотқа шағым жасалған жағдайда сот шешімін дейін кідіртіледі.
174. 394-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Шешiмде шағым жасаудың мерзiмдерi көрсетiле отырып, сотта шешiмге одан әрi шағымданудың құқығы түсiндiрiлуi тиiс.".
175. 397-бапта:
1) бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларына төмендегiдей арнайы атақтар берiледi:
кiшi басшы құрам:
кеден қызметiнiң прапорщигi;
кеден қызметiнiң аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты;
кеден қызметiнiң лейтенанты;
кеден қызметiнiң аға лейтенанты;
кеден қызметiнiң капитаны;
аға басшы құрам:
кеден қызметiнiң майоры;
кеден қызметiнiң подполковнигi;
кеден қызметiнiң полковнигi;
жоғары басшы құрам:
кеден қызметiнiң генерал-майоры;
кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты.",
2) мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Кiшi, орта, аға басшы құрамның арнайы атақтарын Қазақстан Республикасының Кеден органдары лауазымды тұлғаларының қызмет өткеруi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы орталық кеден органының басшысы бередi.
3) алтыншы бөлiкте "Қазақстан Республикасының орталық кеден органы" деген сөздер "кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.".
176. 402-бапта:
1) бiрiншi бөлiктегi "сауытты машиналар мен", "және көлiк" деген сөздер алып тасталсын.
2) үшiншi бөлiктегi "Арнайы" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын" деген сөздерiмен толықтырылсын.
қолданатын
177. 403-бапта:
1) үшiншi бөлiкте "санаттары Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен Қазақстан Республикасы орталық кеден органының актiсiмен анықталады" деген сөздер "санаттарын Қазақстан Республикасының Yкіметі анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы орталық кеден органының және Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғалары қарулар мен оқ- дәрiлердi жоғалтқаны, салақ сақтағаны, оларды күзету жөніндегі мiндеттерiн лайықты орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.".
178. 413-баптың екiншi абзацындағы "екi жалақыдан бес" деген сөздер "бес жалақыдан он" деген сөздермен ауыстырылсын.
179. 414-баптың екiншi абзацындағы "екi жалақыдан бес" деген сөздер "бес жалақыдан он" деген сөздермен ауыстырылсын.
180. 415-баптың екiншi абзацындағы "бес жалақыдан он" деген сөздер "он жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
181. 417-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке кәсiпкерлерге жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде және заңды тұлғаның лауазымды адамдарына - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әдеп соғады.".
182. 418-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
183. 420-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "екі жалақыдан бес" деген сөздер "бес жалақыдан жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын.
184. 421-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы "үш" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы заңының "Кеден ережелерін бұзу және осы жолсыздықтар үшін жауапкершілік. Кеден ережелерін бұзу бойынша іс жүргізу және оларды қарау" атты ХІІ және "Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасау және оларды қарау" атты ХҮ бөлімдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының жаңа кодексі күшіне енгеннен дейін қолданылады.
3-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті