Мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiн таңдап алған тұлғаның кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн аталған режимдi басқасына өзгертуге құқығы жоқ.".
67. 108-бап мынадаЙ редакцияда жазылсын:
"108-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды өткізуi
Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейтiн нормалар шегiнде тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзе алады.
Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн жеңiлдiк тәртібі кеден бажынан толық немесе iшiнара босатуды, кеден бажының бiрыңғай ставкаларын белгiлеудi және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбауды қамтуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген, жеке кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар керi импорттың, транзиттiң, кеден қоймасының, бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң, кеден аумағында ұқсатудың, кедендiк бақылаумен ұқсатудың, еркiн кеден аймағының, еркiн қойманың, кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсатудың, керi экспорттың, жоюдың кеден режимінде ресiмдей отырып, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген нормалардан тыс тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкеле және осы аумақтан әкете алмайды.".
68. 109-бапта:
1) 2), 3), 4), 5), 11), 13) тармақшалар алып тасталсын;
2) екiншi бөлiктегi "салық заңдарында" деген сөздер "заң актілерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттармен демпингке қарсы, қорғау және өтемақы бажын алады.".
69. 110-баптың бесiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға салынатын кеден бажының ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi және олар ресми жарияланғаннан кейiн отыз күн өткен соң күшiне енедi.".
70. 111-бап алып тасталсын.
71. 113-117-баптар алып тасталсын.
72. 118-баптың екiншi бөлiгіндегі "екi есе мөлшерде" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Yкіметі белгiлеген мөлшерлерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
73. 119-бапта:
баптың тақырыбындағы "кеден алымдары" деген сөздер "алымдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Иелерi отандық тұлғалар болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшiн кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген мөлшерде алым алынады.".
74. 122-бапта:
1) Қажеті жоқ. Заңның қазақша мәтінінде дұрыс жазылған;
2) үшiншi бөлiктегi "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "орталық кеден органы" деген сөздермен ауыстырылсын.
75. 123-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнын осы Заңмен белгiленген кеден құнын анықтау әдiсiне сәйкес декларант анықтайды.".
76. 125-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
1) үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мәлiмделген кеден құнын нақтылау қажеттiгi туған жағдайда, уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi ретiнде кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз етудi берген не Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асырған тауардың кедендiк бағасына сәйкес тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзген кезде мәлiмделген тауарды алуға құқығы бар. Кеден төлемдерi мен салығы салынбайтын тауарлардың мәлiмделген кеден құнын анықтау қажет болған жағдайда кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды беру жөнiнде мiндеттемелердi тапсырса, мәлiмделген тауарды алуға құқығы бар";
2) төртiншi абзацтағы "осы Жарлықта" деген сөздер "осы Заңның 388-395-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
77. 126-баптың екiншi бөлiгіндегі "кеден төлемiн есептеу үшiн негiз" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ әкелiнген тауардың кеден құнын анықтаудың әдiстемесi" деген сөздермен толықтырылсын.
78. 127-бапта:
1) бiрiншi бөлiктiң бесiншi, алтыншы, жетiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"құнды шегеру;
құнды қосу;
резерв";
2) үшiншi бөлiктiң соңғы сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Декларанттың өтiнiшi бойынша құнды шегеру және қосу әдiстерi керiсiнше ретпен қолданылады.".
79. 128-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"128-бап. Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленiң бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсi
Қазақстан Республикасына экспортқа сатқан кезде оған нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауардың кеден құны болып табылады.
Кеден құнын белгiлеу кезiнде мәмiле бағасына, егер бұрын қосылмаған болса, мынадай шығыстар енгізіледі:
1) тауарды әуежайға, кемежайға жеткізу жөніндегі немесе тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағындағы басқа жерге әкелу шығыстары;
тасымалдау құны;
тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және басқа көлікке ауыстыру шығыстары;
сақтандыру сомасы.
Осы тармақшада көрсетiлген шығыстар Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелгеннен кейiн бұл шығыстар жасалған және алып тасталатын сома құжатпен расталған жағдайда мәмiле бағасынан алып тасталуы мүмкін;
2) сатып алушы шеккен шығыстар;
тауарларды сатып алу жөніндегі комиссиялық төлемдi қоспағанда комиссиялық және делдалдық сыйақылар;
егер олар Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен бiртұтас ретiнде қаралатын болса, контейнерлердiң немесе кеп айналымға түсетiн ыдыстардың құны;
орама материалдары мен орап-қаттау жөніндегі жұмыстардың құнын қосқандағы орап-қаттау құны;
3) әкетiлуге арналып бағаланатын тауарларды өндiруге және сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе арзандатылған баға бойынша сатып алушыға тiкелей немесе жанама түрде берiлсе, мынадай тауарлар мен қызметтер құнының тиiстi бөлiгi;
бағаланатын тауарлардың құрамдас бөлiгi болып табылатын шикiзаттар, материалдар, бөлшектер, жартылай өнiмдер және басқа да жинақтаушы бұйымдар;
бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде пайдаланылған құрал- саймандар, штамптар, қалыптар мен басқа да осы тәрiздес заттар бағаланатын тауарларды өндiру кезiнде жұмсалған материалдар (жағар материалдар, отын және басқалары);
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған және бағаланатын тауарлар өндiрген кезде тiкелей қажеттi инженерлiк талдамалар, тәжiрибе-конструкторлық, дизайн, көркем безендiру, нобайлар мен сызбалар құнының тиiстi бөлiгi;
4) бағаланатын тауарларды сату шарттары ретiнде сатып алушы тiкелей немесе жанама түрде жүзеге асыруға тиiстi интеллектуалдық меншiк объектiлерiн пайдаланғаны үшiн лицензиялық және өзге де төлемдер;
5) бағаланатын тауарларды кейiннен кез келген қайта сату, беру немесе пайдаланудан сатушының тiкелей немесе жанама түрде тапқан кiрiсiнiң бiр бөлiгiнiң шамасы.
Әр түрлi атаудағы тауарларды бiр топтамамен жеткiзген кезде әрбiр әкелiнген тауарлардың және тауарлардың барлық топтамасы үшiн айқындалған кеден құнына кiруге жататын шығыстарды айқындау тиiстi шығыстардың құны есептелген мөлшерге барабар жүзеге асырылады.
Iс жүзiнде төленген және төлеуге жататын мәмiленiң бағасына осы бапта көрсетiлмеген шығыстар енгiзілмейдi.
Әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша әдiс тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн мынадай жағдайларда пайдаланылмайды, егер:
1) бағаланатын тауарларға сатып алушының иелік ету немесе пайдалану құқықтарына қатысты шектеулер болса, оларға мыналар жатпайды:
Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген шектеулер;
тауарлар қайта сатылуы мүмкiн географиялық аймақтың шектеулерi;
тауар құнына елеулi түрде әсер етпейтiн шектеулер;
2) сату немесе мәміленiң бағасы ықпалын есептеп шығару мүмкiн емес шарттарды сақтауға байланысты болса;
3) кеден құны мәлiмденген кезде декларант пайдаланған деректер құжатпен дәлелденбесе не сандық жағынан айқындалмаса және дұрыс болмаса;
4) мәмiлеге қатысушылар өзара тәуелді тұлғалар болып табылса және мәмiле бойынша құн осы баптың талаптарына сәйкес кеден құнын анықтау үшiн негiз ретiнде қолайлы болып табылмаса. Бұл ретте өзара тәуелдi адамдар деп мынадай белгiлердiң бiрiне сәйкес келетiн тұлғалар ұғынылады:
мәмілеге қатысушылардың бiрi немесе мәмiлеге қатысушылардың бiреуiнiң лауазымды адамы, сонымен бiрге мәмiлеге басқа бiр қатысушының лауазымды адамы болса;
мәмiлеге қатысушылар кәсiпорынды бiрлесiп иеленушiлер болса;
мәмiлеге қатысушылар еңбек қатынастарымен байланысты болса;
қандай да бiр тұлға: мәмiлеге қатысушылардың әрқайсысының айналымында жүрген дауыс беретiн акцияларды немесе мәмiлеге қатысушылардың әрқайсысының жарғылық капиталындағы салымдарды (пайларды) тiкелей немесе жанама иеленсе не бес немесе одан да көп проценттерi бақылауында болса;
мәмiлеге қатысушының екеуi де үшiншi адамның тiкелей не жанама бақылауында болса;
мәмiлеге қатысушылар үшiншi адамды бiрлесiп тiкелей немесе жанама түрде бақылайтын болса;
мәмiлеге қатысушылардың бiрi мәмілеге екінші қатысушының тiкелей немесе жанама бақылауында болса;
мәмілеге қатысушылар немесе олардың лауазымды адамдары жақын туысқандар болса.
Мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiк фактiсiнiң өзi мәмiле бағасын жарамсыз деп есептеуге жеткiлiктi негiз болып табылмайды. Мұндай жағдайда кеден органының лауазымды адамы мәмiлеге септiгiн тигiзетiн жағдаятты зерделеуi керек және егер өзара тәуелдiлiк бағаға ықпал етпеген болса, оның бағасы тауардың кедендiк құнын анықтау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
Егер Қазақстан Республикасының кеден органы мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiгi тауар бағасына ықпал еттi деп топшылауға негiзi болған жағдайда, осы себеп бойынша декларантқа ұсыныс (импорттаушының өтiнiшi бойынша жазбаша түрде) берiлудi. Бұл ретте декларантқа мәмiлеге қатысушылардың өзара тәуелдiлiгi тауардың бағасына әсер етпегенін растайтын қосымша қажеттi ақпарат беру үшiн мүмкiндiк берiледi.
Декларанттың бастамасы бойынша тауардың кеден құнын белгiлеу негiзiне, егер декларант шамамен сол уақытта белгiленген мыналардың:
Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде өзара тәуелдi болып табылмайтын қатысушылар арасындағы ұқсас немесе біртектес тауарлармен мәмiле жөніндегі құнның;
құнды шегеру әдiсi бойынша белгiленген ұқсас немесе бiртектес тауарлардың кеден құнының;
құнды қосу әдiсi бойынша белгiленген ұқсас немесе бiртектес тауарлардың кеден құнының бiреуiне жақын екендiгiн дәлелдесе, мәмiле құны қабылдануы мүмкiн.
Салыстыру үшiн декларант ұсынған бағалар мыналардағы:
1) коммерциялық деңгейдегi (көтерме, бөлшек саудадағы);
2) санындағы;
3) осы баптың екiншi бөлiгiнде санамаланған элементтердегi (шығыстардағы);
4) егер сатушы өзара тәуелдi тұлғамен жасасқан мәмiле кезiнде мұндай шығыстар жасамаса, өзара тәуелдi емес тұлғалар арасындағы мәмiле кезiнде туындайтын сатушының өзге де шығыстарындағы айырмашылықтар ескерiле отырып түзетiледi.
Жоғарыда айтылған жағдайда тауардың кеден құнын анықтау үшiн мәмiле бойынша баға орнына салыстыру үшiн декларант ұсынған ұқсас немесе бiртектес тауарлар бағасы пайдаланылмайды.".
80. 129-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"129-бап. Ұқсас тауарлармен жасалатын мәмле бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсi
Ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың кеден құнын белгiлеу үшiн негiз ретiнде, осы бапта көрсетiлген шарттар сақтала отырып, ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы алынады.
Бұл орайда бағаланатын тауарлармен барлық жағдайларда да бiрдей ұқсас тауарлар, соның iшiнде мына төмендегi белгiлер бойынша ұқсас тауарлар деп ұғынылады:
табиғи сипаттамалары;
рыноктағы сапасы мен танымдылығы;
шығарылған елi.
Кедендiк бағалау әдiсiн пайдаланған кезде осы баптың негізiнде:
1) егер олар тауарлар бағаланатын елде шығарылмаған болса, тауарлар бағаланатын тауарлармен ұқсас деп есептелмейдi;
2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар, бағаланатын тауарларды өндiрушi-тұлға өндiрген ұқсас тауарлар болмаған жағдайда ғана назарға алынады;
3) тауарлар, егер олардың жобалануы, оларға арналған тәжiрибелiк- конструкторлық жұмыстар, олардың көркемдiк безендiрiлуi, дизайны, нобайлары немесе сызбалары:
сатып алушыға сатушы өндiрумен және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшін тегін немесе төмендетілген құны бойынша берген болса;
Қазақстан Республикасында шығарылған болса, соған байланысты олардың құны осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасының бесінші абзацы негізінде бағаланатын тауарлардың кедендік құнына енгiзілмеген болса ұқсас деп саналмайды.
Сыртқы түрi бойынша азын-аулақ өзгешелiктер, егер негiзiнен мұндай тауарлар осы баптың талаптарына сай келсе, тауарларды ұқсас деп қараудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
Кеден құнын айқындау үшiн ұқсас тауарлармен жасалатын мәміле бағасы негiзге алынады, егер бұл тауарлар:
1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшiн сатылса;
2) бағаланатын тауарлар шығарылғанға дейiн тоқсан күннен бұрын және кейiн тоқсан күннен кешiктiрiлмей шығарылса;
3) шамамен сол мөлшерде немесе сол коммерциялық деңгейде әкелiнсе (көтерме, бөлшек саудада).
Егер тауарларды сол мөлшерде және сол коммерциялық деңгейде әкелу жағдайы орын алмаса, бұл айырмашылықтарды ескере отырып, бағаларды түзетiп басқа мөлшерде және басқа коммерциялық деңгейде әкелiнген ұқсас тауарлардың құны пайдаланылуы мүмкiн.
Осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiмiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген шығыстардың құны ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша белгiленетiн кеден құны арақашықтық және көлiк түрлерiнiң айырмашылығынан бағаланатын тауарлардың мұндай шығыстарының құнынан айтарлықтай ерекшеленеді.
Осы бапта көзделген түзетулер дұрыс және құжаттармен расталған мәлiметтер негiзiнде енгiзiлуге тиiс.
Егер осы әдiстi қолданған кезде ұқсас тауарлармен жасалатын мәмiленiң бiр бағасынан артық баға анықталса, онда әкелетiн тауарлардың кеден құнын анықтау үшiн осы бағалардың ең төменi қолданылады.".
81. 130-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"130-бап. Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсi
Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша бағалау әдiсiн пайдаланған кезде тауардың кеден құнын белгiлеу үшiн негiз ретiнде осы бапта көзделген шарттарды сақтаған жағдайда әкелiнетiн тауарлармен жасалатын бiртектес тауарлар жөніндегі мәмiле бағасы қабылданады.
Бұл орайда олар барлық жағынан бiрдей болмаса да, сипаттамасы ұқсас және құрамы ұқсас болғандықтан бiртектес тауарлар деп ұғынылады, бұл оларға бағаланатын тауарлар функциясын атқаруға және коммерциялық тұрғыда бiр-бiрiн алмастыруға мүмкiндiк бередi.
Тауарлардың бiртектестiлiгiн анықтаған кезде олардың мына төмендегi белгiлерi ескерiледi:
сапасы, тауар белгiсiнiң болуы және нарықтағы танымдылығы;
шығарылған елi.
Бiртектес тауарлармен жасалатын мәмiле бағасы бойынша кеден құнын белгiлеу әдiсiн пайдаланған кезде осы Заңның 129-бабының төртiншi-жетiншi бөлiктерiнiң ережелерi қолданылады.
Кедендiк бағалаудың осы әдiсiн пайдаланған кезде:
1) егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндiрiлген елде өндірілмесе, бағаланатын тауарлармен бiртектi болып саналмайды;
2) бағаланатын тауарларды өндiрушi емес, басқа тұлға өндiрген тауарлар, егер бағаланатын тауарларды өндіруші-тұлға өндірген біртекті тауарлар болмаған жағдайда ғана назарға алынады;
3) тауарлар, егер оларды жобалау, оларға арналған тәжiрибелiк- конструкторлық жұмыстар, олардың көркемдiк безендiрiлуi, дизайны, нобайлары мен сызбалары:
сатушыға сатып алушы өндiруге және Қазақстан Республикасына экспортқа сатуға байланысты пайдалану үшiн тегiн немесе төмендетiлген құны бойынша берiлген болса;
Қазақстан Республикасында орындалған болса, соған байланысты олардың құны осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасының бесiншi абзацы негiзiнде бағаланатын тауарлардың кедендiк құнына енгізілмеген болса, біртекті деп саналмайды.".
82. 131-бапта:
1) бiрiншi бөлiктегi "кеден құнын" деген сөздердiң алдынан "тауардың" деген сөзбен толықтырылсын;
2) екiншi бөлiктегi "бағаланатын тауарлар әкелiнетiн күннен бастап тоқсан күннен кешiктiрмей" деген сөздер алып тасталсын;
3) үшiншi және төртiншi бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл орайда сату бағаланатын тауарларды әкелумен бiр мезгiлде, ал мұндай мерзімде сату болмаған кезде бағаланатын тауарлар әкелінген күннен кейiнгi неғұрлым жақын мерзiмде, бiрақ тоқсан күннен кешiктiрмей жүзеге асырылуы тиiс.
Тауардың бiрлiк бағасынан мынадай құрамдас бөлiктерi шегерiп тасталады:
1) әдетте төленетiн немесе төлеуге келісілген өтемдiк сыйақылар немесе сол сыныптағы немесе сол түрдегi әкелiнетiн тауарларды Қазақстан Республикасында сатуға байланысты пайда табу мен жалпы шығыстарды жабу мақсатында әдетте есептелетiн үстеме ақылар;
2) тауарларды әкелуге немесе сатуға байланысты Қазақстан Республикасында төленуге тиiс әкелу бажы, салық, алымдар және өзге де төлемдер сомасы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тасымалдауға, сақтандыруға, тиеу және түсiру жұмыстарына Қазақстан Республикасында төленетiн әдеттегi шығыстар.
Сол сыныптағы немесе түрдегi тауарлар өнеркәсiптiң белгiлi бiр саласында өндiрiлген тауарлардың тобына немесе разрядына жататын тауарларды бiлдiредi және ұқсас немесе бiртектес тауарларды қамтиды, бiрақ олармен шектелмейдi.
Әкелiнген кездегi күйiнде бағаланатын ұқсас немесе бiртектес тауарларды сату реттерi болмаған кезде декларанттың өтiнiшi бойынша қосылған құнды шегере отырып, ұқсатудан өткiзiлген және осы баптың екiншi және төртiншi бөлiктерiнiң ережелерiн сақтаған жағдайда тауар бiрлiгiнiң бағасы пайдаланылуы мүмкiн.".
83. 132-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасына жеткізу кезiнде экспорт елiнде өндірілген бағаланатын тауарлар сияқты, сол сыныптағы немесе түрдегі тауарларды сатқан кезде әдетте, бағаға енгiзiлетiн кiрiс пен жалпы шығыстар сомасы;
3) осы Заңның 128-бабының екiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында санамаланған шығыстар құны".
84. 133-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"133-бап. Кеден құнын айқындаудың резервтiк әдiсi
Тауардың кеден құны резервтiк әдiс негiзiнде тауарларды кедендiк бағалаудың халықаралық принциптерiне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен, осы Заңның 128-132- баптарында сипатталған әдістерді пайдалану жолымен белгіленеді.
Тауардың кеден құнын айқындау үшiн резервтiк әдiстi қолданған кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарында бар ақпарат пайдаланылады.
Резервтiк әдiс бойынша тауардың кеден құнын айқындау үшiн негiз ретiнде:
1) экспорт елінің ішкі рыногындағы тауардың бағасын;
2) ол әкетiлетiн елден үшiншi елге жеткiзiлетiн тауардың бағасын;
3) Қазақстанда шығарылған тауарлардың Қазақстан Республикасының iшкi рыногындағы бағасын;
4) тауардың еркiн белгiленген немесе сенiмдi түрде расталмаған құнын;
5) осы Заңның 132-бабында көзделмеген шығындарды есептеу негiзiнде айқындалатын ұқсас немесе бiртектес тауарлардың құнын;
6) ең төменгi кеден құнын пайдалануға болмайды.
Тауарлардың кеден құнын резервтiк әдiс бойынша айқындаған кезде екi баламалы құнның неғұрлым жоғарысын кедендiк мақсатта пайдалануды көздейтiн жүйенi негiзге қабылдауға болмайды.".
85. 134-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"134-бап. Кеден төлемдерi мен салығын төлеушiлер
Кеден төлемдерiн төлеушi тауар өткiзетiн тұлға болып табылады.
Салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының салық заңдарымен айқындалатын тұлғалар болып табылады.".
86. 136-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"136-бап. Кеден төлемдерi мен салығын төлеу тәртібі
Кеден төлемдерi мен салығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесе отырып, кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттік бюджетке төленедi.
Кеден төлемдерi мен салығын төлеудi төлеушi не төлеушiнiң тапсыруы бойынша үшiншi бiр тұлға жүзеге асыруы мүмкiн.".
87. 137-бапта:
1) бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен кеден органдары өндірістік ұқсатуға арналған импортталатын шикiзаттар мен материалдарға кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеу мерзiмiне рұқсат бередi.";
2) үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден органы кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімін берген кезде кеден бажын төлеу күні қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер алынады.";
3) бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеудi кейiнге қалдыру мерзімi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес берiледi.".
88. 138-бапта:
1) атауындағы "төлемдерi" деген сөз "бажы" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз ету тауарлар мен көлiк құралдарын кепілге берумен және уәкілеттi банктiң кепiлдiгiмен немесе тиесiлi соманы Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгізумен жүзеге асырылуы мүмкiн.";
3) бесiншi бөлiк алып тасталсын;
4) алтыншы бөлiктегi "мұндай кепiлдiктердi" деген сөздер "уәкiлеттi банк кепiлдiктерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) жетiншi бөлiкте:
"төлемдерi" деген сөз "бажы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы немесе ұйымдардың" деген сөздер алып тасталсын;
6) сегiзiншi бөлiктегi "төлемдерi" деген сөз "бажы" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) оныншы бөлiктегi "Қазақстан Республикасының орталық кеден органы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын.
89. 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"140-бап. Кеден төлемдерiн өндiрiп алу және жауапкершiлiк шаралары
Кеден төлемдерiн төлеу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты пайда болған берешектi Қазақстан Республикасының кеден органдары төлеушiлер шоттарынан даусыз тәртiппен алады.
Берешек кезiнде берешек сомасын төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiнде өсiм алынады.
Қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсiмдi төлеушi осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен төлеушi хабардар етiлген күннен бастап бес банк күнi iшiнде төлейдi не оған шағым беруi мүмкiн. Егер осы шешiмге төлеушi аталған тәртiппен шағым бермеген жағдайда қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсімді кеден органдары төлеушілер шоттарынан даусыз тәртіппен өндіріп алады.
Кеден төлемдерi, олар бойынша есептелген айыппұлдар, сондай-ақ айыппұл санкциялары жөніндегі берешектi жабу Қазақстан Республикасының салық заңдарында салықтар бойынша берешекті өтеу үшiн белгiленген кезектiлiк тәртібімен жүзеге асырылады.
Төлеушiнiң ақшасы болмаған жағдайда, өндiрiп алу төлеушiнiң келісімiмен, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушiнiң мүлкiне аударылады. Мүлiктi өндiрiп алу туралы шешiмге осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен осындай шешiм туралы хабарланған күннен бастап бес банктiк күн iшiнде төлеушiнiң шағым жасамауы осы бөлiк бойынша келiскендiк деп саналады.
Кеден төлемдерiн төлеуден жалтару жағдайында банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдар үшiн мiндеттi, iс жүзіндегі төлеу сәтiне дейiн төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады. Өндiрiп алу туралы шешiмдердi орындамағаны үшiн осы Заңның 296-бабына сәйкес жауапкершiлiк көзделген.
Кеден төлемдерi мен өсiмi бойынша берешектiң төленуiн қамтамасыз ету үшiн төлеушiнiң шоттарында қаражаты болмаған жағдайда төлеушінiң мүлкiне иелiк етуін шектеу туралы шешiм шығарылады.
Төленбеген кеден төлемдерi мен өсiмдерiн төлеушiнiң шоттарынан өндiрiп алу, төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ мүлiктi иеленудi шектеу туралы шешiм шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
Кеден төлемдерi мен салығын төлеуден жалтарған тұлғаларға кеден төлемдерiн төлеудi кейiнге қалдыру және бөлiп төлеу мерзiмi берiлмейдi.".
90. 141-бапта:
1) бiрiншi бөлiктегi "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "орталық кеден органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) төртiншi бөлiкте:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) осы елде жүзеге асырылатын өндiрiстiк және өзге де операциялардың нәтижесi болып табылатын және оның аумағында жиналған, кейіннен қайталама шикізат ретінде ғана пайдаланылуы мүмкін қалдық заттар;";