58-бап. Кедендiк мақсаттарда ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерi
Ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерiн әкелiнетiн тауарларды ұқсатуды және тауарларды ұқсату шарттарын жүзеге асыратын кәсіпорынның қолданылып жүрген технологиялық құжаттамасының негiзiнде декларант айқындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату жөніндегі операциялардың нәтижесiнде пайда болатын ұқсату өнiмдерi шығымының мiндеттi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
59-бап. Кедендiк әкелу бажы мен салығын қайтару
Осы Заңның ережелерi сақталған:
тауарлар немесе ұқсату өнімдерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткен күннен бастап екi жылдан кешiктiрмей экспортталған;
әкелiнген тауарлар немесе ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге iс жүзiнде әкету расталған жағдайда төленген кеден бажы мен салығы немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген тиесiлi сомалар қайтарылады не уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi өзiнiң күшiн тоқтатады.
Қайтарылатын сомаларға проценттер есептелiнбейдi.
Кеден бажы мен салығының сомалары, егер тауарларды ұқсатуға әкелген кезде төленбесе, әкелiнген тауарлар немесе ұқсату өнiмдерi Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығарылған кезде төленедi. Аталған сомалардан басқа, олардан кеден бажы мен салығын төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер алынады. Аталған проценттер кедендiк әкелу бажы мен салығы төленген күндi қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыты үшiн есептеледi.".
35. 60-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"60-бап. Шетел тауарларын ұқсату өнiмдерiн кедендiк әкету бажынан және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданудан босату
Шетел тауарларын ұқсату өнiмдерi кедендiк әкету бажынан босатылады. Аталған өнiмдерге тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.".
36. 62-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"62-бап. Кедендік бақылаумен тауарларды ұқсатудың кеден режимiн қолдануға қойылатын талаптар
Кедендік бақылаумен тауарларды ұқсату тарифтік емес реттеу шараларын қолданудан жалтару және тауарлардың шыққан елiн анықтау ережелерiн аттап өту үшiн пайдаланылмайды.
Кедендiк бақылаумен тауарларды ұқсатудың кеден режимiн пайдалануға, егер:
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша ұқсатудың режимiне тауарларды орналастыруға тыйым салынса;
Қазақстан Республикасына тауарларды ұқсатуға ұқсату жөніндегі операцияларды тiкелей жүзеге асырмайтын тұлға әкелсе ұқсату мерзiмi алты айдан асса;
ұқсату жөніндегі операциялар кәсiпорынның ұқсату жүзеге асырылуы тиiс әдеттегi технологиялық процестерiне сәйкес келмесе;
тауарлардың ұқсатылуын жүзеге асыратын тұлға:
1) кедендiк бақылаудан басқа тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн алу мүмкiн еместiгін қамтамасыз етудi, кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауды, тауарларға кеден органдарының қол жеткізуiн қамтамасыз етудi, тауарлардың есебiн және олармен операцияларды жүргізудi, сондай-ақ есептiлiктi көрсетудi қоса алғанда, кеден заңдарының талаптарын орындауды қамтамасыз ете алмайтын болса;
2) жүргiзудiң белгiленген тәртібі бұзылып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
3) көрсетiлген тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi және одан да көп) бұзса;
4) контрабанданың белгiлерiмен кеден ережелерiн бұзса бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен дәлелденсе, рұқсат етiлмейдi.
Тауарларды ұқсату үшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделген ұқсату шарттары туралы мiндеттеме ұсыну қажет.".
37. 63-баптағы "55-58 және 60" деген сандар "55, 58, 63-1" деген сандармен ауыстырылсын.
38. Мынадай мазмұндағы 63-1-баппен толықтырылсын:
"63-1-бап. Кеден бажы мен салығын қолдану
Шетелдiк тауарларды ұқсату өнiмдерi кедендiк әкету бажынан босатылады. Аталған өнiмдерге тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шетелдiк тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн шығару кезiнде ақы төлеген күндi қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақытта осы сомаларды төлеген күнi қолданылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептелiне отырып кеден бажы мен салығының сомасы төленедi. Аталған өсiм кедендiк әкелу бажы мен салығы төленген күндi қоса алғанда, тауарлар ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыт үшiн есептеледi.".
39. 65-бапта:
1) бiрiншi бөлiктегi "және сақтаудың" деген сөздер "сақтау мен пайдаланудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша әкетуге:
1) тауарларды әкелу (әкету) туралы мiндеттемелер берiлген;
2) тауарларды бiрдейлендiру қамтамасыз етiлген;
3) осы Заңның 68-бабына сәйкес кеден төлемдерi мен салығы төленген;
4) уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген тауарларды кәсiпкерлiк мақсатта пайдаланбаған жағдайларда рұқсат етiледi. Осы тармақшамен белгiленген талаптың кеден бажы мен салығынан толығымен босатылған уақытша әкелiнген және уақытша әкетiлген тауарларға, сондай-ақ жабдықтарға қатысы жоқ.".
40. 66-бап алып тасталсын.
41. 67-бапта:
1) бiріншi бөлік мынадаЙ редакцияда жазылсын:
"Тауарды уақытша әкелудiң және уақытша әкетудiң мерзiмiн тауарды әкелген және әкеткен тұлға анықтайды және осындай әкелу мен әкету мақсаты мен басқа жағдайларға қарай Қазақстан Республикасының кеден органы бекiтедi, бiрақ тиiсiнше тауарларды әкелу немесе әкету уақытынан бастап екi жылдан аспауы тиiс.";
2) мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету мерзiмдерi ұзартылған жағдайда кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдары алынбайды.".
42. 68-бапта:
1) бiрiншi және екiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Yкіметі кеден бажы мен салығын сатудан толық босатылған уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiтедi.
Аталған тiзбеге енгiзiлмеген тауарлар кеден бажы мен салығын салудан iшiнара босатылады. Бұл ретте әрбiр толық және толық емес ай үшiн, егер тауарлар еркiн айналысқа шығарылғандай немесе экспортталғандай болса, төленуге тиiс соманың үш процентi төленедi.";
2) үшiншi бөлiктегi "кеден бажының деген сөздерден кейiн "және салықтың" деген сөздермен толықтырылсын;
3) төртiншi бөлiктегi "салық төленiп," деген сөздер алып тасталсын;
4) бесiншi бөлiк алып тасталсын.
43. 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"70-бап. Уақытша әкетiлген және әкелiнген тауарлардың қайтарылмауы
Уақытша әкетiлген немесе әкелiнген тауарлардың белгiленген мерзімдерде қайтарылмауы, егер тауарлардың апат немесе тежеусіз күштің әсер етуі салдарынан жойылуы немесе бiржола жоғалуы, не тауарлар болған мемлекет органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері салдарынан иелiктен шығып кету жәйттерi: уақытша әкетілу кезiнде - Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерiмен, уақытша әкеліну кезінде - уәкілеті мемлекеттік органдармен расталған жағдайда ғана мүмкiн.".
44. 71-баптың тақырыбындағы және мәтiніндегі "Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар кеден режимiн", "Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың кеден режимi" деген сөздер "Еркiн кеден аймағы мен еркiн қойманың кеден режимдерiн", "Еркiн кеден аймағы мен еркiн қойманың кеден режимдерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
45. 72-баптың бiрiншi бөлiгіндегі:
"орталық кеден органының" деген сөздер "кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігімен, Экономика министрлігімен, Қаржы министрлігімен және Ұлттық Банкiмен келісіп алып" деген сөздер алып тасталсын.
46. 73-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"73-бап. Еркiн қойманы құру және тарату
Еркiн қоймалар Қазақстан Республикасының орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн құрылуы мүмкiн.
Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
Еркiн қойма тағайындауға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
Лицензияны тоқтата тұру оны тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
Лицензияның күшi тоқтатылған кезде шетел тауарларын қоймаға орналастыру кеден бажын, салығын төлеп және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданып жүзеге асырылады, ал орналастырылатын отандық тауарлар жөнiнде кеден бажынан босату не кеден бажын қайтару жүргiзiлмейдi.
Кеден органы құрылған және жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары туралы ақпараттың мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.".
47. Мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:
"73-1 бап. Еркiн кеден аймағына және еркiн қоймаға орналастыруға жiберiлетiн тауарлар
Еркiн кеден аймақтарына ұқсатуға арналған тауарларды, сондай-ақ жабдықтарды орналастыруға рұқсат етiледi.
Еркiн қоймаға орналастыруға ұқсатуға арналған тауарлар (спирттен басқа) және жабдықтар жiберiледi.
Еркiн кеден аймағының кеден режиміндегі арнайы экономикалық аймақ аумағына орналастыруға тауарларды жеткiлiктi дәрежеде ұқсату өлшемдерiне сәйкес ұқсатуға арналған тауарлар, сондай-ақ жабдықтар жiберіледi.
Қазақстан Республикасының Yкіметі еркiн кеден аймақтарына орналастыруға тыйым салынған тауарлар тізбесін айқындауы мүмкін.
48. 74-бапта:
1) бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда:
осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі;
тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі: тауарлар топтарын бөлшектеу, жөнелтiлiмдердi жинақтау сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсiру, қайта тиеу және басқа осы тәрiздес операцияларды;
ұқсату жөніндегі операцияларды жүргiзуге рұқсат етiледi.";
2) мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Операциялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.";
3) үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын сақтамайтын тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзуге тыйым сала алады, не мұндай тұлғалардың еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар аумағына кiруiне рұқсат етпейдi.".
49. 77-баптағы "өндiрiстiк және өзге коммерциялық" деген сөздер "кәсiпкерлiк" деген сөзбен ауыстырылсын.
50. 78-бапта:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"78-бап. Еркiн қоймалардың иелерiне қойылатын қосымша талаптар";
2) бiрiншi бөлiк алып тасталсын;
3) үшiншi бөлiк бiрiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген еркiн қойманы құруға арналған үй-жайды немесе орынды жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтауға;".
51. 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"79-бап. Кеден бажын, салығын алу және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану
Шетелдiк тауарларды еркiн кеден аймағының аумағына әкелген, сондай-ақ шетелдiк және отандық тауарларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде кеден бажы мен салығы алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Шетелдiк тауарларды еркiн кеден аймақтарының аумағынан және еркiн қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде мәлiмделген кеден режимiнiң шарттарына сәйкес кеден бажы мен салығы алынады және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылады.
Отандық тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағының өзге бөлiгiнен еркiн кеден аймақтарының аумағына әкелген және отандық тауарларды еркiн кеден аймақтары аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне әкеткен кезде кеден төлемдерi мен салығы алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
Тауарларды еркін кеден аймақтарының аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкеткен кезде кеден бажы мен тарифтiк емес реттеу шаралары:
шетелдiк;
еркiн кеден аймақтарының аумағында және еркiн қоймаларда өндiрiлген;
еркiн кеден аймақтарының аумағында және еркiн қоймаларда ұқсатуға ұшыраған тауарларға қолданылмайды.
Тауарлардың еркiн кеден аймақтарының аумағынан және еркiн қоймалардан шыққаны шығу сертификатымен расталады. Сертификат болмаған кезде, тауар:
Қазақстан Республикасынан тысқары әкетілген кезде - кедендiк әкету бажын алу мен тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында отандық тауар ретiнде;
Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелiнген кезде - кедендiк әкелу бажы мен салығын алу және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында шетелдiк тауар ретiнде қарастырылады.".
52. 80-баптың үшiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Белгiленген мерзiмнен кешiктiрiлмей тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлуi немесе өзге кеден режимiне мәлiмделiнуi тиiс.".
53. 82-баптағы "Қазақстан Республикасының орталық кеден органы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын.
54. 84-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату жөніндегі жекелеген операцияларға шектеулер белгiлеуi мүмкiн.".
55. 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"85-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiн қолдануға қойылатын талаптар
Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсатудың кеден режимi мынадай жағдайларда:
белгiленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды мiндеттi түрде сақтау мiндеттемесiмен ұштасқан, кеден бажы мен салығынан босатыла отырып бұрын еркiн айналысқа шығарылған тауарлар үшiн - мұндай шектеулердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн;
егер тауарларды әкету:
1) кедендiк әкелу бажы мен салығын қайтарып берудi;
2) әкету кезiнде берiлетiн төлемдердi алуды талап етуге негiз берсе;
егер тауарлар сатып алу-сату келісім-шарты бойынша ұқсатуға әкетiлсе;
егер ұқсату өнiмдерiн ауыстыруға рұқсат ететiн тауарларды жөндеудi қоспағанда, ұқсату өнiмдерi әкетiлген тауарларды ұқсатудың нәтижесiнде пайда болғандығын анықтау мүмкiн болмаса;
егер тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң ұқсату саласының мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, пайдаланылмайды. Бұл ереже Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн жағдайларда ғана қолданылады;
тауарларды ұқсатуды жүзеге асыратын (тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiне орналастырған) тұлға:
1) жүргiзудiң белгiленген тәртібін бұзып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген және (немесе) әкетiлген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
2) аталған тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi және одан көп) бұзса;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденген контрабанданың белгілерiмен кеден ережелерiн бұзса, пайдаланыла алмайды.
Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату үшiн:
отандық тұлғаның Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен ресiмделетiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi беруі;
декларанттың таңдауы бойынша кедендiк әкету бажын төлеу не олардың төленуiн уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде қамтамасыз ету немесе тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитіне енгізу;
осы Жарлықта көзделген өзге де талаптарды орындау мiндеттеледi.".
56. 86-бап алып тасталсын.
57. 87-89-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"87-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату мерзiмдерi
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсату мерзiмiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен декларант анықтайды.
Көрсетiлген мерзiм тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзген күннен бастап екi жылдан аспауы керек.
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсату мерзiмiн өткізу күнiнен бастап екi жылға дейiн ұзартуды декларант осылай ұзарту қажеттiгiн негiздеп, кеден органына хабарлау арқылы жүзеге асырады.
Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық мерзiмге ұзарту уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып, орталық кеден органы белгілейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсатудың мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
88-бап. Кеден мақсатында ұқсатылатын өнiмдер шығымының мөлшерi
Ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерiн декларант белгілейдi.
Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату жөніндегі операциялардың нәтижесiнде пайда болатын ұқсату өнiмдерi шығымының мiндеттi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
89-бап. Кедендiк әкету бажын қайтару
Осы Заң ережелерi сақталған жағдайда, ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шығару кезiнде төленген кедендiк әкету бажы немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген тиесiлi сомалар қайтарылады не уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi өзiнiң күшiн тоқтатады. Қайтарылған сомаларға проценттер есептелмейдi.
Ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармаған кезде, егер олар Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен тауарларды ұқсатуға әкеткен кезде төленбеген болса, кедендiк әкету бажының сомалары төленедi. Аталған сомалардан басқа кедендiк әкету бажын төлеген күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша олардан проценттер алынады. Аталған проценттер кедендiк әкету бажын төлеу күнiн қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыт үшiн есептеледi.".
58. 91-бап "бұған ұқсатудың мақсаты тауарларды жөндеу болып табылатын жағдайлар қосылмайды. Тауарларды жөндеу кезiнде ұқсатылатын өнiмдердi алмастырудың тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi." деген сөздермен толықтырылсын.
59. 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"92-бап. Ұқсатуға әкетiлген тауарлардың не ұқсату өнiмдерiнің жойылуы, жоғалуы, табиғи жетiспеуi немесе шет мемлекет органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз iс-әрекеттерiнiң себебiнен қайтарылмауы
Ұқсатуға әкетiлген тауарларды не ұқсату өнiмдерiн белгiленген мерзiмде қайтармау егер тауарлардың не ұқсату өнiмдерiнiң апат немесе тежеусiз күштiң әсерi салдарынан жойылуы немесе қайтарусыз жоғалуы, олардың табиғи тозуы себебiнен жетiспеуi немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кемуi яки Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шет мемлекет органдарының не лауазымды адамдарының заңсыз әрекетiнiң салдарынан иелiктен шығып кетуi фактілерін Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерi растаған жағдайда, сондай-ақ кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден режимi өзгерген жағдайда ғана мүмкiн.".
60. 93-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"93-бап. Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден режимiнiң өзгеру ерекшелiктерi
Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден режимi экспорт режимiне өзгерген кезде кеден төлемдерi мен салықтары, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шаралары ұқсату өнiмдерiне не, егер олар ұқсатуға ұшырамаса, тауарларға қолданылады. Мұндай өзгерiстi кедендiк ресiмдеудiң шарты мен тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.".
61. 95-бапта "экономикалық саясат шараларын сақтаған және осы Жарлық пен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да талаптарды орындаған" деген сөздер "тарифтік емес реттеу шараларын сақтаған, валюталық бақылау саласындағы талаптарды және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптарды орындаған" деген сөздермен ауыстырылсын.
62. 96-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"96-бап. Экспорт үшiн шығару
Экспорт үшін шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге іс жүзінде әкетілуі тиіс. Бұл ретте тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу мен кемудiң салдарынан болған өзгерістердi қоспағанда, кеден декларациясы қабылданған күнгi күйiнде болуы керек.
Экспорт үшiн шығарылған тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлуi үшiн тауарларды өткiзетiн тұлға жауап бередi.
Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларға меншік құқығы ауысқан жағдайда Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды нақты әкеткенi үшiн тасымалдаушы - отандық тұлға жауап бередi. Тауарларды тасымалдаушы - шетелдiк тұлға тасыған жағдайда тауарлар экспортына тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге әкетпеген не тауарларды кедендiк алып жүру кезiнде төленуге тиiс болатын салық сомасын төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жол беріледi.".
63. 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"98-бап. Тауарлардың керi экспортының шарттары
Егер тауарлар тiкелей және тек қана керi экспортқа арналған тауарлар ретiнде Қазақстан Республикасының кеден органына мәлiмделген болса, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген кезде кедендiк әкелу бажы мен салықтары алынбайды, ал тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Мұндай тауарлардың iс жүзіндегі керi экспорты кеден декларациясы қабылданған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы тиiс. Тауарлардың iс жүзіндегі керi экспорты белгiленген мерзiм iшiнде жүзеге асырылмай қалған жағдайда не оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығару кезiнде осы сомалар төленген күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептей отырып кеден бажы мен салығының сомалары төленедi. Аталған өсiм төлеу күнiн қоса алғанда, тауарлар керi экспорттаудың кеден режимiнде тұрған уақыты үшiн есептеледі.
Тауарларды еркiн айналысқа шығаруға байланысты төленгендердi қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес төленген кедендiк әкелу бажы мен салығы, егер:
әкету кезiнде керi экспортталатын тауарлар табиғи тозуы немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кемуi салдарынан болған өзгерістерден басқа, әкелу сәтіндегі күйде болса;
тауарлардың керi экспорты әкелiнген сәттен бастап екi жыл iшiнде жасалса;
кері экспортталған тауарлар кіріс алу мақсатында пайдаланылмаса Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды iс жүзiнде әкету расталғаннан кейiн қайтарылуға тиiс.
Керi экспортталатын тауарлар әкетілген кезде кедендiк әкету бажы алынбайды, әкету кезінде қолданылатын тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.".
64. 99-бапта:
"орталық кеден органының рұқсатымен" деген сөздер "және Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртіппен жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Акцизделетiн тауарларды керi экспорттау кедендiк әкету бажы мен салығын уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде төлеудi қамтамасыз еткен не тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзген немесе кедендiк алып жүру жағдайында жүзеге асырылады. Кедендiк әкету бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз етудi қайтару тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлгендiгi расталғаннан кейiн жүзеге асырылады.".
65. 100-бапта:
1) екiншi бөлiк алып тасталсын;
2) үшiншi және төртiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Мыналар:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне сәйкес жекелеген тауарларды қоспағанда, бұйымдар немесе материалдар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн тауарлар;
Қазақстан Республикасы халықтары мен шет мемлекеттердiң көркемөнер, тарихи және археологиялық игiлiк заттары;
жұқпалы аурулар мен iндеттерге жол бермеу мақсатында дереу жоюды талап ететiн жағдайларды қоспағанда, құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерi, олардың бөлiктерi мен туындылары;
кеден органдары кепiлдiк зат ретiнде қабылдаған тауарлар мен көлiк құралдары - кепiлдiк қатынасы тоқтатылғанға дейiн;
қылмыстар және кеден ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша алынған тауарлар мен көлiк құралдары;
тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары;
сот тәркiлеу туралы шешiм қабылдаған тауарлар мен көлiк құралдары жойылуға жатпайды.
Тауарларды жоюға уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн мұндай жоюдың мүмкiндiгi туралы қорытынды болған жағдайда рұқсат етiледi.".
66. 104-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"104-бап. Тауардан бас тартуға қойылатын талаптар
Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режиміне орналастыруға рұқсат етiлмейтiн тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.