9) тармақшадағы "тармақтарында" деген сөз "тармақшаларында" деген сөзбен ауыстырылсын.
91. 142-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде ұқсату өлшемдерiн нақты тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.".
92. 144-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"144-бап. Тауардың шыққан жерiн растау
Тауар шыққан елдiң құжатпен расталуы тауардың шыққан жерi туралы сертификат не Қазақстан Республикасының орталық кеден органы анықтайтын тәртiппен берiлетiн өзге де құжаттар болып табылады.
Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарларды әкеткен кезде тауардың шыққан жерi туралы уәкiлеттi орган беретiн сертификат бұл тиiстi келісім-шарттарда тіркелген немесе Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнде көзделген жағдайларда тапсырылады.
Тауарды Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелген кезде тауардың шыққан жерi туралы сертификат тек:
1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден тарифi бойынша артықшылықтар берілген;
2) егер Қазақстан Республикасы кеден органының тауар тауарлардың сол елден әкелiнуi тарифтiк емес реттеу шараларымен реттелетiн елдерден шығарылады деп топшылауға негiзi болған;
3) егер бұл Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдермен, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны, халықтың денсаулығын қорғау, қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын, қоғамдық тәртiптi, мемлекеттік қауiпсiздiктi және Қазақстан Республикасының басқа да өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдаЙларда ғана берiледi.
Өзге жағдайларда тауардың шыққан жері туралы сертификат талап етiлмейдi.".
93. 145-баптың екiншi бөлiгіндегі "ресми куәландырылған көшiрмесi" деген сөздер "сертификаттың түпнұсқасын берген орган ресми куәландырған көшiрмесi" деген сөздермен ауыстырылсын.
94. 146-бапта:
1) бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Аталған негiздер декларантқа жазбаша түрде тапсырылады.";
2) екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауардың шыққан жерi туралы тиiстi дәрежеде ресiмделген сертификаты немесе мәліметтерді тапсырмау тауарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуден бас тартуға негiз болып табылмайды.".
95. 147-бапта:
1) "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "орталық кеден органы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мыналар импортталатын тауарлармен бiр елден шыққан деп саналады:
егер олар осындай тауармен бiрге импортталса және сатылса және арналуы және саны бойынша әдеттегi осындай тауарлардың жарақталуына сәйкес келсе, импортталатын тауармен пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер, аспаптар мен керек-жарақтар;
егер олар импортталатын тауармен бiр тауарлық позицияда сыныпталса, импортталатын тауар салынған бума материалдар мен контейнерлер.".
96. 148-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"148-бап. Кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер
Тауарларға қатысты кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер осы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібімен берiледi және осы Заңның 149 және 150-баптарында көзделгеннен басқа жағдайларда жеке сипат ала алмайды.
Кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктердi Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актілерімен беруге тыйым салынады.
Бұл орайда кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер ретiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарға қатысты кеден төлемдерiн алудан босату және кеден бажының ставкасын төмендету түріндегі жеңiлдiктер ұғынылады.".
97. 149-бапта:
1) бiрiншi бөлiкте:
бiрiншi абзацтағы "төлемдерін" деген сөз "бажын" деген сөзбен ауыстырылсын;
1) тармақша "немесе" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалардың шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
"Қазақстан кәсiпорындарының" деген сөздер алып тасталсын;
"теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалардың шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
", бұған кедендік ресімдеу үшін алынатын кеден алымдары жатпайды" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "шетел валютасы (ескi ақшаны зерттеуге пайдалану мақсатынан басқа)," деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақша алып тасталсын;
5), 6) тармақшалардағы "тауарлар" деген сөздің алдынан "акцизделетiндерден басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада:
"төлемдерiн" деген сөз "бажын" деген сөзбен ауыстырылсын;
"бұған кеден құжаттарын ресiмдеу үшiн алынатын кеден алымдары жатпайды" деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi өзiнiң мұқтаждары үшiн әкелiнетiн тауарлар;";
11) тармақшадағы "осы Жарлықтың 108-бабына сәйкес өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналған" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн бажсыз өткізу нормалары шегіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен сатып алынатын технологиялық жабдықтар;";
13) тармақша алып тасталсын;
15) тармақшадағы "бұған кеден алымдары қосылмайды" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң, оның iшiнде олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын тауарлар.";
2) екiншi бөлiктегi "мемлекеттік комитетi" деген сөздер "агенттiгi" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың 1), 3), 5), 6), 9), 12) тармақшаларында санамаланған тауарлар кедендік ресімделгені үшін кеден алымдарын салудан босатылады".
98. 150-бапта:
1) бiрiншi бөлiк "белгiлеу" деген сөздiң алдынан "квота" деген сөзбен толықтырылсын;
2) екiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасы Кеден-тарифтiк кеңесiнiң ұсыныстары негiзiнде" деген сөздер алып тасталсын;
3) үшiншi бөлiк алып тасталсын.
99. 151-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"151-бап. Төленген кеден төлемдерi мен салығын қайтару
Егер төленген кеден төлемдерiнiң сомасы есептелген сомадан асып кетсе, Қазақстан Республикасының кеден органы:
1) төлеуші келіскен жағдайда артық (қалдық) соманы осы төлемдер бойынша мiндеттемелердiң есебiне жатқызады;
2) төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оған қалдықты өтiнiш берiлген күннен бастап жиырма күн мерзiмде қайтарады.
Артық төленген салықты қайтару Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Осы Заңмен белгiленген кеден режимдерiнiң талаптарына сәйкес кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде төленген кеден бажы мен салығын қайтару төлеушiнiң жазбаша өтiнiшiн және аталған сомалар соларға сәйкес есептелген және кеден органының депозиттiк шотына төленген құжаттардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының кеден органы алғаннан кейiн келесi банктiк күн аяқталмай жүзеге асырылады.
Кеден төлемдерi мен салығын қайтарған кезде проценттер төленбейдi.
Төленген кеден төлемдерiн, сондай-ақ салығын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген салықты қайтару тәртібін кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
Соттың шешiмiмен орынсыз өндiрiп алынған сомаларды төлеушiге қайтару осы сомаларды төлеу күнi қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруының 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiнде оларды Қазақстан Республикасының кеден органы өндiрiп алған күннен бастап әрбiр күн үшiн өсiм есептеп, үш күн iшiнде жүргiзiледi."
100. Мынадай мазмұндағы 151-1-баппен толықтырылсын:
"151-1-бап. Талап арыздың ескіру мерзiмi
Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден төлемдерiнiң төленбеген сомаларын төлеу не кеден төлемдерiнiң төленбеген сомаларын өндiрiп алу туралы талаптарының, сондай-ақ төлеушiлердiң кеден төлемдерінің артық төленген сомаларын қайтару немесе есепке алу туралы талаптарына талап арыздың ескiру мерзiмi бес жыл болып белгiленедi.".
101. 158-бапта екiншi сөйлем алып тасталсын.
102. 159-бап алып тасталсын.
103. 165-бапта:
1) бiрiншi бөлiкте:
"коммерциялық" деген сөз "кәсiпкерлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) үшiншi және төртiншi бөлiктердегi "не; тауарлар мен олардың құжаттарының тасымалын кеден тасымалдаушысының", "не тауарлар мен олардың құжаттарын кеден тасымалдаушысы арқылы тасымалдауға" деген сөздер алып тасталсын;
3) бесiншi бөлiктегi "төлемдерiнiң" деген сөз "бажы мен салықтарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
104. 167-бапта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
1) "Жеткiзілген жерiнде тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден органына ұсынылады, ал олардың құжаттары соған табыс етiледi. Ұсыну тауарлар мен көлiк құралдарының келгенi туралы олар келгеннен кейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей хабарлама беруден көрiнедi.";
2) екiншi бөлiктегi қазақша мәтiнi дұрыс.
105. 169-баптағы "...осы Жарлықтың 164-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тауарларға қатысты жағдайлардан басқа реттерде, тасымалдаушыға жүктеледi." деген сөздер "...осы Заңның 164-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тауарларды уақытша сақтау қоймаларына орналастыруға қатысты жағдайды, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын.
106. 171-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"171-бап. Уақытша сақтау орындары
Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау кедендiк бақылау аймағында арнайы бөлiнген және жабдықталған үй-жайларда, ашық алаңдарда, көлiк құралдарында немесе өзге де орындарда (уақытша сақтау қоймаларында, кеден қоймаларында, еркiн қоймаларда) жүзеге асырылады. Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтаудың орны мен рәсiмi тауарлардың мақсатына және кедендiк ресiмдеу мерзiмiне байланысты кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен айқындалады.
Уақытша сақтау қоймаларын - тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтауға әдейi арналған қоймаларды Қазақстан Республикасының кеден органдары не отандық тұлғалар құруы мүмкiн.
Уақытша сақтау қоймаларының құрылымына жабдықталуына және тұрған орнына қойылатын міндетті талаптарды Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.".
107. 172-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"172-бап. Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензия
Уақытша сақтау қоймалары Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензиясын алғаннан кейiн құрылуы мүмкiн. Егер уақытша сақтау қоймасын Қазақстан Республикасының кеден органы құрса, аталған лицензияны алудың қажетi жоқ.
Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
Уақытша сақтау қоймасын құруға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
Лицензияны тоқтата түру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
Лицензияның күшi тоқтатылған кезде шетел тауарларын қоймаға орналастыру кеден бажын, салығын төлеп және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданып жүзеге асырылады.
Кеден органы құрылған және жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары туралы ақпараттың мерзімді жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.".
108. 176-баптың бесiншi абзацтағы "сақтаулы" деген сөз "уақытша сақтау қоймасына түскен, сақтаулы және әкетілген" деген сөздермен ауыстырылсын.
109. Мынадай мазмұндағы 176-1-баппен толықтырылсын:
"176-1-бап. Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптар
Уақытша сақтау орындарына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
Егер уақытша сақтау орны кеден немесе еркiн қойманың бөлiгi болып табылса, тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша сақтау үшiн пайдаланылатын мұндай қойманың бiр бөлiгi оқшаулануы, ал Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген жағдайларда - жеке кiрме жолдармен жабдықталуы керек.".
110. 177-баптағы "орталық кеден органы" деген сөздерден кейiн "кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
111. 179-бапта:
1) бiрiншi бөлiктiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Белгiленген мерзiмдердi ұзартуды кеден декларациясының тапсырылмауына немесе кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн қажет басқа да құжаттардың болмауына байланысты Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асыруы мүмкiн.".
2) мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден немесе еркiн қоймада уақытша сақтау мерзiмi осы баптың екiншi бөлiгiне сәйкес белгiленедi.".
112. 180-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"180-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен жүргiзiлетiн операциялар
Уақытша сақтау қоймасының иесi, тауарларға қатысты өкiлеттiгi бар өзге тұлға және олардың өкiлдерi кеден органының рұқсатымен уақытша сақтау қоймасында тұрған тауарларды қарап көруi және өлшеуі, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеуi мүмкiн.
Уақытша сақтауда тұрған тауарлар олардың зақымданған құндақтарын түзетудi қоса алғанда, сол күйiнде сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi операцияларға ұшырауы мүмкiн.".
113. 182-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"182-бап. Кеден делдалы ретiнде қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензия
Заңды тұлға Қазақстан Республикасы орталық кеден органының осындай қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын алғаннан кейін кеден делдалы ретiнде қызметiн бастай алады.
Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
Кеден делдалы ретінде қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
Лицензияны тоқтата тұру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
Кеден органы кеден делдалдары тiзбесiнiң мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.".
114. 183-бапта
1) бiрiншi бөлiгiнде:
"құқылы" деген соз алып тасталсын;
"жасауға" және "атқаруға" деген сөз "жасайды" және "атқарады" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Кеден делдалының құқықтары мен мiндеттерi барлық кеден делдалдары үшiн ортақ болып табылады. Жекелеген кеден делдалдары үшiн жеке сипаттағы жеңiлдiктер, айрықша (ерекше) құқықтар мен өзге артықшылықтар беруге, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тыйым салынады.".
115. 185-бапта:
1) төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтiнiштердi қарау және біліктiлiк аттестатын беру тәртібін, сондай-ақ кедендiк ресiмдеу жөнiнде мамандарға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы кедендiк ресiмдеу жөнiнде мамандардың тiзiлiмiн жүргiзедi.";
2) бесiншi бөлiктiң 3) тармақшасындағы "кеден iсi жөніндегі заңдардың және өзге де құжаттардың" деген сөздер "кеден заңдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) алтыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Қайтарып алу, біліктілік аттестаты берілген күннен бастап күшіне енетін өтiнiш берушi тапсырған толық емес немесе күмәндi мәлiметтердiң негiзiнде берiлген білiктiлiк аттестатын қайтарып алуды қоспағанда, қайтарып алу туралы біліктiлiк аттестатын ұстаушы ресми хабарлаған күннен бастап күшiне енедi.";
4) сегiзiншi бөлiктегi "кеден құжаттарын ресiмдеу жөніндегі маманның өз мiндеттерiн орындауға адал қарағандығына күдiк келтiретiн жеткiлiктi негiздер болған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын;
5) он үшiншi бөлiктегi "ХY бөлiмiмен" деген сөздер "388-395- баптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
116. 188-бап мынадай мазмұндағы төртінші - жетінші бөліктермен толықтырылсын:
"Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметпен айналысуға берілген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
Лицензияны тоқтата тұру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.".
117. 189-бап алып тасталсын.
118. 192-бапта "Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
119. 195-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден декларациясын тапсыру мерзiмi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырған күннен бастап он бес күннен аспауға тиiс.".
120. 196-бапта:
1) бiрiншi бөлiктегi бiрiншi сөйлем алып тасталсын;
2) екiншi бөлiк алып тасталсын.
121. 197-баптың екiншi бөлiгiнiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Декларант тауарлар мен көлiк құралдарын өткізушi, оларды тасымалдаушы тұлға не тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзетiн тұлғамен шарт бойынша оларды мәлімдейтін тұлға болып табылатынына қарамастан, осы Заңда көзделген барлық мiндеттердi орындайды және толық көлемде жауап бередi, соның iшiнде тауарлар мен көлiк құралдарын мәлiмдеу кезiнде декларант:".
122. 198-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"198-бап. Кеден мақсаттары үшiн қажет құжаттар мен қосымша мәлiметтер
Кеден декларациясын беру Қазақстан Республикасының кеден органына кеден декларациясын толтыруға негiз болатын және:
кеден ресімдеуіне жататын тауарлар мен көлік құралдарына меншік құқығын (иелену немесе пайдалану құқығын);
декларанттың өз атынан кеден декларациясын беру өкiлеттiгiн тауарларды өткізу фактiсiн;
тауарлардың кеден құны мен шығу тегiн;
кеден төлемдерi мен салығының төленгенiн және (немесе) тарифтiк жеңiлдiктер немесе тарифтiк артықшылықтар, салық төлеу жөнiнде жеңiлдiктер беруге негiздеменi;
стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігін;
сондай-ақ уәкілеттi мемлекеттік органдардың тиісті рұқсаттарын растайтын құжаттарды және Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсырумен қоса жүргiзiлуге тиiс.
Қажет құжаттар тiзбесiн осы Заңмен белгiленген кеден режимдерiнiң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды және ол мiндеттi түрде жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясында, кеден мақсаттары үшiн тапсырылған құжаттарда келтiрiлген ақпаратты тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен қосымша мәлiметтер сұратуға құқылы.
Қазақстан Республикасының кеден органы жетiспейтiн құжаттар мен мәлiметтердi беру үшiн мерзiм белгiлеуге құқылы. Қосымша құжаттар беру талабы декларация қабылдауда және тауарлар шығаруда бас тартуға негiз бола алмайды.
Қазақстан Республикасының кеден органдарына кеден декларациясын және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттарды тапсыру күнi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделетiн тапсырылған құжаттар тiзбесiнде көрсетiледi және Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамының дербес мөрiмен куәландырылады.
Куәландырылған соң тiзбе декларантқа қайтарылады.
Құжаттардың ресiмделуi жөнiнде ескертпелер және/немесе қосымша құжаттар беру қажет болған жағдайда, декларантқа қайтарылатын тiзбеде Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды тұлғасы куәландыратын тиiстi жазба жүргiзiледi.".
123. 199-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы орталық кеден органы белгiлеген тәртiп бұзылып ресiмделген кеден декларациялары бойынша тауарлар мен көлiк құралдарын шығару жөніндегі жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамына жүктеледi.".
124. 200-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"200-бап. Кеден декларациясын өзгерту және толықтыру
Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен кеден декларациясында көрсетілген мәліметтерді декларант өзгертуі немесе толықтыруы, ал берiлген кеден декларациясын ол керi қайтарып алуы мүмкiн.
ОсылаЙ өзгерту, толықтыру немесе керi қайтарып алу кеден декларациясын тексеру аяқталғанға немесе тауарлар мен көлік құралдарын қарап шығу басталғанға немесе Қазақстан Республикасының кеден органы декларацияда көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтағанға дейiн жүргiзiлуi мүмкiн.
Кеден декларациясын өзгерту немесе толықтыру оның қолданылу аясын кеңейте немесе тарылта алмайды.
Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының өз бастамашылығымен, тұлғаның тапсыруы немесе өтiнiшi бойынша жазбаша кеден декларациясын толтыруға, кеден декларациясында көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға құқығы жоқ, бұған Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзыретiне жатқызылған мәліметтерді кеден декларациясына енгізу, сондай-ақ машинамен өңдеу үшін пайдаланылатын кодталған мәліметтерді, егер осындай мәліметтер кодталмаған күйiнде декларацияда бар болса, өзгерту немесе толықтыру қосылмайды.
Кеден декларациясын қайтарып алу кезiнде жаңа кеден декларациясын тапсыру жалпы белгіленген тәртiппен жүргiзiледi.
Кеден декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны қайтарып алу тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.".
125. 202-бапта:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"202-бап. Мерзiмдi және алдын ала декларациялау";
2) екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Декларант тауарлар келерден бұрын отыз күннен аспайтын мерзiмде Қазақстан Республикасының кеден органына жүгiнген жағдайда тауарларды алдын ала декларациялау рәсiмi қолданылады.";
3) мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тауарларды мерзімді және алдын ала декларациялау тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.".
126. 203-баптың үшiншi бөлiгіндегі "Кеден бақылауын жүргiзу ережелерiн" деген сөздерден кейiн "кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның келісімi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.
127. 205-баптың төртiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Кеден бақылауы үшiн қажет құжаттарды кеден органдары, тауарлар өткiзетiн тұлғалар, кеден делдалдары және Қазақстан Республикасының кеден органдарына бақылау жүктелген қызметпен кемiнде бес жыл айналысатын өзге де тұлғалар сақтайды.".
128. 206-бапта:
1) бiрiншi бөлiк "сарапшыларды" деген сөзден кейiн "шарттық негiзде" деген сөздермен толықтырылсын;
2) "егер ол жұмыс" деген сөздерден кейiн "осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
129. 207-бап "қызмет куәлiгi негiзiнде" деген сөздерден кейiн "тиiстi тәртiппен ресiмделген ұйғарым болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын.
130. 211-бапта:
1) бiрiншi бөлiкте:
"Вице-Президентінің" деген сөздер "Мемлекеттік хатшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жоғарғы Кеңесі Төрағасының" деген сөздер "Парламенті Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілiсi Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) екiншi бөлiкте:
"Жоғарғы Кеңесi" деген сөздер "Парламент Сенаты мен Мәжілісi" деген сөздермен, "Конституциялық Соты" деген сөздер "Конституциялық Кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Төрелiк Соты Төрағасының" деген сөздер алып тасталсын;
3) үшiншi бөлiктегi "заңдарында" деген сөз "заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
131. 216-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"216-бап. Кеден декларациясын, құжаттарды тексеру және тауарлар мен көлiк құралдарын қарап шығудың мерзiмдерi
Кеден декларациясын, құжаттарды тексерудi және тауарлар мен көлiк құралдарын қарап шығуды, оның iшiнде шұғыл жеткiзiлiмдер жөнiнде тексеру мен қарап шығуды, ал тауарлардан алдын-ала мәлiмдеген жағдайда - кеден декларациясы мен құжаттарды тексерудi Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын қабылдап алған және кеден мақсаттары үшiн қажет барлық құжаттар тапсырылған күннен бастап үш күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асырады.
Шұғыл жеткiзiлiмдер жөнiнде қолданылатын мерзiмдi қоспағанда, аталған мерзiмдi кеден декларациясын қабылдап алған күннен бастап он күнге дейiн ұзартуға Қазақстан Республикасы кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен жол беріледі.".