2. Сақтанушы шарттың қолданылуы тоқтатылған немесе шарт тараптарының өз мiндеттемелерiн орындауын тоқтата тұрған күннен бастап бiр жыл iшiнде жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiруге құқылы.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сақтандырушы жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуын қалпына келтiрген кезде сақтандырылған адамның денсаулық жағдайына медициналық сараптама жүргiзуге құқылы.
Сақтандырылған адамның денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандырушы сақтандыру төлемiнiң және (немесе) сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге құқылы. Сақтанушы шарттың қолданылуын жаңа талаптармен қалпына келтiруден бас тартқан жағдайда шартты қалпына келтiруге болмайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды
4. Егер жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылса және сақтандырушы сатып алу сомасын төлеген болса, сақтандырушы мұндай шарттың қолданылуын қалпына келтіруден бас тартуға құқылы.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес кодекс 826-3-баппен толықтырылды
826-3-бап. Бас полистi ресiмдеу жолымен шарт бойынша сақтандыру
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушының сақтандырушымен келісімі бойынша біртекті мүліктің (тауарлардың, жүктердің және басқаның) әртүрлі партиясын белгілі бір мерзім ішінде ұқсас жағдайларда жүйелі сақтандыру сақтанушыға бас полис ресімдеу арқылы бір сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Сақтанушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң әрбiр топтамасына қатысты мұндай шартта көзделген мәлiметтердi сақтандырушыға ол көздеген мерзiмде хабарлауға, ал егер ол көзделмесе, оны алғаннан кейiн дереу хабарлауға мiндеттi. Сақтанушы, тiптi, мұндай мәлiметтердi алған кезде сақтандырушы өтеуге тиiстi шығынның болу мүмкiндiгi iске аспай қалса да, бұл мiндеттен босатылмайды.
3. Сақтанушының талап етуiмен сақтандырушы осы баптың 1-тармағында аталған шарттың күшi қолданылатын мүлiктiң жекелеген топтамалары бойынша сақтандыру полистерiн беруге мiндеттi.
Сақтандыру полисiнiң мазмұны бас полиске сәйкес келмеген жағдайда сақтандыру полисiне басымдық берiледi.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 827-бап өзгерді
827-бап. Сақтандыру шартының қолданылуы
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп-бөлiп төлеу кезiнде, егер шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру шарты, егер шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сақтандырып қорғаудың қолданылу мерзiмi, егер шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмiне дәл келедi.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 828-бап өзгерді; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV (бұр.ред.қара) 828-бап өзгертілді
828-бап. Сақтандырушының мiндеттерi
1. Сақтандырушы:
1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе заң актілерінде белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру төлемiн жүргiзуге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1) сақтанушыны сақтандыру қағидаларымен таныстыруға және оның талап етуі бойынша қағидалардың көшірмесін ұсынуға (жіберуге);
2) сақтанушыға (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайы кезiнде олардың залалдарды азайту үшiн жұмсаған шығындарын өтеуге;
3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
4) сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушi (пайда алушы) не олардың өкілі сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды бермеген жағдайда, оларды сақтандыру шартында белгіленген мерзімде жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етуге міндетті.
2. Сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заң актілерінде, сондай-ақ сақтандыру шартында сақтандырушының басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
ҚР 18.12.00 № 128-II; 01.07.03 ж. № 445-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 829-бап өзгертілді
829-бап. Сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды азайтуға бағытталған шығындардың орнын толтыру
1. Мүлiктiк сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде, болуы мүмкiн залалдарды болдырмау немесе азайту үшiн сақтанушы (сақтандырылған адам) қалыптасқан жағдайларда қисынды және қолдан келетiн шаралар, оның iшiнде сақтандырылған мүлікті құтқару және сақтау шараларын қолдануға мiндеттi.
Сақтанушы (сақтандырылған адам) осындай шаралар қолдана отырып, егер олар сақтанушыға (сақтандырылған адамға) хабарланған болса, сақтандырушының нұсқауларын ұстануға тиiс.
2. Залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында сақтанушы (сақтандырылған адам) шеккен шығындар, егер мұндай шығындар қажет болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жүргiзiлген жағдайда, тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледi, алайда сақтандыру төлемiнiң және шығындар өтемiнiң жалпы сомасы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауы тиiс. Егер шығындар сақтанушының (сақтандырылған адамның) сақтандырушы нұсқаларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледi.
3. Болуы мүмкiн залалдарды азайту үшiн сақтанушының (сақтандырылған адамның) қисынды және қолдан келетiн шараларды қасақана қолданбауы салдарынан туындаған залалдар бөлiгiнде сақтандырушы сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылады.
ҚР 18.12.00 № 128-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 27.02.04 ж. № 527-II (01.04.04 ж. күшіне енеді); 2010.15.07. № 338-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 830-бап өзгертілді
830-бап. Сақтандыру құпиясы
1. Сақтандыру құпиясына сақтандыру сомасының, сатып алу сомасының мөлшерлерi туралы және төленген сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де талаптары туралы мәлiметтер жатады. Таратылу процесіндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы мәлiметтер сақтандыру құпиясына жатпайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды
1-1. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамалық актілерде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етудің өзге де талаптары мен тәртібі көзделуі мүмкін.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар, сақтандыру агенті, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі өзінің кәсіби қызметі нәтижесінде алған сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді, сақтандыру нарығының басқа кәсіби қатысушысына не сақтандыру агентіне қайта сақтандыру шарттарын жасасуға немесе ортақ сақтандыру жөніндегі қатынастарға байланысты ақпаратты беру жағдайларын, сондай-ақ осы баптың 4, 4-1, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға құқылы емес.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты сақтандыру құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған лауазымды адамдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру агенттерінің қызметкерлері, сақтандыру агенттері және өзге де адамдар оларды жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.
Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның сақтандыру құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді растаушы құжаттар мен материалдар ретінде ұсынуы сақтандыру құпиясын жария ету болып табылмайды.
4. Сақтандыру құпиясын үшiншi адамға сақтанушының (сақтандырылған адамның, пайда алушының) жазбаша келісімi негiзiнде ашуға болады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Сақтандыру құпиясы сақтандыру омбудсманына өзінің қарауында жатқан жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі өтініштері бойынша ашылуы мүмкін.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер:
1) сақтанушының (пайда алушының) өкiлiне - нотариатта куәландырылған сенімхат негiзiнде;
2) анықтау және алдын ала тергеу органына - оның өндiрiсіндегі қылмыстық iстер бойынша;
2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) сотқа - сот ұйғарымы немесе қаулысы негiзiнде оның өндiрiсіндегі iстер бойынша;
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға - бірінші басшы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген тізілімнен үзінді-көшірме қоса берілген жазбаша сұрау салу бойынша;
4) прокурорға - оның құзыретi шегiнде өзiнiң қарауындағы материалдар бойынша тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
2009.28.08 № 192-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға - «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен;
4-2) 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
тексерілетін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттарына;
пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген, пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты - «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, ал өзге сақтандыру шарттарына қатысты - прокурордың санкциясымен;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды
4-5) барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, әшкерелеу және жолын кесу мақсаттарында прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне;
2023.21.12. № 49-VIII ҚР Заңымен 4-6) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-6) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-2-бабында көзделген мақсаттарда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне - сақтандыру қызметiн қадағалауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
5-1) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингіне - сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерін есептеу, сондай-ақ сақтандыру тобының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру мақсаттары үшін;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) сақтандыру ұйымы таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мақсаттарда;
6) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заң актілеріне сәйкес өзге де тұлғаларға беріледі.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді аудиторлық ұйымға «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 13-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес ұсынуы мүмкін.
6. Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтер сақтанушы, сақтандырылған адам, пайда алушы қайтыс болған соң:
1) мұрагерлерге;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) соттарға және нотариустарға - соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың сұрау салуы негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге - олардың өндiрiсіндегі мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.
7. Сақтандыру қызметiн жүзеге асырудың жалпы шарттары, ұсынылатын сақтандыру қызметтерiнiң тiзбесi, сақтандыру тарифтерi, сақтандыру мерзiмдерi, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының өзге де негiзгi талаптары ашық ақпарат болып табылады және сақтандыру құпиясы мен коммерциялық құпияның нысанасы бола алмайды.
8. Сақтандырушы сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi жария еткен жағдайда сақтанушы (сақтандырылған адам, пайда алушы) келтiрiлген шығынды өтеудi, ал тиiстi жағдайларда - моральдық нұқсанның орнын толтыруды талап етуге құқылы.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 831-бап өзгерді
831-бап. Сақтанушының мiндеттерi
1. Сақтанушы:
1) сақтандыру шарты белгiлеген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;
2) сақтандыру тәуекелiнiң жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар етуге;
3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлауға;
4) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшiн шаралар қолдануға (осы Кодекстiң 829-бабының 1-тармағы);
5) сақтандыру жағдайының басталғандығы үшiн жауапты адамнан талап ету құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi (осы Кодекстiң 840-бабы).
2. Сақтандыру шартында сақтанушының басқа да мiндеттерi көзделуі мүмкін.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 832-бап өзгерді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 832-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
832-бап. Сақтанушы шарт жасасу кезінде ұсынатын мәліметтер
1. Сақтанушы шарт жасасу кезінде сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) келтірілуі ықтимал залалдардың мөлшерін айқындау үшін елеулі мәні бар, сақтанушының өзіне белгілі мән-жайларды, егер бұл мән-жайлар сақтандырушыға белгілі болмаса және белгілі болуға тиісті болмаса, хабарлауға міндетті.
Сақтандырушы әзірлеген сақтандыру қағидаларында немесе шарт жасасу кезеңінде сақтанушыға жіберілген сақтандырушының жазбаша сұрау салуында айқын жазылған мән-жайлар елеулі деп танылады.
Міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген мән-жайлар елеулі деп танылады.
2. Сақтандырушының елеулі мән-жайларға қатысты жазбаша сұрау салуында көрсетілген сұрақтарға сақтанушының жауаптары болмаған кезде сақтандыру шарты жасалмайды.
Егер сақтандыру шарты сақтандырушының қандай да бір сұрақтарына сақтанушының жауаптары болмаған кезде жасалған болса, сақтандырушы сақтанушының тиісті мән-жайларды хабарламағанын негізге ала отырып, кейіннен шартты бұзуды немесе оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.
3. Егер шарт жасалғаннан кейін сақтанушының сақтандырушыға осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлағаны анықталатын болса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды және осы Кодекстің 844-бабы 1-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген салдарларды қолдануды талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы айтпай қалған мән-жайлар қажет болмай қалса, сақтандырушы шартты жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.
01.07.03 ж. № 445-II ҚР Заңымен 833-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды бағалау
1. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандырылатын мүлiктi қарап тексеруге және бағалауға, ал қажет болған кезде оның шынайы құнын анықтау мақсатында сараптама тағайындауға құқылы. Сақтандырылатын мүлiкке және келтiрілген зиянға сақтандырушы жүзеге асыратын бағалау сақтандырудың құрамдас бөлiгi болып табылады және қосымша лицензиялауды талап етпейдi.
2. Жеке сақтандыру шартын жасау кезiнде сақтандырушы оның нақты денсаулық жағдайына баға беру үшiн сақтандырылатын адамға тексеру жүргiзуге құқылы.
3. Сақтандырушының сақтандыру тәуекелiне осы баптың негiзiнде берген бағасы өзгеше дәлелдеуге құқығы бар сақтанушы үшiн мiндеттi емес.
4. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтанушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтандырушы айқындайды. Қажет болған жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) жүргiзедi. Келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленуі мүмкін.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 834-бап өзгерді
834-бап. Шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiнiң ұлғаю салдары
1. Мүлiктiк сақтандыру шартының қолданылуы кезеңiнде сақтанушы (сақтандырылған адам) шарт жасау кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзiне белгiлі болған елеулi өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелiн арттыруға елеулі ықпал жасайтындай болса, сақтандырушыға дереу хабарлауға мiндеттi.
Қалай болғанда да сақтандыру шартында айтылған өзгерістер елеулi деп танылады.
2. Сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген сақтандырушы, шарттың талаптарын өзгертудi немесе тәуекелдiң артуымен мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеудi талап етуге құқылы.
Егер сақтанушы немесе сақтандырылған адам сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге және сақтандырудың қосымша сыйлықақысын төлеуге қарсылық білдірсе, сақтандырушы осы Кодекстің 24-тарауында көзделген ережелерге сәйкес шартты бұзуды талап етуге құқылы.
3. Сақтанушы немесе сақтандырылған адам осы баптың тармағында көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайда сақтандырушы шартты бұзуды және шартты бұзудан болған залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
4. Егер сақтандыру тәуекелiн арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар жоққа шығып қалған болса, сақтандырушының шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.
5. Жеке сақтандыру кезiнде, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген шарттың қолданылуы кезеңiнде сақтандыру тәуекелiн өзгертудiң салдары, егер олар шартта тiкелей көзделген болса, басталуы мүмкiн.
ҚР 18.12.00 № 128-II; 01.07.03 ж. № 445-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 835-бап өзгертілді
835-бап. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыны хабардар ету
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне мәлiм болған соң оның басталғандығы жөнiнде сақтандырушыға немесе оның өкiлiне дереу хабарлауға мiндеттi. Егер шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде хабардар ету мерзiмi және (немесе) тәсiлi көзделсе, ол келісілген мерзiмде және шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiсiнде көрсетiлген тәсiлмен жасалуға тиiс.
Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, мұндай мiндет сақтандырылған адамға жүктеледi.
Егер жеке сақтандыру кезiнде сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру жағдайы болып табылса, сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушыға хабарлау мiндетi сақтанушыға, ал егер оның өзi бiр мезгiлде сақтандырылған адам болса - пайда алушыға жүктеледi. Бұл ретте сақтандырушыға хабарлаудың шартта белгiленген мерзiмi отыз күннен кем болмауы тиiс.
2. Пайда алушының барлық жағдайларда, мұны сақтанушының немесе сақтандырылған адамның жасаған-жасамағанына қарамастан, сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға құқығы бар.
3. Егер сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушының дер кезiнде бiлгендiгi дәлелденбесе не бұл жөніндегі мәлiметтердiң сақтандырушыда болмауы оның сақтандыру төлемi мiндеттерiне ықпал етпейтiн болса, сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабар бермеу оған сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту құқығын бередi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер ол сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартымен дәлелдіге жатқызылмаған себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
836-бап. Сақтанушыны ауыстыру
1. Мүлiктi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы қайтыс болған жағдайда сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi мұрагерлiк тәртібімен осы мүлiктi қабылдаған адамға ауысады. Меншiк құқықтары (немесе өзге де заттық құқықтары) ауысуының басқа жағдайларында сақтанушының құқықтары мен мiндеттерi, егер шартта немесе заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, сақтандырушының келiсуiмен жаңа меншiк иесiне (немесе өзге де заттық құқықтардың иесiне) ауысады.
2. Жеке сақтандыру шартын сақтандырылған адамның пайдасына жасаған сақтанушы қайтыс болған жағдайда, осы шартта айқындалған құқықтар мен мiндеттер оның келiсімiмен сақтандырылған адамға ауысады. Сақтандыру шарты бойынша міндеттерді сақтандырылған адамның орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оның құқықтары мен міндеттері заң актілеріне сәйкес оның құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі мiндеттердi жүзеге асырушы тұлғаларға ауысуы мүмкiн.