796-бап. Тауар қоймасының сақтау шартынан бас тартуы
Егер жүк берушi елеулi зиян келтiруге қауiп төндiретiн тауарлардың қатерлi сипатын жасырса, тауар қоймасы сақтау шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 797-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
797-бап. Қойма құжаттары
1. Тауар қоймалары тауарлардың сақтауға қабылданғандығын растап мынадай қойма құжаттарын:
1) жай қойма куәлiгiн;
2) қос қойма куәлiгiн беруi мүмкiн.
1-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда тауар қоймалары тауарлардың иесіздендіріліп сақтауға қабылданғанын растайтын қос немесе жай қойма куәлігін беруге міндетті.
2. Қос қойма куәлiгi, оның әр бөлiгi және жай қойма куәлiгi бағалы қағаздар болып табылады.
3. Қос және жай қойма куәлiгi кепiл нысанасы бола алады.
798-бап. Жай қойма куәлiгi
1. Жай қойма куәлiгi ұсынушының атына берiледi.
2. Жай қойма куәлiгiнде осы Кодекстiң 799-бабының 2-тармағының 2), 3), 5)-10) тармақшаларында көзделген мәлiметтер, сондай-ақ оның ұсынушыға берiлгендiгi көрсетiлуге тиiс.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 799-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
799-бап. Қос қойма куәлiгi
1. Қос қойма куәлiгi мазмұны бойынша бiрдей және қажет болған жағдайда бiреуiн басқасынан айыруға болатын қойма куәлiгiнен және кепiлдiк куәлiктен (варранттан) тұрады.
2. Қос қойма куәлiгiнiң әр бөлiгiнде:
1) қос қойма куәлiгiнiң тиiстi бөлiгiнiң атауы;
2) тауарды сақтауға қабылдаған қойманың атауы мен мекен-жайы;
3) қойма тiзiлiмi бойынша қойма куәлiгiнiң ағымдағы нөмiрi;
4) сақтауға тауар қабылданған ұйымның атауы немесе азаматтың аты-жөнi, сондай-ақ тауар иесiнiң орналасқан жерi (тұрғылықты жерi);
5) тауардың атауы мен мөлшерi, тауарларға арналған орындардың саны;
6) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, қабылданған тауардың сомасы;
7) сақтауға алынған тауардың, егер бұлай белгiленетiн болса, сақталу мерзiмi;
8) сақтауға ақы төлеудiң тарифтерi мен тәртiбі;
9) қойма куәлiгiнiң берiлген күнi;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) уәкiлеттi адамның қолтаңбасы және тауар қоймасының мөрi (ол болған кезде) көрсетiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қос қойма куәлігінің нысаны мен мазмұнына қойылатын қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
2007.12.01. № 225-III ҚР Заңымен 800-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
800-бап. Қос қойма куәлiгiн ұстаушының тауарға құқықтары
1. Қос қойма куәлiгiн ұстаушының қоймада сақтаулы тауарға толық көлемде билiк етуге құқығы бар.
2. Кепiл куәлiгiнен бөлiп алынған қойма куәлiгiн ұстаушы тауарға билiк етуге құқылы, бiрақ оны кепiл куәлiгi бойынша берiлген кредиттi өтегенге дейiн қоймадан ала алмайды. Қойма куәлiгiн ұстаушы тапсыру жазбаларын (индоссамент) жасау және құжаттың өзiн беру жолымен, бiрақ тауардың орнын ауыстырмай, қоймаға қойылған тауарға меншiк құқығын басқаға беруді жүзеге асыра алады.
3. Кепiл куәлiгi бөлiп алынбаған қойма куәлiгiн индоссамент бойынша алған сатып алушы кепiлден бос қойма тауарының иесiне айналады. Кепiл куәлiгiнсiз қойма куәлiгін алу кезiнде тауарға меншiк құқығы кепiл құқығымен жүктемеленген болып ұйғарылады. Кепiл талаптары туралы (тауарға кепiлдiк құқығын белгiлеудiң сомасы мен мерзiмi туралы) мәлiметтердi, мүдделi тұлғалар айқын көре алатын қойма тiзiлiмiнен алуға болады.
4. Кепiл куәлiгiн ұстаушының осы куәлiк бойынша берiлген қарыздың және сол бойынша сыйақының мөлшерiнде тауарға кепiл құқығы болады. Тауарға кепiл құқығын белгілеу кезiнде бұл туралы қойма куәлiгiне белгi жасалады.
5. Сатып алушы немесе сатушы кепiлмен қамтамасыз ететiн тиiстi соманы кепіл ұстаушыға (кредиторға) немесе тауар қоймасына енгiзе отырып, тауарды кепiлден босата алады, оны тауар қоймасы кепiл куәлiгiн заңды ұстаушыға беруге мiндеттi.
6. Кепiл куәлiгiн ұстаушы оның кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарын мерзiмiнде қанағаттандырмаған жағдайда заң актілерімен белгiленген тәртiппен оған кепiл куәлiгi бойынша берiлген тауарды сатуға және кепiл берушiнiң басқа да кредит берушiлерi алдындағы өз талаптарын артықшылықпен жабуға құқылы. Сатудан түскен сома жетпеген жағдайда кепiл куәлiгiн ұстаушы оның алынбаған бөлiгiн кепiл куәлiгiмен қамтамасыз етілген талаптарға ақы төлеу жөнінде бірге жауапты болатын барлық индоссанттардан өндiрiп алуы мүмкiн.
801-бап. Қойма және кепiл куәлiктерiн беру
Қойма куәлiгi мен кепiл куәлiгi беру жазбасы (индоссаменттер) бойынша бiрге немесе бөлек берiлуi мүмкiн.
802-бап. Қос қойма куәлiгi бойынша тауар беру
1. Тауар қоймасы қойма және кепiл куәлiктерiн (қос қойма куәлiгiн) ұстаушыға қоса алғандағы осы екi куәлiктiң орнына тауар бередi.
Кепiл куәлiгi жоқ, бiрақ ол бойынша қарыз сомасын енгiзген қойма куәлiгiн ұстаушыға тек тауар қойма куәлiгiне айырбастап және кепiл куәлiк бойынша барлық қарыз сомасының жарнасы талабымен берiледi.
2. Қойма және кепiл куәлiктерiн ұстаушы тауарды бөлiп-бөлiп берудi талап етуге құқылы. Бұл орайда бастапқы куәлiктердiң орнына оған қоймада қалған тауарларға жаңа куәлiктер берiледi.
3. Осы баптың талаптарына қарамастан кепiл куәлiгi жоқ және ол бойынша қарыз сомасын енгiзбеген қойма куәлiгiн ұстаушыға тауар берген тауар қоймасы кепiл куәлiгiн ұстаушының алдында ол бойынша барлық есептелетiн соманың төленуi үшiн жауапты болады.
40-тарау. Сақтандыру
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңымен 803-бап өзгертілді
803-бап. Сақтандыру шарты
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн төлеуге мiндеттенедi.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде сақтандыру шартында көзделген тәртіппен және жағдайларда өзге де төлемдерді жүзеге асыру жағдайлары көзделуі мүмкін.
ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.
804-бап. Осы Кодекспен реттелетiн сақтандыру қатынастары
Сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы қатынастар, сондай-ақ олардың сақтандыру шартын жасау және оны орындау процесi кезiнде туындайтын сақтандырылғандармен және пайда алушылармен қатынастары осы Кодекспен реттеледi.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 805-бап жаңа редакцияда
805-бап. Сақтандыру нысандары
1. Сақтандыру нысандары:
1) мiндеттілік дәрежесi бойынша - ерiктi және мiндеттi;
2) сақтандыру объектiсi бойынша - жеке және мүлiктiк;
3) сақтандыру төлемiн жүзеге асыру негiздерi бойынша жинақтаушы және жинақтаушы емес болып табылады.
2. Сақтандыру қызметiн лицензиялау мақсатында заң актілерінде өзгеше жiктеу көзделуi мүмкiн.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 806-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
806-бап. Міндетті және ерікті сақтандыру
1. Міндетті сақтандыру:
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды қоспағанда, түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін, заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру;
2) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен талаптары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру).
2. Азаматқа өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен де, шартпен де жүктеуге болмайды.
Міндетті сақтандыру сақтанушының есебінен жүзеге асырылады.
Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленетін міндетті сақтандыру экономикалық тұрғыдан негізді, көпшілікке ортақ және әлеуметтік-қоғамдық маңызды болған кезде енгізілуі мүмкін.
3. Сақтандыру міндеті Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінен туындамай, шартқа негізделген жағдайларда, мұндай сақтандыру міндетті болып табылмайды және осы Кодекстің 808-бабында көзделген салдарға алып келмейді.
4. Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушы Қазақстан Республикасының осы заңнамалық актісінде жазылған талаптарда сақтандырушымен шарт жасасуға міндетті.
Жүктелген сақтандыру кезінде сақтандырушымен шарт Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ең төмен талаптар сақтала отырып, тараптардың келісімінде айқындалған талаптармен жасалады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. Түрлері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленген міндетті сақтандыру шартын жасасу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
6. Ерікті сақтандыру - тараптардың ерік білдіруіне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады.
807-бап. Сақтандыру объектiсi
2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңдарымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде:
1) азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде белгілі бір оқиғалардың басталуына;
2) жазатайым жағдайлардың және өзге де оқиғалардың, аурулардың салдарынан азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне;
3) мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне;
4) басқа тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез келген мүліктік мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері бола алады.
Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделерi сақтандыруға жатпайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген мүліктік мүдделер объектісі болатын не сақтандыру объектісі болмайтын сақтандыру шарттары маңызсыз болып табылады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 808-бап өзгерді
808-бап. Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiң бұзылу зардабы
1. Заң актілеріне сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуы тиiс болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет жүктелген тұлғадан оны сот тәртібімен талап етуге құқылы.
2. Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе сақтандыру шартын заң актілерінде көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.
3. Заң актілерімен сақтанушы болу мiндетi жүктелген тұлға осы Кодекстiң 806-бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi, алайда одан жалтаратын сақтандырушыны заң актілерінде көзделген талаптарда сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етудi сот тәртібімен талап етуге құқылы.
4. Сақтанушы ретiнде оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ сақтандырушы ретiнде iс-қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының сақтандырудан жалтаруы заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
809-бап. Жеке және мүлiктiк сақтандыру
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1. Азаматтың өмiрiн, денсаулығын, еңбекке қабiлеттілігiн және жеке басына байланысты өзге де мүліктік мүдделерiн сақтандыру жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкiн.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
2. Мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады.
3. Мүлiктi сақтандыру кезiнде мүлiктiң жоғалуы (жойылуы) тәуекелi, жетiспеуi немесе бүлiнуi және осы Кодекстiң 115-бабында көзделген өзге де мүлiктiк игiлiктер мен құқықтар сақтандырылады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтанушының немесе пайда алушының сақтандырылған мүлiктi сақтап қалу мүддесi болмаған кезде мүлiктi сақтандыруға жасалған шартты сот жарамсыз деп тануы мүмкін.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
5. Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезiнде, үшiншi бiр адамдардың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу, сондай-ақ шарттардан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелiн сақтандырады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес кодекс 809-1-баппен толықтырылды
809-1-бап. Жинақтаушы сақтандыру
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
1. Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның ішінде сақтандыру шартында белгіленген кезең не олардың қайсысының бұрын туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жинақтаушы сақтандыру болып табылады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 817-бабының 3-тармағында көзделген белгілері бар сақтандыру жағдайы басталған кезде ғана сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Аннуитеттік сақтандыру шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты.
4. Жинақтаушы сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы мүмкiн.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Аннуитеттік сақтандыру шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына жатады.
810-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
811-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
812-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 813-бап өзгерді
813-бап. Сақтанушы
1. Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Егер Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, сақтанушы сақтандырудың ерiктi де, мiндеттi де нысандары бойынша сақтандырушыны таңдап алуға ерiктi.
ҚР 18.12.2000 № 128-II; 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен; 2024.23.01. № 54-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 814-бап өзгертілді
814-бап. Сақтандырушы
Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегiнде сақтандыру төлемін жүргізуге мiндеттi тұлға.
Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға не «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзара сақтандыру қоғамы немесе «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі ғана сақтандырушы бола алады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 815-бап өзгерді
815-бап. Сақтандырылған адам
1. Сақтандырылған адам - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылған адам болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Заңнамалық актілермен сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыруды жүзеге асыру мiндетi жүктелуi мүмкiн. Өз еркiмен сақтандыру кезiнде сақтанушы үшiншi тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам ретінде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы және соған байланысты оның мүдделері (сақтандырылған адамды жеке сақтандыру) не сақтандырылған адамның мүлкі және мүліктік мүдделері (сақтандырылған адамның мүліктік сақтандырылуы) сақтандыру объектiсi болады.
Мүлiктi сақтандыру кезiнде сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам бұл мүлiктiң сақталуына мүдделi болуға тиiс.
3. Егер шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға белгiлi бiр мiндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасасуға сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс.
Мiндеттi сақтандыру кезiнде, сондай-ақ топтастырып иесіздендірілген сақтандыру кезінде, шарт жасасу үшін оның өзі сақтандырылған адам ретiнде көрiнетiн үшiншi адамның келісімi талап етiлмейдi.
Өз еркiмен сақтандыру кезiнде адамдардың оның жеке басын немесе мүлкiн сақтандыру жөніндегі қарсылығы шарт жасасудың мүмкiн еместiгiне, ал егер ол жасалып қойған болса - шарттың бұзылуына әкеп соғады.
4. Сақтанушыға үшiншi тұлғаны сақтандыру мiндетi жүктелген жағдайда, аталған тұлға сақтанушыдан бұл мiндеттiң орындалуы туралы есеп талап етуге, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда - оның сақтандырылған адам болып табылатындығын дәлелдейтiн құжатты алуға құқылы.
Сақтанушы үшiншi адамды сақтандыру жөніндегі өз мiндетiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, соңғысы осы Кодекстiң 808-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
5. Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып табылатын жағдайда оның құқықтары осы Кодекстiң 22-24-баптарында көзделген тәртiппен iске асырылады.
6. Сақтандырылған адамның пайдасына шарт жасасу, сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.
Үшiншi адамды сақтандыру сақтанушының есебiнен жүзеге асырылады.
7. Сақтандырылған адам шартқа сәйкес өзiне тиесiлi сақтандыру төлемiн алудан бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемiн алу құқығы сақтанушыға көшедi.
8. Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтiн жеке басты сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы болса, бұл шарт онда көзделген талаптармен орындалады.
Сақтанушы болып табылмайтын, оған қатысты мүлiктiк сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, сақтандырылған адамның құқықтары мен мiндеттерi сақтанушының келiсуiмен, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сол мүлiктiң және сақтандырылған адамның мүлiктiк құқықтарының мұрагерлерiне ауысады.
Егер сақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды ауыстыруға келiспесе не мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн қабылдауға келiспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады.
9. Үшiншi адамның (сақтандырылған адамның) пайдасына жасалған сақтандыру шартына осы Кодекстiң 391-бабының осы бап ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгіндегі ережелерi қолданылады.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 816-бап өзгерді
816-бап. Пайда алушы
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Пайда алушы - сақтандыру шартына немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға.
Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады.
Пайда алушы жеке де, мүлiктiк те сақтандыру бойынша тағайындала алады.
Түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін жекелеген заңнамалық актісінде белгіленетін міндетті сақтандыру кезінде пайда алушы - Қазақстан Республикасының осы заңнамалық актісімен, жүктелген сақтандыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен не тараптардың келісімімен айқындалады. Сақтандырудың ерікті түрлері бойынша пайда алушыны сақтанушы тағайындайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.
Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келісімi бойынша тағайындалады.
Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетiлмесе, ол сақтандырылған адам деп ұйғарылады.
3. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
4. Алынып тасталды
5. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда алушы болып табылатын жағдайда соңғысына осы Кодекстiң 815-бабында көзделген ережелер қолданылады.
6. Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтанушыға ауысады.
Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда осы Кодекстiң 815-бабының 8-тармағында көзделген зардап туындайды.
7. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру шартында көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам сақтанушы болмаған күнде де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы көрсетiлмесе, сақтандырылған адамның мұрагерлерi пайда алушылар деп танылады.
8. Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемiн төлеу туралы талап қоюға құқылы.
9. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.
ҚР 18.12.2000 № 128-II Заңына сәйкес 817-бап өзгерді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 817-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
817-бап. Сақтандыру мүддесі және сақтандыру жағдайы
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру шарты сақтандыру мүддесінің болуын көздеуге тиіс.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Сақтандыру мүддесі - жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Сақтандыру жағдайы - басталған кезде сақтандыру шартында сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, ал өз еркiмен сақтандыру бойынша - тараптардың келісімiмен белгiленедi.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғада төменде санамаланған белгілердің барлығы (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда) болуға тиіс: