Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сақтандыру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2003 жылғы 1
шілдедегі № 445-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат,. 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2003 жылғы 21 мамырда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 825-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы "сақтанушыға" деген сөзден кейiн "(сақтандырылған адамға)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мiндеттi сақтандыру бойынша жазбаша шарттың нысаны Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актілерінде айқындалады, ал ерiктi сақтандыру бойынша - сақтандырушы айқындайды не тараптардың келісімiмен айқындалады.";
2) 829-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi "Сақтанушы" деген сөзден кейiн "(сақтандырылған адам)" деген сөзбен толықтырылсын, "сақтандырушыға" деген сөз "сақтанушыға (сақтандырылған адамға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерi "сақтанушы", "сақтанушының" деген сөздерден кейiн тиiсiнше "(сақтандырылған адам)", "(сақтандырылған адамның)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "сақтанушының" деген сөзден кейiн "(сақтандырылған адамның)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 833-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"833-бап. Сақтандыру тәуекелiн және келтiрiлген зиянды
бағалау";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мүлікті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы сақтандырылатын мүлiктi қарап тексеруге және бағалауға, ал қажет болған кезде оның шынайы құнын анықтау мақсатында сараптама тағайындауға құқылы. Сақтандырылатын мүлiкке және келтiрілген зиянға сақтандырушы жүзеге асыратын бағалау сақтандырудың құрамдас бөлiгi болып табылады және қосымша лицензиялауды талап етпейдi.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтанушының немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша сақтандырушы айқындайды. Қажет болған жағдайда келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды бағалаушы (тәуелсiз сарапшы) жүргiзедi. Келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.";
4) 835-баптың 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер шартта немесе Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiнде хабардар ету мерзiмi және (немесе) тәсiлi көзделсе, ол келісілген мерзiмде және шартта немесе Қазақстан Республикасының заң актiсiнде көрсетiлген тәсiлмен жасалуға тиiс.".
Қазақстан Республикасының