Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал
дәрiгерлiгi комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 09.07.98 ж. № 651 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінiң 29.04.99 ж. № 494 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 45, 410-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiгi комитетi туралы ереже;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң құрылымы;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң қарауындағы аумақтық мемлекеттік мал дәрiгерлiгiн басқару органдарының, ұйымдарының тiзбесi бекітілсiн.
2. "Мал дәрiгерлiгi жөніндегі нормативтiк құқықтық және басқа актiлердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қазандағы № 1205 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 40, 379-құжат) 1-тармағының үшiншi және сегiзiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1787 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң
Мал дәрiгерлiгi комитетi туралы ереже
Миссиясы
Мал дәрiгерлiгiн басқару, мемлекеттік мал дәрiгерлiгi қызметiнiң жүйесiне басшылық жасауды қамтамасыз ету және мал дәрiгерлiк саласында бiрыңғай саясат жүргiзу.
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Мал дәрiгерлiгi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Министрлiк құзыретiнiң және өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде мемлекеттік мал дәрiгерлiгiн басқаруды дербес жүзеге асыратын және мал дәрiгерлiгi саласында бiрыңғай саясат жүргiзудi қамтамасыз ететiн мал дәрiгерлiгiн мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комитет пен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру мемлекеттік бюджетте мемлекеттік басқару органдарын ұстауға көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.
Комитетке мемлекеттік мал дәрiгерлiгiн басқарудың аумақтық органдары (заңды тұлға құқығында) мен республикалық малдәрiгерлiгi ұйымдары тiкелей бағындырылған.
II. Мiндеттерi
5. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
жануарлардың аса қауiптi және карантиндi жұқпалы және паразиттi ауруларының алдын алу және жою жөніндегі мақсатты бағдарламаларды, мал шаруашылығына мал дәрiгерлiк қызмет көрсетудiң мал дәрiгерлiк тұрғыда қауiпсiз өнiмдер шығарудың жоспарларын әзiрлеу және iске асыру;
негiзгi бағыттарды белгiлеу және мал дәрiгерлiгi саласында мамандарды даярлау, мал дәрiгерлiк дәрi-дәрмектердi өндiру және мал дәрiгерлiгiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзу жөніндегі бағдарламаларды қалыптастыру;
мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың - жануарлар мен мал шаруашылығы өнiмдерi иелерiнiң (бұдан әрi - ұйымдар мен азаматтар) мал дәрiгерлiк заңдарын сақтауына бақылау жасау, мал дәрiгерлiгiнде пайдаланылатын диагностикалық, емдеу және алдын алу құралдарының сапасына бақылау жасау; республиканың аумақтарын басқа мемлекеттерден жануарлардың ауруларының әкелiнуiнен қорғау;
мал тегiнен шыққан өнiмдер мен шикiзаттың сапасына мал-дәрiгерлiк санитарлық бақылауды қамтамасыз ету;
қоршаған табиғи ортаның мал дәрiгерлiк-санитарлық тұрғыда ластануын болдырмау және мал дәрiгерлiгiнде биологиялық, химиялық және басқа да дәрi-дәрмектердiң қолданылуына бақылау жасауды жүзеге асыру болып табылады.
III. Функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінiң 09.07.98 ж. № 651 қаулысымен 6-тармақ өзгердi
6. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
жергiлiктi мал дәрiгерлiгi қызметтерi мен мемлекеттік мал дәрiгерлiгi ұйымдары туралы ережелердi әзiрлеп, бекiтедi және олардың желiсiн қалыптастырады;
мал ауруларының алдын алу және оларды жою жөніндегі мониторингтi, болжамдарды, мемлекеттік бағдарламалардың әзiрленуiн ұйымдастырады, мал және өсiмдiк тегiнен шыққан өнiмдер мен шикiзатқа мал дәрiгерлiк-санитарлық сараптау жүргiзудiң тәртібін белгiлейдi, олардың жүргiзiлуiне бақылау жасауды ұйымдастырады, сондай-ақ жануарлар мен қоршаған табиғи ортаның мал дәрiгерлiк қорғалуын қамтамасыз етедi;
халықты малдар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау және оларды мал және өсiмдiк тегiнен шыққан өнiмдердi уланудан қорғауды қамтамасыз ету саласында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
жануарлардың аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы ауруларының тiзбесiн жасайды және оны белгiленген тәртiппен Үкiметке бекітуге ұсынады;
жануарларды жатсындыру, сою, кәдеге жарату немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн аса қауiптi карантиндiк жұқпалы аурулармен ауырған жағдайда оларды жойып жiберу туралы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi;
мал шаруашылығы объектiлерiн, ет және сүт өнеркәсiбi ұйымдарын, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын ұқсату және сақтау жөніндегі ұйымдарды жұқпалы мал аурулары анықталған немесе аталған объектiлердiң мал дәрiгерлiк-санитарлық жағдайы қанағаттанғысыз деп табылған жағдайда қажеттi мал дәрiгерлiк-санитарлық және эпизоотикалық қарсы шаралар жүргiзiлгенге дейiн оларды пайдалануға тыйым салады;
мал ауруларына байланысты мал дәрiгерлiгi статистикасын жүргiзедi, заңда белгiленген тәртiппен мал дәрiгерлiгi бойынша есеп пен есеп беру нысандарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
ұйымдар мен азаматтардың мал дәрiгерлiк алдын-алу шараларын жүргiзуiн, олардың қолданылып жүрген мал дәрiгерлiгi ережелерiн сақтауын бақылайды, Қазақстан Республикасының мал дәрiгерлiгi туралы заңдарын бұзушылықтардың алдын алу жөнiнде шаралар қабылдайды;
жануарлардың, жануар тегiнен шыққан өнiмдер мен шикiзаттардың, жем-шөптiң, биологиялық, химиялық-фармацевтiк препараттардың және басқа да бақылаудағы жүктердiң экспорттың, импорттың, транзиттiк тасымалдануына (айдалуына) бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы аумағын шет мемлекеттерден малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөніндегі шаралардың орындалуын бақылайды;
мал шаруашылығын жүргiзу, мал ұстау, мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, сақтау, тасымалдау және өткізу кезiнде орындалуы мiндеттi болып табылатын мал дәрiгерлiгi ережелерi мен басқа да нормативтiк актiлердi республиканың заңдарына сәйкес әзiрлеп, бекiтедi;
мал дәрiгерлiгi фармакологиялық кеңесi мен биологиялық препараттар жөніндегі комиссияның жұмысына басшылық етедi;
мал дәрiгерлiгi қызметiн ұйымдастырудың отандық және шетелдiк тәжiрибелерiн зерделейдi, мал дәрiгерлiгiн ұйымдастыру iсiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi және мал дәрiгерлiгi саласында өз құзыретi шегiнде жақын және алыс шет елмен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
зертханалық iс пен мал ауруларының диагностикасын жетiлдiру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
отандық және импорттық жаңа препараттарды, аспаптарды, құралдарды, қосымша азықтарды тiркейдi және оларға қорытынды бередi, оларға арналған нормативтiк-техникалық құжаттаманы бекiтедi, оларды өндiруге және сатуға рұқсат бередi;
шетелдiк және отандық мал дәрiгерлiгi препараттарын байқап көрудi, мал дәрiгерлiгi препараттарын әкелуге және шығаруға арналған құжаттарды ресiмдеудi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ақылы қызметтер көрсетедi.
заңда белгiленген тәртiппен мал дәрiгерлiгi саласындағы өнертабыстарға қорытынды бередi, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстарды практикаға енгiзедi;
ғылыми-зерттеу және басқа да мал дәрiгерлiгi ұйымдарында ерекше және шұғыл жағдайларда жоспарланбаған эпизоотикалық қарсы шаралар мен мал дәрiгерлiк-санитарлық шараларды жүргiзу кезiнде шұғыл мал дәрiгерлiк көмегiн көрсету үшiн арнаулы топтар құрады, олардың жұмысын үйлестiредi, эпизоотикалық ошақтарды жою жөніндегі мал дәрiгерлiгi шараларының жүргiзiлуiн қадағалауды жүзеге асырады;
биологиялық және емдiк препараттардың, дезинфекциялаушы заттардың және материалдық-техникалық ресурстардың резервiн жасайды және оларды сақтау орындарын белгiлейдi;
ғылыми және өндiрiстiк ұйымдарда микроорганизмдер штаммдарын сақталынуы мен пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады, белгiленген тәртiппен ветеринариялық дәрi-дәрмектердi, жануар тегiнен жасалған дәрiлiк шикiзаттарды, мал дәрiгерлiгi техникасын, сондай-ақ мал аурулары қоздырғыштарының штаммдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан әкетуге рұқсат бередi, ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарға карантиндiк және аса қауiптi мал аурулары қоздырғыштарының уыттылық штаммдарын алуға рұқсат бередi;
вакциналар және басқа да мал дәрiгерлiгi мақсаттарына пайдаланылатын биологиялық препараттар жасау үшiн тұрақты бекітілген пайдалы қасиеттерi бар микроорганизмдер штаммдарын сақтауға рұқсат бередi;
белгiленген тәртiппен мал дәрiгерлiгi қызметiмен айналысу құқығына лицензиялар бередi;
мал шаруашылығы фермаларын, малдарды сою және олардың шикiзаттарын ұқсату ұйымдарын жоспарлау және оларды салу жобаларына, аталған объектiлер мен малдарға арналған су жинағыштарының құрылысы үшiн жер учаскелерiн бөлу жобаларына сараптама жасауды жүзеге асырады;
халық арасында мал дәрiгерлiгi саласындағы білімдер мен мал дәрiгерлiк-санитарлық ағарту жұмысын насихаттауды ұйымдастырады;
ауыл шаруашылығы ұйымдарында мал дәрiгерлiк алдын-алу, эпизоотикалық қарсы және сауықтыру шараларын жүргiзу үшiн республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржының мөлшерлерi туралы ұсыныстар енгiзедi, мал дәрiгерлiгi ұйымдарын ұстауға арналған шығыстар сметасын жасайды.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
IV. Қызметiнiң ұйымдастырылуы
7. Комитет пен оның ұйымдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
8. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады, ол өз жұмысында Министрге есеп бередi.
Комитеттiң Төрағасы мұнымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік мал дәрiгерлiк инспекторы болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсыруы бойынша оны Халықаралық эпизоотикалық бюроға, Дүниежүзiлiк мал дәрiгерлiгi ассоциациясына және басқа да халықаралық мал дәрiгерлiк ұйымдарына бiлдiредi.
Комитет Төрағасының орынбасары мұнымен бiз мезгiлде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік мал дәрiгерлiк инспекторының орынбасары болып табылады, оны Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
9. Комитеттiң Төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік мал дәрiгерлiк инспекторы:
Комитеттiң қызметiне басшылық жасайды және өзiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауап бередi, құрылымдық бөлiмшелердiң арасындағы мiндеттердi бөледi;
Комитеттiң жұмысын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң басқа да бөлiмшелерiмен үйлестiредi;
бекітілген лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Комитет қызметкерлерiн ынталандыру және оларға тәртiптiк шаралар қолдану мәселелерiн шешедi;
ұйымдарда, сотта Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша өкiлдiк етедi, сондай-ақ Комитеттiң атынан шаруашылық шарттарын жасайды;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрiне Төраға орынбасарын, республикалық мемлекеттік мал дәрiгерлiгi ұйымдары мен мекемелерiнiң басшыларын қызметке тағайындау туралы ұсыныс бередi;
облыстық және Ақмола, Алматы қалалары мал дәрiгерлiгi қызметтерiнiң басшыларын - облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының бас мемлекеттік мал дәрiгерлiк инспекторларын жергiлiктi атқарушы органдардың келiсуi бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
белгiленген адам саны мен еңбек ақы қорының шегiнде Комитет аппаратының штат кестесiн, сондай-ақ құрылымын және Комитеттiң қарауындағы аумақтық органдар мен республикалық бағыныстағы ұйымдардың ережелерi мен жарғыларын бекiтедi;
Ауыл шаруашылығы министрлігінiң алқасында қаралатын мал дәрiгерлiгi мәселелерi бойынша дайындайды;
өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды;
эпизоотикалық қарсы және сауықтыру шараларын жүргiзу бөлiнетiн қаражатқа және орталықтандырылған күрделi салымдарға билiк етушi болып табылады.
10. Комитет белгiленген мерзiмдерде мемлекеттік мал дәрiгерлiгi ұйымдары мен жергiліктi мал дәрiгерлiгi қызметтерiнiң басшыларын аттестациядан өткiзедi. Аттестациялау туралы ереженi Комитеттiң Төрағасы бекiтедi.
11. Комитет мал дәрiгерлiгi ғылымы мен практикасының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау үшiн iрi мамандар мен ғалымдардың ғылыми-техникалық кеңес құрады. Кеңес туралы ереженi Комитеттiң Төрағасы бекiтедi.
12. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1787 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң қарауындағы аумақтық мемлекеттік
мал дәрiгерлiгiн басқару органдары мен ұйымдарының
ТIЗБЕСI
Ақмола облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Ақтөбе облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Алматы облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Атырау облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Шығыс Қазақстан облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Жамбыл облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Батыс Қазақстан облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Қарағанды облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Қостанай облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Қызылорда облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Маңғыстау облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Павлодар облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Солтүстiк Қазақстан облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Оңтүстiк Қазақстан облысының мал дәрiгерлiгi комитетi
Ақмола қаласының мал дәрiгерлiгi комитетi
Алматы қаласының мал дәрiгерлiгi комитетi
Республикалық мал дәрiгерлiгi зертханасы
Шекарада және көлiкте мемлекеттік мал дәрiгерлiгi қадағалау бас
басқармасы
Жануарлардың ауруларына қарсы күрес жөніндегі республикалық
экспедиция
Жануарлар мен құстардың аса қауiптi аурулары жөніндегі
Оңтүстiк-Шығыс аймақтық арнаулы мал дәрiгерлiгi зертханасы
"Мал-Жан" мал дәрiгерлiк жабдықтау жөніндегі мемлекеттік
кәсiпорын
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 1787 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Мал дәрiгерлiгi комитетiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Эпизоотикалық қарсы және емдеу-профилактика бөлiмi
Мемлекеттік мал дәрiгерлiгi инспекциясы бөлiмi
Мал дәрiгерлiгi дәрi-дәрмектерiн бақылау, өндiру және мал дәрiгерлiгi саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiру бөлiмi