Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж.
5 наурыздағы № 206 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 03.09.99 ж. № 1301;
08.09.99 ж. № 1342 ; 16.11.99 ж. № 1731; 08.02.02 № 187;
08.06.02 ж. № 616 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. ҚР Үкіметінің 16.12.99 ж. № 1731 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 02.08.02 ж. № 187; 08.06.02 ж. № 616 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министр ұстауға рұқсат етілсін.
3. ҚР Үкіметінің 03.09.99 ж. № 1301 қаулысымен күші жойылды
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзім ішінде Үкіметтің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныс енгізсін.
5. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметтің 1999 жылғы
5 наурыздағы № 206
қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 қарашадағы № 1608 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 50, 464-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 12 қарашадағы № 1551 және 1997 жылғы 19 қарашадағы № 1608 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 ақпандағы № 144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 7, 44-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 382 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19 қарашадағы № 1608 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 891 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 32, 286-құжат.)