Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қолма-қол ақшамен жүзеге асыру кезінде анықтама-растаманың орнына банктік түбіртектердің көшірмелері қоса беріледі.
Орталық ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысандағы салымшы (алушы) өтінішінің электрондық көшірмесін қоса отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларына электронды өтінімді ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2006.23.11. № 1116 (бұр. ред. қара); 2007.30.04. № 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.23.07. № 620 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.31.12. № 1350 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-1-тармақ өзгертілді
15-1. Агент міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді тапқан немесе салымшының (алушының) қателер байқалғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда агент қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының бұдан кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.
Міндетті зейнетақы жарналарының кейінгі аударымдарын және (немесе) өсімақыны реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтару туралы осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішпен Орталыққа жүгінеді.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері, (Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК)), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару мен қайтаруға жататын жеке сомалар жүргізілетін салымшының деректемелері көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.
Агенттің қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішіне салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған осы Қағидаларға 1-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 16-1-тармақпен толықтырылды
16-1. ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2006.23.11. № 1116 Қаулысымен 16-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 16-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-2. ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 16-3-тармақпен толықтырылды
16-3. ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2006.03.08. № 736 (бұр. ред. қара); 2006.23.11. № 1116 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 17-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Банк кінәсінен қате нұсқау жіберілген жағдайда, банк Орталыққа қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен хат жібереді.
Банк кінәсінен қате аударылған сомаларды қайтаруға арналған өтініште: атауы, БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері және қайтару себебі көрсетіледі. Өтініш пен хат банктің уәкілетті адамдарының қолы қойылып, көрсетілген адамдардың қате нұсқауды қайтаруға хаттар мен өтініштерге қол қою өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріліп ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Орталықтың облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың филиалдары (бұдан әрі - Орталық филиалы) мен Орталық Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомаларын есептеу, ұстап қалу және аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Орталық филиалы Орталыққа қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға электрондық түрде өтінім жібереді.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Орталық қате аударылған сомаларды қайтаруға агенттерден, банктерден және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, Орталық филиалдарынан алынған құжаттардың негізінде үш жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға арналған өтінімді электрондық түрде қалыптастырады. Өтінімде: салымшының (алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, жынысы, ЖСН, жеке зейнетақы шотының нөмірі, қайтаруға жататын міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомалары және қайтару себебі көрсетіледі.
Электрондық түрдегі өтінім салымшының (алушының) оның жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығару туралы өтінішінің электронды көшірмесімен ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.»
ҚР Үкіметінің 2006.23.11. № 1116 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1343 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Қаулысымен 19-1-тармақ өзгертілді
19-1. ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.23.11. № 1116 Қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен 19-2-тармақ өзгертіді (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-2. ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 19-3-тармақпен толықтырылды
19-3. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруға арналған өтініш Орталыққа зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуды жүзеге асыру кезеңінде келіп түскен, онда Орталық:
1) агенттің және (немесе) банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өтінішінде көрсетілген қате аударылған сомалардың түсу фактісін тексереді;
2) қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдың расталған түсімдері бойынша қайтарулардың болмау фактісін тексереді;
3) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына қате аударылған сомаларды қайтаруға электронды түрде өтінім жібереді.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 19-4-тармақпен толықтырылды
19-4. Жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомаларын қайтаруға электронды түрдегі өтінімді алып, оны алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, Орталыққа қате енгізілген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруды жүзеге асырады.
Қате есептелген зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуды жүзеге асыру кезеңінде қайтару аударым сомасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2006.23.11. № 1116 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 20-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұл сомаларын Орталықтың банктік шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды Орталықтың электронды түрдегі өтінімінде көрсетілген іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың номиналды сомасы бойынша жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатпайды.
21. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
22. Орталық қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақы әкеліп түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес аударуды жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
23. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының сомалары Орталықтан келiп түскен күннен бастап үш банктiк күн iшiнде, мiндеттi зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы агенттi хабардар етуге тиiс.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды
23-1. Орталық күн сайын жинақтаушы зейнетақы қорларымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміндегі салымшылардың деректемелерін жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорының мәліметтерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Салымшылардың (алушылардың) деректемелерінде: тегінде, атында, әкесінің атында, ЖСН-де және жынысы бойынша айырмашылықтар анықталған кезде Орталық салымшының деректемелерін жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорындағы деректерге сәйкес келтіреді.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 23-2-тармақпен толықтырылды
23-2. Салымшының (алушының) деректемелерінің өзгергендігі туралы мәліметтерді беру Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электрондық тәсіл арқылы ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдаланумен жеке тұлғалардың салымшылардың (алушылардың) бірыңғай тізіміне өзгерістер енгізу күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 23-3-тармақпен толықтырылды
23-3. Жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан салымшының (алушының) деректемелері өзгергені туралы ақпарат алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жинақтаушы зейнетақы қорының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізеді.
4. Міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы
зейнетақы қорларына уақытылы аудармағаны үшін өсімақы төлеудің тәртібі
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
24. Кiрiс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған кезде агенттiң уақытында ұстап қалмаған (қоса есептемеген) және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын салық органдары өндiріп алады немесе агенттер кешiктiрiлген күн үшiн (Орталыққа төлем жасау күнiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмақымен мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуы тиiс.
Кірістерді төлейтін заңды және жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшін жауапкершілікте болады.
ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 25-тармақ жаңа редакцияда
25. Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны, (есептемегені) және аудармағаны үшін өсімақы төлеуді агенттер, кейін Орталық салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы үшін, Орталықтың төлем мақсатының коды «019» банктік шотына жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 26-тармақ өзгерді және толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
26. Төлеушiлер мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн өсiмақы төлеудi мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге арналған осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді. Агент банкке «төлем тағайындамасы» бағанында «кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы» деп және тағайындау кодын көрсете отырып, Орталықтың банктік шотына өсімақы сомасының аударылғандығы туралы қағазға шығарылған төлем тапсырмасын тапсырады.
Әрбір төлем тапсырмасы, оған қоса берілетін жеке тұлғалар тізімі даналарының саны, сондай-ақ оларды беру мен сақтаудың тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 2-тарауында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.
Агенттер өсімақыны уақытында аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса, әрбір ай үшін жеке-жеке МТ-102 нысанында төлем парағын ресімдей отырып жүргізіледі.
27. Қызметкерлерінің саны елу адамнан асатын агент өсімақы төлеу кезінде банкке осы Қағидалардың 9-тармағында сипатталған форматта қағаздағы және электрондық көздегі жеке тұлғалардың қоса беру арқылы төлем тапсырмасын ұсынады.
28. Төлем тапсырмасына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша «жарна сомасы» бағанын қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу кезіндегі жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсімақының тиісті сомасы көрсетіледі.
Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент олар үшін зейнетақы жарналарын уақытында аудармаған салымшылар/алымшылар ғана көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 23.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 29-тармақ алынып тасталды
29. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
30. Банктер агенттер төлем тапсырмаларын көрсеткен кезде «төлем тағайындамасы» бағанында - «кезеңге (айға/жылға) арналған міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аудармағаны үшін өсімақы» деп және «019» төлем тағайындамасы кодын көрсете отырып, жеке тұлғалардың тізімін қоса беріп, форматы МТ - 102 электрондық төлем тапсырмаларымен Орталықтың банктік шотына өсімақы аударады.
ҚР Үкіметінің 1.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
31. Орталық ақшаны жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытында аудармағаны үшiн тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына кешiктiрiлген әр күн үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде (төлеу күнiн қоса) өсiмақы төлейдi.
Орталық өсiмақы төлеу үшiн агенттiң төлем тапсырмасы негiзiнде әрбiр жеке тұлға бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезiнде жеке тұлғалардың тiзiмдерi үшiн осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген, деректемелері бар, «жарна сомасы» бағанын қоспай, жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса отырып, форматы MT-102 электронды төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тiзiмге сәйкес әрбiр жеке тұлға бойынша бөлiнген өсімақы сомасы көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
32. Жинақтаушы зейнетақы қорларының келіп түскен өсімақының сомаларынан комиссиялық сыйақы алуы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың негізіне сәйкес жүзеге асырылады.
33. Жинақтаушы зейнетақы қорлары алынған өсімақыны жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына есептейді.
34. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілместен аударылған өсімақы агентке қайтаруға жатады, келесі аударым кезінде өсімақының сомасы кешіктірілген күндердің санына өседі.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының аударылуына бақылау жасау
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
35. Міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытында аударылуына, сондай-ақ өсімақы мен айыппұлдардың төленуіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметі органдары жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 35-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 185 Қаулысымен 35-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 35-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-1. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек құралған кезде, салық органдары агенттерге осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен Орталыққа аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламаны жібереді.
Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына:
осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген тәртіппен пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін;
Агенттердің банктік шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдері қоса берілген салық органының инкассалық өкімінің негізінде жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 35-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.11.03. № 178 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 35-2-тармақ өзгертілді
35-2. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін алған кезде салық органы бенефициарды - Орталықты көрсете отырып, агенттің банктік шотына (шоттарына) инкассалық өкімдерді ұсынады.
Агенттің банктік шотына ұлттық валютамен ақша болмаған жағдайда міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу салық органдары ұлттық валютамен ұсынған инкассалық өкімдер негізінде агенттің банктік шоттарынан шетелдік валютамен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 01.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 35-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1350 Қаулысымен 35-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-3. Пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын агенттер жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімдерін ұсынбаған кезде және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде салық органдары агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Салық органының агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша ұсынылады және банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-4-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.11.03. № 178 (бұр.ред.қара); 2008.31.12. № 1350 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 35-4-тармақ өзгертілді
35-4. Агентте банктік шот болмаған немесе агенттің банктік шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда салық органы касса бойынша шығыс операцияларын тоқтатады.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтату, кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрін жүзеге асыратын ұйымға ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-5-тармақпен толықтырылды
35-5. ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-6-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.31.12. № 1350 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 35-6-тармақ өзгертілді
35-6. ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 35-7-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 170 (күшіне енетін мерзімін қара) Қаулысымен 35-7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-7. ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 29.12.99 ж. № 2010 Қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 36-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.30.06. № 659 Қаулысымен 36- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1343 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді
36. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсімақы төленуін, жинақтаушы зейнетақы қорлары жүргізетін, міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомасының қайтарылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін, Орталық күн сайын өткен күн үшін өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып облыстары, аудандары бойынша келіп түскен тізілімдерді, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімін және электрондық төлем тапсырымдарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынады.
Мыналар жеке ұсынылады:
жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар банкке қолма-қол ақшамен енгізген, қате міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері:
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және/немесе жұмысынан айрылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері
Өздері орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агенттердің тіркелуін ескере отырып, облыстар, аудандар бойынша қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен тізілімдері мен қайтарылған тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Орталық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күні ұсынады.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару жөніндегі құжаттарды сақтаудың тәртібі
ҚР Үкіметінің 22.12.01 ж. № 1671 Қаулысымен 6-бөліммен және 37-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. № 561 Қаулысымен 37-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
37. Заңды тұлғалар - агенттер ұсталған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, оның iшiнде қате төлемдердi қайтару туралы мәлiметтердi электронды және қағаз таратқыштарда заңнамада белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.