Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 170 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақта:
бірінші абзацтағы «қызметкер ұсынған зейнетақы шарты көшірмесінің негізінде» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Агенттердің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрі - Орталық) қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы растама алуына болады.
Агенттің Қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, әлеуметтік жеке коды көрсетіледі. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерген болса, онда сонымен қатар әлеуметтік жеке код беруге арналған тіркеу кәртішкесіне жазылған бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, өтінішке тиісті белгі қойылады.
Орталық агенттен қызметкерде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуын растауға арналған өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде агентке осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерде осы шарттың болуы туралы анықтама-растаманы береді.»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа (фермер) қожалығы мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
Арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын біржолғы талондар сатып алынатын әрбір отыз күнге есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.»;
төртінші абзацтағы «әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым - Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық)» деген сөздер «Орталық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-1-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар - біржолғы талондар сатып алынған отыз күннен кейінгі он бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде;»;
4-тармақтың екінші абзацындағы «мен нотариустар» деген сөздер «, жеке меншік нотариустар мен арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
екінші абзацтағы «ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген» деген сөздер «тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар өзінің пайдасына - мәлімдейтін кірісінің он пайызы мөлшерінде, бірақ жалақының ең төменгі мөлшерінің кемінде он пайызы және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінің он пайызынан аспайды;»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«арнаулы салық режимін қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары шаруа (фермер) қожалығы мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына - жалақының ең төменгі мөлшерінің кемінде он пайызы мөлшерінде және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерінің он пайызынан аспайды;
арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар өзінің пайдасына - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің он пайызы мөлшерінде;»;
7, 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.
8. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келіп түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде, МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады.
Орталық сонымен бір уақытта Орталық пен жинақтаушы зейнетақы қорлары арасындағы шартқа сәйкес айқындалған электронды тәсілмен жинақтаушы зейнетақы қорларына агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматы төлемінің сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, олардың пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін жібереді.
Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген тіркелген әлеуметтік жеке коды болмаған кезде және (немесе) салымшының деректемелерінде қателер жіберілген болса, Орталық салымшының міндетті зейнетақы жарналарының сомасын агенттің шотына қайтарады.
Орталық күн сайын жинақтаушы зейнетақы қорларына алдыңғы операциялық күні тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады.»;
9-тармақтың бірінші абзацында:
«жинақтаушы зейнетақы қорларына» деген сөздер «Орталыққа» деген сөзбен ауыстырылсын;
«әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақта:
бірінші абзацтағы «тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларының» деген сөздер «Орталықтың» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «мен нотариустар» деген сөздер «, жеке меншік нотариустар мен арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы «Орталық арқылы» деген сөздер «Орталыққа» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салымшылардың (алушылардың), агенттердің және жинақтаушы зейнетақы қорларының міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны аудару кезінде қателер байқалған жағдайдағы іс-әрекеттерінің тәртібі»;
13-тармақта:
«міндетті зейнетақы жарналарының» деген сөздерден кейін «және (немесе) өсімақының» деген сөздермен толықтырылсын;
«қабылдау үшін» деген сөздерден кейін «қате байқағаны және» деген сөздермен толықтырылсын;
«жинақтаушы зейнетақы қорына» деген сөздерден кейін «немесе Орталыққа» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтағы «мұрағаттық» деген сөз алынып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны аудару кезінде жіберілген қателер байқалған жағдайда салымшы (алушы) қатені түзеу туралы жинақтаушы зейнетақы қорына өтініш береді. Өтінішке агент осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беретін анықтама-растама қоса беріледі.
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қолма қол ақшамен жүзеге асыру кезінде анықтама-растаманың орнына банктік түбіртектердің көшірмелері қоса беріледі.
Жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынылған құжаттардың негізінде зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотының деректемелеріне өзгерістер енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Агент міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді тапқан немесе салымшының (алушының) қателер байқалғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда агент қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімақының бұдан кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.
Қателерді кейінгі аударымдармен түзету мүмкін болмаған кезде агент қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтару туралы Орталыққа өтініш береді, ол әрбір салымшы (алушы) бойынша жеке ресімделеді. Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтару туралы өтінішке өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы салымшының (алушының) өтініші қоса беріледі.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері, (салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), банктік сәйкестендіру коды (БСК), жеке сәйкестендіру коды (ЖСК)), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (№, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару мен қайтаруға жататын жеке сомалар жүргізілетін салымшының деректемелері көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиіс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.»;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Орталық агенттердің немесе банктердің өтініштерін қоса берілген құжаттарымен бірге үш банктік күн ішінде тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына тіркелетін почталық жөнелтілімдермен жібереді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімақыны Орталыққа қайтаруды жинақтаушы зейнетақы қоры тиісті өтініштерді алған күннен бастап он банктік күн ішінде жүргізеді.»;
19-тармақта:
«зейнетақы жарналарының» деген сөздерден кейін «және (немесе) өсімақының» деген сөздермен толықтырылсын;
«Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.» деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақтағы «зейнетақы жарналарының» деген сөздерден кейін «және (немесе) өсімақының» деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақ алынып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Орталық қате есептелген міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) өсімақы әкеліп түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде оларды төлем тапсырмасында көрсетілген деректемелерге сәйкес аударуды жүргізеді.»;
23-тармақтағы «зейнетақы жарналарының» деген сөздерден кейін «және (немесе) өсімақының» деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны, (есептемегені) және аудармағаны үшін өсімақы төлеуді агенттер, кейін Орталық салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты қолданылатын жинақтаушы зейнетақы қорына аударуы үшін, Орталықтың төлем мақсатының коды «019» банктік шотына жүргізеді.»;
26-тармақтың бірінші абзацындағы «жинақтаушы зейнетақы қорының пайдасына» деген сөздер «Орталықтың банктік шотына» деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтағы «Орталық арқылы» деген сөздер алынып тасталсын және «жинақтаушы зейнетақы қорларына» деген сөздер «Орталықтың банктік шотына» деген сөздермен ауыстырылсын;
32-тармақтағы «зейнетақы шарттарының» деген сөздер «міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-1-тармақта:
«жинақтаушы зейнетақы қорларына» деген сөздер «кейіннен Орталыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац алынып тасталсын;
35-2-тармақтың бірінші абзацындағы «түпкі алушы ретінде бенефициарды - жинақтаушы зейнетақы қорын және делдал банк ретінде Орталықты» деген сөздер «бенефициарды - Орталықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-6-тармақтың екінші абзацындағы «Алып қою туралы акті ресімделген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде» деген сөздер «Сонымен бір мезгілде» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35-7. Агенттен алып қойылған қолма-қол ақша алып қойылған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, оларды кейіннен Орталық тиісті жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуы үшін, салымшылардың (алушылардың) деректемелерін және олардың сомасын көрсете отырып, Орталыққа аудару үшін банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізуге жатады.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшадағы «және әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасы көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорларының тізімдерін» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, отыз алтыншы, жетпіс бесінші абзацтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 наурыздағы
№ 170 қаулысына
Қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарын
есептеудің, ұстап қалудың (қоса
есептеудің) және жинақтаушы
зейнетақы қорларына аударудың
ережесіне 1-1-қосымша
Қызметкерде(-лерде) міндетті зейнетақы жарналары
есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың
болуы туралы анықтама-растама
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметкерде (-лерде) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы туралы хабарлайды.
№ | Тегi | Аты | Әкесінің аты | Туған күнi ЖЖЖЖААКК | Әлеуметтік жеке код | Қызметкерде (-лерде) міндеттi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы (болмауы) туралы мәлімет |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
М.О. ЗТМО аудандық (қалалық)
бөлімінің бастығы ________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Берілген күні 200__жыл «____»_____________________