Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 185 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1116 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады:
заңды тұлғалар, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде жұмыс берушi берген кiрiстi қоса алғанда, жұмыс берушi қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс ең төменгі айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс;
жеке кәсiпкерлер, адвокаттар мен жеке меншiк нотариустар өзiнiң пайдасына - мәлiмдейтiн кiрiсiнiң он пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi айлық жалақы мөлшерiнiң он пайызынан кем емес және ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен артық емес.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Салық кодексiнiң 144-бабы 1), 3), 8), 10), 11), 15), 16), 17), 23), 25), 26), 27), 29), 31-1), 34) тармақшаларымен және 316-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларымен белгiленген төлемдерден жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы жарналары ұсталмайды.»;
35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35-1. Мiндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек құралған кезде салық органдары хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бөлек-бөлек:
салық органына - әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектің жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерін; агенттiң банкiне - әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке тұлғалардың тiзiмдерiн ұсыну туралы жазбаша хабар (хабарлама) жiбередi.».
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | Д. Ахметов |