Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақтың жетінші абзацы «жұмысынан айрылу» деген сөздерден кейін «, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Орталық - бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты еңбек ету қабілетінен айрылу және (немесе) жұмысынан айрылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдердің он пайызы мөлшерінде;»;
5-1-тармақтағы «27-1)» деген сандар алынып тасталсын;
15-тармақтың бірінші абзацындағы «анықтама-растама» деген сөздерден кейін «не осы салымшы бойынша барлық аударымдар көрсетілген салымшы қаражатының түсімі мен қозғалысы туралы Орталық берген мәліметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
19-1-тармақтағы «жұмысынан айрылу» деген сөздерден кейін «, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу» деген сөздермен толықтырылсын;
36-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айрылу және/немесе жұмысынан айрылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (қызды) (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.».
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |