Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау
жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 13.11.00 ж. № 1705; 02.02.01 ж. № 178; 19.07.02 ж.
№ 808 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 02.02.01 ж. № 178 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
«Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.02.01 ж. № 178 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жоғарыда көрсетілген бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
2 наурыздағы № 193 қаулысымен
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың
алдын алу және оған бақылау жасау
жөніндегі 1999-2002 жылдарға
арналған бағдарлама
ҚР Үкіметінің 02.02.01 ж. № 178 қаулысымен бағдарламаның тақырыбы өзгертілді
1. Кіріспе
1999 жылдан бастап Жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауыратындар үздіксіз өсу тенденциясына ие болды. Мерезбен ауыратындардың тіркелген өскелең көрсеткіші 1998 жылы 100 000 тұрғындарға шаққанда 230,0 құрап, 164 есеге өсті. Мерез Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының 0,4% тұрғынын, Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының 0,3%-ке жуық тұрғынын, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының 0,2% тұрғынын қамтыды. Мерез жылдан жылға салыстырмалы түрде алғанда неғұрлым жиі кеш кезеңдерінде аңғарылуда.
Гонореямен тіркелген ауыру 1998 жылы Қазақстан бойынша орташа алғанда 100 000 тұрғынға шаққанда 81,4 құрап, Атырау облысының 100 000 тұрғынына шаққанда 14,7-ден Ақмола облысының 100 000 тұрғынына шаққанда 218,5-ке дейін ауытқыды. Урегенитальдік трихомониазбен ауыру 1997 жылы қазақстан бойынша статистикалық деректерге сәйкес орташа алғанда 100 000 тұрғынға шаққанда Қостанай облысындағы ең төменгі 60,4-тен Ақмола облысындағы ең жоғары 289,0-мен 138,6 құрады.
Елдің тері-венерологиялық диспансерлерінің бұл инфекцияны аңғаруға мүмкіндік бермейтін әлсіз лабораториялық базасына орай урогенитальдық хламидиозбен ауру туралы деректер (1998 жылы орташа алғанда 100 000 тұрғынға 20,0) нақты емес. Шын мәнінде, Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтында (ТВҒЗИ) алынған тері-венерологиялық мекемелердің урологиялық және гинекологиялық кабинеттеріне келген ауруларды тексерудің нәтижесі урогенитальдік хламидиоздың анықталу жиілігі осындай гонококколықтан 3 есе жоғары, неғұрлым көп таралған инфекциялардың бірі деп санауға мүмкіндік береді. Ано-генитальдық герпеспен ауыру есептік деректерге сәйкес тұрғындардың 100 000-на шаққанда 0,9 ды құрайды. Алайда, бұл деректерді герпатикалық инфекция практика жүзінде әлі күнге дейін жиі еленбейтіндіктен нақты деп есептеу қиын. Гарднереллездің, урогенитальдік уреамикоплазмоздың, цитомегаловирусты инфекциялардың, генитальдық кандидоздың таралуы туралы дерек жоқ.
Халықтың жекелеген топтарын зерттеудің нәтижесі бойынша урогенитальдік инфекциялардың 70%-тен астамы аралас болып табылғанмен олардың өсуінің жиілігі туралы деректер жоқ.
ЖЖБА-ның өсу себебі әрқилы. Әлеуметтік себептердің арасынан тәуекелдің негізгі тобының: жауапсыз жыныстық қатынас жасаушы адамдардың саны күрт өсіп бара жатқанын атап өткен жөн. Бұл топты халықтың отбасынан ұзақ уақыт қол үзіп, ұсақ тасымал саудамен айналысатын кең ауқымды контингенті, әртүрлі қоныс аударушылар, жұмыссыздар мен үйсіздер, нашақорлар мен алкоголиктер толықтырады. Моральдік құндылықтардың құнсыздануының, жыныстық қызмет көрсетудің көлеңкедегі рыногының пайда болуының, дайын емес негізге себілген эротикалық және парнографиялық өнімдердің күшейіп келе жатқан ағынының, жыныстық қатынастардың ымырашылдануы маңызды мән алуда. Денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасының; оның ішінде тері-венерологиялық диспансерлер патронаждық қызметтерінің эпидемиологиялық жұмыстарды жүргізуді қиындататын; лабораториялық-диагностикалық қызметтерді ЖЖБА-ны тану мен оның мониторингінің сапасына әсер ететін; оларды санациялаудың деңгейін төмендететін, ауруларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету деңгейінің нашарлауы рөл атқарады. Қарым-қатынас жасаушы адамдарды милиция органдарының іздестіру мүмкіндігі азайды. Басқа адамдарды венерологиялық аурулармен қасақана зақымдаушы азаматтар өте сирек жауапқа тартылады. ЖЖБА ауруды ұстап тұруға етек жайып келе жатқан медициналық қызмет көрсетулер рыногының да рөлі әрдайым қолайлы емес. Жеке меншік емдеу мекемелерінің статистикалық есеп беруі жолға қойылмаған, жеке практика жүргізетін дәрігерлердің ЖЖБА-мен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуін лицензиялау мәселелері реттелмеген; инфекция ошақтары эпидемиологиялық жұмыстармен қамтамасыз етілмейді.
ЖЖБА-мен ауырудың өсуі себептерінің арасынан табиғи-биологиялық проблемаларды, атап айтқанда, аурушылықтың ырғақты толқуын, сірә, қоздырғыштың контагиоздігінің циклдік өзгеруімен негізделген проблемаларды есептен шығаруға болмайды.
Қазақстандағы ЖЖБА жанындағы медициналық көмек, әдетте әрбір облыста және Алматы қаласында (жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлікте) бар мамандандырылған бейінді емдеу мекемелерінде, тері-венерологиялық диспансерлерінде көрсетіледі. Қазақстанның бірқатар қалалары мен аудандарында жеке дербес қалалық, аудандық және ауданаралық тері-венерологиялық диспансерлер (43) немесе аурухананың бөлімшесі құқығындағы диспансерлер, медициналық-санитарлық бөлімдердің бөлімшелері (барлығы 30), сондай-ақ 225 амбулаториялық қабылдау кабинеттері (соңғысы іс жүзінде әрбір аудан орталығында бар) кең қанат жайған. Қалалар мен аудандардың тері-венерологиялық қызмет бөлімшелері жергілікті басқару органына немесе өзінің бейінді емдеу мекемесінің басшылығына, ал әдістемелік жағынан - облыстық (Алматы қалалық) тері-венерологиялық диспансерлерге бағынады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты елдің дерматология-венерология жөніндегі ғылыми, клиникалық, консультациялық, диагностикалық, ұйымдастыру, әдістемелік, оқу орталығы болып табылады. Институт тері-венерологиялық диспансерлердің қызметін де, Қазақстанның барлық алты медициналық жоғары оқу орындарының 4 дербес кафедралары мен екі тері-венерологиялық аурулар курстарында жүзеге асырылатын дәрігер кадрларды даярлауды да үйлестіреді.
1998 жылдың аяғында Қазақстан Республикасында 959 немесе 100 000 тұрғынға 0,6 практика жүргізуші дерматология-венеролог дәрігерлер жұмыс істеді. Бір дерматовенерологтың халыққа қызмет көрсетуінің орташа радиусы 30 км. құрады. Елдің медициналық жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауды 38 оқытушы, оның ішінде 3 ғылым докторы, 18 ғылым кандидаты жүргізді, ТВҒЗИ-де ЖЖБА бойынша ғылыми-әдістемелік қызметті 25 ғылыми қызметкер жүзеге асырды, олардың 5-і ғылым докторы және 10-ы ғылым кандидаты.
Жаңа тарихи жағдайларда халыққа дерматология-венерологиялық көмек көрсетудің қалыптасқан жүйесі өзінің тиімділігін төмендетіп алғанын атап өту қажет. ЖЖБА-ның өсу себебінің объективті сипаты мен денсаулық сақтаудың қазіргі жай-күйінің негізінде соңғысының ЖЖБА жөніндегі ахуалға ықпалы шектелді. Маңызы өсіп келе жатқан бастапқы алдын алу жөніндегі жұмыстың ЖЖБА-мен ауруды тежеу оны төмендету ісіне іске асырылған әлеуметтік араласуы жеткіліксіз болып табылатындығын мойындауымыз қажет.
ЖЖБА-мен ауруды тежеуге және төмендетуге бағытталған кешен бойынша венерологиялық инфекциялардың таралуын айқындайтын тиімді шаралар әзірлеу және медициналық-әлеуметтік процестерге енгізу болып табылады.
2. ЖЖБА-ның таралуын шектеу жөніндегі
бағдарламаның бағыты
Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қоғамдық қызметтің түрлі салаларында:
- денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы құқықтық қатынастар саясатында;
- ЖЖБА-ны анықтауды және оны емдеуді тікелей қамтамасыз ету саласындағы;
- бастапқы алдын алу саласында: халықтың кең ауқымын қауіпсіз жыныстық қатынасқа үйрету, қорғанудың жеке құралдарын қолдануды қамтамасыз ету саласында;
- ЖЖБА-ны тікелей белсенді анықтау саласында;
- медицина қызметкерлері кадрларын даярлау саласында;
- медицина, педагогика, психология ғылымдарының қызметі саласында;
- халықаралық ақпараттар алмасу саласында іс-шараларды өмірге енгізу қажет.
3. ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар
3.1. Құқықтық іс-шаралар
ҚР Үкіметінің 13.11.00 ж. № 1705; 19.07.02 ж. № 808 қаулыларымен 3.1-тарау өзгертілді
Мақсат: ЖЖБА-мен ауруды төмендетуге бағытталған барынша тиімді әлеуметтік ықпал етуді қамтамасыз ету үшін оңтайлы құқықтық база жасау
Күтілетін нәтиже: ЖЖБА-мен ауыратындардың барынша көп құрамын білікті медициналық көмекпен қамтамасыз ету, оған тәуекелді жыныстық қатынастардың құрамдарын енгізе отырып алдын алу жұмысының аймағын барынша кеңейту
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар | Орындалу мерзімі | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жыл- дар бойынша жоспарлан- ған көлемі, мың АҚШ доллары |
| | | | | 1999 ж. | 2000 ж. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3.1.1. | Психикалық белсенді құралдарды өт- кізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін жазалаудың әлемдік практикасы- на шолу жүргізу мен оның тиімділі- гін бағалау және қауіпсіз өзін-өзі ұстаудың құқықтық қатынастарына барынша ықпал ету басымдығын еске ала отырып (тәуекел топтарын азайту мақсатында), есірткіге тәуелділерді жауапкершілікке тартуды оңтайлан- дыру жөнінде ұсыныс табыс ету | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | 1999 ж. IV тоқсаны | Есеп | 0,5 | |
3.1.2. | Жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін ұялар ұйымдастырғаны үшін немесе оларды ұстағаны үшін жазалауға қазіргі қадамдардың әлем- дік практикасына шолу жүргізу және оның тиімділігін бағалау, берекесіз жыныстық өмірмен күн кешетін адам- дардың мейлінше қауіпсіз жүріс-тұр- ысының құқықтық қатынастарына барынша жәрдемдесуді қамтамасыз етуді назарға ала отырып, ұсыныстар табыс ету | Бұл да | 1999 ж. IV тоқсаны | Есеп | 0,5 | |
3.1.3. | ҚР Қылмыстық кодексінің "Медицина- лық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері" 88-бабын ерікті түрде емделуден жалтаруы жағдайларында ЖЖБА-дан емдеудің мәжбүрлі шараларын қолдануды көз- дейтін Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы ҚР Заңының 19-бабына сәйкес келтіру жөнінде, сондай-ақ стационарда немесе емха- нада емделуді қолданудың түрлері мен ҚР ҚК-нің 90,91,92-баптарымен дерматолог-венерологта мәжбүрлеп емделуді қамтамасыз ету нысанына, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 95-бабына жаза- ны атқара отырып ЖЖБА-дан мәжбүрлеп емделумен қамтамасыз ету нысанына тиісті шараларды енгізу | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі | 1999 ж. IV тоқсаны | Есеп | 1,0 | |
3.1.4. | Білім беру туралы заңдарға өзгеріс- тер мен толықтырулар енгізудің ор- ындылығын қарау, орта оқу орындары- ның оқушылары мен жоғары оқу орын- дарының студенттері арасында ЖЖБА мен СПИД-тің алдын алуды сөз- сіз қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі | 1999 ж. IV тоқсаны | Есеп | 0,5 | |
3.1.5. | ҚР Парасатты жыныстық тәрбие туралы мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі | 2001 ж. II жартыжылдығы | Мемлеке- ттік ба- ғдарлама жобасы | | 1,0 |
Жиыны | | | | | 2,5 | 1,0 |