Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 2 ақпандағы № 178 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 55-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) тақырыптағы және 1-тармақтағы "1999-2000 жылдарға арналған" деген сөздер "1999-2002 жылдарға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламада:
тақырыптағы "1999-2000 жылдарға арналған" деген сөздер "1999-2002 жылдарға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.3. "Терi-венерологиялық мекемелердiң қажеттi материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету, медициналық және дәрi-дәрмектiк көмек көрсету жөніндегі iс-шаралар" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 3.3.1-жолда:
4-бағандағы "2000 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2002 жылдың IV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3.3.4-жолда:
4-бағандағы "Ұдайы" деген сөз "2001 жылдың iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.4. "Бiлiм беру кешенiнiң iс-шаралары" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 3.4.2-жолда:
4-бағандағы "2000 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2002 жылдың I тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.10. "Қазақстанда ЖЖБА диагностикасын, терапиясын, алдын алуын жетiлдiру бойынша iс-шараларды зерделеу мен әзiрлеу саласындағы медицина ғылымының мiндеттерi" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрлерi 3.10.1, 3.10.2, 3.10.3, 3.10.4-жолдарда:
4-бағандағы "2000 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2002 жылдың I тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
3.11. "Ақпарат және халықаралық ынтымақтастық саласындағы мiндеттер" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 3.11.2-жолда:
4-бағандағы "2000 жылдың III тоқсаны" деген сөздер "2002 жылдың iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі