Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1705 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 шілдедегі № 808 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 55-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламада:
3 "ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөніндегі iс-шаралар" бөлiмiнде:
реттiк нөмiрi 3.1.5.-жолда:
2-бағанда "Заңның" деген сөз "мемлекеттік бағдарламаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бағанда "2000 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2001 жылдың екiншi жартыжылдығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бағанда "Заң жобасы" деген сөздер "Мемлекеттік бағдарлама жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2) "Қазақстан Республикасында Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимылдар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 19 шiлдедегi № 999 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 35, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөніндегi ұлттық іс-қимылдар жоспарында:
М. Қыздар бөлiмi бойынша iс-шаралардың жоспарында:
реттiк нөмiрi 1-жолда:
3-бағанда "Заңының" деген сөз "мемлекеттік бағдарламасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бағанда "Заңның жобасы" деген сөздер "Мемлекеттік бағдарламаның жобасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағанда "1999 ж." деген сөздер "2001 жылдың екiншi жартыжылдығы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі