Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған
мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 23 желтоқсандағы
N 1325 Қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның;
нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметін, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетуді, жылжымайтын мүлікті бағалауды лицензиялау мәселелері" туралы 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат) 3-тармағындағы төртінші және бесінші абзацтарының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
23 желтоқсандағы
N 1325 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Мемлекеттік лицензия
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық аты-жөні)
адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілді.
Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия болып
табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген.
Әділет министрі ______________________
(қолы)
Лицензияның берілген күні "____"____________199__ж.
Лицензияның нөмірі ____________
________________қаласы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
23 желтоқсандағы
N 1325 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының елтаңбасы
Мемлекеттік лицензия
____________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық аты-жөні)
нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілді.
Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия болып
табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген.
Әділет министрі ______________________
(қолы)
Лицензияның берілген күні "____"____________199__ж.
Лицензияның нөмірі ____________
________________қаласы