Тұрақты жер пайдалануға автомобиль жолдарына, жол құрылыстарына, жолдың қалыпты жұмыс етуіне және пайдаланылуына қажет жол жағдайы мен жайластыру элементтеріне, сәндік және қар тоқтататын көшеттерге, орман питомниктеріне, желілік үйлер мен жол қызметінің ғимараттарына, өндірістік базаларға, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға сервистік қызмет көрсету үшін қажетті жанар-жағармай құятын станцияларға, тамақтану пункттеріне, демалыс пункттерін және басқа да ғимараттарға арналған жерлер беріледі.
Қысқа мерзiмге (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмге (5 жылдан 49 жылға дейiн) уақытша пайдалануға жерлер құрылыс материалдары кенішіне, резервтерге, құрылыс отрядтарының базаларына, айналма жолдарға, жол-құрылыс материалдарын қоюға арналған орындарға және тағы басқаларға беріледі.
Уақытша жер пайдалану мерзімі уәкілетті орган бекіткен техникалық жобамен анықталады.
Уақытша жер пайдалану мерзімін техникалық жобаның негізінде жерді беру туралы шешім қабылдаған орган белгілейді және ол осы органның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірген қарамағында автомобиль жолдары бар органдар:
жерлерді оның негізгі мақсатты арналуына сәйкес - автомобиль жолдарын дамытуға және жайластыруға, ал жерді уақытша пайдалану кезінде - жер учаскесін беру шартына немесе жалдау шартына (жерді уақытша ақысыз пайдалануға беру шартына) сәйкес пайдалануға;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі талаптарды (нормаларды, ережелерді, нормативтерді) және шараларды орындауға;
сату немесе басқа біреуге беру мақсатында жердің құнарлы қабатын қазып алуға жол бермеуге;
жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қазып алынатын топырақтың құнарлы қабатын сақтауға және пайдалануға;
уақытша пайдаланылған жерлерді қайтарудың мерзімдерін сақтауға;
орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдаланудың тәртібін сақтауға, тарих, сәулет ескерткіштерін және жер учаскесіне орналасқан мемлекеттің қорғауындағы басқа да объектілердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
мемлекеттік органдарға жер туралы заңдарда белгіленген жерді пайдалану туралы мәліметтерді уақытылы ұсынуға;
басқа жер иелері мен жерді пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
жол құрылыс материалдарын жинап қою мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмудің ережелерін сақтауға міндетті.
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Автомобиль жолдарының мұқтажына жер беру, оларды пайдалану және құрылыс салу»Жер туралы«Қазақстан Республикасының Заңымен» және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
2. Автомобиль жолдарының бойында құрылыстар
салу және жер учаскелерін пайдалану
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеуiнің шегінде, олардың перспективалық құрылысына, қайта жаңартылуына және жөнделуіне жағдай жасау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол бойындағы ландшафтың бүлінуін болдырмау мақсатында жол органдарымен алдын ала келіспестен:
жергілікті маңызы бар жолдардың жолақ бөлігінің екі жағынан 100 метрден кем қашықтыққа;
халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың жолақ бөлігінің екі жағынан 200 метрден кем қашықтыққа елді мекендерді, үйлерді, құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды және басқа да объектілерді жобалауға және құрылысын салуға тыйым салынады.
Осы аймақта жер учаскелері автомобиль жолындағы қозғалысқа қатысушыларға қызмет көрсетуге арналған үйлер мен құрылыстарды салуға ғана берілуі мүмкін.
9. I-III санаттардағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын елді мекендерді айналып өтіп төсеген кезде жердің қабатының жиегінен құрылысқа дейінгі ара қашықтық кем дегенде 200 м болады.
10. Автомобиль жолдарын мемлекеттік орман қоры жерлерінде төсеген кезде автомобиль жолдарының бойында жолдың әр жағындағы ені кемінде 250 м, құрайтын қорғаныс белдеуі бөлінуі тиіс.
11. I-III санаттардағы автомобиль жолдарының топырақ төсенішті жиегінен сәндік көшеттерге дейінгі қашықтық кем дегенде 25 м, IV-V санаттардағы жолдар үшін -15 м, қар тоқтату көшеттеріне дейін қар жиналуының көлеміне қарай белгіленеді.
12. Жол жиегіндегі оларды автомобиль жолдарын су басуға және жолақ бөліктің батпақтануына әкеп соқтыратын ауылшаруашылығы дақылдарын суару және суды резервтерге ағызу үшін суландырғыштар ретінде пайдалануға тыйым салынады.
13. Жалпы пайдаланудағы I-III санатты автомобиль жолдарының бойына тұрақты тамақтану және демалыс пункттерін топырақ төсемінің жиегінен 100 метрден жақын жерге орналастыруға рұқсат етілмейді.
14. Автомобиль жолының жолақ бөлігінен 2,5 шақырымнан жақын қашықтықтағы өзендер жайылмасынан, көпірлер және басқа құрылыстар орналасқан жерлердің жалпы таралған пайдалы қазбаларды (құм, қиыршық тас) дайындайтын кеніш өндірісіне жерлер беруге тыйым салынады.
15. Жолдың жолақ бөлігінен ені 30 м белдеуді атмосфера мен топырақтың улы заттармен үнемі ластануының ең жоғары шектеулі деңгейінен асып түсетін аймақ ретінде ауыл шаруашылығының мұқтажы үшін пайдалануға тыйым салынады.
3. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына жер берудің ерекшеліктері
16. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салу үшін әдетте, ауыл шаруашылығына жарамсыз жерлер беріледі.
Орман қоры жерлерінен жер учаскелерін беру көбіне ағашсыз алаңдар немесе бұталы өсімдік және бағасы төмен бұталар өсетін алаңдардың есебінен жүргізіледі.
17. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге жер беру және алу заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Автомобиль жолдарын, көпірлерді және басқа да жол құрылыстарын су объектілерінде және су жағасындағы белдеулерге (аймақтарға) орналастыру кезінде міндетті түрде суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі органдарымен және балық қорын қорғау мен санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен қосымша келісім жасалады.
19. Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға жер беру кезінде қосымша жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың қорытынды шешімін алу қажет.
20. Жер учаскелерінің автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын салуға, қайта жаңартуға немесе жөндеуге беруге және алуға мүдделі жол органдары көзделіп отырған автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту немесе жөндеу орындарын алдын ала келісу туралы, оны салудың мүмкін болатын нұсқаларын, жол белдеулерінің шамамен алғандағы мөлшерлерін, сондай-ақ жерді пайдалану мерзімін көрсете отырып, тиісті мемлекеттік атқарушы органға өтінішпен барады.
Өтінішке:
автомобиль жолы трассасын орналастыру нұсқаларының техникалықэкономикалық салыстырмасы және таңдап алынған неғұрлым оңтайлы нұсқа;
сұралынып отырған жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылар бойынша алаптар тұрғысындағы пайдаланылуы;
жер қойнауын қорғау жөніндегі аумақтық басқару органының таңдап алған учаскеде қазба байлықтарының жоқтығы туралы қорытындысы, ал олар болған жағдайда - жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органының осы учаскеде құрылыс салуға рұқсаты;
жоспар-картографиялық материал және топырақтың және геоботаникалық зерттеулердің деректері қоса беріледі.
21. Автомобиль жолдары өтуінің болжалған вариантын жерге қарап таңдап алу:
су қорғау, экологиялық және басқа шарттар мен талаптар;
топырақтың құнарлы қабатын қазып алу қажеттігі, оның қуаттылығы, пайдалану мақсаты;
уақытша пайдалануға берілген, бүлінген жерлерді қайта өңдеуге қажеттігі, оларды жер учаскелерінің бұрынғы иелері мен жерді пайдаланушыларға қайтарып берудің шарттары;
ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің зияндары мен шығындарының мөлшері көрсетілетін актімен рәсімделеді.
Ауыл шаруашылығы мен орман алаптарын автомобиль жолдарымен құрылыстарды салу үшін алу кезінде меншік иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың зияндарымен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің шығындары белгіленген тәртіппен өтеледі.
22. Автомобиль жолының жерлері арқылы өтуінің варианты мен автомобиль жолдарын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) кейіннен жер беру шарттары жерлерді алу көзделген жер учаскелерінің иелерімен және жерді пайдаланушылармен, тиісті жерге орналастыру органдарымен, табиғат қорғау, сәулет органдарымен және көзделіп отырған жер берілуі мүдделерін қозғайтын басқа да ұйымдармен және мекемелермен алдын ала келісіледі.
23. Автомобиль жолы жерлер арқылы өтуін алдын ала келісу жобалау зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін негіз болып табылады.
24. Тиісті атқарушы орган автомобиль жолының өтетін жерін жергілікті жерлерге бекіткенге дейін жобалау-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға жол берілмейді.
25. Жобалау-зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жоба белгіленген тәртіппен бекітіледі, ал салынуға, (қайта жаңартуға, жөнделуге) автомобиль жолы салынатын, қайта жаңартылатын және жөнделетін жолдың титулдық тізіміне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттендірілген автомобиль жолдарын басқару жөніндегі орган тиісті атқарушы органға автомобиль жолы өтетін жердің алдын ала келісілген нұсқасына жер алу және жерді осы автомобиль жолын салуға (қайта жаңартуға, жөндеуге) беру жөнінде өтініш жасайды.
Өтінішке:
автомобиль жолының (жол құрылыстарының) өтетін жерін таңдау жөнінде алдын ала келісу материалдары;
автомобиль жолын салу жобасы - объект құрылысының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауды, жер беруді, жерді қайта өңдеу, шаруашылық және өзге де қызметтің қолайсыз әсерін болдырмау жөніндегі шараларды және қоршаған табиғи ортаны сақтаудың, сондай-ақ сауықтыруды және жақсартуды қамтитын «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» бөлімі;
жер учаскелерінің иелері мен жерді пайдаланушылардың шеккен зияндарын, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын жерді алуға немесе уақытша пайдалануға байланысты басқа да шығындарды өтеу туралы міндеттеме қоса беріледі.
26. Тиісті атқарушы орган жерді қайтарып алу және автомобиль жолына беру туралы шешім қабылдайды.
4. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру
ҚР Үкіметінің 16.01.03 ж. № 30 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
27. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіруді жер учаскесі берілетін жол органдары мен автомобиль жолдарын басқарушылардың және жер учаскелері алынатын жер иелерінің немесе жерді пайдаланушылардың қатысуымен жерге орналастыру органдары жүзеге асырады.
28. Автомобиль жолы жобасын іс жүзінде жерге көшіру автомобиль жолына берілген жер учаскесінің шекарасын анықтау және оны басқа жер иелерінің, жерді пайдаланушылардың жерінен белгіленген үлгідегі таңбалармен шектеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 Қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
қағидалары
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде плакаттар, стенділер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар және басқа де жарнамаларды тұрақты орнату объектілері түріндегі сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыру шарттарын, келісу және орналастыру тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.07.02. № 64 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бөлінген белдеуінің жол органдары, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде - жол органы;
2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде - облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдардың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің орналастыру көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шарттарының және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен стандарттар талаптарының сақталуы жағдайында жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетуге жол берiлмейтiн ретте жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мәселе оң шешілген жағдайда объектіні жолға байланыстыру жүзеге асырылады және паспорт ресімделеді, онда: паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Паспортты халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.
Паспорт бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда паспорт қайта ресімдеуге жатады.
Паспорттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшері паспортқа енгізілген мөлшерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 8-тармақ алынып тасталды
8. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 9-тармақ алынып тасталды
9. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 10-тармақ алынып тасталды
10.алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 11-тармақ алынып тасталды
11.алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1312 Қаулысымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен 13-тармақ алынып тасталды
13. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 01.07.02 ж. № 711 Қаулысымен; 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерінен алынатын төлем тиісті бюджетке енгізілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.10. № 1315 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1607 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 15-тармақ өзгертілді
15. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру тиісті рұқсат беру құжаты болмаған кезде төлем сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.07. № 761 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы өз бетінше орналастырған иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.
Жолақ бөлікті өз бетімен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 2013.10.06. № 591 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.24.12. № 1390 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.07.02. № 64 Қаулысымен (бұр. ред. қара) қосымша жаңа редакцияда
Жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының жолақ
бөлігінде сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыру тәртібіне
қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ___________ облыстық филиалы
_______________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_______________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_______________________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_______________________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық/облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.
Күні _______ Алушы _____________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
_______________________________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
_______________________________________________________________________________________________________
атауы, қолы)