1-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органдармен келісу бойынша әзірлеген Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін бекітеді, сондай-ақ оларды қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Алынып тасталды
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылау жасауды және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуде жәрдемдеседi;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiн, Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, iрi және аса iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және Есірткі, психотроптық заттардың құрылымдық формулаларындағы сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын алмастырғыштар тізімін әзірлейді;
6) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды;
7) уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып, мемлекеттiң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын анықтайды;
8) қолданыстағылармен салыстырғанда есiрткiлiк әсерi кемiрек, неғұрлым тиiмдi, қаупi төменiрек есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар әзiрлеу және енгізу процесiн бақылайды;
9) Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды БҰҰ-ның Есiрткiнi бақылау жөніндегі халықаралық комитетi бекіту үшiн Республиканың есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға деген қажеттiлiк нормаларын Үкiметке ұсынады.
10) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) қызметi есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiреді;
13) есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
14) денсаулық сақтау саласындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметтер түрлерiнен басқа, есiрткi, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;
15) 2006.02.03 № 130-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
16) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заң актілерін және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны үшiн заңды және жеке тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныстар енгiзедi;
17) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
18) мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар, нұсқамалар енгізеді;
19) уәкілетті органдармен бірлесе отырып, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылдарды әзірлейді және іске асырады;
2016.08.04. № 490-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 167-VІІ ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (2023 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) есiрткiнің, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың теріс пайдаланылуына қарсы күресті, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалана отырып үйлестіреді;
21) есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасы жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
23) өз құзыреті шегінде есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласында инвестициялар, техникалық көмекті тартуды және олардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимылды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.02.03 № 130-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нысанында жүзеге асырады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тəртібі осы Заңның 6-1-бабына сəйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарының:
1) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
2) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншiк нысанына қарамастан, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы үшiн пайдаланылатын кез келген үй-жайларға баруға;
2018.27.12. № 205-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) құрамында Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгізілген есірткі заттары бар өсімдіктер өсірілетін жер учаскелеріне қарап-тексеру жүргізуге;
4) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi жою мақсатында арнайы құрылған бөлiмшелермен iс-шаралар жүргiзуге;
5) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сапасын сипаттайтын техникалық құжаттаманы, сондай-ақ оларға сараптама жүргiзу үшiн көрсетілген өнiмнiң техникалық негiзделген мөлшердегi үлгiлерiн алуға;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
7) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын реттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде тиiстi органдарға ұсыныс енгізуге құқығы бар.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тəртібі
1. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын тексеру бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүргізіледі.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру:
1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралар;
2) өтініш берушінің берілген лицензия жəне (немесе) лицензияға қосымша бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігін бақылау (бұдан əрі - өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігін тексеру);
3) өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігін тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
4) мемлекеттік органдардың, жеке жəне заңды тұлғалардың есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында белгіленген талаптарды нақты бұзушылық фактілері бойынша жолданымдары негізінде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сəйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) құжаттарды (мəліметтерді) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алуға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды жəне Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, тексеру нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерек-қорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
4. Бақылау субъектілері бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізу үшін келген қызметкерін (қызметкерлерін) мынадай:
осы баптың 9-тармағында көзделген құжаттар болмаған;
бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен жағдайларда тексеруге жібермеуге;
өздерінің мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген əрекеттерін ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) қызметіне кедергі келтірмей аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуді жүзеге асыруы мақсатында үшінші тұлғаларды тексеруге қатысу үшін тартуға;
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
5. Бақылау субъектілері бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) құжаттарды (мəліметтерді) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкеріне (қызметкерлеріне) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін жəне мемлекеттік құпиялар жəне Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы талаптардысақтай отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы ұсынуға;
3) тексеру аяқталған күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актінің жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;
4) тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тексерілетін құжаттарына (мəліметтеріне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) тексеру жүргізуге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сəйкес зиянды жəне қауіпті өндірістік əсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру осы баптың 8-тармағында өзгеше көзделмесе, бақылау субъектілерін алдын ала хабардар етпестен жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен келесі жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсына отырып жүргізіледі.
8. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігін бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру бақылау субъектілерін алдын ала хабардар етпестен жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеместен жүргізіледі.
9. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру кезінде:
1) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін көрсетуге міндетті.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органының тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген қызметкерінің тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) болған жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
5) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сəйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде Қазақстан Республикасының міндетті талаптары тексерілуге жататын нормативтік құқықтық актілері;
9) тексерілетін кезең;
10) бақылау субъектісінің осы бапта көзделген құқықтары мен міндеттері;
11) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының актілерге қол қоюға уəкілеттік берілген қызметкерінің қолтаңбасы, Қазақстан Республикасының ішкі істер органының мөрі;
12) заңды тұлға басшысының не оның уəкілетті адамының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді тіркеу журналында тіркеледі.
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасы ішкі істер органының басшысы не оны алмастыратын адам күрделі жəне (немесе) ұзақ сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда ғана тек бір рет ұзарта алады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді ұзарту мерзімі сараптама нəтижелері алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу мерзімін ұзарту тексеруді ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні, нөмірі жəне ұзартудың себебі көрсетіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарлама бақылау субъектісіне мерзім ұзартылардан бір жұмыс күні бұрын табыс ету туралы хабарламамен бірге табыс етіледі.
15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы акт бақылау субъектісіне не оның уəкілетті адамына табыс етілген күн бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
16. Бақылау субъектісінің не оның уəкілетті адамының бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартуы не бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізуге қажетті материалдар мен мəліметтерді ұсынбауы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің (қызметкерлерінің) бақылау объектісіне кіруіне кедергі болмайды.
17. Қазақстан Республикасы ішкі істер органының тексеруді жүзеге асыратын қызметкері (қызметкерлері) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы акт жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актінің жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жəне оның аумақтық органдарына тапсырылады, екінші данасы бақылау субъектісінде (объектісінде) түпнұсқада болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына) танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау жəне басқа да əрекеттер жасау үшін беріледі, үшінші данасы Қазақстан Республикасының тексеру жүргізген ішкі істер органдарында қалады.
18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, нөмірі, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
6) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері, сəйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі;
7) тексеру жүргізілген күн, орын жəне кезең;
8) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мəліметтер;
9) бақылау субъектісінің немесе оның уəкілетті адамының актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы, сондай-ақ жүргізілген тексеру нəтижелері бойынша ескертулердің жəне (немесе) қарсылықтардың бар-жоғы туралы белгі;
10) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) қолтаңбасы.
19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
20. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары өткізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру қорытындылары бойынша бақылау субъектісінің (объектісінің) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген міндеттерді орындамау жəне (немесе) тиісінше орындамау фактілерін анықтаған жағдайларда Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін (объектісін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
21. Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігіне тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру аяқталғаннан кейін бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етіледі.
22. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады.
Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада айқындалған мерзім аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нұсқаманы берген ішкі істер органына бұзушылықтың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты жіберуге міндетті.
23. Егер анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуы бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу нəтижесінде бақылау субъектісінің (объектісінің) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында белгіленген міндеттерді орындамау жəне (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталса, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкері (қызметкерлері) өкілеттіктері шегінде бақылау субъектісін (объектісін) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.
24. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:
1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеруді жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
3) өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің атауы, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру жүргізу кезінде қатысқан уəкілетті адамның лауазымы (бар болған кезде);
4) тұрған жері көрсетіле отырып, бақылау объектісі;
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актінің күні мен нөмірі;
6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі жəне анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі көрсетіле отырып, оларды жою туралы талаптар;
7) бақылау субъектісінің немесе оның уəкілетті адамының нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
8) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тексеру жүргізген қызметкерінің (қызметкерлерінің) қолтаңбасы.
25. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіні жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының тексеруді жүргізген ішкі істер органына жібереді.
26. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бақылау субъектісінің бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру нəтижелері туралы актіге жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, əкімшілік ықпал ету шараларына ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын қарауға жəне отыз жұмыс күні ішінде қабылданған шаралар туралы уəжді жауап беруге тиіс.