Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 20 тамыздағы № 1205 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жер сілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Көрсетілген қаулыға "Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары құратын Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің тізбесі" деген қосымша қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
20 тамыздағы № 1205
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1997 жылғы
26 тамыздағы № 1286
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының министрліктері мен
агенттіктеріндегі Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар
қызметтерінің
Тізбесі
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс және
министрліктері, төтенше жағдайлар қызметі
агенттіктері
Қазақстан Республикасының Қоғамдық тәртіпті қорғау
Ішкі істер министрлігі қызметі
Қазақстан Республикасының Өртке қарсы қызмет
Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігі
Қазақстан Республикасының Дәрігерлік қызмет
Денсаулық сақтау, білім
және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және хабарлау қызметі
Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігі
Қазақстан Республикасының Сауда және тағам қызметі
Энергетика, индустрия Химиядан қорғау қызметі
және сауда министрлігі Инженерлік қызмет
Энергетика қызметі
Жанар-жағар май материалдары
қызметі
Қазақстан Республикасының Жануарлар мен өсімдіктерді
Ауыл шаруашылығы қорғау қызметі
министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік, Хабарлау және байланыс
коммуникациялар және қызметтері
туризм министрлігі Көлік қызметі
Жол және көпір қызметі
(коммуналдық меншікке
берілген жолдардан басқа)
Қазақстан Республикасының Радиациялық қорғау қызметі
Ғылым және жоғары білім
министрлігі (Атом
энергиясы агенттігі)