12-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртібі
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, экономикасы мен аумағын жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру мен оның тәртібі осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құралымдарының, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртiбi осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
13-бап. Жұмылдыру органдары
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және олардың жүргізілуін бақылау мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшысына тікелей бағынатын жұмылдыру органдарына (бөлімшелеріне) жүктеледі. Жұмылдыру органдарының (бөлімшелерінің) құрылымы, штат саны, өкілеттігі осы тапсырмалардың немесе тапсырыстардың сипаты мен көлемі негізге алына отырып айқындалады.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары жұмылдыру органдарына (бөлімшелеріне) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті жағдайлар жасайды.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Әскери-көлiктiк мiндет
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 367-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды көлiк құралдарымен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көлiктiк мiндет белгiленедi.
2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әскери-көлiктiк мiндет Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, көлiк құралдары бар ұйымдар мен азаматтарға, сондай-ақ көлiк құралдарының жұмысын қамтамасыз ететiн өзге де ұйымдарға қолданылады.
3. 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-бап. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру бюджет қаражаты мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Ұйымдардың өз бастамасы бойынша олардың тұрақты жұмыс iстеуi мен жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында жүргiзiлетiн жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмыстар ұйымдардың қаражаты есебiнен қаржыландырылуға тиiс.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Жұмылдыру резервi
Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтары Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн тек жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында ғана пайдаланылады.
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайда және тәртіппен табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қолдану, гуманитарлық көмек көрсету үшін бейбіт уақытта пайдаланылуы мүмкін.
5 тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында
арнап бекітіп қою және шақыру
2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қоюдың құқықтық негізі
1. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қою мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2. Әскери міндеттілерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бекітіп қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 18-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 334-IV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі
1. Әскери міндеттілерді бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысқа басшылықты Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия жүзеге асырады.
3. Бекітіп қоюға жататын лауазымдар мен мамандықтардың тізбесін Әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.
4. Мемлекеттік органдарға, ұйымдарға бекітіп қойылған әскери міндеттілер өздеріне берілген кейінге қалдыру мерзімінің қолданыстағы уақытында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және соғыс уақытындағы шақырудан босатылады.».
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру
Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентi iшiнара немесе жаппай жұмылдыруды жариялау туралы жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 5-1-тараумен толықтырылды
5-1-тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау
19-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Мыналар:
1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмылдыру тапсырмалары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
2) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі - бақылау субъектілері) болып табылады.
19-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді.
2. Мерзімдік тексеру жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тексерулер жүргізу графигіне сәйкес үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізу графигін әзірлейді және тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Тексерулер жүргізу графигі мыналарды қамтиды:
1) тексерулер жүргізу графигінің тіркеу нөмірі мен бекіту күні;
2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) атауы, олардың орналасқан жері;
4) тексеру нысанасы;
5) тексерулер жүргізу мерзімдері;
6) тексерулер жүргізу графигіне қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның мөрі.
Тексерулер жүргізу графигі мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады.
Тексерулер жүргізу графигін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектілеріне тиісті жылдың 1 ақпанына дейін жібереді.
Тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған және оның жұмыс бейіні өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.
Бақылау субъектілері тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы мерзімдік тексеру жүргізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын хабардар етілуге тиіс.
3. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:
1) бақылау субъектілерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша міндеттерді орындамағанын және (немесе) тиісінше орындамағанын куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат (әскери-экономикалық оқулардың нәтижелері, жұмылдыру әзірлігін бағалау) болған кезде;
2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
4. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нысанасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосып тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ жұмылдыру қуаттарына және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарына, автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;
3) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған;
тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асатын мерзімге ұзартылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосып тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ жұмылдыру қуаттарына және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарына, автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;
3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі жасауға;
4) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға (мәліметтерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан тексеру жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
7. Тексеруді тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт екі данада жасалады.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркелген күні мен нөмірі;
2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі.
Заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі тексерілген жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен орналасқан жері көрсетіледі;
6) тексеру нысанасы;
7) тексеру жүргізу мерзімі;
8) тексеру жүргізу негіздері;
9) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның мөрі.
Тексеруді тағайындау туралы акт тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тексеруді тағайындау туралы актіні жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектілеріне:
мерзімдік тексеру бойынша - ол басталғанға дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын;
жоспардан тыс тексеру бойынша ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жібереді.
8. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеру кезінде бақылау субъектісіне:
1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге рұқсаттың бар екені туралы анықтаманы;
2) сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісін хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету туралы хабарламамен бірге ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді.
10. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша екі данада:
1) тексеру нәтижелері туралы акт;
2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты мен орны;
2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің нөмірі мен күні;
4) тексеру жүргізген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
6) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі;
7) тексеру жүргізілген кезең;
8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер;
9) бақылау субъектісінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;
10) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері болған кезде, олар қоса беріледі.
12. Тексерулер жүргізген кезде Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың жасалған күні, уақыты мен орны;
2) тексеру жүргізген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары;
3) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі;
4) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні;
5) анықталған бұзушылықтар және оларды жою туралы талап;
6) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері;
7) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым жасау тәртібі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
13. Анықталған бұзушылықтарды (олар болған кезде) жою туралы нұсқамамен, бақылау субъектісінде түпнұсқа түрінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектісіне табыс етіледі.
Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.
Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісінің тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және отыз жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
14. Тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы акт бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз күн деп айқындалады.
Нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:
1) бақылау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;
2) мемлекеттік органдарда міндетті қорытындыларды, келісулерді және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да құжаттарды алу мерзімдері;
3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес растайтын құжаттар болған кезде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруға бюджет қаражатының уақтылы, толық бөлінуі немесе түсімінің болмауы ескеріледі.
16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі нұсқамада белгіленген мерзім ішінде жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Ақпарат ұсынылмаған жағдайда, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
17. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің, осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіде көзделген іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталатын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретке сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы бұзушылыққа жол берген бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады.
6 тарау. Қорытынды ережелер
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жасалған шарттар шеңберiнде, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі өзара мүдделi шараларға әзiрлеп және iске асыра отырып, өзара тиiмдi әскери және экономикалық байланыстарды сақтай отырып қатысады.
21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және өткізу режимi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жұмысты жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н.Ә. Назарбаев |