Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «барлық меншік нысанындағы», «меншік нысандарына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
3) 4-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
4) 10-бапта:
екінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «Азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен» деген сөздер «төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдармен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
екінші абзацтағы «құрылымдық» деген сөз алып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ұйымдарда - Азаматтық қорғаныс саласындағы міндеттерді шешуге арнайы уәкілеттік берілген, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімшелер (жеке қызметкерлер).»;
6) 19-бапта:
бірінші бөлікте:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлейді;»;
он үшінші абзац алып тасталсын;
он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери қызмет өткеру ережелеріне сәйкес әскери қызметшілерді лауазымға тағайындайды, ауыстырады, қызметтен босатады және шығарады, сондай-ақ әскери қызметшілерге және әскери міндеттілерге мерзімінен бұрын беруді қоса алғанда, әскери атақтар береді, оларды төмендетеді және әскери атақтардан айырады;»;
мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын қалаларды және шаруашылық объектілерін санаттарға бөлу дәрежесіне байланысты бекітеді.»;
екінші бөліктің бірінші абзацы алып тасталсын;
7) 20-бапта:
екінші абзацтағы «әскери комиссариаттар» деген сөздер «жергілікті әскери басқару органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
8) 21-баптың тоғызыншы абзацындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
9) 29-1-баптың 1-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
10) 31-бапқа орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
2. «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) тақырыбындағы «Қазақстан Республикасындағы» деген сөздер алып тасталсын;
2) кіріспеде:
«жүзеге асырудағы» деген сөздерден кейін «негізгі принциптерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
«меншік нысандарына қарамастан» деген сөздер алып тасталсын;
3) бүкіл мәтін бойынша:
«әскери комиссариаттардың», «әскери комиссариаттарға», «әскери комиссариаттың», «әскери комиссардың» деген сөздер тиісінше «жергілікті әскери басқару органдарының», «жергілікті әскери басқару органдарына», «жергілікті әскери басқару органдарының», «жергілікті әскери басқару органы басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жұмылдыру кезеңі мен соғыс уақытында», «жұмылдыру кезеңі мен соғыс уақытына», «жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында» деген сөздер тиісінше «жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында», «жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бір бөлігін (ішінара жұмылдыру) соғыс жағдайы режиміне көшіруге байланысты жалпымемлекеттік шаралар кешені;
жұмылдыру дайындығы - бейбіт уақытта жүргізілетін және соғыс уақытында мемлекетті тұрақты басқаруға бағытталған іс-шаралар кешені, ел экономикасын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының және халқының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, елді қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында әкімшілік аумақтық бірліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшіру;
жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкілетті орган - жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
жұмылдыру қуаттары - жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған өндірістік алаңдар, технологиялық жабдықтар, инженерлік-техникалық және өзге де құжаттама;
жұмылдыру резерві - мемлекеттік материалдық резервтің құрамдас бөлігі болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндірістік қызметінде пайдаланбайтын шектеулі номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
жұмылдыру тапсырмасы - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында мемлекеттің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған іс-шараларды орындауға мемлекеттік органдарға берілетін тапсырма;
жұмылдыру тапсырысы - ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында белгілі бір номенклатурада, мөлшерде және сапада тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруге, арнаулы құралымдар құруға берілетін мемлекеттік тапсырыс;
Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары - Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жұмылдыра өрістету жөніндегі шараларды іске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, әкімшілік-аумақтық бірліктері мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де іс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында жұмыс істеу режиміне көшіруге бағытталған іс-шаралар жоспары.»;
5) 3-баптың 1) тармақшасындағы «дайындығы мен жұмылдыруды» деген сөздер «дайындығын» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 4-бапта:
3) тармақша «жұмылдыруға» деген сөзден кейін «, соғыс жағдайына және соғыс уақытына» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша:
«азаматтарды» деген сөздің алдынан «әскери міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
«соғыс уақытында» деген сөздердің алдынан «жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын әзірлеу;»;
9) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының экономикасы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскер құрамаларының жұмылдыру жоспарларын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің және ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы «жұмылдырудың және мемлекеттік резервтің азаймайтын запасының» деген сөздер «мемлекеттік материалдық резервтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік органдар мен ұйымдарды соғыс жағдайына және соғыс уақытына көшіру;»;
мынадай мазмұндағы 18) - 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) жұмылдыру органдарын құру және ұстау;
19) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау;
20) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру;
21) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу;
22) жұмылдыру іс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету.»;
7) 5-бапта:
4) тармақшада:
«нормативтік» деген сөзден кейін «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын;
«мемлекеттік өкімет органдарының, жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздер «мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) - 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын бекітеді;
4-2) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережелерін бекітеді;
4-3) жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалау ережелерін белгілейді;
4-4) жұмылдыру туралы жариялау тәртібін бекітеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) соғыс уақытында мемлекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;»;
7) тармақша «бойынша» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 7-бапта:
1) - 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметін ұйымдастыру жөніндегі жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын табыс етеді;
3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзірлеу мен орындауды ұйымдастырады;
4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын орындау тәртібін белгілейді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы, сондай-ақ жұмылдыруды, соғыс жағдайын жариялауға байланысты және соғыс уақытында қабылдануға тиісті заңнамалық актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) - 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) ұйымдар банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, жұмыс бейінін өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын) алып тастау, басқаға беру тәртібін айқындайды;
7-2) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын жабдықтау нормаларын бекітеді;
7-3) соғыс уақытында тамақтандыруды және сауда-саттықты ұйымдастыру тәртібін бекітеді;»;
10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
14) тармақша «қамтамасыз ету» деген сөздерден кейін «, аумақтарды жедел жабдықтау және Азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақшадағы «жұмылдыру кезеңі мен соғыс уақытында» деген сөздер «жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытына» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) тармақшада:
«жұмылдыру резерві мен» деген сөздер алып тасталсын;
«мемлекеттік» деген сөзден кейін «материалдық» деген сөзбен толықтырылсын;
19) тармақша алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы
уәкілетті органның өкілеттіктерi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкілетті орган:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзірлейді, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын келіседі;
2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
3) мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметін үйлестіреді;
4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында ғылыми зерттеулер мен әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
5) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған және олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныс енгізеді;
6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады.»;
10) 8-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
3) тармақшадағы «шараларын» деген сөз «тапсырыстарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, таратылған, жұмыс бейінін өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырыстары мен жұмылдыру қуаттарынан босату туралы ұсыныс енгізеді;»;
4) тармақшадағы «экономиканы» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;»;
11) 9-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде басқару органдары мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етеді;»;
2) тармақша «жұмылдыру» деген сөзден кейін «, соғыс жағдайы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
4) тармақшада «жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру кезеңінде» деген сөздерден кейін «жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша «азаматтарды» деген сөздердің алдынан «әскери міндетті» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 10-баптың 1-тармағында:
6) тармақшада:
«жұмылдыру жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
«жұмсалған шығындарды кейін өндіре отырып,» деген сөздер «жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында олардың құнын кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен өтеу арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша «жұмылдыру» деген сөзден кейін «, соғыс уақыты» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «тиісті құрамалар ұстайды» деген сөздер «арнаулы құрамалардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі уәкілетті органға, орталық атқарушы органдардың жұмылдыру органдарына мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруге міндетті.»;
13) 11-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы әскери қызметшісінің құқықтарын пайдаланады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасында:
«соғыс уақытында» деген сөздер «жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«оларға келтірілген залалды» деген сөздер «олардың құнын» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 13-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бейбіт уақытта жұмылдыру тапсырыстары (тапсырмалары) бар мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жұмылдыру дайындығы жөніндегі шаралардың өткізілуін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау жұмылдыру органдарына (бөлімшелерге немесе жекелеген қызметкерлерге) жүктеледі. Жұмылдыру органдарының (бөлімшелерінің немесе жекелеген қызметкерлердің) құрылымы, штат саны, өкілеттігі осы тапсырыстардың (тапсырмалардың) сипаты мен ауқымы тұрғысынан айқындалады.
Жұмылдыру органдары (бөлімшелер немесе жекелеген қызметкерлер) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тікелей бірінші басшысына бағынады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жұмылдыру тапсырыстары (тапсырмалары) бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары жұмылдыру органдарына (бөлімшелерге немесе жекелеген қызметкерлерге) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды.»;
2-тармақта:
«облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер алып тасталсын;
«Орталық және жергілікті атқарушы органдары» деген сөздер «Мемлекеттік органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 14-баптың 1-тармағы «Жұмылдыру» деген сөзден кейін «, соғыс жағдайы» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Жұмылдыру резервi
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында ғана пайдаланылады.»;
17) 17-баптың 1-тармағындағы «(бекітіп беру)» және «(резервте)» деген сөздер алып тасталсын;
18) 18-баптың 4-тармағындағы «жұмылдыру бойынша шақырудан және кейіннен» деген сөздер «жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 19-баптың тақырыбы мен мәтінінде:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
«Жұмылдыру бойынша» деген сөздерден кейін «, соғыс жағдайы кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
20) 20-бапта:
«әскери мәселелер жөнінде» деген сөздер алып тасталсын;
«шаруашылық» деген сөз «экономикалық» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 22-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
3. «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы «ауыстыру,» деген сөз алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі - мемлекеттік резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдауға, ізгілік көмек көрсетуге және нарыққа реттеушілік ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар запасы;»;
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшада:
«қажет өнім» деген сөздер «қажет тауарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(тізбесін)» деген сөзден кейін «және көлемін» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жұмылдыру резерві - мемлекеттік резервтің құрамдас бөлігі болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндірістік қызметінде пайдаланбайтын шектеулі номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) сақтау нормативтері - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық нормативтер мен талаптар;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) операция жасау - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру, сақтау және шығару;»;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру материалдық құндылықтарды тиеу мен түсіруді қоса алғанда, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтайтын бір пункттен екінші пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау;»;
12) - 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері - шарт негізінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
13) броньнан шығару - материалдық құндылықтарды кейіннен қайта салмау не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында мемлекеттік резервтен шығару;
14) тапсырысты орналастыру - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын беру және шығару үшін өнім берушілер мен тұтынушыларды таңдау;»;
2) 3-бапта:
бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік резерві» деген сөздер «Мемлекеттік резерв» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;»;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Мемлекеттік резерв жүйесi
Мемлекеттік резерв жүйесін уәкілетті орган және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.»;
4) 5-бапта:
3) тармақшадағы «органдары» деген сөз алып тасталсын;
7), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
11) тармақшадағы «жұмылдыру резервін» деген сөздер «мемлекеттік резервті» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-баптың бірінші абзацы «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 7-бапта:
1) тармақшадағы «алмастыру» деген сөз «орнын ауыстыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «нормалары» деген сөз «нормативтері» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «сатып алу» деген сөздер «қалыптастыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «және алмастыру» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктері бейінін өзгерткен, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдайды;»;
7) - 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі уәкілетті органмен және қорғаныс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін жасайды және бекітеді;
8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асырады;
9) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды, олардың сан және сапа жағынан сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді; сақтау пункттерінде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуына тексерулер (тексерістер) жүргізу туралы шешім қабылдайды; тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексерулер (тексерістер) жүргізуге тартады; мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін тексерулердің (тексерістерін) материалдарын құқық қорғау органдарына жібереді;»;
7) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік резерв жүйесін қамту мен дамытуға, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жасауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
8) 9-баптың 1-тармағындағы «орналасқан» деген сөз «сақталған» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 11-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтар беруге тапсырыстар оларды берушілер арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен орналастырылады.
2. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтар беруге уәкілетті орган тапсырыс беруші болады.»;
10) 12-бапта:
1-тармақта:
«орналастырылады және» деген сөздер алып тасталсын;
«ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда» деген сөздер «уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
11) 13-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «және ауыстыруға» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «уақытша» деген сөз алып тасталсын;
3) тармақшадағы «тәртібімен;» деген сөз «тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) - 6) тармақшалар алып тасталсын;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңарту, броньнан шығару мақсатында шығаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығарған кезде оларды сатудан алынған қаражат бюджет есебіне алынуға тиіс.»;
11-тармақта «алты ай мерзімнен кешіктірілмей мемлекеттік бюджеттің» деген сөздер «тоқсан күн ішінде бюджет» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 19-баптағы «заң актілеріне» деген сөздер «заңдарға» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-і.
№ 183-III ҚРЗ