2. Қазақстан Республикасында ананы мемлекет қорғайды және көтермелейдi:
3. Ананы қорғау:
арнайы медицина ұйымдарының кең желісін ұйымдастыру;
бала тууына байланысты әйелге Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген тәртiппен және мөлшерде жәрдемақы төлеу;
жүктi әйелдерге медициналық нұсқамаларды орындауға мүмкiндiк туғызып, оларды жұмысқа ұтымды түрде орналастыру;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес баланы күтiп-бағуға жәрдемақы төлей отырып, жұмыс iстеп жүрген әйелдерге жүктiлiгi мен босануына байланысты демалыстар беру;
жеке жұмыс кестесiн және толық емес жұмыс уақыты режимiн белгiлеу арқылы қамтамасыз етiледi.
4. Заңдар арқылы басқа да жеңiлдiктер жасалуы мүмкiн.
ҚР 17.12.98 ж. № 325-I Заңымен 55-бап өзгертілді
55-бап. Балалалардың денсаулық сақтау құқығы
1. Мемлекет балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады, олардың дене бiтiмi, ақыл-ойы, рухани, адамгершiлiк және әлеуметтiк дамуы үшiн қажеттi тұрмыс жағдайларына құқықтарын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттік органдар, жұмыс берушiлер арнаулы медицина және балаларды сауықтыру ұйымдарының желісін дамытуды қамтамасыз етедi, олардың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайлар жасауына жауапты болады.
3. Балалар мiндеттi мерзiмдi медициналық байқаулардан өтiп тұруға және тұрақты диспансерлiк бақылауда болуға тиiс.
4. 3 жасқа дейiнгi балаларды, сондай-ақ дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша қосымша күтiп-бағуды қажет ететiн ауыр науқасты ересек жастағы балаларды стационарда емдеу кезiнде анасына (әкесiне) немесе баланы күтiп-бағуды тiкелей жүзеге асыратын өзге адамға ауырып қалған отбасы мүшесiн күтiп-бағуға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төленiп, емдеу мекемесiнде онымен бiрге болу мүмкiндiгi берiледi.
5. Дене бiтiмiнiң немесе психикасының жетiлуiнде кемiстiгi бар балалардың мамандандырылған балалар мекемелерiнде медициналық-әлеуметтiк жәрдем алуға құқығы бар. Аталған балаларды сәбилер үйiне және жалпы мақсаттағы оқу-тәрбие ұйымдарына орналастыруға кедергi келтiретiн медициналық айғақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы бекiтедi.
6. Отбасында балаларды күтiп-бағу және тәрбиелеу жөніндегі мiндеттерiн орындаудан жалтару, олардың денсаулығына зиян келтiретiндей дәрежеде оларға қатал қарау Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.
IХ тарау. Азаматтардың денсаулық сақтау
саласындаңы міндеттері
56-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңдарды азаматтардың ұстануы жөніндегі мiндеттерi
Азаматтар денсаулық сақтау туралы заңдарды ұстануға, өздерiнiң және айналасындағы адамдардың денсаулығына ұқыпты қарауға мiндеттi.
57-бап. Азаматтардың медициналық нұсқамаларды ұстану жөніндегі мiндеттерi
1. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшiн азаматтар денсаулық нұсқамаларын денсаулық сақтау ұйымдары белгiлеген мерзiмде орындауға мiндеттi.
2. Стационарлық емделуде жатқан адамдар медициналық ұйымдарда қолданылып жүрген режимдi сақтауға мiндеттi.
3. Жұқпалы аурулармен науқастанған кезiнде медициналық нұсқамаларды бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
58-бап. Азаматтардың балалар денсаулығына қамқорлық жасау жөніндегі мiндеттерi
1. Азаматтар балалардың денсаулығына, олардың дене бiтiмi, рухани және адамгершiлiк жағынан жетiлуiне қамқорлық жасауға, салауатты өмiр салты дағдыларына тәрбиеленуге мiндеттi.
2. Жүктi әйелдер дер кезiнде медициналық есепке тұруға, тексерiлуден өтуге, медициналық нұсқамаларды орындауға мiндеттi.
3. Ата-аналар сау балалардың тууына жәрдемдесетiн ережелердi орындауға және бала туғаннан кейiн медициналық нұсқамаларды орындауға мiндеттi.
59-бап. Туберкулезбен, алапеспен, ЖИТС-пен, соз ауруларымен және карантиндiк инфекциялармен ауыратын азаматтардың мiндеттерi
1. Туберкулезбен, алапеспен, ЖИТС-пен, соз ауруларымен және карантиндiк инфекциялармен ауыратын азаматтар медициналық ұйымдардың талап етуi бойынша тексерiлуден және емделуден өтуге мiндеттi.
2. Тексерiлудiң және емделуден жалтарған жағдайда азаматтар ерiксiз түрде куәландырылуға және емделуге алынады.
3. Азаматтарды ерiксiз емделуге жiберудiң негiздемелерi мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
60-бап. Азаматтардың науқастарды тасымалдауға және оларға медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесу жөніндегі мiндеттерi
Азаматтар науқастың өмiрiне қатер төнген жағдайларда оны тасымалдауға және медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесуге мiндеттi.
Х тарау. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ
адамдардың денсаулық сақтау
саласындағы құқықтары мен міндеттері
61-бап. Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктерге Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес денсаулық сақтау құқығына кепiлдiк берiледi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, босқындар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi атқарады.
3. Шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, босқындарға медициналық-санитариялық және медициналық-әлеуметтiк көмек көрсетудiң тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
ХI тарау. Денсаулық сақтау ұйымдарын
кадрлармен қамтамасыз ету
62-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлары
1. Денсаулық сақтау кадрларына медициналық, фармацевтiк, ғылыми, ғылыми-педагогикалық, педагогикалық, инженерлiк-техникалық қызметкерлер жатады, олардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
2. Денсаулық сақтау кадрларын даярлау, пайдалану және олардың біліктiлiгiн арттыру мемлекет, жұмыс берушiлер және жеке адамдар есебiнен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы:
арнаулы орта және жоғары медициналық және фармацевтiк білім берудiң сабақтастығын;
медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың сапасына бақылау жасауды;
республиканың медицина, фармацевтика, ғылыми және педагогика кадрлары жөніндегі қажетiн қамтамасыз етедi.
63-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығы
Медициналық және фармацевтикалық қызметпен, соның iшiнде жеке практикамен айналысуға арнайы даярлықтан өткен және Қазақстан Республикасының, бұрынғы КСРО-ның тиiстi жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бiтiргенi туралы диплом немесе сертификат алған адамдардың, сондай-ақ нострификация тәртібімен диплом алған адамдардың құқығы бар.
64-бап. Арнайы медициналық білімi жоқ адамдардың халық медицинасымен (емшiлiкпен) айналысу құқығы
1. Арнайы медициналық білімi жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы беретiн тиiстi куәлiк пен лицензияны алған жағдайда ғана халық медицинасының (емшiлiк) әдiстерiмен емдеу құқығына ие болады.
2. Қалың жұртшылыққа емшiлiк сеанстарын өткізуге, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып өткізуге тыйым салынады.
3. Емшiлiкпен заңсыз айналысатын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
4. Көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына бақылауды мемлекеттік денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады. Азаматтардың денсаулығына нұқсан келтiрiлген тәртiп бұзушылық анықталған жағдайда лицензия қайтып алынады немесе оның қолданылуы тоқтатылады, ал емшiлердiң лицензиясы мен куәлiгi қайтып алынады.
65-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығын қалпына келтiру және одан айыру
1. Өздерiнiң мамандығы бойынша үш жылдан астам уақыт жұмыс iстемеген медицина және фармацевтика қызметкерлерi медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тиiстi оқу орындарында Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен қайта даярлаудан өткеннен кейiн жiберiледi.
2. Медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айыру сот тәртібімен жүргiзiледi.
ХII тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары,
міндеттері, жауапкершілігі және олардың әлеуметтік қорғалуы
66-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiби құқықтары
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң ар-ожданы мен қадiр-қасиетi, олардың кәсiби және әлеуметтiк құқықтары заңмен қорғалады.
2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң:
теориялық және практикалық әзiрлiктiң қол жеткiзiлген деңгейiне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлеген мерзiмде біліктiлiк санаттарын алуға;
кәсiби білімiн жетiлдiруге;
денсаулық жағдайы бойынша кәсiби мiндеттерiн атқару мүмкiн болмаған кезде, барлық деңгейдегi бюджеттер қаражаты есебiнен қайта даярлықтан өтуге, сондай-ақ адам санының немесе штаттың қысқаруына, ұйымдардың таратылуына байланысты қызметкерлер босатылған жағдайларда осы азаматтарды жұмысқа қабылдаған ұйымдар есебiнен кәсiби даярлықтан өтедi;
өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн азаматтың денсаулығына зиян немесе нұқсан келтiретiндей дәрежеде ұқыпсыз немесе салдыр-салақ орындалумен байланысты емес кәсiби қателiгiн сақтандыруға;
науқастың өмiрiне қауiп төнетiн жағдайларда ұйымдарға, азаматтарға тиесiлi байланыс құралдарын кедергiсiз және тегiн пайдалануға, науқас орналасқан жерге жету үшiн немесе оны жақын жердегi емдеу-профилактикалық ұйымына тасымалдау үшiн кез-келген көлiк түрiн дәл осылай пайдалануға құқығы бар.
3. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң өздерiнiң кәсiби мiндеттерiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайлардан басқа кезде мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiби қызметiне араласуына тыйым салынады.
67-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiби мiндеттерi
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi өздерiнiң қызметiн медициналық әдеп принциптерiн басшылыққа алып жүзеге асырады.
2. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi:
өздерiнiң қызмет мiндеттерiне сәйкес медициналық көмек көрсетуге;
азаматтарға емдеу ұйымынан тыс жерде көмек көрсету қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге мiндеттi. Мұндай көмектiң көрсетiлмеуi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап беруге әкеп соғады;
кәсiби мiндеттерiн атқару кезiнде өздерiне мәлiм болған азаматтардың ауруы, жеке және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. Мұндай ақпаратты қоғамдық қауiптi сипат алатын аурулар болатын төтенше жағдайларда, сондай-ақ тергеу, сот органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша ашып айтуға болады;
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен және мерзiмде меншiк нысандарына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында біліктiлiктi арттыру және қайта даярлау курстарында дипломнан кейiнгi оқу циклдарынан өту арқылы кәсiби білімiн жетiлдiруге мiндеттi.
68-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiгi
Медицина және фармацевтика қызметкерлерi, сондай-ақ халықтық медицинамен (емшiлiкпен) айналысуға құқығы бар адамдар азаматтардың денсаулығына өздерi келтiрген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 07.04.99 ж. № 374-I Заңымен 69-бап өзгертілді;
ҚР 22.11.99 ж. № 484-I Заңымен 69-бап жаңа редакцияда
69-бап. Денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің мынадай құқықтары бар:
ауылдық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен отын сатып алуға әлеуметтік көмек беріледі;
жұмысының сипаты жүріп-тұрумен байланысты денсаулық сақтау қызметкерлерінің жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоғамдық көлікте тегін жүруі. Мұндай қызметкерлердің тізбесін тиісті жергілікті атқарушы орган белгілейді;
жеке меншігінде малы бар денсаулық сақтау қызметкерлері жемшөппен, малын жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлерімен бірдей қамтамасыз етіледі.
2. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандарына жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында қызметтің осы түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кемінде 25 процент жоғары айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілей алады.
XIII тарау. Медициналық сараптама
ҚР 17.12.98 ж. № 325-I Заңымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы
1. Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы сараптамасын емдеу-профилактикалық мекемелерiнде дәрiгер (фельдшер) немесе дәрiгерлiк-консультациялық комиссия (ДКК) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк актілерімен белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Еңбекке уақытша жарамсыздық фактiсi құжатпен - еңбекке жарамсыздық парағымен куәландырылады. Еңбекке жарамсыздық парағы азаматтарға жұмыстан босануға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы алуға құқық бередi.
ҚР 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 70-бап өзгертілді
71-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама
1. Азаматтардың медициналық-әлеуметтiк сараптамасын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Медициналық-әлеуметтiк сараптаманы ұйымдастыру мен өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органмен келісе отырып белгiлейдi.
3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысына азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа шағым беруiне болады.
72-бап. Сот-медицина және сот-психиатрия сараптамалары
1. Сот-медицина және сот-психиатрия сараптамалары осы мақсатқа арналған мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесiнiң медицина ұйымдарында өткiзiледi.
2. Сот-медицина және сот-психиатрия сараптамаларын ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк актілерімен белгiленедi.
3. Азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң сот-медицина немесе сот-психиатрия сараптамасын белгiлеген органға сараптама комиссиясының құрамына тиiстi сала маманын қосымша енгізу жөнiнде жүгiнуге құқығы бар.
4. Сот-медицина немесе сот-психиатрия сараптамасын жүргiзген ұйымның қорытындысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгенiндей сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн.
ХIV тарау. Қорытынды ережелер
73-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Заңды және жеке тұлғалар осы Заңды бұзған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
74-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше нормалар белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының