2. Санитариялық қадағалау органдары дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн пайдаланылатын үй-жайлар мен аумақтардың жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады.
ҚР 17.12.98 ж. № 325-I Заңымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi әскерлерiнiң қызметкерлерiне медициналық көмек көрсету
Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, iшкi әскерлерiнiң қызметкерлерiне медициналық көмектi осы ведомстволардың медицина ұйымдары көрсетедi. Қызмет өткеру немесе тұрғылықты жерi бойынша медицина ұйымдары болмаған жағдайда немесе оларда тиiстi бөлiмшелер, мамандар не арнаулы жабдықтар болмаған жағдайда медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлдi орталық атқарушы органның аумақтық ұйымдарында медициналық көмектiң кепiлдi шеңберiнде тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен кедергiсiз және тегiн көрсетiледi.
25-бап. Хирургиялық араласу, қан құю және диагностиканың күрделi әдiстерiн қолдану тәртібі
1. Хирургиялық операциялар, қан құю, диагностиканың күрделi әдiстерi ауру адамдардың келісімiмен, ал он алты жасқа толмаған науқастарға, психикасы бұзылған науқастарға - олардың ата-аналарының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының, жақын туыстарының келісімiмен қолданылады.
2. Дәрiгер медициналық араласу iсiне кiрiсiп кетiп, сол адамның өмiрi мен денсаулығына қатер төнуiне байланысты оны тоқтату немесе қайта оралу мүмкiн болмайтын жағдайлардан басқа кезде келісім керi қайтарылып алынуы мүмкiн.
3. Хирургиялық араласуды, қан құюды, диагностиканың күрделi әдiстерiн қолдануды кешiктiру ауру адамның өмiрiне қатер төндiретiн, ал аталған адамдардың келісімiн алу мүмкiн болмайтын жағдайларда шешiмдi дәрiгер немесе дәрiгерлiк комиссия қабылдайды.
26-бап. Клиникалық және медициналық-биологиялық эксперименттер жүргiзу, диагностиканың, емдеудiң жаңа әдiстерiн қолдану
1. Клиникалық және медициналық-биологиялық эксперименттер әдетте жануарларға, ал адамға - оның жазбаша келісімiмен немесе оның заңды өкiлiнiң қатысуымен жасалған келісім-шарт бойынша жүргiзiледi.
2. Сынақтан өтiп жатқан адамның талап етуi бойынша кез келген кезеңде және оның өмiрiне, денсаулығына қатер төнген жағдайда эксперимент тоқтатылады. Профилактикалық-емдеу ұйымдары профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң эксперимент жасау арқылы қуатталған әдiстерiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органының арнайы рұқсаты бойынша қолданады.
3. Клиникалық және медициналық-биологиялық эксперименттер жүргiзу, диагностика мен емдеудiң жаңа әдiстерiн қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
27-бап. Өлу сәтiн анықтау. Өмiрдi сақтап тұрған аппаратураны тоқтату шарттары
1. Өлiмдi дәрiгер немесе фельдшер анықтайды. Адамның өлгенiн анықтау өлшемдерi Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы бекiтетiн ережеге сәйкес актiмен белгiленедi.
2. Өмiрдi сақтап тұрған аппаратура өлiм анықталған жағдайларда ғана тоқтатылуы мүмкiн.
3. Медицина қызметкерлерiнен эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады.
28-бап. Патологиялық-анатомиялық союды жүзеге асыру
1. Дәрігерлер патологиялық-анатомиялық союды өлiмнiң себептерi туралы деректер алу және ауыру диагнозын нақтылау мақсатында жүргiзедi.
2. Патологиялық-анатомиялық союды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы бекiткен актiмен белгiленедi.
29-бап. Анатомиялық сый
1. Анатомиялық сый оны жасаушының өсиетi арқылы iстелуi мүмкiн және ол қайтыс болғаннан кейiн нақты сипат алады. Анатомиялық сый туралы өсиеттi сыйға тартушы адам жоюы мүмкiн. Туған-туыстары өсиетке сот тәртібімен дау айта алады.
2. Анатомиялық сый туралы мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiм екенi анықталмаған және талап етiп алынбаған адамдардың мәйiттерi деанатомиялық сый деп танылады.
IV тарау. Донорлық
30-бап. Қан мен оның компоненттерiне донорлық
1. 18 жастан 60 жасқа дейiнгi әрбiр азаматтың қан мен оның компоненттерiне донор болуға құқығы бар. Донорларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктер берiледi.
2. Қан және оның компоненттерiн алу, құю, оларды сақтау операцияларын жүргiзудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы бекiткен арнаулы ережемен белгiленедi.
31-бап. Ағзалар мен тканьдердi ауыстырып салу
1. Адам, адамның мәйiтi, сондай-ақ жануарлар ағзалар мен тканьдердi ауыстырып салу жөнiнен донор бола алады.
2. Адам ағзалары мен тканьдерiн ерiксiз алуға және оларды ауыстырып салуға тыйым салынады. Адам ағзалары сатып алу, сату және коммерциялық мәмiлелер заты бола алмайды. Мұндай iс-әрекеттерге жол берген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
3. Ағзалар мен тканьдердi адамнан адамға, мәйiттен адамға және жануарлардан адамға ауыстырып салу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы бекiткен ережемен белгiленедi.
32-бап. Донордың өтемақы және әлеуметтiк көмек алуға құқығы
Донорлық мiндеттi атқаруға байланысты зиян келтiрiлген жағдайда донордың зиянды өтеттiруге және әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар, ал ол қайтыс болған жағдайда-жұбайының (зайыбының), балаларының, ата-анасының және оның асырауында болған адамдардың өтемақы және әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар.
33-бап. Жасанды жолмен ұрықтандыру, ұрықты енгiзiп жетiлдiру
1. Жасанды жолмен ұрықтандыру, ұрықты енгiзiп жетiлдiру тiркелген некеде тұратын ерлi-зайыптылардың өзара жазбаша келісімi негiзiнде жасалуы мүмкiн. Күйеуi жоқ әйелге қатысты жасанды жолмен ұрықтандыру немесе ұрықты енгiзiп жетiлдiру жөніндегі операция оның ерiк бiлдiруiне сәйкес жасалуы мүмкiн.
2. Денсаулық сақтау ұйымдары донорлықтың құпиялылығын және жасанды жолмен ұрықтандыру немесе ұрық енгiзiп жетiлдiру операциясын жасау құпиясын сақтауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қамтамасыз етедi және оған жауап бередi.
3. Жасанды жолмен ұрықтандыру және ұрықты енгiзiп жетiлдiру донорлығының тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
4. Жасанды жолмен ұрықтандыру немесе ұрықты енгiзiп жетiлдiру операциясынан кейiн туған балалар жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
V тарау. Дәрі-дәрмектік және протездік-ортопедиялық
көмек
ҚР 13.01.04 ж. № 523-II Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр. ред.) қара)
34-бап. Азаматтарға дәрi-дәрмектiк көмек
1. Азаматтарға дәрi-дәрмектiк көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты және оны жүзеге асыру жөніндегі iс-қимылды дәрi-дәрмек құралдарын тұтынуға қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжам жасау негiзiнде Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы жүзеге асырады және үйлестiрiп отырады.
2. Дәрілік заттарды өткізуді мемлекеттік тіркеуден өткен, дәрілік заттарды өткізуге лицензия алған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген сәйкестік сертификаты бар дәрілік заттар айналымы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.
3. Фармацевтикалық қызметті мемлекеттік қадағалауды және дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын бақылауды дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
35-бап. Медициналық практикада қолданылатын есірткі заттарды өндіру, пайдалану және бақылау
1. Қазақстан Республикасында тек медициналық, ветеринариялық және ғылыми мақсаттарға арналған есірткі заттар ғана өндіріледі, өңделіп, сақталады.
2. Есірткі заттарды өндіруге, өңдеуге, әкелуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілді орталық атқарушы органы мен Ішкі істер министрлігінен рұқсат алған ұйымдардың құқығы бар.
3. Медициналық практикада қолданылатын есірткі заттарды өндіру, пайдалану және оған бақылау жасау Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Медициналық, ветеринариялық және ғылыми мақсаттарға арналған есірткі заттарды өндіруге, өңдеуге, әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға, пайдалануға және жоюға бақылау жасау Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілді орталық атқарушы органы мен Ішкі істер министрлігіне жүктеледі.
36-бап. Протездiк-ортопедиялық көмек
1. Азаматтардың медициналық көрсеткiштер бойынша протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етiлуге құқығы бар. Мүгедектердiң осы заманғы технологиялар негiзiнде дайындалған протездiк-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
2. Барлық мүгедектер протездiк-ортопедиялық бұйымдармен және аяқ киiммен тегiн немесе Қазақстан Республикасының уәкiлдi органы белгiлеген тәртiпке сәйкес жеңiлдiктi шарттармен қамтамасыз етiледi.
3. Мемлекет протездiк-ортопедиялық көмектi жетiлдiру жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге, жоғары сапалы протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, осы заманғы технологияларды өндiрiске енгізуге, мамандар даярлауға, протездiк-ортопедиялық өнеркәсiптi ұйымдастыру мен дамытуға қажеттi қаражат бөледi.
VI тарау. Мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарының
құқықтары мен міндеттері
37-бап. Мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарының:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң ұйымдық құрылымын, штаттарын жасауға және бекітуге, еңбектi ұйымдастыру мен оған ақы төлеу нысанын дербес таңдауға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлға құқықтарын пайдалануға құқығы бар.
38-бап. Жеке медициналық ұйымдардың және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың құқықтары
Жеке медициналық ұйымдардың және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың:
алған лицензиясын сәйкес халыққа профилактикалық, диагностикалық және емдiк көмек көрсетуге;
көрсетiлетiн медициналық қызметке баға белгiлеуге;
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шарттармен медициналық қызметкерлер жалдауға, олардың еңбегiне ақы төлеудiң нысандары мен мөлшерiн белгiлеуге;
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлеген тәртiппен дәрi-дәрмекке рецепттер жазып беруге және анықтамалар мен еңбекке жарамсыздық парақтарын беруге құқығы бар.
ҚР 21.03.02 ж. № 308-II Заңымен 34-бап өзгертілді
39-бап. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарының мiндеттерi
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары:
шұғыл медициналық көмек көрсетуге;
науқас адам үшiн мемлекет кепiлдiк беретiн көлем шегiнде қолайлы, дер кезiнде біліктi, мамандандырылған және тегiн медициналық көмектi;
төтенше жағдайларда жұмыс iстеуге сақадай-сай болуды;
айналасындағы адамдарға қауiп төндiретiн аурулардан, сондай-ақ кәсiби аурулардан сақтандыру, олардың диагностикасы және емделуi жөнiнде арнаулы профилактикалық медициналық шаралар жүргiзудi;
мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары көрсететiн біліктi медициналық жәрдем нысандары мен түрлерi туралы тегiн, оперативтi және ақиқат ақпар берудi;
санитариялық-гигиеналық, эпидемияға қарсы режимдердi сақтауды;
меншiк нысандарына қарамастан, басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасауды және олармен сабақтастықты;
салауатты тұрмыс салтын насихаттауды және халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбие берудi;
медициналық кадрлар даярлау және қайта даярлау үшiн жағдайлар жасауды;
азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша басқа да министрлiктермен және ведомстволармен, сондай-ақ өнеркәсiп, оқу, сауда, ауыл шаруашылық және басқа ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 17.12.98 ж. № 325-I Заңымен 40-бап өзгертілді
40-бап. Жеке медициналық ұйымдардың және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың мiндеттерi
Жеке медициналық ұйымдар және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар:
шұғыл медициналық көмек көрсетудi қамтамасыз етуге;
халыққа өздерi көрсететiн профилактикалық, диагностикалық және емдiк көмектiң барлық түрлерiне лицензиясы болғанда ғана медициналық қызметтi жүзеге асыруға;
профилактикалық-емдеу ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы бекiтетiн санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi басшылыққа алуға;
Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлеген нысан, түрлер бойынша және көлемде бастапқы медициналық құжаттарды жүргiзуге және жыл сайын есеп берiп отыруға;
кәсiби мiндеттерiн атқару кезiнде өздерiне белгiлi болған азаматтардың ауруы туралы, iшкi және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi. Бұл ақпаратты ашып айтуға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi;
бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiлетiн медициналық жәрдем және сырқаттарды емдеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгi туралы азаматтарға ақиқат ақпарат және объективтi жарнама беруге;
соз ауруларымен, ЖИТС-пен, алапеспен, микроспориямен, трихофитиямен, қышымамен, жұқпалы психикалық аурулармен ауыру жағдайларын денсаулық сақтау органдарына, ал жаңадан алған жарақаты мен жаралануы бойынша өтiнiш бiлдiрген адамдар туралы iшкi iстер органдарына хабарлауға мiндеттi.
VII тарау. Денсаулық сақтауды қаржыландыру
ҚР 17.12.98 ж. № 325-I Заңымен 41-бап өзгертілді
41-бап. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржыландыру көздерi
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыру көздерi мыналар болып табылады:
жергiлiктi бюджеттердiң бiр тұрғынға шағып бөлiнетiн қаражаты;
республикалық бюджеттiң белгiленген тәртiппен бөлiнетiн қаражаты;
халықаралық бағдарламалар бойынша халықаралық ұйымдардың қаражаты;
кепiлдiк берiлген көлемнен тыс медициналық қызмет көрсеткенi үшiн және ақылы қызметтер мен заңдарға қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн көрсеткенi үшiн алынған медициналық ұйымдардың қаражаты;
ұйымдардың пайдасынан ерiктi түрде жасалатын аударымдар;
ұйымдар мен азаматтардың, соның iшiнде басқа мемлекеттердiң қайырымдылық салымдары;
пайдаланылуы Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да көздер;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тәртiппен амбулаториялық және стационарлық жағдайларда көрсетiлетiн медициналық көмек көрсетудiң тегiн кепiлдi көлемiнен тыс қосылып төлеу түрiнде азаматтардан түсетiн қаражат;
ерiктi медициналық сақтандырудан түсетiн қаражат.
ҚР 17.12.98 ж. № 325-I; 13.01.04 ж. № 523-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 42-бап өзгертілді
42-бап. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесiнiң қаражатын пайдалану
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесiнiң қаражаты:
кепiлдiк берiлген көлемде тегiн медициналық көмек көрсетуге;
денсаулық сақтаудың нысаналы кешендi бағдарламаларына;
мемлекеттік денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын дамытуға және ұстауға;
негізгі дәрілік заттарды өндіру мен сатып алуды ұйымдастыруға;
медицина және фармацевт кадрларын даярлауға және олардың біліктiлiгiн арттыруға;
медицина және фармацевтика ғылыми дамытуға және олардың жетiстiктерiн енгізуге;
жұқпалы аурулардың эпидемияларын жоюға;
қан және оның препараттарын, вакциналар, иммунды-биологиялық және басқа да медициналық препараттар сатып алуға;
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiп пен нормалар бойынша халықтың жекелеген санаттарына тегiн және жеңiлдiкпен босату үшiн дәрi-дәрмек құралдарын, сондай-ақ балаларға арналған және емдiк арнаулы тамақ өнiмдерiн сатып алуға жұмсалады.
ҚР 17.12.98 ж. № 325-I Заңымен 43-бап жаңа редакцияда
43-бап. Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеу
1. Медициналық қызметке лицензиясы бар, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың медициналық көмектi тегiн кепiлдi көрсету көлемi:
алғашқы медициналық санитариялық көмек үшiн жан басына шаққандағы норматив бойынша;
мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек үшiн амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша;
стационарлық көмек үшiн клиникалық шығын топтары бойынша жүзеге асырылады.
2. Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
VIII тарау. Азаматтардың денсаулық сақтау
саласындағы құқықтары
ҚР 17.12.98 ж. № 325-I Заңымен 44-бап өзгертілді
44-бап. Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен тегiн медициналық көмектi кепiлдiк берiлген көлемде алуға құқығы бар.
2. Азаматтардың өздерiнiң жеке қаражаты, ұйымдардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен медициналық жәрдемнiң кепiлдiк берiлген көлемiнен артық қосымша медициналық қызметтi пайдалануға құқығы бар. Бұл құқық ақылы медициналық көмек алу, ерiктi медициналық сақтандыру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдарында ақылы медициналық қызмет көрсетудiң шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Азаматтардың медициналық ұйымды еркiн таңдап алуға, сондай-ақ дәрiгердi еркiн таңдап алуға құқығы бар.
4. Азаматтар ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, ең жақын жердегi кез келген емдеу-профилактикалық ұйымының шұғыл және кiдiртуге болмайтын медициналық көмегiмен қамтамасыз етiледi.
45-бап. Азаматтардың емделуден және медициналық араласудан бас тарту құқығы
1. Азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң осы Заңның 46-бабында көзделген жағдайлардан басқа кезде тексерiлуден, емделуден және медициналық араласудан кез келген кезеңде бас тартуға құқығы бар.
2. Тексерiлуден, емделуден және медициналық араласудан бас тартқан кезде азаматқа немесе оның заңды өкiлiне оған қолайлы нысанда мұның ықтимал зардаптары түсiндiрiлуге тиiс.
3. Тексерiлуден, емделуден және медициналық араласудан бас тарту оның ықтимал зардаптары көрсетiлiп, медициналық құжаттамада жазбаша ресiмделедi және оған азамат не оның заңды өкiлi, сондай-ақ медицина қызметкерi қол қояды.
4. 16 жасқа толмаған адамның ата-анасы немесе өзге заңды өкiлдерi, не заңда белгiленген тәртiппен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамның заңды өкiлдерi аталған адамдардың өмiрiн сақтап қалу үшiн қажеттi медициналық көмектен бас тартқан кезде медицина ұйымының, сондай-ақ медицина қызметкерiнiң осы адамдардың мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгiнуге құқығы бар.
46-бап. Азаматтардың келісімiнсiз тексеру, емдеу және медициналық араласу
1. Азаматтың немесе оның заңды өкiлiнiң келісімiнсiз:
өз еркiн бiлдiруге мүмкiндiк бермейтiн есеңгiреген, ес-түссiз жағдайдағы;
айналасындағы адамдарға қауiп төндiретiн аурулардан зардап шегушi;
психикасы бұзылуының асқынуынан зардап шегушi;
психикасының бұзылуынан зардап шегушi және қоғамға қауiптi iс-әрекет жасаған адамдарды тексеруге, емдеуге және медициналық араласуға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жол берiледi.
2. Азаматтардың келісімiнсiз тексеру, емдеу және медициналық араласу осы бапта көзделген негiздер жойылғанға дейiн немесе соттың шешiмi бойынша жалғастырылады.
47-бап. Азаматтардың экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылық пен радиациялық қауiпсiздiк жөніндегі құқығы
1. Азаматтардың экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық қолайлылық пен радиациялық қауiпсiздiкке құқығы бар.
2. Мемлекет қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулық жағдайына терiс әсер етпейтiн қоршаған қолайлы ортаны сақтауды қамтамасыз етедi.
48-бап. Азаматтардың дәрi-дәрмектiк, протездiк-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етiлу құқығы
1. Азаматтардың дәрi-дәрмектiк, ортопедиялық және протездiк көмекпен қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
2. Дәрi-дәрмектiк препараттармен, ортопедиялық және протездiк, дұрыс көру бұйымдарымен, есту аппараттарымен, емдiк дене шынықтыру құралдарымен және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен жеңiлдiкпен қамтамасыз етiлуге жататын адамдар санаты, сондай-ақ олармен қамтамасыз ету және оларды пайдалану шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
49-бап. Некеге тұратын азаматтардың медициналық-генетикалық тексеруден өту құқығы
Қазақстан Республикасының аумағында некеге тұратын азаматтардың жұбайлар мен олардың ұрпақтарының денсаулығын сақтау мақсатында өздерiнiң қалауы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және медициналық-генетикалық тексерiлуден өтуге құқығы бар.
50-бап. Азаматтардың санаторий-курорттық емделу, сауықтыру бағытындағы мекемелердi пайдалану құқығы
Азаматтардың санаторий-курорттық ұйымдарды, демалыс үйлерiн, профилакторийлердi, пансионаттарды, туристiк базаларды, спорт ғимараттарын және сауықтыру бағытындағы басқа да ұйымдарды пайдалануға құқығы бар.
51-бап. Азаматтардың өздерiнiң денсаулығының жай-күйi және денсаулыққа әсер ететiн факторлар туралы ақпарат алу құқығы
1. Азаматтардың өздерiнiң денсаулығының және өздерiнiң балалары денсаулығының жай-күйi туралы қажеттi ақпарат алуға құқығы бар.
2. Азаматтардың, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, жұбайы (зайыбы) мен ата-аналары денсаулығының жай-күйi туралы ақпарат алуға құқығы бар.
3. Азаматтардың профилактика және емдеу әдiстерi туралы, халықтың науқастану деңгейi туралы, олардың денсаулығына әсер ететiн факторлар туралы, соның iшiнде қоршаған орта жайы, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайлары туралы денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарынан және жұмыс берушiлерден ақпарат алуға құқығы бар.
4. Азаматтардың дәрiханалық, профилактикалық-емдеу, санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардан белгiленетiн, сатылатын дәрi-дәрмектiк өнiмдердiң сапасы, қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгi туралы толық ақпарат алуға құқығы бар.
5. Азаматтардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат тексеру мен емдеудi жүргiзетiн дәрiгер бередi.
52-бап. Азаматтар өздерiнiң денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру құқығы
Азаматтардың өздерiнiң денсаулығына мемлекет, жұмыс берушiлер немесе өзге де адамдар келтiрген моральдық және материалдық нұқсандардың орнын толтыруға құқығы бар. Денсаулыққа келтiрiлген зиянның орнын толтырудың негiздемесi мен тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi.
53-бап. Азаматтардың шетелдiк медициналық және басқа да ұйымдарда медициналық, фармацевтикалық, протездiк-ортопедиялық көмек алу құқығы
Азаматтардың шетелдiк медициналық және басқа да ұйымдарда медициналық, фармацевтикалық, протездiк-ортопедиялық көмек алу қажеттiгi туралы мамандандырылған медицина мекемелерiнiң қорытындысы болған жағдайда осындай көмек алуға құқығы бар. Мемлекеттік органдар оны алуға жәрдемдесуге мiндеттi.
54-бап. Ананың денсаулық сақтау құқығы
1. Әйелге ана болу туралы мәселенi өзi шешу құқығы берiледi. Денсаулық сақтау мақсатында әйелге оның келісімiмен өзi қаламаған жүктiлiктiң алдын алудың осы заманғы әдiстерi қолданылуы мүмкiн, хирургиялық жолмен дәрiлеп тазалау медициналық айғақтар болған жағдайда тек әйелдiң келісімiмен және жеке тiлек бiлдiру бойынша ғана жүргiзiледi, медициналық айғақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы органы белгiлейдi.