"Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы"
Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу жөнінде Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы
17 желтоқсан № 325-I
1-бап. "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 109-құжат; 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне (Алматы қаласының мәртебесі туралы мәселелер бойынша) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1-бапта:
үшінші абзац алып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"ерікті медициналық сақтандыру - азаматтарға медициналық көмектің кепілді тегін көлемінен тыс қосымша қызмет көрсету бойынша оларды сақтандыру түрі;";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"амбулаториялық-емханалық тарификатор - мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек қызметін көрсетуге арналған тарифтер тізбесі;";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"клиникалық-шағын топтары - емделуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біртектес топтары;";
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жан басына шаққандағы норматив - медициналық қызмет көрсетулердің нақты көлемін қамтамасыз ету үшін бір адамға есептелген жыл сайын қайта қаралатын шығындардың белгіленген нормасы;";
оныншы және он төртінші азбацтар алып тасталсын.
2. 4-баптың сегізінші абзацындағы "міндетті және" деген сөздер алып тасталсын;
3. 5-бапта:
1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының ұсыныстары негізінде медициналық көмектің кепілді тегін көлемін бекітеді және баспасөзде жариялайды.";
2-тармақтың тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
4. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган
Медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган медициналық қызметке лицензиясы бар, меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға, медициналық көмектің кепілді тегін көлемін көрсету жөніндегі шығындарын өтеуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Бұл шығынды өтеу міндетті болып табылады.".
5. 10-баптың 1-тармағындағы "Міндетті медициналық сақтандыру қоры" деген сөздер алып тасталсын;
6. 24-баптағы "Мемлекеттік тергеу комитетінің" және "және міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы" деген сөздер алып тасталсын.
7. 40-баптың 9-абзацындағы "Мемлекеттік тергеу комитетінің" деген сөздер алып тасталсын.
8. 41-бапта:
төртінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен амбулаториялық және стационарлық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек көрсетудің тегін кепілді көлемімен тыс қосылып төлеу түрінде азаматтардан түсетін қаражат;
ерікті медициналық сақтандырудан түсетін қаражат.".
9. 42-баптың оныншы абзацындағы "халықтың" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп пен нормалар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
10. 43-бап. Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеу
1. Медициналық қызметке лицензиясы бар, меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың медициналық көмекті тегін кепілді көрсету көлемі:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек үшін жан басына шаққандағы норматив бойынша;
мамандандырылған амбулаториялық-емханалық көмек үшін амбулаториялық- емханалық тарификатор бойынша;
стационарлық көмек үшін клиникалық-шығын топтары бойынша жүзеге асырылады.
2. Медициналық көмекке жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
11. 44-баптың 1-тармағындағы "және Міндетті медициналық-сақтандыру қорының қаражаты" деген сөздер алып тасталсын;
12. 55-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. 3 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуды қажет ететін ауыр науқасты ересек жастағы балаларды стационарда емдеу кезінде анасына (әкесіне) немесе баланы күтіп- бағуды тікелей жүзеге асыратын өзге де адамға ауырып қалған отбасы мүшесін күтіп-бағуға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төленіп, емдеу мекемесінде онымен бірге болу мүмкіндігі беріледі.".
13. 70-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Еңбекке уақытша жарамсыздық фактісі құжатпен - еңбекке жарамсыздық парағымен куәландырылады. Еңбекке жарамсыздық парағы азаматтарға жұмыстан босануға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы алуға құқық береді.".
2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті