Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 Қаулысы
(2005.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 87 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау epeжeci бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi | А. Қажыгелдин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 18 қазандағы
№ 1288 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының жер қойнауын
мемлекеттік сараптау
Ережесі
1. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы - пайдалы қазба қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кезiнде оларды қолдану мүмкiндiгiне арналған жер қойнауының басқа қасиеттерi туралы ақпараттың кешендi сараптамасы.
2. Барланған кен орнының пайдалы қазба қорлары мемлекеттік сараптауға жатады, бұл жер қойнауын тиiмдi және кешендi түрде пайдалану, пайдалануға берілген жер қойнауларын пайдаланғаны үшiн төлем құны мен жер қойнауы учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында жүргiзiледi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығы пайдалы қазба қорлары мемлекеттік сараптамадан өткiзiлгеннен кейiн берiледi. Барланған пайдалы қазба қорларын әзiрлеудiң экономикалық тиiмдiлiгi туралы мемлекеттік сараптама қорытындысы оларды мемлекеттік балансқа қою үшiн негiз болып табылады.
4. Мемлекеттік сараптамаға өндiруге байланысты емес, жер асты ғимараттарын салу және пайдалануға жарамды жер қойнауының учаскелерi туралы геологиялық ақпарат жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерiн жер қойнауын пайдалануға беруге геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптау жүргiзгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
5. ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Жер қойнауын мемлекеттік сараптаудың негiзгi мақсаты пайдалы қазбалар қоры және жер қойнауының қасиеттерi туралы ақпараттар бар материалдарды, оларды тиiмдi пайдалану үшiн талдау және бағалау болып табылады.
7. Өзiнiң басты мiндетiне сәйкес жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы:
пайдалы қазба қорларының көлемi, сапасы, құрамы, технологиялық және өзге де қасиеттерi туралы, сондай-ақ жер қойнауының өзге де ерекшелiктерi туралы мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн;
геологиялық кен-техникалық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, экологиялық (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оңды қорытындысына сәйкес), техникалық-экономикалық және пайдалы қазбаларды өндiрудiң шарттары мен өндiруге байланысты емес мақсаттарда жер қойнауының учаскелерiн пайдалану жөніндегі өзге де мәлiметтердiң толықтығы мен сенiмдiлiгiн;
әзiрлеудiң экономикалық тиiмдiлiгiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн, пайдалы қазбалар шығарудың коэффициенттерiн, минералдық-шикiзат базасын кеңейту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстарды, қорлар мен жер қойнауы учаскелерiнiң пайдалануға дайындық дәрежесiн;
жер қойнауын геологиялық зерделеу және бағалау бойынша iздеу, барлау, тәжiрибе-пайдалану және өзге де жұмыстардың нәтижесi мен сапасын бағалайды.
8. Геологиялық сараптама геологиялық зерделеудiң және жер қойнауын игерудiң кез келген сатысында мемлекеттік сараптамаға берiлетiн геологиялық материалдар пайдалы қазба қорларының саны мен сапасына немесе жер қойнауын пайдалану шарттарына әсер ететiн жер қойнауының қасиеттерiне объективтi баға беруге мүмкiндiк бередi деген шартпен жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Жер қойнауын мемлекеттік сараптауды Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - ҚМК) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен 9-1 тармақпен толықтырылды
9-1. Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын геологиялық зерделеу және игеру бойынша орындалған жұмыстар туралы материалдарды есеп нысанында ҚМК-ның қарауына ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен 9-2 тармақпен толықтырылды
9-2. Сараптама тәуелсiз сарапшылар мен сарапшы топтар тартыла отырып, материалдар ҚМК-ға ұсынылған сәттен бастап үш айға дейiнгi мерзiмде жүргiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен 9-3 тармақпен толықтырылды
9-3. Егер ҚМК терiс қорытынды берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушының ҚМК-нің хаттамасында жазылған ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып, оларды қайта өңдеу шартымен, материалдарды қайталама сараптамаға беруге құқығы бap.
10. Пайдалы қазбалар кен орындарын зерделеудi және игерудi жеделдету мақсатында әлеуметтi коммерциялық объектiнiң қорларын жедел санау материалдарына алдын-ала сараптама жүргiзуге рұқсат етiледi. Дұрыс баға жағдайында пайдалы қазбалар қорлары мемлекеттік балансқа қойылады және жер қойнауын пайдаланушы барлау процесiнде сараптамаға кейiннен қорытынды есеп беру шартында объектiге тәжiрибелiк (сынақтық) пайдалануды жүргiзуге құқық алады.
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Сараптамаға берiлетiн геологиялық, сонымен қатар пайдалы қазба қорлары туралы ақпараттарға қойылатын талаптарды геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі өкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 968 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының нәтижелерi ПҚМК хаттамаларымен ресiмделедi, онда пайдалы қазба қорларын бекіту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу, қатты пайдалы қазбалардың көлемi мен оны тәжiрибелiк пайдалану мерзiмi пайдалы қазбалар мен компоненттердi шығару коэффициентi, пайдалы қазба қорларын есептен шығару, жер қойнауы туралы ақпаратты өнеркәсiптiк ғылыми және басқа мақсаттарда қолдану мүмкiндiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi.