Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 968 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 87 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 43, 411-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
тақырыбындағы «туралы ереженi» деген сөздер «ережесін» деген сөзбен ауыстырылсын;
кiрiспедегi «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күші бар Жарлығын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «туралы Ереже» деген сөздер «ережесi» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы ережеде:
мәтіндегі «Бекiтiлген» деген сөздiң мемлекеттік тілдегi нұсқасы өзгерiссiз қалады;
тақырыбындағы «туралы ереже» деген сөздер «ережесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жер қойнауын мемлекеттік сараптауды Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - ҚМК) жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын геологиялық зерделеу және игеру бойынша орындалған жұмыстар туралы материалдарды есеп нысанында ҚМК-ның қарауына ұсынады.
9-2. Сараптама тәуелсiз сарапшылар мен сарапшы топтар тартыла отырып, материалдар ҚМК-ға ұсынылған сәттен бастап үш айға дейiнгi мерзiмде жүргiзіледi.
9-3. Егер ҚМК терiс қорытынды берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушының ҚМК-нің хаттамасында жазылған ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып, оларды қайта өңдеу шартымен, материалдарды қайталама сараптамаға беруге құқығы бap.»;
11-тармақтағы «жер қойнауын пайдалану және қорғау» деген сөздер «геология және жер қойнауын пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы «немесе ПҚАК» деген сөздер алынып тасталсын, «қорларды санаттар бойынша бөлу,»деген сөздерден кейiн «қатты пайдалы қазбалардың көлемi мен оны тәжiрибелiк пайдалану мерзiмi» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |