Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы
ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1996 жылғы 18 қазан № 1288
Осы редакция 2005 ж. 29 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi | А. Қажыгелдин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының жер қойнауын
мемлекеттік сараптау туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы - пайдалы қазба қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кезiнде оларды қолдану мүмкiндiгiне арналған жер қойнауының басқа қасиеттерi туралы ақпараттың кешендi сараптамасы.
2. Барланған кен орнының пайдалы қазба қорлары мемлекеттік сараптауға жатады, бұл жер қойнауын тиiмдi және кешендi түрде пайдалану, пайдалануға берілген жер қойнауларын пайдаланғаны үшiн төлем құны мен жер қойнауы учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында жүргiзiледi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығы пайдалы қазба қорлары мемлекеттік сараптамадан өткiзiлгеннен кейiн берiледi. Барланған пайдалы қазба қорларын әзiрлеудiң экономикалық тиiмдiлiгi туралы мемлекеттік сараптама қорытындысы оларды мемлекеттік балансқа қою үшiн негiз болып табылады.
4. Мемлекеттік сараптамаға өндiруге байланысты емес, жер асты ғимараттарын салу және пайдалануға жарамды жер қойнауының учаскелерi туралы геологиялық ақпарат жатады. Жер қойнауының мұндай учаскелерiн жер қойнауын пайдалануға беруге геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптау жүргiзгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
5. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасын арнайы уәкiлдiк берiлген орган - пайдалы қазба қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - ПҚМК) және кең тараған пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазба қорлары жөніндегі аумақтық комиссиясы (бұдан әрi - ПҚАК) жүзеге асырады.
6. Жер қойнауын мемлекеттік сараптаудың негiзгi мақсаты пайдалы қазбалар қоры және жер қойнауының қасиеттерi туралы ақпараттар бар материалдарды, оларды тиiмдi пайдалану үшiн талдау және бағалау болып табылады.
7. Өзiнiң басты мiндетiне сәйкес жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы:
пайдалы қазба қорларының көлемi, сапасы, құрамы, технологиялық және өзге де қасиеттерi туралы, сондай-ақ жер қойнауының өзге де ерекшелiктерi туралы мәлiметтердiң сенiмдiлiгiн;
геологиялық кен-техникалық, гидрогеологиялық, инженерлiк-геологиялық, экологиялық (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оңды қорытындысына сәйкес), техникалық-экономикалық және пайдалы қазбаларды өндiрудiң шарттары мен өндiруге байланысты емес мақсаттарда жер қойнауының учаскелерiн пайдалану жөніндегі өзге де мәлiметтердiң толықтығы мен сенiмдiлiгiн;
әзiрлеудiң экономикалық тиiмдiлiгiнiң техникалық-экономикалық негiздемесiн, пайдалы қазбалар шығарудың коэффициенттерiн, минералдық-шикiзат базасын кеңейту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстарды, қорлар мен жер қойнауы учаскелерiнiң пайдалануға дайындық дәрежесiн;
жер қойнауын геологиялық зерделеу және бағалау бойынша iздеу, барлау, тәжiрибе-пайдалану және өзге де жұмыстардың нәтижесi мен сапасын бағалайды.
8. Геологиялық сараптама геологиялық зерделеудiң және жер қойнауын игерудiң кез келген сатысында мемлекеттік сараптамаға берiлетiн геологиялық материалдар пайдалы қазба қорларының саны мен сапасына немесе жер қойнауын пайдалану шарттарына әсер ететiн жер қойнауының қасиеттерiне объективтi баға беруге мүмкiндiк бередi деген шартпен жүргiзiледi.
9. Сараптама жүргiзу мерзiмi құжаттары ПҚМК және ПҚАК-ға берген сәттен бастап үш айға дейiн жүргiзiледi.
10. Пайдалы қазбалар кен орындарын зерделеудi және игерудi жеделдету мақсатында әлеуметтi коммерциялық объектiнiң қорларын жедел санау материалдарына алдын-ала сараптама жүргiзуге рұқсат етiледi. Дұрыс баға жағдайында пайдалы қазбалар қорлары мемлекеттік балансқа қойылады және жер қойнауын пайдаланушы барлау процесiнде сараптамаға кейiннен қорытынды есеп беру шартында объектiге тәжiрибелiк (сынақтық) пайдалануды жүргiзуге құқық алады.
11. Сараптамаға берiлетiн геологиялық, сонымен қатар пайдалы қазба қорлары туралы ақпараттарға қойылатын талаптарды жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі өкiлеттi орган белгiлейдi.
12. Жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының нәтижелерi ПҚМК немесе ПҚАК хаттамаларымен ресiмделедi, онда пайдалы қазба қорларын бекіту туралы, қорларды санаттар бойынша бөлу, пайдалы қазбалар мен компоненттердi шығару коэффициентi, пайдалы қазба қорларын есептен шығару, жер қойнауы туралы ақпаратты өнеркәсiптiк ғылыми және басқа мақсаттарда қолдану мүмкiндiгi туралы мәлiметтер көрсетiледi.