Астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн экспорттау және iшкi сату кезiнде
қажеттi құжаттарды ресiмдеудiң тәртібін оңайлату туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 ж. 8 қаңтардағы № 21 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 16.09.97 ж. № 1341; 04.04.97 ж. № 477; 23.05.01 ж. № 700;
11.01.02 ж. № 38 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн экспорттау кезiнде құжаттамалар рәсiмiн реттеу және оңайлату, сондай-ақ осы өнiмдердiң экспортына және оны республиканың iшiнде сату кезiнде рұқсат ететiн құжаттарды ресiмдеушi ұйымдардың қызметiне ақы төлеудiң көрсетiлген тарифтерiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 16.09.97 ж. № 1341; 23.05.01 ж. № 700; 11.01.02 ж. № 38 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді және толықтырылды
1. Астықтың және оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң экспортын кедендiк ресiмдеу үшiн мынадай құжаттар:
белгiленген тәртiппен тiркелген тауар өндiрушiге (сатушыға) және тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелсiз ұйымдар (зертханалар) беретiн сапа сертификаты;
қажет жағдайларда, сондай-ақ тиiстi контрактiлерде, әкететiн елде қолданылып жүрген ережелерде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнде көзделген талаптарды көрсету кезiнде:
Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi, ал олар сынақ орталықтарын тiркегеннен кейiн - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттік кәсіпорны немесе оның облыстардағы бөлiмшелерi беретiн сәйкестiк сертификаты, сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген басқа да сынақ лабораторияларымен (орталықтарымен);
Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы немесе оның облыстық бөлiмшелерi беретiн шығу тегi сертификаты мiндеттi деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 04.04.97 ж. № 477; 23.05.01 ж. № 700; 11.01.02 ж. № 38 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Республиканың iшкi рыногында сатылатын астықтың және оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң сапасын бақылауды күшейту мақсатында барлық, оның iшiнде тауар биржалары мен көтерме сауда базаларында жасалған сауда мәмiлелерi кезiнде сатушыда сатылатын партияға белгiленген тәртiппен тiркелген тауар өндiрушiге (сатушыға) және тұтынушыға (сатып алушыға) тәуелсiз ұйымдар (зертханалар) беретiн сапа сертификаты, бөлiмшелерi беретiн сапа сертификаты болуы мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде қорғалу дәрежесi бар сапа және сәйкестiк сертификаттарының нысандарын бекiтсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жанындағы Республикалық астық инспекциясы 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде сынақ орталықтарын құрсын және оларды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi кейiннен тiркеуi үшiн қауiпсiздiк көрсеткiштерi бойынша сертификациялық сынақтар жүргiзуге арналған қажеттi арнаулы жабдықтармен жарақтандырсын.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жанындағы Өсiмдiктердiң карантинi жөніндегі бас мемлекеттік инспекциясы, "Агрохим" республикалық ғылыми-технологиялық орталығы және оның химияландыру жобалау-зерттеу станциялары, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасы 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде астық инспекциялары сынақ орталықтарының жанынан фитосанитарлық куәлiк, ауыр металдар тұздары мен пестицидтердiң бар-жоғы туралы куәлiк және шығу тегi туралы сертификат беру жөнiнде бөлiмше ұйымдастырсын.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жанындағы Республикалық астық инспекциясы бұл бөлiмшелердiң жұмысын ұйымдастыру үшiн жұмыс орынжайын ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 23.05.01 ж. № 700 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі тек мал азықтық астыққа ғана мал дәрiгерлiк сертификат берудi жүзеге асырсын.
7. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi оларды ресiмдеуге кететiн шығынның нақты деңгейiне сүйенiп, астықтың және оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң экспортына арналған рұқсат ету құжаттарын беруге үстемдiктi құқы бар ұйымдардың қызметiне ақы белгiлеудiң тәртібі туралы әдiстеменi бекiтсiн және 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде бекітілген әдiстемеге сәйкес бұл қызметтерге тарифтер енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi 1997 жылдың 25 қаңтарына дейiнгi мерзiмде астықтың және оны қайта өңдеу өнiмдерiнiң экспорты үшiн қажеттi мiндеттi құжаттардың тiзбесiн жергiлiктi жерлердегi кеден органдарына беретiн болсын.
ҚР Үкіметінің 23.05.01 ж. № 700 қаулысымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі астық сапасы сертификатының нысанын, оны берудің және қолданудың тәртібін бекітсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары