Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 700 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттау және ішкі сату кезінде қажетті құжаттарды ресімдеудің тәртібін оңайлату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 1, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 және 2-тармақтарда:
"министрлігінің жанындағы Республикалық астық инспекциясы" деген сөздер "министрлігінің "Қазагрэкс" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "Мал дәрігері комитетінің шекарада және көлікте мемлекеттік мал дәрігерлік қадағалау бас басқармасы" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі астық сапасы сертификатының нысанын, оны берудің және қолданудың тәртібін бекітсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі