Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 477 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Астықты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн экспорттау және iшкi сату кезiнде қажеттi құжаттарды ресiмдеудiң тәртібін оңайлату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21 қаулысының 2-тармағындағы "облыстардағы" деген сөзден кейiн "сондай-ақ белгiленген тәртiппен тiркелген басқа сынақ лабораториялары (орталықтары)" деген сөздер жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi