Республиканың Бас Прокуроры және (немесе) ол уәкілеттік берген прокурорлар халықаралық құқықтық ынтымақтастық шеңберінде:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын, сондай-ақ қолданыстағы шарттарды өзгерту және толықтыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің прокуратура органдарымен құқықтық көмек, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы шарттар жасасуға және оларға қол қоюға;
3) прокуратура органдарының құзыреті шегінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тиісті мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
4) прокурорлардың халықаралық ұйымдарының қызметіне қатысуға;
5) ынтымақтастық жасаушы мемлекеттердің аумағында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бірлескен шаралардың мемлекетаралық бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге, оларды орындауға қатысуға;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсетуге;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті мекемелеріне Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері бойынша, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын, өтінішхаттарын, өтініштерін жіберуге;
8) Қазақстан Республикасының мүдделерін қозғайтын қылмыстық істерді қарау кезінде шет мемлекеттердің соттарында және халықаралық соттарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруге;
9) халықаралық шарттарда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен Заң 10-2-тараумен толықтырылды
10-2-тарау. Прокуратура органдары қызметінің өзге де бағыттары
47-3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау
Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалауды Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті прокурорлар жүзеге асырады.
47-4-бап. 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-тарау. Прокуратура органдарындағы қызмет
ҚР 02.07.98 ж. № 266-1 Заңымен 48-бап толықтырылды; ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
48-бап. Прокурорлар, прокуратура органдарының қызметкерлері
1. Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiн білдіруді, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам.
Мыналар прокурорлар болып табылады: Республиканың Бас Прокуроры, оның бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшiлерi, прокуратура органдары департаменттерiнiң, басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi, қадағалау саласындағы прокурорлар, прокуратура органдарының басқармалары мен бөлiмдерiнiң аға прокурорлары және прокурорлары, сондай-ақ әскери, уәкiлеттi және арнаулы прокурорлар.
Әскери, табиғат қорғау, көлiк, сондай-ақ арнайы объектiлердiң прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.
2. Прокуратура органдарының негiзгi мiндеттерi мен функцияларын атқаратын прокуратура органдарының лауазымды адамдарына сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiледi.
Прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлетiн лауазымды адамдарының тiзбесiн, сондай-ақ оларға сәйкес шектi сыныптық шендердi немесе әскери атақтарды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
3. Әскери міндетті прокуратура қызметкерлері прокуратура органдарында арнаулы есепте тұрады.
49-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
50-бап. Прокуратура органдары қызметкерлерiн құқықтық қорғау
1. Прокурор жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарламаны кез келген тексеру прокуратура органдары өкiлдерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады.
2. Қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, прокурорды әкiмшiлiк ұстауға, жеке тексерiп қарауға, оның заттары мен пайдалануындағы көлiгiн тексерiп қарауға жол берiлмейдi.
51-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 23.07.99 ж. № 454-1; 02.07.98 ж. № 266-1; 10.10.01 ж. № 247-II Заңдарымен 52-бап өзгертілді
52-бап. Еңбектi құқықтық реттеу
Мыналардың:
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі;
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
ҚР 19.06.97 ж. № 134-I; 02.07.98 ж. № 266-1; 07.04.99 ж. № 374-1; 23.07.99 ж. № 454-1; 10.10.01 ж. № 247-II Заңдарымен 53-бап өзгертiлдi ; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 53-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-бап. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру
1. Прокуратура органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.
2. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, оларға мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
54-бап. ҚР 10.10.01 ж. № 247-II Заңымен 54-бап алынып тасталды
ҚР 10.10.01 ж. № 247-II Заңымен 55-бап жаңа редакцияда
55-бап. Арнаулы қызмет стажы
1. Прокуратура органдарындағы қызмет (жұмыс) мемлекеттік қызметтiң арнаулы түрi болып табылады. Арнаулы қызмет (жұмыс) стажына прокуратура органдарындағы қызметтен (жұмыстан) басқа:
1) Қарулы Күштердегi, iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарындағы және басқа да құқық қорғау органдарындағы;
2) сот органдарындағы;
3) мемлекеттік қызметте болған қызмет (жұмыс);
4) заң мамандығы бойынша ғылыми және педагогтiк жұмыс;
5) өкiлдi билiктiң мемлекеттік органдарындағы сайланбалы лауазымдағы жұмыс уақыты есептеледi.
12-тарау Прокуратураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң өзге де мәселелерi
2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
56-бап. Прокуратура органдарын қаржыландыру
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
57-бап. Мөр мен куәлiктер
1. Республиканың Бас Прокурорына, оның орынбасарларына белгiленген үлгiдегi куәлiктi Республика Президентi бередi.
2010.29.12. № 374-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бағынысындағы қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктердi бередi.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, оған бағынысты прокуратуралардың және прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрлерi, қазынашылық органдарында тиiстi шоттары болады.
58-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
59-бап. Осы Заңды iске асыру жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мыналарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
1) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру тәртібі туралы Ереженi;
2) прокуратура органдарының қызметкерлерi Антының мәтiнiн ұсынысын.
2. «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» 1992 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 5, 104-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1994 ж., № 9-10, 148-құжат, 158-құжат; 1995 ж., № 3-4, 34-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының