3 Полистирол 433,5 484,5 408,6 433,4
4 Поливинилхлорид 1313,6 803,3 1125,5 864,4
5 Резинотехникалық бұйымдар 2188,2 7870,5 2111,1 6178,8
6 Каучуктер 476,5 469,8 996,7
7 Хлор 3168,6 527 881,5 313,4
8 Каустикалық сода 36585,6 3613,9 19529,4 2025,6
9 Азот қышқылы 2535,5 234,8 4539,9 272,6
10 Сірке қышқылы 394,6 227,1 359 254,3
11 Тұз қышқылы 12996,3 1351 8312,12 625,2
12 Минералдық тыңайтқыштар 76389,81 19396,5 4568,5 1160
13 Бензин және басқа да мотор 249310,2 47181,6 224603,8 42330,5
отыны 14 Мотор майлайтын майлар, 52589,6 22360,7 52131,9 19887,3
компрессор майлайтын майлар,
турбина майлайтын майлар,
өзге мақсаттар үшін 15 Пневматикалық резеңке шиналар 31438,5 32560,4 160874 24275,5
(покрышкалар), қалпына
келтірілген шиналар, мың дана 16 Антифриздер мен мұзға қарсы 4214,6 1838,3 1445,1 831,3
сұйықтар 17 Сусыз немесе су ерітіндісіндегі 7991,8 902,8 2825,0 278,3
аммиак
18 Бояулар мен лактар 14796,0 15034,2 8169,2 8300,7
19 Сабындар: құрамында болатын/ 18846,1 10192,8 17916,5 8088,8
болмайтын сабын ретінде
пайдаланылатын жеңіл активті
органикалық заттар. Сабын,
қағаз, мақта тығындысы, киіз,
фетр және сабын сіңірілген
немесе жағылған тоқылмаған
материалдар 20 Бөлшек сауда үшін бөлектелген 14086,1 11165,2 9467,2 611,4
жуу және тазарту құралдары
21 Жағар майлы қондырғыштар 46 106,8 62,9 84,5
22 Инсектицидтер, родентицидтер, 2314,8 10319,6 5066,3 22585
фунгицидтер, гербицидтер,
шығуға қарсы құралдар мен
өсімдіктердің өсуін
реттегіштер
___________________________________________________________________________
Каучук, полипропилен, полистирол, хлор, каустикалық сода, жасанды жуу құралдары импортының үлесі өсетіні көрініп тұр.
Кәсіпорындардың тоқтап тұруынан қазақстан өнімдерін ішкі тұтыну едәуір кеміген. Осылайша, 1992 жылы 2,88 млн. дана шина өнімдерін өндіру кезінде республиканың ішінде 1,3 млн. дана пайдаланылған болатын. Қазақстан өндірген 1,5 млн. тонна минералдық тыңайтқыштардың отандық ауыл шаруашылығын өндірушілер 600 мың тонна тыңайтқышын пайдаланды. Қазақстан нарықтық экономикаға көшу кезеңінде республика ішінде және сол сияқты одан дәстүрлі өткізу рыногын жоғалтты, бұл өзімен бірге тиісінше өндірістің тоқтауын, жұмыс орнының қысқаруын, жұмыссыздықты, номенклатураның және импортталатын өнім көлемінің кеңеюін тудырды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Қазақстанның 2030 жылға дейін дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы және 2001-2005 жылдарға арналған республиканың әлеуметтік экономикалық дамуының индикативтік жоспарын ескере отырып Бағдарламаның басты мақсаты химия және мұнай-химия өнеркәсібінің импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған химиялық өнім номенклатурасын кеңейте отырып дамыту болып табылады. Бұл үшін:
оны бұдан әрі дамыта отырып химия және мұнай-химия өнеркәсібінің өндірістік қызметін қалпына келтіру;
импорт алмастырушы және экспортқа өнімді шығаруға бағдарланған жаңа өндірістерді игеру;
отандық және шетелдік зерттеушілер әзірлемелерінің базасында инновациялық өндірістер құру қажет.
Бағдарлама қойылған мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына инвестициялар тарту саланың шығынсыз өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі қорларды жаңарту мен айналым қаражатын толықтыру;
тоқтап тұрған кәсіпорындар үшін жаңа меншік иелері мен әлеуетті инвесторларды айқындау;
сала жұмысын тұрақтандыру, химия өнімдерін шығаратын және оны сыртқы және ішкі рыноктарға сататын (қазақстан рыногын отандық өндірушілер шығаратын ұқсас өнім импортынан қорғау, химия өнімдерін қазақстандық ірі тұтынушыларымен шарттар жасасу, салықтық және тарифтік жеңілдіктер) отандық тауар өндірушілерді сақтап қалу және нығайту үшін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі;
химия және мұнай-химия өнеркәсібін жаңғырту мен дамыту үшін капитал жинақтау мақсатында жоспарланғанға дейін өндіріс көлемін өсіру;
ішкі рынокта және отандық тауарлардың экспорттық мүмкіндіктерімен дайын өнімдерді сату жөнінде маркетингтік зерттеулер жүргізу;
ішкі және сыртқы рыноктардың сыйымдылықтарына сай сол немесе өзге мұнай-химия өнімдерін шығару жөнінде жаңа мұнай-химия өндірістерін құруды негіздеу үшін егжей-тегжейлі маркетингтік зерттеулер жүргізу;
барлық мұнай мен газ өңдеуші зауыттардың толық жүктемелігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
жоғары технологиялық өндірістер құру үшін, соның ішінде қазақстан ғалымдарының химия өнімдерін (жеке көмірсутектер, полимер материалдар, каустикалық сода, хлор, кальцийлендірілген сода) шығара отырып, мұнай мен газды терең өңдеу жөніндегі инновациялық әзірлемелерінің негізінде реформалау.
5. Бағдарламаны дамытудың негізгі бағыттары және
іске асыру тетіктері
5.1. Химиялық өнеркәсіпті дамыту стратегиясы
Химия және мұнай-химия өнеркәсібінің жұмыс істеуі қарастырылып отырған перспективада дамудың екі бағытын көздейтін болады:
Бірінші бағыт - республикадағы қазіргі бар өнеркәсіптің химия және мұнай-химия саласының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік қызметін іске қосу және қалпына келтіру, сондай-ақ отандық өндірушілердің өнім шығара отырып, химиялық өнім импортының көлемін азайтатын әзірленімдерінің базасында инновациялық қызметті құру және дамыту.
Екінші бағыт - жаңа қазіргі заманғы өндірістерді құруды, сыртқы және ішкі рыноктардың қажеттіліктеріне сай экспортқа бағдарланған химия өнімін шығару жөніндегі отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа жетістіктерін озық техника мен технологияларын пайдалана отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістерді түпкілікті қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыруды көздейтін өнеркәсіптің химия және мұнай-химия салаларын жаңғырту.
2001-2002 жылдар кезеңіндегі дамудың негізгі тенденциясы өндірістік қызметті қалпына келтіру және тұрақтандыру, химия және мұнай-химия өнімін өндіру көлемінің болжанған өсуін қамтамасыз ету. Тұрақтандыру - бұл нарық жағдайына бейімделудің алғашқы қадамы, сондықтан келесі қадам өндірісті одан әрі жаңғырту, өнімнің сапасын арттыру, өткізу рыноктарын кеңейту және экспорттық жеткізілімдерді арттыру болмақ.
5.2. Мемлекеттік қолдау шаралары
Кәсіпорындарды іске қосу жөніндегі шараларды іске асыру кезінде химия және мұнай-химия өнеркәсібі кәсіпорындарын сақтау және одан әрі дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес мына жолдармен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қажет:
пестицидтерге, дизельдік және карбюраторлық двигательдерге арналған мотор майына, шағын оралған хлорға және фосфорлы тыңайтқыштарға қазақстандық тұтынушылар (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Азық-түлік корпорациясы" ЖАҚ және басқалар) арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
мемлекетаралық сауда-экономикалық келісімдер шеңберінде шектес жатқан мемлекеттердің аумақтарымен қазақстандық жүктердің транзиті кезіндегі проблемаларды шешу;
отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін және елеулі залал келтіру немесе импорттық тауарлардың жеткізілімі көлемінің ұлғаюы салдарынан оған қауіп төну жағдайларында қазақстандық өндірушілерді қорғауды қамтамасыз ету;
жүргізіліп отырған импорт алмастыру саясатының шеңберінде қазақстан кен орындарында мемлекеттік ұйымдар әзірлейтін өңделген газ конденсатының өнімдерімен отандық тауар өндірушілерді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
химия өнімін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік бере отырып шығару жөнінде өндіріс құруға бағытталған жобаларды іске асыруда көмек көрсету;
шығарылатын өнімді стандарттауды және сертификаттауды жүргізу;
республикада шығарылатын ұқсас импортталатын химиялық өнімнің сана стандарттарының сәйкестілігіне талдау жүргізу.
5.3. Инвестициялық жобалар
Инвестициялар өнеркәсіптік саясаттың өндірістік базаны құру мен кеңейтудің, жаңа технологиялар енгізудің, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мүмкіндіктерін айқындайтын басты құралы болып табылады.
2001-2002 жылдар кезеңінде елдің ұлттық және экономикалық мүдделері жолында неміс және жапон компанияларының консорциумы ірі инвестициялық жобаны - республиканың каустикалық содаға, сұйық хлорға және тұз қышқылына қажеттілігін, оларды кейіннен экспортқа шығаратындай болып қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы экологиялық таза мембраналық технология бойынша хлор-сілті өндірісінің құрылысын іске асыруға кірісуі көзделіп отыр.
Басқа ірі жоба "Шевронмұнайгаз" қаржыландыратын жоғары қысымда
полиэтиленнен құбырлар шығару жөніндегі зауыттың құрылысы болып табылады.
5.4. Шағын бизнесті және инновациялық қызметті дамыту
Қазіргі уақытта өнеркәсіптің химия және мұнай-химия салаларында 822 шағын кәсіпкерлік субъектілері ұйымдастырылған. Шағын бизнестің жаңа жұмыс орындарын құруды, өнім шығаруды және жалпы ішкі өнімге салымды арттыруды көздейтіндігіне қарамастан, қазақстандық шағын кәсіпкерлік нарықтық экономиканың қазіргі сатысында импортталатын химия өнімін сатуға және әкелінетін шикізатты қайта өңдеуге бағдарланған, саланың ірі өндірушілерден және өнеркәсіптің басқа да секторларынан қол үзіп қалған.
2002 жылға дейінгі кезеңге химия және мұнай-химия өнеркәсібіндегі шағын бизнес тұрмыстық химия тауарларын, полимерлер мен басқа да материалдардан дайындалған бұйымдар шығаруды және әртүрлілігін кеңейтуді, шығарылатын өнімнің технологиясын жетілдіру мен сапасын және сыртқы түрін жақсартуды көздейді.
Химия және мұнай-химиясы өнеркәсібінде күнделікті сұраныс тауарларын шығаруға бағдарланған шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарын құруға жәрдемдесу қажет.
Республиканың экономикасын дамыту инновациялық қызметсіз, отандық ғылыми-техникалық әлеуетті пайдаланбай және оның негізінде бәсекеге қабілетті өндіріс құрмайынша мүмкін емес. Бұл кәсіпкерліктің ерекшелігін анықтаушы ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылының коммерциялық нысандарын құру және дамыту болуы тиіс.
Инновациялық қызмет химия және мұнай-химиясы өнеркәсібінде салыстырмалы түрде аз ғана және тез өтімді жобаларды іске асыруға негізделетін болады, бұл неғұрлым перспективалы өндірісті дамытуға, оған жеке инвестициялардың ағылуына мүмкіндік береді.
Рыноктың және ресурстық қамтамасыз етудің сыйымдылығын ескере отырып, импорт алмастыру және инновациялық және шағын кәсіпкерлікті дамыту саясатының шеңберінде республиканың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін:
"Технопарк-Юг" аймақтық инновациялық орталығы" ашық акционерлік қоғамының жанынан қызыл фосфор, мырыш фосфидін (инсектицид), техникалық жуу құралдарын заттарды шығару жөніндегі өндірісті;
"Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ҚР МШКӨҰО РМК) жанынан республиканың түсті металлургиясының кәсіпорындары үшін әртүрлі дәрежеде таза фтор қосындыларын, бор және магний қосындыларын (бор қышқылы, бура, кальций бораты, магний сульфаты, магний бораты, құрамында боры бар гипс), натрий цианидін мен күкіртті натрийді алу жөніндегі өндірістерді, республиканың және Орталық Азия аймағының медициналық мекемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сульфат барий фармакологиялық препаратын шығару бойынша, мазутталған аумақтарды жоғары экологиялық көрсеткіштерге дейін тазарту үшін мұнай қышқылы бактерияларының биомассаларын дайындау бойынша өндірісті;
"Земляне" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанындағы бор қышқылын және Ақтөбе облысының Алға химия зауытында техникалық бураларды шығаруды қайта қалпына келтіру жөніндегі өндірісті құруға жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 1999 жылдан бастап, негізінен өзіне қазақстандық ғалымдардың көмірсутекті шикізатты өңдеу саласындағы барлық әзірленімдерін қамтитын "Отандық шикізат базасында технологиялық байланысты химия және мұнай-химия өндірістерін дамыту" кешенді ғылыми-техникалық жоспары әзірленді және жоспарға сәйкес әрекет етуде. Олардың кейбірсулерінің дүниежүзілік практикада ұқсастары жоқ (мұнай және мұнай өнімдерінің каталитикалық күкіртті тотығуы және металсыздануы, ауыр вакуумды дистилляттың тотығу крекингі, сұйытылған мұнай газын бензолға каталитикалық өңдеу, қош иісті қоспалар, олефиндер, буралы және тас көмірлерді каталитикалық өргеу), не дүниежүзілік стандарттар деңгейінде. 1999-2000 жылдары техникалық-экономикалық негіздемелер, технологиялық регламенттер және Қазақстанның мұнайын, көмірін және газын бағалы өнімдерге өңдеу бойынша 36 модульді шағын қондырғыларға жобалау-конструкторлық құжаттамалар әзірленді. Өнімділігі жылына 55 мың тонна шағын мұнай зауытының негізгі жабдықтарының монтажы жүргізілді. Бағдарламаны бұл жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландырды. 2001-2002 жылдары осы қондырғыларды құру мен іске қосуға, оның ішінде "Модульді технология" ғылыми-өндіруші корпорациясы жанында Қазақстан көмірінен ацетилен мен синтез-газын алу бойынша және олардан негізгі мұнай өнімдерін және синтетикалық сұйық отын, метанол, формальдегид, 1,4 бутандиол, сірке қышқылы, метилтретбитилді эфир (бұдан әрі - МТБЭ) секілді жартылай өнімдерін, сондай-ақ мазутталған грунттардан, амбарлы мұнайдан жоғары сапалы битумдарды алуға жәрдемдесу қажет.
5.5. Мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың негізгі міндеттері мен басымдықтары
5.5.1. Мұнай өндірудің жай-күйі
Қазақстан Республикасындағы көмірсутекті шикізаттың болжанып отырған қорлары айрықша жоғары. Сонымен бірге, көмірсутекті шикізаттың ірі қорларының болуы - міндетті, бірақ ел экономикасына түбегейлі өзгерістер енгізуге жеткілікті жағдай емес.
Мұнай және газ өңдеу зауыттарының негізгі проблемасы мұнай және газ экспорты көлемінің ұлғаюына қарамастан, олардың толық жүктемеге ие болмауы. Көптеген жағдайларда шетелдік компаниялармен қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда мұнай мен газ өңдеуге отандық МӨЗ және ГӨЗ жеткізілу қарастырылмаған. Өнеркәсіптің мұнай өңдеу секторындағы жағдайды түбегейлі өзгермейінше мұнай-химия саласының даму проблемасын шешу мүмкін емес.
Қазақстанда мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия өндірістерін дамытудың тежелуі ондаған жылдарға созылып кетті, нәтижесінде республика отын шығаруға бағдарланған өңдеу объектілеріне ие болып отыр.
Мұнай мен газ өңдеу үш қайта бөлуді қамтиды: біріншісі - жанар-жағар май материалдарын ала отырып, мұнай мен газды мұнай және газ өңдеу зауыттарында өңдеу, екіншісі - тереңдетіп өңдеу процестерін пайдалана отырып, химиялық жартылай өнімдер алу үшін мұнай мен газды пайдалану, үшіншісі - қосымша құны жоғары бұйымдарды дайындау үшін жоғары молекулярлы өнімдердің синтезі.
Қазақстанда бірінші және үшінші қайта бөлу зауыттары бар, бірақ мұнай-химия кәсіпорындары үшін шикізат өндіру жөніндегі қуаттар жоқ. Қазақстандағы қуаты жылына 18 млн. тоннаға дейінгі көлемде үш мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу жөнінде қуаттары бар республиканың мұнай-химия кәсіпорындарының мұқтаждары үшін бір тонна мұнай да өңделмейді. Барлық мұнай және газ өңдеу зауыттары отын нұсқасы бойынша жұмыс істейді.
5.5.2. Мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыттары.
Көмірсутектердің едәуір ресурстары бар Қазақстанда оған дүниежүзілік қоғамдастықта өзінің жоғары тауарлы дайындықта мұнай-химия өнімін өндірушінің бәсекеге қабілетті әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай технологиялық үйлестірілген мұнай-химия өндірістері жоқ, бұл қазіргі заманғы технологиялардан елеулі түрде қалып отырған химия және мұнай-химия кәсіпорындарының МӨЗ және ГӨЗ технологияларының деңгейімен де тежелуде. Осыған байланысты мұнай мен газды тереңдетіп өңдеу жөніндегі қазіргі ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктеріне жауап беретін технологияларды енгізу жолымен көмірсутекті шикізатты пайдаланудың кешенділігін арттыру қажеттілігі туындады.
Мұнай өңдеу және мұнай-химияның отандық базасын құру алдағы жылдардағы саланың басты бағыты болуы тиіс. 2001-2005 жылдары Қазақстанның мұнай-газ өңдеу салаларын түпкілікті құрылымды қайта құру үшін республиканың мұнай-химия кешендерін құру жағына негіз қалануы тиіс. Бұл үшін Қазақстанда бірегей мүмкіншіліктер жеткілікті. Осы мүмкіндіктерді дер кезінде және сауатты пайдаланудың маңызы зор, бұл республиканың бірқатар ірі мұнай-химия өнімін өндірушілердің қатарына шығуға мүмкіндік береді.
Теңіз, Қарашығанақ, Қаражанбас және басқа да кен орындарын игеруді ғылымды қажетсінетін технологияларды енгізусіз, оны дүниежүзілік рынокта тауар ретінде қызығушылық тудыратын бағалы дайын өнімге өңдеусіз елестету мүмкін емес.
Бүгінгі таңда маңызды стратегиялық көп құрамды мұнай-химия шикізаты болып отырған мұнай кен орындарының ілеспе газы мақсатсыз жағылуда. Мұнай-химия өнімдерін өндіру үшін көмірсутекті шикізатты (мұнайды, газконденсатын, табиғи газды) бөлудің әртүрлі тәсілдерін және оларды өңдеудің қазіргі процестерін түрлендіру қажет. Нәтижесінде мұнай-химия өнімінің синтезі үшін шикізат болып табылатын маңызды құрамалар алуға мүмкін болады:
синтез-газын (СО және Н2 қоспасы), алифаттық көмірсутектерімен молықтырылған (метаннан пентанға дейін), монолефиндер (этилен, пропилен, бутилен), ацетилен, сондай-ақ хош иісті көмірсутектерін (бензол, толуол, ксилолы) және басқалары.
Барлық мұнай-химия және көптеген химиялық процестердің катализаторларды пайдалануға негізделетінін атап өту қажет. Сондықтан, жоғары технологиялық мұнай-химия өндірістерін ұйымдастырумен қатар, Қазақстанда ғылыми катализ мектебі дүниежүзіндегі алдыңғы қатардағылардың бірі болып табылатындықтан, катализаторларды шығару жөніндегі өндірістерді құру қажет.
Қазақстанда "Филипс Петролеум Қазақстан" фирмасы жүргізген зерттеулер бойынша бағдарлы құны 1,5-2 млрд. АҚШ долларына бағаланатын полистирол және полиэтилен шығару жөнінде зауыттардың құрылысы орынды болып табылады.
Полистирол.
"АКПО" АҚ-нда полистирол шығарудың сызбасы 1993 жылға дейін бірыңғай технологиялық циклды білдірді: этан-этилен-этилбензол-стирол-полистирол. Зауыттың меншік иесінің анықтауымен оның жұмысы импорттық моностиролды полистиролға өңдеу сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Нарықтық экономиканың көзқарасы бойынша полистиролды өндірудің барлық бастапқы технологиялық тізбегін келтіру орынды және қажет, себебі полистирол Қытай мен Ресей рыногында елеулі әлеуетке ие. Бүгінгі таңда Қытай жыл сайын 1 млн. тоннаға дейін полистиролды импорттайды, ал Ресей оны өндірудің шектеулі қуатына ие.
Полистиролды шығару және оның ассортиментін (АВС-пластиктер, жанбайтын полистиролдың түрлі таңбалары) кеңейту тек оны өндіру республиканың көмірсутекті ресурстары базасында (ШФЛУ "ТГӨЗ" ААҚ) мүмкін қазақстандық шикізат бензол және этан өндірісін қамтамасыз ету жағдайында ғана пайдалы болмақ. Бұл үшін:
өткізгіштік қабілетін ұлғайту мақсатында қолда бар этан құбырлар қайта құру, сондай-ақ жаңасының құрылысын аяқтау;
сұйық фазалы алкирилинген бензол этиленімен қондыру монтажын сатып алу және жүзеге асыру қажет.
Білім және ғылым министрлігінің Химиялық ғылымдар институты (бұдан әрі - ҚР ҒМҒА ХҒИ) ғылыми әзірленімдері базасында күрделі жабдықтарды талап етпейтін полиэтиленге дивинилбензинмен стирол етілген полимерлестер негізінде ион алмастырғыш сорбенттердің және гомогенді иониттік жарғақтың жаңа өндірістерін ұйымдастыру. Республика қазіргі уақытта жылу энергетикасында су дайындау үшін, асыл және сирек кездесетін металдарды өндіру кезінде гидрометаллургияда, ағынды өндірістік суларды тазартуда, гемодиализ, микросүзгілеу, диффуздық диализ процестерінде және басқа салаларда қолданылатын сорбенттар мен жарғақтарда аса қажеттілікке тән болып отыр.
Полиэтилен.
"АКПО" ААҚ-ның Техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру және кеңейту бағдарламасының шеңберінде жоғары және төмен қысымды полиэтилен өндіруге бағытталған іс-шаралар көзделді.
"Филипс Петролеум Қазақстан" фирмасының Қазақстанда жүргізген арнайы зерттеулеріне сай этилен және оның негізінде болжамды қаржыландыру көлемі 1690 млн. АҚШ доллары 500 мың тонна көлемінде жоғары қысымды полиэтилен шығару зауытының құрылысын салу перспективалы. Перспективалық Қытайға, Ресейге, Батыс Еуропа елдеріне, сондай-ақ ішкі пайдалануға едәуір экспорттың мүмкіндігімен негізделген.
Полиэтилен құбырлар.
"Шеврон Кемикал Қазақстан Инк." бағалауы бойынша Қазақстандағы полиэтилен құбырларының жалпы әлеуеттік рыногы өте жоғары. Ұзақ мерзімді келешекте барлық жер асты құбырлары, сондай-ақ республиканың елді мекендеріндегі газбен жабдықтау жүйелері полиэтилендіге ауыстырылатын болады. Осы компания жоғары қысымды полиэтиленнен құбыр шығару жөніндегі зауыт құрылысының бизнес-жоспарын әзірледі. Қазіргі уақытта көрсетілген жобаны Қазақстанда жүзеге асыру жөніндегі келіссөздер жүргізілуде.
Полипропилен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Павлодар МӨЗ-нда пропилен өндірісін құру жөнінде "Полипропилен" АҚ-ның даму бағдарламасын (ҚР Үкіметінің 1992 жылғы 26 тамыздағы № 706 қаулысы) қарады. Полипропилен бойынша өндірістік қуатты қайта қалпына келтіру үшін жылына 40 мың тонна пропилен қажет. Өндірісін тиімділігі, мысалы қазақстандық МӨЗ пропан-пропилен фракцияларынан қазақстандық көмірсутекті шикізат базасында алынуы мүмкін тек қазақстандық пропиленнің жеткізілімімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Бұрын жаңғырту жобасы Павлодар МӨЗ-інің пропиленін шоғырландыру қондырғысының құрылысын және полипропиленді өндіруді жылына 30 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін ұлғайту, бағдарсыз полипропиленді жылына қуаты 2500 тоннамен өндіруді, құрылыс материалдары черепица, жабынды үшін шикізат болып табылатын - буып-түю, парниктік жабынды, пакеттерді, аттактикалық полипропиленді дайындау проблемаларын шешетін тиімділігі жоғары өнімдерді өндіруді ұйымдастыруды болжады.