Сұйық хлор ұсақ - 0,86 4,56 1,56
ыдыста, мың тонна
Майға қонатындар, - 11,4 8,56 4,83
мың тонна
Минералдық тұздар - 4,68 4,37 0,69
тұнбаларының
ингибиторлары,
мың тонна
Кальций карбиді, 18,8 5,4 1,76 1,79
мың тонна
Аммиак, мың тонна - - - -
Полистирол, мың тонна - - - -
Трубалар, түтікшелер, 370 14,6 1,77 1,47
жеңдер, резинадан
жасалған шлангалар,
мың м
Жасанды смолалар және - - - -
пластмассалар, мың тонна
Дәрі-дәрмектер, млн. тг 0,23 0,66 1,37 1,38
Резиналы шиналар,
мың дана 8,72 0,27 - 0,55
___________________________________________________________________________
*) Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері
Қазақстан Республикасы химия өнеркәсібінің құрылымы
1-18 суреттерді қағаз мәтіннен қараңыз.
Мәселен, фосфарит рудасын өндiру көлемi 1990 жылмен салыстырғанда 1999 жылы 13,1 есе, сары фосфор өндiру 69,3 есе, фосфорлы тыңайтқыштарды 47,5 есе, азотты тыңайтқыштарды 43,5 есе, кальций карбидi 18,8 есе, автошина 8,72 есе төмендеп кеткен. Шынтуайтында 90-жылдардың ортасынан аммиак, полистирол және синтетикалық смола өндiру толықтай тоқтады. Жұмыс істейтiндердiң саны 1990 жылғы 77,8 мың адамнан 1999 жылы 37,4 мың адамға дейін түстi.
Кәсiпорындардың қаржылық жағдайы 3-кестенiң деректерi көрсетiп отырғандай, күрделi қалпында қалып отыр: оң сальдодан өнiмдi сатудан түскен пайда (шығын) 1990 жылғы 276 млн. сомнан 1999 жылы 2052,7 млн. теңгеге дейінгі, өнiмдiлiк (шығындылық) деңгейi 1999 жылы 18,1 %-дан 17,7 %-ға дейiн терiс сальдоға түсiп кеткен.
3-кесте
Химия және мұнай-химия өнеркәсібі экономикалық
көрсеткіштерінің серпіні
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер ! 1990 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999
!млн.сом! ! ! ! !
___________________________!_______!_______!_______!_______!_______!_______
Өнеркәсіптегі өндіріс 2258,9 24407,3 25530,6 17681,9 11363,5 12897
көлемі
Өнеркәсіп өнімі нақты 99,7 103,6 73,0 70,1 61,0 104,1
көлемінің индексі, өткен
жылға %-бен
Өнеркәсіптік-өндірістік 77,8 63,5 56,9 45,1 28,1 25
қызметшілер саны,
мың адам
Өнеркәсіп қызметкерлерінің 5,7 6,2 6,2 5,6 3,7 3,2
жалпы санындағы өнеркәсіп.
тік-өндірістік қызметкер.
лердің саладағы жұмыспен
қамтылғандарының үлесі,
%-бен
Саланың өнеркәсіптік- 105,4 91,8 83,7 71,6 79,3 72,1
өндірістік қызметкерінің
орташа айлық еңбекақысының
өнеркәсіп қызметкерінің
орташа еңбекақысына %-бен
алғандағы қатысы
Теңгерімдік пайда (шығын) - -2152,0 3725,6 -8444,5 -4579,4 Н/д
млн. теңге
Өнімді (жұмыстар, қызмет 276 -964 -3196 -3181 -1596,6 -2052,7
көрсетулер) сатудан түскен
пайда (шығын)
Рентабельдік (шығын) 18,1 -4,0 -11,3 -16,9 -12,6 -17,7
деңгейі, %-бен
___________________________________________________________________________
*) Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері
3.2. Химия өнеркәсібі өндіріс көлемі құлдырауының себептері
Соңғы онжылдықта жүргізілген реформалар және экономиканы құрылымдық қайта құру Қазақстанның химия және мұнай-химия өнеркәсібіне келеңсіз әсер етті.
Химия және мұнай-химия өнім өндіру көлемінің жаппай төмендеуін туғызған терең ауқымы және ұзақ уақытқа созылған дағдарыс, тұтастай алғанда, республиканың бүкіл өнеркәсібіне тән мынадай факторлардан туындаған болатын:
ТМД республикалары кәсіпорындарының арасында қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы;
экономиканың ырықтандырылуы;
химия өніміне бағаның өсу қарқынымен салыстырғанда, электр энергиясына және темір жолмен жүк тасымалына тарифтердің күрт артуы;
материалдық-техникалық ресурстар мен өндірістік қызмет көрсетулер және олар үшін алдын ала төлеу қажеттілігінен бағаның күрт өсуі себепті кәсіпорындарды технологиялық жабдықпен, материалдармен қамтамасыз етудің қысқаруы;
кәсіпорындар негізгі қорларының едәуір тозуы;
жоғары инфляция процестері.
Бұл факторлар, әсiресе өнімнің негiзгi түрлерін өндiру үшiн шикiзатты (пропилен, бензол, стирол, этилен, негiзгi майлар және тағы басқалары) Ресейден, Украинадан және Кеңестер Одағының басқа да республикаларынан әкелінетін, ал полипропилен, полистирол түріндегi дайын өнiмдерін қосылған құны жоғары бұйымдар дайындау үшін республикадан тыс жiберiп отырған, Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының (бұдан әрi - КСРО) бiрыңғай технологиялық тiзбегінде аралық буын болған химия және мұнай-химия өнеркәсiбi кәсiпорындарына ("Полипропилен", "АКПО", "Химпром", Павлодар қаласы, - акционерлік қоғамдары, "Қарағанды синтетикалық каучук зауыты" өндiрiстiк бiрлестiгi) әсер етті. Энергия ресурстары мен көлiк қызметтеріне тарифтердiң күрт артуы, шикiзатты шетелден сатып алуға көп шығын жұмсалуы жоғары сапалы отандық өнімдердiң - шиналардың, транспортер ленталарының, минералдық тыңайтқыштардың, сары фосфордың және соның негiзіндегi қосылыстардың - едәуiр бөлiгінің өзіндiк құны жоғары болғандықтан, өтпейтiн және сыртқы рынокта ғана емес, iшкi рыноктарда да бәсекелесуге қабiлетсiз етті. Мысалы, "ИнтерКомШина" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "ИнтерКомШина" ААҚ) шикiзат көздерінен алыста қалуы нәтижесінде шикiзаттың құны осындай ресейлiк зауыттарда пайдаланылатын шикiзатқа қарағанда, көлiктiк шығындарға орай 20-22 %-ға қымбат болып отыр. Республикада тұтынылатын энергия ресурстарына баға Ресеймен салыстырғанда 1,5 есе жоғары екендiгiн де атап өту қажет.
Жоғарыда көрсетiлген факторлардан басқа химиялық өнеркәсiп дағдарысының себептерi:
өнеркәсiп секторларындағы - химия өнімін тұтынушылардағы өндiрiстiң күрт төмендеуi және олардың төлем қабiлеттi сұранысының төмендеуi;
тұтынушылық сапасының төмен болуы, химиялық өнім номенклатурасының шектелуi;
Қазақстанға импорт бойынша түсетiн өнiм тарапынан өсіп отырған бәсекелестiк;
дәстүрлi, оның ішінде шет елде де өткізу рыногынан айырылуы;
ескiрген технологиялардың шығыны мол сипаты;
химия өнімінің отандық тауар өндiрушiлерiн қорғау саласындағы мемлекеттік саясат тиiмдiлiгінің жеткiлiксiз болуы;
фосфор өнеркәсiбіндегi инвесторлардың жиi ауысуы;
жөнелтiлетін және жеткiзiлетiн өнiм үшін төлем төлемеушiлiктiң артуы болып табылады.
Бүгінгі күнгі экспорттық тауарлардың 8 түрін (полипропилен, полистирол, химиялық талшық, хлор, каустикалық сода, минералдық тыңайтқыштар, жасанды каучук) шығару тоқтатылды, Қостанай зауытындағы қазіргі технология бойынша химиялық талшық және Алға химия зауытында минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі кәсіпорындар қалпына келтірілмейтіндей болып құралады, 8 өндіріс толық қуатында жұмыс істемейді.
Егер химия саласы ұйымдарының бiрқатары (Ақтөбе хром қосылыстары зауыты, фосфор кiшi саласы) кен өндiруден бастап түпкi өнімге дейiн аяқталған технологиялық циклы бар болса, ал мұнай-химия саласының мүлдем дамығандығын атап айту қажет: полипропилен, полистирол, шина және резинатехникалық бұйымдар өндiрiсi импорттық шикiзат негiзiнде жұмыс iстейдi.
Сондай-ақ, өндiрiске терiс әсер еткен маңызы кем емес факторлардың бiрi-менеджерлердiң еркiн нарық жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделе алмауы болып табылады.
3.3. Химия және мұнай-химия өнеркәсiбi ірi кәсiпорындарының
жай-күйі
Саладағы жағдайды жақсарту мақсатында жекелеген ұйымдарда Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Заңына сәйкес 1999-2000 жылдары жаңа меншiк иелерiн анықтауға мүмкiндiк берген банкроттық рәсiмдерi жүргiзiлдi.
"Ақтөбе хром қосылыстары зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "АХҚХ" ААҚ) - ТМД бойынша хром қосылыстарын үш өндiрушiнiң бiрi, 1957 жылдан бастап жұмыс істейдi. ААҚ хром тұздарын: натрий бихроматын, хром тотығын, хромдық ангидридтi, хром сульфатын (хромды илеушi) шығаруға бағдарланған. Негiзгi шикізат ретінде "Дөң" (Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы) хромиттер кен орнының хром кенi пайдаланылады, хром қосылыстарының 90 %-ы таяу және алыс шетелге экспортталады. 1996 жылғы мамыр айынан бастап "Spesial Chemical Incorporation" (Лихтенштейн) (акцияларының 52 %) сыртқы басқаруында болып отыр. Жүйелi түрде инвестициялау қажеттi айналымдағы қаражатының көлемiн қалпына келтіруге, өндiрiстiң қуатын жобалыққа дейiн жеткізуге мүмкiндiк берді. "Полипропилен" жауапкершiлігi шектеулi серiктестік (бұдан әрi - "Пропилен" зауыты" ЖШС), бұрынғы Гурьев химия зауыты полиэтилен өндiрiсінің базасында 1968 жылы құрылды. Зауыттың полипропилен өндiрiсi жөніндегi қазіргi қуаттары әкелінетін шикізатты қайта өңдеуге бағдарланған.
1999 жылғы 10 қарашада Атырау қаласында өткен ашық аукционның қорытындысы бойынша "Полипропилен" ашық акционерлік қоғамының мүлкін "Пропилен зауыты" ЖШС ретінде тіркелген Томск қаласының "Композициялық материалдар мен пластмассалар зауыты" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "КМПЗ" ЖАҚ) сатып алды. ЖШС-де жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары жүргізiлдi және шикізатты Ресей Федерациясы мен Әзірбайжан Республикасынан пропилен жеткізу және дайын өнімді сату жөніндегі келісім-шарттар жасалды.
"Қарағандырезинатехника" ашық акционерлік қоғамының құрамына технология жағынан тәуелсіз бірқатар: резина қоспаларының, жылуға төзімділігі жоғары конвейерлік ленталардың, ерекше төзімді және арнайы ленталардың, резинатросты ленталардың, қолғаптың және шприцтелген бұйымдардың, қалыпталған бұйымдардың, гуммирленген иіндер өндірістері кіреді. Шикізат ретінде каучуктер, техникалық көміртегі, химикаттар, дәстүрлі түрде Ресейден импортталатын техникалық маталар пайдаланылды. Шығарылатын өнімнің негізгі тұтынушылары Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Белоруссияның, Украинаның көмір, тау-кен, кокс химиясы, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары болып табылды. Шикізатпен (90 % Ресейден жеткізіліп тұрды), қаржылық қаражатпен қамтамасыз етілу проблемалары кәсіпорындар жұмысының азаюына, одан кейін кәсіпорынның мүлде тоқтауына әкеп соқты. 2000 жылы "Қарағанды резинатехника" ААҚ базасында жауапкершілігі шектеулі екі серіктестік құрылды.
"Сараньрезинатехника" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - "Сараньрезинатехника" ЖШС) "Софтлайн" ресейлiк инвесторына тиесiлi, транспортер лентасының барлық түрiн, полиизобутилендiк пластина, техникалық пластина, тауар резинасын шығару жөніндегi қуаты бар. 1999 жылғы желтоқсанда импортты алмастырушы өнiм - транспортер лентасының өндiрiсi iске қосылды.
"Қарағанды резинатехника" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - "Қарағандырезинатехника" ЖШС) резинаматалық, резинатростық конвейер ленталары, резинаматалық қолғаптар шығару жөніндегi қуаты бар. Құрылтайшысы ресейлiк инвестор - "Сибхимимпекс" фирмасы болып табылады. ЖШС-iң иесi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының бiр бөлігін аяқтады, қосалқы бөлшектер мен шикiзат сатып алды. 2000 жылғы шілдеде резинатростық лента цехы iске қосылды, өнімнiң байқау сипатындағы топтамасы легі шығарылды.
"ИнтерКомШина" ААҚ, бұрынғы "Шымкентшина" ААҚ - шина өнімін шығару жөніндегi iрi акционерлік қоғам, 1980 жылы iске қосылды. 1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін зауыт, іс жүзінде жұмыс істеген жоқ. Акционерлік қоғам жүк, жеңіл және ауыл шаруашылығы машиналарына және автокамераларға арналған шиналық өнім шығаруға бағдарланған. 2000 жылғы наурыз айында аукционда "Шымкентшина" ААҚ-ның негiзгi өндiрiсін "Петроказ Лтд" сатып алды. 2000 жылғы сәуiрде өндiрiстi іске қосу жүзеге асырылып жүк және жеңіл автомобильдеріне, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған шиналар шығару басталды, бiрақ энергия қымбаттылығына байланысты 2000 жылғы мамырдан бастап өндiрiс тоқтатылды.
"Темiртау химиялық металлургиялық зауыты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігі (бұдан әрi - "ТХМЗ" ЖШС), иесi "Алаш" акционерлік қоғамы болып табылады. Зауыттың құрылысы 50-жылдары жүзеге асырылды және ондаған жылдар бойына негiзгi тауарлық өнiм бутадиен-стирольдi каучук, кальций карбидi, сiрке қышқылы, этилацетат болып келдi. Экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты сынаппен ластану нәтижесінде сiрке қышқылы үшін шикiзат болып табылатын ацетальдегид шығару тоқтатылды. Кальций карбидін өндіруді шағын көлемде қалдыра отырып, меншік иелері бір пешті ферромарганец өндіруге қайта бейімдеді.
Целинный кен-химиялық комбинатының химиялық тау-кен-гидрометаллургиялық зауыты (бұдан әрі - ЦГХК ХГМЗ) - меншiк иесi "КазСабтон" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - "КазСабтон" ЖАҚ). Комбинаттың өндірістік қуаттары минералдық тыңайтқыштар (аммофос) шығаруға есептелген, шикізаттың қызметін химиялық-гидрометаллургиялық зауытта Қаратау фосфориттерінен және Кола түбегінің апатиттік концентраттарынан алынатын таза фосфор қышқыл атқарады. Акционерлік қоғам күкірт және аккумуляторлық қышқылдарды өндiру жөніндегі қуаттары бар.
"Ақтал Лтд" химия кешенінің (Ақтау қаласы) Каспий жанындағы кен-металлургиялық комбинатының бұрынғы химиялық-металлургиялық цехы) диаммонийфосфат, нитроаммофос, аммоний сульфат және күкiрт қышқылын өндiру бойынша қуаттары бар. Шикiзат қызметiн жергiлiктi табиғи газ, Кола апатиттiк концентрат, мұнай кен орындарының күкiртi атқарады. "Каскор" акционерлік қоғамының Химиялық гидрометаллургиялық, Азот тыңайтқышы Күкiрт қышқылы зауыттары 1998 жылы тендерде "Ақтал Лтд" жауапкершiлігі шектеулi серіктестігіне (бұдан әрi - "Ақтал Лтд" ЖШС) сатылған болатын. 1999 жылы таза фосфор қышқылынан натрийдiң триполифосфатын өндiру игерiлдi. Қазiргi уақытта, өндiрiстi Қаратау фосфориттеріне қайта бейiмдеу жүзеге асырылуда.
"Ақтау полимерi" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "АКПО" ААҚ), бұрынғы Шевченко пластмассалар зауыты 1976-1980 жылдары "Литвин" француз фирмасынан сатып алынған жинақтаушы импорттық жабдық базасында салынды, 1981 жылы iске қосылды. "АКПО" ААҚ - ТМД аумағындағы полистирольдық пластикалар шығару жөніндегi ірi химиялық кешен, өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында кеңінен пайдаланылатын түрлi маркалы полистирол шығарып отырды және ТМД елдерi мен әлемдік рынокқа жеткiзіп тұрды. Өндiрiс толықтай технологиялық сызба бойынша - мономер (стирол) синтезінен бисер мен гранул нысанындағы полистиролдың дайын түрлерін шығаруға дейін құрылған болатын. Толық технологиялық сызба бойынша өндiрiс этилен, этилбензол, стирол, соққыға төзiмдi, жалпы мақсаттағы және көпіртуге арналған полистиролдар шығара отырып, 1993 жылға дейін жұмыс істедi. 1993 жылғы желтоқсанда болған апат этилбензол алуға арналған Алкар қондырғысын iстеп шығарды, нәтижесінде 1993 жылдан бастап "АКПО" ААҚ негiзгi шикiзат ретiнде әкелiнетін этилбензолды пайдалана отырып, қысқартылған сызба бойынша жұмыс істедi. Қазiргi уақытта, жабдықтың қуаттары әкелінетін стирол негiзiнде соққыға төзiмдi, жалпы мақсаттағы және көпіртуге арналған полистирол шығаруды көздейдi. "АКПО" (Ақтау қаласы) акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 1248 қаулысына сәйкес банкроттау рәсiміне бастамашылық жасалған болатын.
Банкроттауды аяқтау және мүлiктiк кешендi сату шарттары туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 7 желтоқсандағы № 1248 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы қаулысы қабылданды.
"Павлодар химия зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "ПХЗ" ААҚ) - Қазақстанның аса ірі химиялық өндірістердің бірі. 1975 жылы КСРО мен шығыс елдері арасындағы келісім-шарт бойынша сынап электролизінің технологиясын (КСРО-ның осыған ұқсас кәсіпорындарының соңғыларының бірі) пайдалана отырып, хлор және акустикалық сода өндірісінің құрылысы аяқталған болатын. 1992 жылы жабдықтың, құрылыс ғимараттарының толық тот басуынан маңындағы аумақтың сынаппен ластануынан және сынаптың Ертіске түсу қауіпінен өндіріс тоқтатылып, қуаттары жойылған болатын.
Акционерлік қоғам каустикалық сода, хлор, үшхлорлы алюминий, үшхлорлы фосфор, аяқ киім және сым (поливинилхлоридті) пластикаттар, поливинилхлоридті, фенолформальдегидті (ФФС) және карбамидоформальдегидті (КФС) смола, майлайтын майға жабысатындар, флотореагенттер, тұз жиналу ингибиторы, антифриздер және мұздақтарға қарсы, орташа - және жоғары форсталған карбюратор және дизель двигательдерi үшін арналған мотор майын, халық тұтынатын тауарларды (ағартқыш, сабын, шампунь, және табиғи өсетін компоненттердiң негiзiнде басқа да косметикалық заттарды) шығарды.
Қазiргi уақытта, жобалау қуатының 3,5 %-ның ғана жүктемесi бар, мұның өзi аталған өнiмнiң ресей өндiрушiлерінің осындай өнімдеріне қарағанда, құнының жоғарылығынан ішкі рынокта бәсекелесу қабілетінің жоқтығымен байланысты болып отыр.
Кен өндiруден ақырғы өнiм - сары фосфор, фосфор қышқылы, триполифосфат натрий, СМС, минералдық тыңайтқыштар, реактивтік фосфор тұздарын (19-сурет) шығаруға дейінгi аяқталған технологиялық циклы бар фосфор саласы, дәстүрлi өткізу рыноктарынан айырылуы, өнеркәсіп секторларындағы - фосфор өнiмін тұтынушылардағы өндiрiстiң құлдырауы және тұтынушылар тарапынан төлем төлемеуi салдарынан соңғы жылдары ауыр қаржы-экономикалық жағдайда отыр.
Шағын фосфорлық сала кәсiпорындарының қаржы-экономикалық жағдайы 1986 жылдан 1990 жылдар аралығында тауар өнімдерiн шығарумен, ал 1991 жылдан 1999 жылға дейін өндiрiстiң құлдырауымен, кәсiпорындардың өзара және бюджеттік салаға төлем төлемеу дағдарысымен, өзіндiк құнның өсуімен және жоғары кредиторлық-дебиторлық қарыздың болуымен сипатталады. Бiр кезде тұрақты жұмыс істеген сала қазiр туралау күйiнде. Осылайша, тауар өнімінің көлемi 1989 жылғы 1142 млн. АҚШ долларынан 1999 жылы 30 млн. АҚШ долларына дейiн төмендеген. Осы кезең iшінде сары фосфор өндiру 479 мың тоннадан 6,5 мың тоннаға дейiн, минералдық тыңайтқыштар 773 мың тоннадан 28,3 мың тоннаға дейін, фосфоритті руда 13 млн. тоннадан 0,6 млн. тоннаға дейін (2-6 суреттер) түсiп кеткен. Жұмысшы орындар саны 42 мың адамнан 9 мың адамға дейiн қысқарған. Өнiм шығару көлемінің төмендеуi, жеткiзiлу жүйелiлiгiнiң бұзылуы нәтижесiнде фосфор мен оның туынды өнiмдерi рыноктарында жағдай нашарлап кетті. Мәселен, сары фосфор рыногында қазақстандық өнім жеткізушілерді қытайлықтар ығыстырып шығаруда. Жалпы көлемде экстрациондық фосфор қышқылынан алынатын натрий триполифосфаттың үлесі артуда, арзан болғанымен, сапасы жағынан термиялық фосфор қышқылына тең келмейді. Осындай келеңсіз жағдай минералдық тыңайтқыштар рыногында да қалыптасқан.
Қаратау фосфорит кені қозғалысының сызбасы
19-суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
1992 жылы шағын фосфор саласының кәсiпорындарын акциялау жүргiзiлген болатын және құрамына "Қаратау" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Қаратау" АҚ, акцияларының мемлекеттік пакетi - 66,5 %), "Нодфос" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Нодфос" АҚ, акцияларының мемлекеттік пакетi - 51 %), "Химпром" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Химпром" ААҚ, акцияларының мемлекеттік пакетi - 31 %), "Жамбыл суперфосфат зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "ЖСЗ" АҚ, акцияларының мемлекеттік пакетi - 59 %), "Промтранс" акционерлік қоғамы ("Промтранс" АҚ, акцияларының мемлекеттік пакетi - 45 %), "Сары-Тас" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Сары-Тас" АҚ), "Казремэнерго" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Казремэнерго" АҚ, акцияларының мемлекеттік пакетi - 65 %), "КазНИИХимПроект" акционерлік қоғамы ("КазНИИХимПроект" АҚ, акцияларының мемлекеттік пакетi - 51 %) кіретін "Қаратау" акционерлік холдинг компаниясы құрылды.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі кіші фосфор саласының кәсіпорындарын шетелдік инвесторлардың сыртқы басқаруына беру туралы шешім қабылдады. Өкінішке орай, 1995-1998 жылдар кезеңінде сырттан басқаруға (ЮТЭК-Лукойл-Одил, Donnex Enterprises Limited, Мемлекеттік медетші банкi, IВЕ Trade Corporation) бiрнеше рет беру оң нәтиже берген жоқ.
Кіші фосфор саласының кәсіпорындарын дағдарыстан шығару үшін "Нодфос", "Промтранс", "Фосфор", "Суперфосфат" зауыты, "Қаратау" акционерлік қоғамдары акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмдерi негiзiнде өндiрiстiк қуаттарды активтер мен пассивтерге сегментациялау жүргiзiлдi және Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1997 жылғы 22 шiлдедегi № 1149 қаулысымен кредиторлық берешектерден, бюджетке салықтар мен еңбек ұжымдарының еңбекақысы жөніндегі қарыздардан басқаларынан босатылған "Казфосфор" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - "Казфосфор" ААҚ) құрылды. Осы шешiмнің негiзiнде әрбiр құрылтайшы өз мүлiгiнiң бiр бөлiгiмен жаңа "Казфосфор" ААҚ-ның құрамына кiрдi.
1997 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Үкiметінiң № 1555 қаулысымен "Казфосфор" ААҚ Казкоммерцбанк, Қазақстанның Халық банкi және ТұранӘлем банкі банктерiнiң консорциумына басқаруға берiлдi. Саланы дамытудың қаржы-экономикалық бағдарламасын әзiрлемей-ақ, кәсіпорынның өндiрiстiк қуаттарын іске қоспай тұрып, банктердiң консорциумы ағымдағы еңбекақысы және тиiстi салықтарды төлеудi жүзеге асырды. Бұл ретте кәсiпорындар залал тартты. Осылайша, банктердiң қызметінде күтілген нәтижелерге қол жеткізілген жоқ.