Полистирол және полипропилен өндіру үшін жоғарыда баяндалған жолдармен қатар көмірсутекті шикізаттың пиролизі құрылғысын құру есебінен, соңғының орнына тікелей қуылатын бензинді пайдалана отырып реттеу қарастырылатын бастапқы шикізат - этилен және пропилен қажет. Пиролиз қондырғысының негізгі өнімдері этилен және пропилен болып табылады. "ПМӨЗ" ААҚ жылына 1 млн. 300 мың тоннаға жуық тікелей қуылатын бензиннің ресурстарына ие. Жылына 300 мың тонна көлемінде бензин фракциясын өңдеу жылына 60 мың тоннаға жуық поливинилхлоридті, жылына 150 мың тонна полиэтилен мен 50 мың тонна полипропилен алуға мүмкіндік береді.
Хлор, этилен және пропилен шығару жөніндегі өндірістерді құру мұнай-химиялық экспортталатын, сонымен бірге ішкі тұтыну үшін (перхлорэтилен, этиленгликоль, поливинилидензхлорид, полипропиленхлогидрон және басқалары) тауарлардың түр-түрін кеңейтуге ықпал ететін болады. Солардың бірі поливинилхлорид болып табылады.
Поливинилхлорид.
Осы өнімді "ПХЗ" ААҚ-ның базасында хлор мен этилен негізінде өндіруді ұйымдастыру Қазақстанның мұқтажы үшін аяқ-киім және кабельді пластиктер өндірісін өзінің шикізатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ПВХ-ның сұранысының мол екендігін ескере отырып, ол Қытайға, Ресейге және алыс шет елдерге жеткізілуі мүмкін. Осы өндірістің құрылысына жұмсалатын шығынның едәуір екендігін ескере отырып, осы өнімнің маркетингін жүргізу және осы жобаны іске асырудың орындылығын зерделеу қажет.
"ПХЗ" ААҚ базасында пропан-пропилен және бутан-бутилен фракцияларын өңдеу негізінде импорт алмастыратын сутек асқын оксидтері, малеинді ангидрид, метилтретбутилді эфир сияқты өнімдерді өндіруді құру мүмкін.
Метилтретбутилді эфир (бұдан әрі - МТБЭ) және метилкетон
Қазіргі уақытта жоғары октанды сандағы бензин алу үшін тетраэтилқорғасын түріндегі экологиялық зиянды қосындылар енгізеді. Мотор отындарына жоғары тиімділікті қосындылар - МТБЭ енгізу октанды санды арттыруға және этилсіз бензин алуға мүмкіндік береді. МТБЭ бутан-бутилен фракциясын өңдеу процесінде алынуы мүмкін. ББФ-ның 220 мың тоннасын қайта өңдеу 35 мың тоннаға жуық 50,0% сутек асқын оксидтерін алуға мүмкіндік береді, бұл ретте жанама өнім ретінде 40 мың тонна метилэтилкетон (бұдан әрі - МЭК) алынады, ол түрлі үстіңгі жабындылар, лактар, бояулар, фотопленкалар өндіру үшін, парфюмерияда, фармацевтикада, сондай-ақ мұнай өңдеу өнеркәсібінде аз уытты еріткіш болып табылады.
Малеинді ангидрид
МӨЗ лактар мен бояуларды, жағар майларға сукциминидті қондырғылар, витаминдер мен дәрілік препараттар, қанды алмастыруды плазмалар алу үшін полимерлік материалдар - полиэфирмалеинаттың, дибутилмалеинат синтезі үшін жартылай өнім болып табылатын малеинді ангидрид алуға пайдаланылуы мүмкін. Малеинді ангидридтің негізгі қолданылуы қазіргі уақытта тетрагидрофуран - минералдық жағар майларды тазарту процестерінде селективті еріткіш өндіруде болып отыр.
Малеинді ангидридті пайдаланудың мейлінше перспективалы және экономикалық тиімді бағыты оның негізінде шет елдерде уытты фенолдың және тапшылықты тетрагидфуранның орнына минералдық жағар майларды селективті тазарту процесінде кеңінен пайдаланылатын N-метилпирролидонының жаңа тиімділігі жоғары апротон еріткішінің синтезі болып табылады. N-метилпирролидонын қолдану бірқатар экономикалық проблемаларды шешуге, атап айтқанда энергия ресурстарының шығысын 20-25%-ға төмендетуге мүмкіндік туғызады.
N-метилпирролидонының синтезі аралық өнім - бутиролактан медицина өнеркәсібінде витаминдер мен түрлі дәрілік препараттардың, оның ішінде аминалонның, пироцетаманың, неотропиланың винилі және поливинилпирролидоны - қанның плазмасын алмастырушының синтезі үшін және басқа мақсаттар үшін шикізат ретінде қолданылады.
Қазіргі уақытта N-метилпирролидон жарылу қаупі жоғары, химиялық ластанған ағын судың көп мөлшерімен және салыстырмалы түрде экономикалық тиімділігінің төмендігімен сипатталатын күрделі бес кезеңді технология бойынша өндіріледі. N-метилпирролидонын малеинді ангидрид арқылы алудың технологиялық процесі бұл кемшіліктерді жояды.
Малеинді ангидрид бензолмен қатар алициклды тетракарбон қышқылдарының диангидридтерін алудың негізгі шикізаты болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда (ҚР ҒМҒА ХҒИ) түрлі қуаттағы фотохимиялық гелиореакторларды пайдалана отырып, алициклды тетракарбон қышқылдарының диангидридтерін алудың жаңа бірегей техникасы әзірленді. Осы қосындылар экономиканың маңызды (электротехникалық бағыттағы, кабель өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттар, машина жасау, пленкалар, шыны- және бұрышты пластиктерді байланыстырушы талшықтар, жұмсақ басу платалар, жарықшақтар, қорғанышты жабындылар) салаларына арналған ыстыққа төзімді (180-200 оС) полимер материалдардың тобын өндіру үшін бастапқы шикізат болып табылады.
Дүниежүзілік практикада полимерлі материалдардың даму үрдісінің талдауы ыстыққа төзімді (180-200 оС) полимер материалдардың тобына басымдылық берілетінін куәландырады. Қазіргі уақытта полимерлердің осы тобына "Имидаль" лактары мен олардың негізінде Францияда "Альстом" фирмасы өндіретін материалдар жатады. Бұл лак қазіргі уақытта Қазақстанға жеткізілмейді. Отандық шикізат базасында өндіру жоспарланып отырған ПИ АБ полимидті лак Қазақстанның электротехникалық бағыттағы бұйымдарын өндірудегі қажеттілігін жабуға мүмкіндік тудырады.
Алициклды тетракарбон қышқылдарының диангидридтерін қолданудың екінші перспективалы бағыты оларды бірқатар ісік ауруларын емдеу тиімділігі жоғары дәрілік препараттар алу үшін бастапқы өнім ретінде пайдалану болып табылады.
Мұнайлы ксилол базасында полиамидтер өндірісін құру экономикалық мақсаттылықты көрсетеді. Жоғары қысымды және электрлік өлшемдерге, құю ерекшеліктеріне байланысты жаңа полиамидтер түрлі конструкторлық бұйымдарды - станоктарға арналған өздігінен майлайтын тістегершіктерді, втулкаларды, катушкалардың корпустарын, реле және басқалары электротехникалық бұйымдарды дайындауда, талшықтарды өндіруде кеңінен қолданылатын болады.
Мұнай-химия өнімдерін өндіру кезіндегі үлгілі шағын-қондырғылар
Қазақстан экономикасының нарықтық дамуының көшпелі кезеңінде едәуір күрделі салымдарды, оларды пайдалануға берудің ұзақ мерзімін талап ететін қазақстан мұнайын өңдеу үшін бар МӨЗ жаңғыртумен қатар, тауарлы мұнай өнімдерін алу үшін жергілікті шикізатты өңдеудің ерекшеліктерін ескеретін мұнайды, амбарлы мұнайды, мұнай шламын жинақтау, дайындау және өңдеу жөнінде шағын зауыттар желісін дамыту орынды.
Осылайша, соңғы жылдары "Модульді технология" корпорациясы" ЖШС және "Монтажинжиниринг" АҚ Алматы қаласында пилоттық қондырғыны, Ақтау қаласында модульді шағын зауытты, Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында, Қаламқас кен орнында, Қарағанды облысының Шахтинск қаласында өнеркәсіптік қондырғылар жөндеді және іске қосты. Мұндай модульді шағын зауыттар мамандардың экономикалық бағалауы бойынша тез өтелімділігімен (1,5 жылда), дайындау, монтаждау және іске қосу мерзімдерінің қысқалығымен; пайдалануға аз дебитті және шалғай скважиналарды тарту мүмкіндігімен ерекшеленеді, сондай-ақ ауыр мұнайлы (құрамында парафині, күкірті, металдары жоғары, төменгі құрамды бензин фракциясы және т.б.) бар кен орындары мазутты ірі тұтынушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, олардың балансында тұрған шағын МӨЗ мұнай өңдеу жолымен мазутты ірі тұтынушыларды мысалы жылу электр орталығын, жылу электр станциясын, бу қазандығын, сондай-ақ жақын аудандарды жанар-жағар май материалдарымен (ЖЖМ), гудронмен, битуммен, мастикпен және т.б. қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл отынның өзіндік құнын шұғыл төмендетуге мүмкіндік береді. Дайын өнімді қолдану және пайдалану өте кең көлемде. Бензинмен, дизель отынымен, мазутпен, жол жабындыларымен қатар технологиялық циклді қоса және өзгерте отырып, басқа атаулардағы тауарлық өнімдерді алуға болады. Алынатын өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттері және олардың негізінде басқа композициялық материалдарды дайындау мүмкіндіктері олардың экономиканың түрлі салаларында кеңінен қолдануды қамтамасыз етеді.
Дүние жүзінде зауыттар мен стенділік сынаулардың жұмыс істеу деңгейінде мұнайды модульді шағын қондырғыларда өңдеудің 20-дан астам технологиялары әзірленген, бірақ олардың бірде-біреуі құрамында сынап пен металл жоғары мұнайды өңдеуге қабілетсіз, бензин фракцияларының октанды саны мен ашық фракциялардың жалпы құрамын арттыруға мүмкіндік беретін крекинг пен риформинг көзделінбеген.
Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті жанындағы Жаңа химиялық технологиялар мен материалдарды ғылыми-зерттеу институты дүниежүзілік тәжірибеде теңдесі жоқ мұнай дистиляттарын күкірт қоспаларынан тек қана толығымен айырып қана қоймай, сонымен қатар үстіңгі - белсенді қасиеттерге ие болатын сульфо қышқылы түріндегі күкіртті қоспаларды кәдеге жаратуға мүмкіндік тудыратын төменгі температуралы мұнай дистиляттарын еріткіш күкірттен айыру технологиясын ұсынды.
Көмір негізіндегі химия өнімдері
Қазіргі уақытта мұнай-химия өнімдерін алу үшін басты шикізат ретінде мұнай пайдаланылады. Мұнайдан этилен, пропилен, бутилендер, бензол, толуол, ксилол секілді маңызды жартылай өнімдер алды. Нәтижесінде мотор майлары мен ірі тонналы органикалық жартылай өнімдерді өндіру бір көзге - мұнайға тәуелді болды.
Мұндай тәуелділік полиэтилен, полипропилен, полистирол өндірісі жөніндегі ірі мұнай-химия кешендерінің және Батыс Қазақстанның басқа кәсіпорындарының жабылуына әкеп соқтырды. Алайда, мұнай негізіне қарағанда әлдеқайда қысқа, негізгі органикалық өнімдерді алу жолы да болуы мүмкін. Әлдеқайда келешекті екі кезеңді жол - Шұбаркөл кенішінің аз күлді көмірлерін және Майкөбен көмір бассейінін келесі СО және Н2 синтезінен органикалық синтез үшін базалық химия өнімдерін газдандыру.
Қазақстанның көмірлерін пайдалану және метанол, сірке қышқылы, формальдегид, метилретбутилді және басқаларды өндіру бойынша аз тонналы зауыттарды газдандыру өнімдері базасында құру көмір кеніштерін ашық өндіру белгіленген аймақтар бойынша аз қуатты көмір-химия зауыттарын көбейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта "Модульді технология" корпорациясы" ЖШС Қазақстанның салалық институттарының мамандарымен "Акцепт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ацетилен және базалық химия өнімдерін (метанол, сірке қышқылы, этилен, бензол және т.б.) одан әрі синтезбен ацетилен мен синтез-газ ала отырып плазмалы газдандыру технологиясы енгізеді. Осылайша, көмір тек энергетикалық емес, сонымен бірге органикалық синтез үшін бағалы көмірсутекті шикізат болып табылады.
Көмірді газдандыру технологиясын енгізу химия саласының бір шикізат кезіне - мұнайға тәуелділігін жоғалтады.
Катализаторлар
Қазіргі уақытта Қазақстанда катализаторлар өндірісі жоқ. Мұнайды өңдеудің тереңдігі негізінен крекинг және изомеризация процестерінде оны өңдеу кезінде пайдаланылатын катализаторлардың тиімділігіне байланысты құрамында неолит бар катализаторларды Қазақстанның табиғи топырақ базасында қолдану бензин түсімін арттырудың, катализатордың коксталуының төмендеуі арқасында мұнайды қайта өңдеуді тереңдетуге мүмкіндік тудырады. Құрамында цеолит бар н-алқандар изомеризациялау катализаторлары жайлы жағдайларда түсімі жоғары октанды (50-55%) санмен селективті (98-100%) изомерлерді алуға мүмкіндік береді.
Крекинг және изомеризациялаудың құрамында цеолит бар катализаторларын шығаруда табиғи топырақты пайдалану жоспарлануда. Қазіргі уақытта цеолитті катализаторлар негізінен Ресейден немесе алыс шет елдерден жеткізіледі. Қазақстанда өзінің цеолитті катализаторлар өндіру базасы жоқ. Сонымен бірге, республикада цеолитті катализаторлар өндіру кезінде матрица мен байланыстырушы материалдар ретінде пайдаланылуы мүмкін табиғи сазбалшықтардың ірі қорлары бар. Табиғи сазбалшықтардың бұл қорлары ондаған жылдарға дейін мұнай өнеркәсібіндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетеді.
Мүмкін болатын цеолитті катализаторларды өткізу рыногының өндірістік талдауы олардың тұтынушылары әрқайсысында парафиндік көмірсутектердің каталитикалық крекингі мен изомеризациялау қондырғысы бар немесе болатын республиканың: Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары болып табылатынын көрсетті. Қазіргі уақытта бұл зауыттар үшін катализаторлар шет елдерден валютаға сатып алынады.
Жобаларды Қазақстанда жүзеге асыру үшін шикізат базасы бар: Павлодар алюминий зауытының табиғи балшықтары мен цеолиттерінің орасан зор тыңайғандары, жартылай өнімдері (натрий алюминиатының сілтілік ерітіндісі), сондай-ақ "Тұрмыстық химия бұйымдарының зауыты" ЖШС (Алматы) өндірісінің сұйық әйнегі.
Жоба крекинг және риформинг (изомеризация) процестерінің құрамында цеолит бар катализаторларды шығару үшін бірыңғай технологиялық тізбекті құруды және модульді шағын қондырғыларда, сондай-ақ Қазақстанның жұмыс істеп тұрған МӨЗ-дерінде (Атырау, Шымкент, Павлодар) пайдалануды болжайды.
Катализаторларды өндіру төменгі энергия сыйымдылығымен ерекшеленеді, ал катализаторларды өндіру үшін пайдаланылатын материалдар табиғи ресурстар мен Қазақстанның жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарындағы арзан жартылай өнімдері болып отыр.
Дәрілік препараттар
Изоникотинонитрил - туберкулезге қарсы препараттар: тубазид (изониазид) және фтивазид синтезіндегі негізгі жартылай өнім.
ҚР ҒМҒА ХҒИ әзірлеген оларды алу әдісінің 4-кезеңдіден айырмашылығы белгілі тек екі кезеңдіден тұрады: 4-метилпиридиннің 4-цианпиридинге аммонолизді тотығуы, ол соңынан гидразингидратпен өзара әрекетте болады және изоникотин қышқылының гидразитіне (тубазид) айналады. Бұл әдістің отандық не шетелдік ендесі жоқ.
Никотин қышқылы - медицина, мал шаруашылығы және әсіресе құс шаруашылығы қажет ететін өмірлік маңызды РР витамины.
ҚР ҒМҒА ХҒИ әзірлеген никотин қышқылының және алкилпиридиндердің аммонолизді тотығы катализаторының технологиясы дүние жүзіндегі никотин қышқылын алудың барлық белгілі әдістерін басын озды. Катализатор химия өнеркәсібі дамыған барлық елдерде патенттелген.
Динитрилтерефтал қышқылы п-ксилилендиамин алу сатысы арқылы қысымға төзімді полиамидтер синтезі үшін жартылай өнім болып табылады. Динитрил терефтал қышқылы мен п-ксилол аммонолизді тотығы катализаторының технологиясын ҚР ҒМҒА ХҒИ әзірледі, ол әлемдік экологиялық талаптарға сәйкес келеді және бәсекеге қабілетті өнімнің шығарылуын толығымен қамтамасыз етеді.
5.5.3. Мұнай-химия өнеркәсібінің даму стратегиясы
Мұнай-химия өнеркәсібінің стратегиялық дамуы қуатты мұнай-химия кешенін құруға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеуді болжайды.
Бұл үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарын мұнай мен газ өңдеуге қайта бағдарлау;
ішкі және сыртқы рыноктардың сыйымдылығы бара-бар сол немесе өзге де мұнай-химия өнімін, оның ішінде этилен, полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид шығару жөніндегі жаңа мұнай-химия өндірістерін құру негіздемесі үшін егжей-тегжейлі маркетингтік зерттеулерді өткізу қажет;
барлық мұнай және газ өңдеу зауыттарының толық жүктелуі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
мұнай-химияда шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелері ресейлік фирмалар екендігін ескере отырып, "АКПО" АҚ-ның, "Полипропилен" зауыты" ЖШС-нің, "ИнтерКомШина" ААҚ-ның өндірістік қызметі қалпына келтірілгеннен кейін, Қазақстанда Ресейден жеткізілетіндерді алмастыратын шикізаттарды шығару жөніндегі өндірістерді құру жөнінде келіссөз процестерін жүргізуге кірісу;
мұнай-химия өнеркәсібі саласына арналған шикізат алу үшін каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы жөніндегі мәселелерді кейін шеше отырып, Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту жобасын іске асыруға кірісу;
химия және мұнай-химия өнеркәсібі салаларында ғылымды қажетсінетін жаңа технологияларды құруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемін арттыру қажет.
6. Бағдарламаны қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері
Осы Бағдарламаны іске асыру үшін қаржыландырудың негізгі көздері кәсіпорын иелегінің меншікті қаражаты мен тартылған несиелері болып табылады. Жалпы алғанда химия және мұнай-химия өндірістерін іске қосу үшін 43,3-тен 46,8-ге дейін млн. АҚШ долларын сату жоспарланып отыр. Импортты алмастырушы химия өнімдерін шығару жөніндегі шағын және орта бизнес субъектілерін құруда инвестицияларды салуды ескере отырып, инвестициялардың жалпы көлемі 100 млн. астам АҚШ долларын құрайды.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Өндіріс көлемінің өсуі полипропилен 30 мың тоннаға дейін; транспортер таспасы 200-220 мың2 шаршы метрге дейін; автомашиналар 700 мың данаға дейін; фосфор минерал тыңайтқыштары 420 мың тоннаға дейін; аммиак селитрасы 100 мың тоннаға дейін; натрийдің үш құрамды фосфаты 50 мың тоннаға дейін; сары фосфор 45 мың тоннаға дейін.
Бұдан басқа, жүк тасымалының жылдық көлемі 5-6 млн. тоннаға дейін жетеді, тауарлы өнімнің көлемі 430-450 млн. АҚШ долларын құрайтын болады. Жұмыспен нақты қамтылу 18000-19000 адамды құрайды.
Қазақстанның химия және мұнай-химия кәсіпорындарының өндірістерін жаңарту кезінде сабақтас салаларда және әріптестерде өндірістің жандануы байқалатын болады. Бірінші кезекте, бұл электр энергиясының, будың, газбен және сумен жабдықтау өндірісінің көлемі ұлғаятын энергетикалық өндірістерде оң көрініс көрсетеді, тиісінше жұмыс істейтіндердің де саны өседі. Темір жол көлігіндегі жұмыстар көлемі де осыған ұқсас ұлғаяды. Химия өндірістерінің жұмысы үшін қажетті материалдардың жеткізілімдері кокспен қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптің көмір мен коксхимиясы салаларындағы, сондай-ақ күкірт қышқылын, көмекші материалдарды, қосалқы бөлшектерді, отқа төзімді, коррозияға қарсы материалдарды жеткізушілердің жұмыс көлемін ұлғайтады. Түрлі салалардың - телефон және почта байланысы, қоғамдық тамақтандыру, қалалық көлік және тағы басқалардың қызметтер көрсетуі ұлғаяды. Қызметкерлерге ақы төлеуді қайта жаңарту, тиісінше төлем қабілетінің өсуі коммуналдық шаруашылықта және халыққа қызмет көрсететін басқа салаларда тиімділік тудырады.
1-қосымша
8. Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін
қайта қалпына келтіру мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
Жоспары
---------------------------------------------------------------------------
NN ! Іс-шара ! Аяқталу ! Жауапты ! Орындалу
р/р! ! нысаны ! орындаушы ! мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
1. Негізгі қорларды жаңғырту Үкіметке Энергетика және 2001 жыл
мен қайта құруды аяқтау: есеп беру минералдық ресурстар (жарты
1) "ИнтерКомШина" ААҚ; министрлігі жылдық)
2) "Ақтал Лтд" ЖШС химиялық
кешені (Ақтау қаласы)
2. Отандық өндірушілерді
мемлекеттік қолдауға жәрдем
көрсету:
1) химия және мұнай-химия Үкіметке Энергетика және 2001 жылғы
өнеркәсібі өндірістерінің есеп беру минералдық ресурстар желтоқсан
экономикалық жай-күйіне министрлігі,
талдау жүргізу; Экономика және сауда
2) кәсіпорындар жұмысының Үкіметке министрлігі, Сыртқы 2002 жыл
тұрақтылығын қамтамасыз есеп беру істер министрлігі, тоқсан
ететін қолданыстағы Көлік және сайын
заңнамаға сәйкес мемлекеттік коммуникациялар
қолдау шараларын айқындау. министрлігі, Қаржы
министрлігінің
Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру
комитеті, Қазақстан
Республикасының
Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын
бизнесті қолдау
жөніндегі агенттігі
3. Химия және мұнай-химия Үкіметке Энергетика және 2002 жыл
өнеркәсібінің өнімдерін есеп беру минералдық ресурстар
өндірудің стандарттары мен министрлігі,
сапасын бақылауды Экономика және сауда
халықаралық талаптарға министрлігі
сәйкестігін келтіруді
қамтамасыз ету
4. Химия өнеркәсібінде Үкіметке Энергетика және 2001 жылғы
бәсекелестік ортаның ұсыныс минералдық ресурстар қараша
дамуына жәрдемдесу министрлігі
5. Өндірістерді құруға және Салалық Энергетика және
кеңейтуге бағытталған қорытынды минералдық ресурстар
жобаларды қаржыландыруға министрлігі
қолдау көрсету.
5.1. 1-кезеңде: 2001 жыл