Республиканың фосфор саласын қаржы-экономикалық сауықтыру мақсатында және "Кiшi фосфор саласы фосфор кәсiпорындарының мүлкін сату жөніндегi инвестициялық тендердiң нәтижелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 8 мамырдағы № 414 қаулысымен мақұлданған, 1998 жылғы 24 наурыздағы өзгерiстерiмен және толықтыруларымен 1998 жылғы 9 ақпандағы Мемлекеттік мүлiктi сатып алу-сату шарттарына сәйкес фосфор саласы кәсiпорындарының "Қазфосфор" ААҚ-на тиесілі активтерінің бiр бөлiгi "Тексуна Кемиклз Инк" фирмасына (бұдан әрi - Компания) жеке меншiкке берiлдi.
Алайда, мемлекет тарапынан шарт бойынша барлық міндеттемелердiң орындалғандығына қарамастан, компания өндiрiс көлемін сақтауды және арттыруды қамтамасыз ете алмады, бұл ретте фосфор саласы кәсiпорындарын сегменттеу жөніндегi өз әрекеттерімен өндіріс көлемінің төмендеуін және жұмыс орындарының қысқаруын туғызды. Компания инвестициялық бағдарламаны орындаған жоқ және еңбекақы жөніндегі қарызды толық көлемде өтеген жоқ.
Қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей тұрып, Компания аймақтағы әлеуметтік шиеленіс үшін алғышарттар туғыза отырып, кіші фосфор саласының онсыз да дағдарысты жағдайын шиеленістіріп жіберді.
1999 жылғы 31 тамызда "КASEX S.A." компаниясы мен компания акцияларын иеленуші "Тексуна интернешнл Лимитед" Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты, соған сәйкес "КASEX S.A." компаниясы оның акцияларын алды. Бұл ретте, "Қазсабтон" жабық акционерлік қоғамының ақпаратына сәйкес (бұдан әрі - "Қазсабтон" ЖАҚ, 11.02.00 ж. № 027-1/а хаты) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын "КASEX S.A." компаниясы мен "Қазсабтон" ЖАҚ үлестес болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін фосфор өнеркәсібінің маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып және саланы қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазсабтон" ЖАҚ-ның ұсынысын қабылдады және 1999 жылғы 21 қазандағы № 1580 қаулысымен өзінің қызметін жүзеге асыруды бастаған "Жаңатас" КБК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ("Жаңатас" КБК" ЖШС, Жаңатас қаласы), "Қаратау" КХК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ("Қаратау" КХК" ЖШС, Қаратау қаласы), Тыңайтқыштар өндіру кешенінде (бұдан әрі - ТӨК, Тараз қаласы) және Теміржол көлік кешенінде (бұдан әрі - ТКК, Тараз қаласы) жаңа заңды тұлға "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "Қазфосфат" ЖШС) құрылуын мақұлдады.
Бүгінгі таңда "Қазфосфат" ЖШС-нен басқа Қазақстан өнеркәсібінің фосфорлық қосалқы саласы "Шымкент фосфор" ЖАҚ-мен (Шымкент қаласы) және "Химпром" ААҚ-мен (Тараз қаласы), сондай-ақ минералдық тыңайтқыштар шығару жөніндегі кәсіпорындар: "Ақтал ЛТД" химия кешенімен (Ақтау қаласы), ОКХК Химия металлургия зауытымен (Степногорск қаласы) берілген.
Бұрын "Қаратау" АҚ-ы болып аталып келген, 50 шақты фосфорит кен орындары табылған және азды-көпті зерттелген Қаратау бассейні кен орынында "Қаратау" КХК" ЖШС-і және "Жаңатас" КБК" ЖШС-і құрылды және жұмыс істейді. Құрамындағы P2O5 24,7 % деңгейіндегі қорлар бұрынғы КСРО-ның бүкіл барланған ресурстарының 36 % жуығын және барланған дүниежүзілік қордың орташа 24,70 % деңгейінің 5 %-ға жуығын құрайды. Қазақстан Республикасы фосфор шикізаты бойынша дүниежүзілік қордың 90 %-на ие болатын бірінші он елдің қатарына кіреді. Қаратау алабы Қазақстанның, Өзбекстанның, Түркіменстан және Ресейдің фосфор және химия кәсіпорындарында бұдан әрі өңдеу үшін ТМД-ның азиялық аймағындағы жалғыз кен базасы болып табылады (20, 21-суреттер).
"Қаратау" КХК" ЖШС-і (Қаратау өндірістік аймағы) және "Жаңатас" КХК" ЖШС-і (Жаңатас өндірістік аймағы) кіші фосфор саласы кәсіпорындарында бұдан әрі қайта өңдеу үшін фосфат шикізатын өндіру және бастапқы өңдеуге арналған біржақты мамандандырылған тұйықталған аумақтық-өндірістік кешен болып табылады, оған 6 кен орны мен сығындылау үшін электр термиясы мен фосфорит ұнын жасау үшін ұнтақталған шикізат шығару жөніндегі кен байыту фабрикалары енеді.
Фосфат шикізатының 1998 жылға дейінгі қозғалысының құрылымы
20-суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
Фосфат шикізатының 1998 жылғы қыркүйектен бастап қозғалысының
құрылымы
21-суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
"Жаңатас" КБК" ЖШС-нің негізгі өнімі Тараз, Ақтау, Степногорск, Алмалық, Самарқант, Қоқан, Чарджоу химия зауыттарында минералдық тыңайтқыштарға арналған сығымнан қайта өңдеу үшін жұқа ұнтақталған фосфатты шикізат болып табылады (21-сурет). "Қаратау" КБК" ЖШС-нің ұнталған фосфатты шикізат түріндегі өнімі қарапайым фосфорға электр термикалық қайта өңдеу және оның Тараз, Шымкент, Тольятти (Ресей) фосфор зауыттарындағы туындыларына арналған (21-сурет).
"Қазфосфат" ЖШС-нің құрамына сол сияқты банкроттық рәсімдерін жүргізу нәтижесінде Жаңа Жамбыл фосфор зауытының мүліктік кешені мен технологиялық кезеңді қалпына келтіру және құрамында фосфат бар шикізатты неғұрлым терең қайта өңдеу үшін "Шымкент фосфор" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Шымкент фосфор" ЖАҚ) жасанды жуу құралдарының цехы енді (22-сурет).
Жаңа Жамбыл фосфор заводындағы (бұдан әрі - "Қазфосфат-ЖЖФЗ" ЖШС) өндірістік қуаттар 1978 жылы іске қосылды. Оның құрамына: аглоөндіріс, сары фосфор, термикалық фосфор қышқылы және натрий үшфосфат қосындысының өндірісі енеді. Бұдан басқа, зауытта фосфор ұнтағын (қалдық) әсірефосфор қышқылына қайта өңдейтін екі қондырғы бар. Зауыт "Қаратау" АҚ-ның фосфоритті ұсақ-түйегін, сондай-ақ "Химөнеркәсіп" ААҚ-ның, Тараз қаласы мен "Фосфор" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Фосфор" АҚ), Шымкент қаласы өндірістік қызметінің қалдықтарын пайдалану мақсатында салынған. 2000 жылдың мамырында өткен аукционда ЖЖФЗ-ның қуаттарын "Қазфосфат" ЖШС сатып алды.
ӨКБ-ның (Тараз қаласы) сығымдалған фосфор қышқылын алу жөніндегі және құрамында фосфор бар минералдық тыңайтқыштар (46 % аммофос), азықтық үшкальцийфосфат (27% Р2О5), сульфокөмір шығару жөніндегі өндірістік қуаттары бар.
"Фосфор" АҚ - Қаратау фосфоритімен жұмыс істейтін фосфор өнімінің ірі өндірушісі. Өндірістік қуаттар 1966 жылы енгізілген. 1998 жылдың қарашасынан бастап активтері қайта құрылымдаудан өткен банкроттау рәсімі жүргізілуде. Акционерлік қоғам болып "Шымкентфосфор" ЖАҚ құрылған болатын, бұл ретте "Шымкентфосфор" ЖАҚ-ң акциялар пакетінің 90%-ын ұстаушысы "Фосфор" АҚ және 10%-ын ұстаушы "Бутя-Капитал" ФЖҚ болып табылды. ЖЖЗ цехын "Қазфосфат" сатып алды.
"Химөнеркәсіп" ААҚ-ның (Тараз) құрамында сары фосфор, фосфор қышқылы, минералдық тыңайтқыштар мен өзінен өзі пісетін электродтар үшін электродты массалар өндірісі бар. Сары фосфор өндірісінде ыстықпен дайындау цехы мен пеш цехын (сары фосфорды электрмен айдау) қосады. "Химөнеркәсіп" ААҚ отандық тұтынушылар үшін электродты масса жеткізілімдері бойынша импорт алмастыру бағдарламасына енгізілген.
"ҚазСабтон" ЖАҚ-ты құрғаннан кейінгі фосфор қосалқы саласы
кәсіпорындарының құрылымы
22-суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
Фосфорлық қосалқы сала кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандыру үшін Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 2000 жылы мынадай мәселелерді шешкен болатын:
оңтүстіктегі тапшылықты Екібастұз ГРЭС-2-ден жеткізілімдермен орнын толтыру жолымен энергиямен қамтамасыз ету;
құрамында фосфор бар шикізат пен күкірт қышқылын темір жолмен тасымалдауға арналған тарифтерге тиісінше 0,22 және 0,5 мөлшерінде төмендетілген коэффициенттер белгілеу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы № 1580 және 2000 жылғы 28 шілдедегі № 1159 қаулыларының шарттарына сәйкес "Фосфор" АҚ-ның жасанды жуу құралдары цехын және "Қазфосфат" ЖШС-нің Жаңа Жамбыл фосфор зауытын сатып алу;
құрамында фосфор бар минералдық тыңайтқыштарды Қытай рыногына жылжыту үшін көлемі 450 мың тонна тыңайтқыштарды жеткізіп беру және "Қазфосфат" ЖШС мен "Чен-Гуан" компаниясы арасында NPK-тыңайтқыштарын өндіру бойынша бірлескен ұйым құру жөнінде Қытайдағы Қазақстан Республикасының елшілігін тарта отырып, қытай компанияларымен ниет-хаттамаларға қол қою жөнінде жұмыс жүргізілді;
фосфор өнімін дүниежүзілік рынокқа жылжыту мақсатында "Қазфосфат" ЖШС-і сары фосфор сатып алушы тұтынушы шетелдік компанияларды шақыра отырып тұсау кесері өткізілді.
Қазіргі уақытта фосфорлық қосалқы саланың мүліктік кешендерінің меншік иелерін айқындау процесі аяқталып келеді, "Нодфос", "Суперфосфат зауыты", "Промтранс" акционерлік қоғамдарының бұрынғы қызметкерлерінің кәсіби аурулары, еңбекте жарақат алу, асыраушысын жоғалтуына байланысты жәрдемақылар төлеу және бюджет пен жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін төлемдер бойынша "Тексуна Кемикалар Инк" халықаралық коммерциялық компаниясының кредиторлық берешегін өтеу жөніндегі міндеттемелерінің мирасқорлық мәселелері шешілу үстінде.
Фосфорлық қосалқы салаларды қайта құрылымдау және қайта қалыптастыру процестері жалғасуда, оны дамытуға инвестициялар тарту және фосфор өнімін өткізу рыноктарын анықтау мәселелері шешілуде.
3.4. 2000 жылы химия өнімдерін өндіру.
Химия өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2000 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1999 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға өсті. Мұндай өсу негізінен, өндірісте көптеген жылдар бойына жалғыз тұрақты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын "АЗХС" ААҚ-да хром тотығын, хром ангидридін және натрий биохроматын шығаруды арттырудың есебінен қамтамасыз етілді бұл оның өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылығы туралы куәландырады.
Өткен жылмен салыстырғанда сары фосфорды шығарудың 113,4% өсуі "Қазфосфат-ЖЖФЗ" ЖШС филиалы жұмысының тұрақтандырылуымен байланысты және оның өткізу рыногының кеңеюі есебінен екендігі 5-кестеден көрініп тұр.
5-кесте
2000 жылы химия өнімдерін өндіру
___________________________________________________________________________
Өнімнің түрлері !Қаңтар-қыркүйекте!Өнімнің табиғи көлемінің индексі,
мың тоннамен ! өндірілді ! %-бен
!_________________!___________________________________
! 2000 ж.! 1999 ж.!1999 !1999 !2000 !2000 жылғы
! ! !жылғы !жылғы !жылғы !қаңтар-
! ! !қаңтар-!қаңтар-!қыркүй. !қыркүйекке
! ! !наурыз.!маусым.!екке қа.!қарағанда
! ! !ға қа. !ға қа. !рағанда !1999 жылғы
! ! !рағанда!рағанда!1999 !қаңтары-
! ! !2000 !2000 !жылғы !қыркүйек
! ! !жылдың !жылғы !қыркүйек!
! ! !қаңтар-!қаңтар-! !
! ! !наурызы!маусым ! !
_____________________!________!________!_______!_______!________!__________
Хром тотығы 12,6 8,4 223,6 177,5 142,8 148,7
Хромды ангидрит 13,6 11,3 179,8 137,0 76,2 120,1
Хромды дубитель 12,9 12,4 97,5 97,6 115,5 103,9
Сұйық хлор 0,643 0,642 534,1 188,8 74,7 100,2
Күкірт қышқылы 470,9 516,8 102,1 100,1 82,5 91,1
Сары фосфор 10,4 4,9 96,4 158,0 - 213,4
Фосфор қышқылы 10,6 10,8 33,0 73,7 - 98,4
Кальций карбиді 4,7 10,7 140,9 110,7 3,4 44,3
Азот тыңайтқыштары 4,9 7,9 94,4 71,1 100,0 62,0
Фосфор тыңайтқыштары - 26,8 - - - -
Полимерлер негізіндегі 1,198 0,552 88,6 168,8 181,7 217,0
бояулар мен лактар
Майлар тұнба 0,058 0,095 - - - 61,1
Медикаменттер, млн. 1080,9 407,3 269,0 254,1 4,7 есе 2,7 есе
теңге
Қолданылып жүрген 12,2 9,8 105,3 116,5 97,3 106,6
бағадағы өнім көлемі,
млрд. теңге
Автобустар, жүк 15,3 14,4 510,0 - 106,3
автомобильдері және
авиация үшін жаңа
пневматикалық резеңке
шиналар
Жеңіл автомобильдер 100,3 202,1 - 199,8 - 49,6
үшін жаңа пневматикалық
резеңке шиналар
Ауыл шаруашылығы 0,7 19,7 - 13,2 - 3,6
машиналары үшін
шиналар, басқа да
жаңа шиналар
___________________________________________________________________________
Ағымдағы жылы минералдық тыңайтқыштар шығару жөніндегі қуаттардың тоқтап тұруы, "ТХМЗ" ААҚ-дағы кальций карбидін және "ПХЗ" ААҚ-дағы майларға тұнба өндірудің қысқартылуы өнімге деген сұраныстың төмендеуінен туындап отыр. Шина өндірісінің тоқтатылуы "ИнтерКомШина" ААҚ-да жүргізіп отырған негізгі қорларды жаңғырту және қайта құру жөніндегі жұмыстар және өзіндік жылу орталығын салуға байланысты.
3.5. Республиканың мұнай және газ өңдеу өндірістерінің жай-күйі
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "АМӨЗ" ААҚ) жергілікті мұнаймен отындық нұсқа бойынша жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз зауыт, мұнай өңдеудің тереңдігі - 59,9%, сұйытылған газ автобензин, дизель отынын, мазут, авиакеросин, майлар, пеш отынын, мұнай коксын шығарады. 2000 жылдың тамызында "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы мен "Марубени Корпорейшен" корпорациясы арасында мазутты гидрокрекингтеу және мұнай өңдеудің тереңдігін 82%-ға дейін ұлғайтуды көздейтін "Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту туралы" шектелмелі келісімге қол қойылған болатын.
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ПМХЗ" ААҚ) жылына 7,5 млн. тонна өңдеу бойынша қуаты бар, өңдеу тереңдігі - 76%. Шикізат ретінде Батыс Сібір кен орнынан құбыр бойынша келетін шикі мұнайды пайдаланады. Бүгінде акцияларының бақылау пакетінің иесі Батыс Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы болып табылады. Өнімді жасау автобензин, керосин, дизель отынын, мазут, пеш отынын, күкірт, кокс алуға бағдарланған. Жанама өнім түрінде: пропан-пропилен фракциясы (соның ішінде пропилені), бутан-бутилен фракциясы (соның ішінде изобутилен, н-бутилендер, изобутан шығару) жасалып шығарылады. Бұл мұнай-химия өндірістері үшін бағалы өнім тұрмыстық отын ретінде пайдаланылады.
"Шымкентмұнайоргсинтез" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ШМОС" ААҚ) қазіргі уақытта Құмкөл кен орнының мұнайын отын сызбасы бойынша (автобензин, керосин, дизель отыны, мазут) өңдеуде, өңдеу тереңдігі - 58%. Бұл ретте барлық өнімнің 40%-ына дейінін мазут алады. Кәсіпорында оның іске қосылуы ашық мұнай өнімдерін шығаруды арттыруға мүмкіндік беретін каталитикалық крекингтік кешеннің құрылысы тоқтатылған.
"Теңіз өңдеу зауыты" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ТГӨЗ" ААҚ) жолай мұнай газын құрғақ, сұйытылған және кері бензинделген газдар, этан, пропан, жеңіл көмір су тектерінің кең фракциясы (бұдан әрі - ЖКСКФ) өңдеу бойынша қуаттары бар.
Сұйық газдар, ЖКСКФ, октан және кері бензинделген түрінде шығарылған өнім бұдан әрі өңделуге жатпайды, жағу жүйесіне бағытталады (мысалы, этан секілді немесе басқа республикаларға сатылады). Сол уақытта полипропилен мен полистирол өндіру жөніндегі тиісінше Атырау және Ақтау зауыттары үшін пропилен (ЖКСКФ-дан) мен этилен (этаннан) өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін еді.
"Жаңажол газ өңдеу зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ЖГӨЗ" ААҚ) 1984 жылы қатарға енгізілді, мұнай және газ дайындау жөніндегі екі кешенді технологиялық желілері бар. Акцияларының бақылау пакеттері қытай компаниясына жатады, олар "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" ашық акционерлік қоғамын құрды.
"Қазақ газ өңдеу зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚГӨЗ" ААҚ). Өндірістік қуаттарының жүктелуі мұнай газы көлемінің қысқартылуынан - 43%. Бірінші кезегі 1973 жылы, екіншісі - 1979 жылы қатарға қосылды. Шикізат Маңғышлақ түбегінің Өзен және Жетібай кен орындарының жолайғы мұнай газы пайдаланылады. "ҚГӨЗ" ААҚ-н іске қосу сәтіне маңғышлақ мұнайының құрамында этан бар мұнай газының ресурсы едәуір қысқарды және кәсіпорын өңдеуге құрамындағы қажетті көмірсутегі жобалық талаптан төмен табиғи газды тартуға мәжбүр болды. Осылайша, табиғи газдың құрамындағы этан 10,4 масс. % құрайды (жобалануда - 13,88%), ал көмірсутегінің құрамы жоба бойынша қажетті - 461 г/текше м-ге қарағанда 160-тан 180 г/текше м-ге дейін ауытқиды. Осыған орай, өңдеуге тартылған газдың жалпы көлемін ұлғайту жолымен этанның жоғалтуларын шикізатпен өтеу мүмкін болмағандықтан, 350 млн. текше м. этан мен сұйытылған газдың қажетті көлемін газдың өңделуі жөніндегі зауыт жобаланған қуаттары кезінде өндірілуін қамтамасыз ету зауытты қайта құрусыз мүмкін емес. Бүгінде "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының құрылымына енетін "ҚГӨЗ" ААҚ Жетібай кен орнының жолайғы және табиғи газдарының конденсатымен жұмыс істеуде. Өз кезінде сызба бойынша жіктелуі жөніндегі кең мүмкіндіктерімен бірегей зауыт жоғары төзімді полистирол шығару үшін "ҚГӨЗ" ААҚ-ның өнімін пайдаланған "АҚПО" АҚ-на шикізат (этан, изопентан) жеткізіп тұрды.
3.6. Қазақстанда химия өнімдерін ішкі қолдану және импорт.
Бүгінгі күні, онысыз Қазақстан экономикасының жұмыс істеуі мүмкін емес, химия және мұнай-химия өнімдеріне (80% жоғары) қазақстан сұранымының едәуір бөлігі импорт есебінен қанағаттандырылады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша химия өнімінің импорты жыл сайын 500 млн. аса АҚШ долларын құрайды, оның ішінде жартысынан көбін мұнай және мұнай өнімдері құрайды. 6-кестеден көрініп тұрғандай Қазақстан бұрын отандық кәсіпорындарда өндірілетін өнімді импорттайды.
6-кесте
1999 жылғы және 2000 жылдың бірінші жарты жылдығындағы
Қазақстанға химия, мұнай-химия өнімдерінің және
мұнай өнімдерінің импорты
___________________________________________________________________________
N ! Өнімдердің атауы ! 1999 жыл ! 2000 жылдың
п/п! ! ! бірінші жарты
! ! ! жылдығы
! !_____________________!__________________
! ! тонна ! мың $ ! тонна ! мың $
___!______________________________!__________!__________!_________!________
1 Полиэтилен 3023,5 2494,3 826,2 2636,3
2 Полипропилен 1523,5 802,4 615,8