«Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөніндегі қызметтi
лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптарын бекіту туралы »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 867 қаулысы
(2006.11.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 626 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.11.05 № 380 Қаулысымен тақырып өзгертілді (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.11.05 № 380 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған:
Өлшем құралдарын шығару жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары;
Өлшем құралдарын жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті өзінің бұрынырақта қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Өлшем құралдарын тексеру жөніндегі қызметтi лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптары ҚР Үкіметінің 2006.11.05 № 380 Қаулысымен алып тасталды (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 867 қаулысымен бекітілген
Өлшем құралдарын шығару жөніндегі қызметтi лицензиялау
кезіндегі біліктiлiк талаптары
Өлшеу (геометриялық, механикалық өлшеу көлемдерiн, массаны, күштi, қаттылықты, қозғалыс параметрлерiн, қысымды, вакуумды өлшеу, сұйықтар мен газдың шығыстарын және мөлшерiн, тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу, физикалық-химиялық өлшеу, температура мен жылу-физикалық өлшеу, оптикалық және оптика-физикалық өлшеу, акустикалық, электрлiк, магниттiк өлшеу, уақыт пен жиiлiктi, радиотехникалық өлшеу, иондалған сәулеленудi өлшеу) құралдарын шығару жөніндегі қызметтi лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптары:
1) өлшем құралдарын дайындауға арналған нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен және бекітілген келісілген техникалық (техникалық тапсырмалар, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттамалар) құжаттамаларының;
2) санитарлық нормалар мен ережелерге және еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес өлшем құралдарын дайындауға арналған өндiрiстiк үй-жайларының;
3) конструкторлық-технологиялық құжаттамаларға сәйкес қажеттi технологиялық жабдық пен оны пайдалану жөніндегі нұсқамаларының;
4) қажеттi дәлдiкпен регламенттеушi өлшемдер әдiстерi мен сынаулардың нормативтiк құжаттарының;
5) шикiзатты жинақтаушы бұйымдардың және өнiмдердiң толық көлемде сапасын бақылауды қамтамасыз ететiн өлшеу және сынау жабдықтарының;
6) өлшеу және сынау жабдықтарын монтаждауды және орнатуды регламенттейтiн техникалық құжаттамаларының;
7) қолданылатын өлшеу және сынау жабдықтарын метрологиялық аттестаттау немесе тексерiсi туралы сертификаттарының;
8) белгiленген тәртiппен алынған өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы сертификатының;
9) шығарылатын өлшеу құралдарын тексеруге құқығы бар заңды тұлғамен метрологиялық қызмет көрсетулердi орындауға арналған шарттарының;
10) өлшем құралдарын өндiру саласында тиiстi біліктiлiгi мен білімi бар мамандар штатының;
11) өлшем құралдарын дайындау мен сынау сапасын iшкi бақылаудың құжаттық жүйесiнiң;
12) мәлiмдеушiнiң санитарлық нормалардың талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдарының қорытындыларының болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 867 қаулысымен бекітілген
Өлшем құралдарын жөндеу жөніндегі қызметтi лицензиялау
кезіндегі біліктiлiк талаптары
Өлшеу (геометриялық, механикалық өлшеу көлемдерiн, массаны, күштi, қаттылықты, қозғалыс параметрлерiн, қысымды, вакуумды өлшеу, сұйықтар мен газдың шығыстарын және мөлшерiн, тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу, физикалық-химиялық өлшеу, температура мен жылу-физикалық өлшеу, оптикалық және оптика-физикалық өлшеу, акустикалық, электрлiк, магниттiк өлшеу, уақыт пен жиiлiктi, радиотехникалық, иондалған сәулеленудi өлшеу) құралдарын жөндеу жөніндегі қызметтi лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптары мәлiмделген лицензиялау саласына сәйкес:
1) өлшем құралдарын жөндеуге арналған нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекітілген және келісілген техникалық және технологиялық құжаттамалардың;
2) санитарлық нормалар мен ережелерге, еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына сәйкес келетiн өлшем құралдарын қабылдауды, жөндеудi және сақтауды ұйымдастыруға арналған үй-жайлардың;
3) қажеттi технологиялық жабдықтар мен оны пайдалану жөніндегі нұсқамалардың;
4) қажеттi дәлдiкпен өлшемдер мен сынаулардың орындалу тәсiлдерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың;
5) шикiзаттың, жинақтаушы бұйымдардың және жөндеу жұмыстарының сапасын толық көлемде бақылауды қамтамасыз ететiн өлшеу және сынау жабдықтарының;
6) белгiленген талаптарға сәйкес өлшем құралдарына сынақ жүргiзу мен жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауға арналған жағдайлардың;
7) өлшем құралдарын жөндеу, дәлдеу және реттеу жұмыстары жөнiнде тиiстi білім деңгейi мен практикалық жұмыс тәжiрибесi бар біліктi мамандардың;
8) жөнделетiн өлшем құралдарын тексеруге құқы бар заңды тұлғамен метрологиялық қызмет көрсетулердi орындауға арналған шарттардың;
9) мәлiмдеушiнiң санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдарының қорытындыларының болуын қамтиды.