«Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөніндегі қызметтi
лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптарын бекіту туралы »
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 867 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 11 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
Өлшем құралдарын тексеру жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын;
Өлшем құралдарын шығару жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары;
Өлшем құралдарын жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті өзінің бұрынырақта қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 867 қаулысымен бекітілген
Өлшем құралдарын тексеру жөніндегі қызметтi
лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптары
Өлшеу (геометриялық, механикалық өлшеу көлемдерiн, массаны, күштi, қаттылықты, қозғалыс параметрлерiн, қысымды, вакуумды өлшеу, сұйықтар мен газдың шығыстарын және мөлшерiн, тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу, физикалық-химиялық өлшеу, температура мен жылу-физикалық өлшеу, оптикалық және оптика-физикалық өлшеу, акустикалық, электрлiк, магниттiк өлшеу, уақыт пен жиiлiктi, радиотехникалық өлшеу, иондалған сәулеленудi өлшеу) құралдарын тексеру жөніндегі қызметтi лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптары мәлiмделген лицензиялау саласына сәйкес:
1) әдiс пен өлшем құралдарына арналған нормативтiк құжаттардың, санитарлық нормалар мен ережелердiң, еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарының шарттарын (температура, ылғалдық, ауа тазалығы, жарықтық, дыбыс пен дiрiлден айыру, магнит пен электрлiк сәулелену және де басқа физикалық өрiстер, электр энергиясымен, сумен, ауамен, жылумен, тоңазытқыш агентпен жабдықтау) қамтамасыз ететiн, өндiрiстiк алаңы бойынша сәйкес келетiн арнайы лабораториялық орынжайларының;
2) эталондар өлшемнiң үлгiлiк құралдары, басқа да тексеру құралдары мен қосалқы құрал-жабдықтарының;
3) қолданылатын эталондарды, өлшемнiң үлгiлiк құралдарын және басқа тексерiс құралдарын метрологиялық аттестациялау немесе тексеру туралы сертификаттарының;
4) құралдарды, әдiстердi және физикалық мөлшердiң бiрлiк өлшемiн дәл берудi анықтайтын, белгiленген тәртiппен бекітілген және келісілген тексерiс тәсiлдерiнiң;
5) өлшем құралдарын тексеру жөнiнде тиiстi біліктiлiгi бар және тексерiсшi ретiнде аттестацияланған мамандар штатының;
6) регламенттейтiн әдiстер мен лицензиялаудың мәлiмделген саласына сәйкес барлық өлшем құралдарының тексерiс құралдары және метрология жөнiнде негiз болатын қажеттi нормативтiк құжаттар қорының;
7) эталондарды, өлшемнiң үлгiлiк құралдарын, басқа да тексеру құралдары мен көмекшi жабдықтарды тексеру кезiнде қолданылатын пайдалану құжаттамаларының (төлқұжаттар, техникалық сипаттамалар мен пайдалану бойынша басшылық жасау);
8) өлшем құралдарын тексеру саласындағы техникалық құзыретiн растайтын тiркеу аттестатының;
9) растау таңбасының қолданылып жүрген нормативтiк құжаттардың белгiленген талаптарына сәйкестiгiнiң конструкторлық құжаттамасының;
10) тексерiстiң сапасын іштей және сырттай бақылаудың құжаттық жүйесiнiң;
11) өтiнiш иесiнiң санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдарының қорытындыларының болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 867 қаулысымен бекітілген
Өлшем құралдарын шығару жөніндегі қызметтi лицензиялау
кезіндегі біліктiлiк талаптары
Өлшеу (геометриялық, механикалық өлшеу көлемдерiн, массаны, күштi, қаттылықты, қозғалыс параметрлерiн, қысымды, вакуумды өлшеу, сұйықтар мен газдың шығыстарын және мөлшерiн, тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу, физикалық-химиялық өлшеу, температура мен жылу-физикалық өлшеу, оптикалық және оптика-физикалық өлшеу, акустикалық, электрлiк, магниттiк өлшеу, уақыт пен жиiлiктi, радиотехникалық өлшеу, иондалған сәулеленудi өлшеу) құралдарын шығару жөніндегі қызметтi лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптары:
1) өлшем құралдарын дайындауға арналған нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен және бекітілген келісілген техникалық (техникалық тапсырмалар, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттамалар) құжаттамаларының;
2) санитарлық нормалар мен ережелерге және еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес өлшем құралдарын дайындауға арналған өндiрiстiк үй-жайларының;
3) конструкторлық-технологиялық құжаттамаларға сәйкес қажеттi технологиялық жабдық пен оны пайдалану жөніндегі нұсқамаларының;
4) қажеттi дәлдiкпен регламенттеушi өлшемдер әдiстерi мен сынаулардың нормативтiк құжаттарының;
5) шикiзатты жинақтаушы бұйымдардың және өнiмдердiң толық көлемде сапасын бақылауды қамтамасыз ететiн өлшеу және сынау жабдықтарының;
6) өлшеу және сынау жабдықтарын монтаждауды және орнатуды регламенттейтiн техникалық құжаттамаларының;
7) қолданылатын өлшеу және сынау жабдықтарын метрологиялық аттестаттау немесе тексерiсi туралы сертификаттарының;
8) белгiленген тәртiппен алынған өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы сертификатының;
9) шығарылатын өлшеу құралдарын тексеруге құқығы бар заңды тұлғамен метрологиялық қызмет көрсетулердi орындауға арналған шарттарының;
10) өлшем құралдарын өндiру саласында тиiстi біліктiлiгi мен білімi бар мамандар штатының;
11) өлшем құралдарын дайындау мен сынау сапасын iшкi бақылаудың құжаттық жүйесiнiң;
12) мәлiмдеушiнiң санитарлық нормалардың талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдарының қорытындыларының болуын қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 7 маусымдағы
№ 867 қаулысымен бекітілген
Өлшем құралдарын жөндеу жөніндегі қызметтi лицензиялау
кезіндегі біліктiлiк талаптары
Өлшеу (геометриялық, механикалық өлшеу көлемдерiн, массаны, күштi, қаттылықты, қозғалыс параметрлерiн, қысымды, вакуумды өлшеу, сұйықтар мен газдың шығыстарын және мөлшерiн, тығыздық пен тұтқырлықты өлшеу, физикалық-химиялық өлшеу, температура мен жылу-физикалық өлшеу, оптикалық және оптика-физикалық өлшеу, акустикалық, электрлiк, магниттiк өлшеу, уақыт пен жиiлiктi, радиотехникалық, иондалған сәулеленудi өлшеу) құралдарын жөндеу жөніндегі қызметтi лицензиялау кезіндегі біліктiлiк талаптары мәлiмделген лицензиялау саласына сәйкес:
1) өлшем құралдарын жөндеуге арналған нормативтiк, сондай-ақ белгiленген тәртiппен бекітілген және келісілген техникалық және технологиялық құжаттамалардың;
2) санитарлық нормалар мен ережелерге, еңбек қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына сәйкес келетiн өлшем құралдарын қабылдауды, жөндеудi және сақтауды ұйымдастыруға арналған үй-жайлардың;
3) қажеттi технологиялық жабдықтар мен оны пайдалану жөніндегі нұсқамалардың;
4) қажеттi дәлдiкпен өлшемдер мен сынаулардың орындалу тәсiлдерiн регламенттейтiн нормативтiк құжаттардың;
5) шикiзаттың, жинақтаушы бұйымдардың және жөндеу жұмыстарының сапасын толық көлемде бақылауды қамтамасыз ететiн өлшеу және сынау жабдықтарының;
6) белгiленген талаптарға сәйкес өлшем құралдарына сынақ жүргiзу мен жөндеу жұмыстарының сапасын бақылауға арналған жағдайлардың;
7) өлшем құралдарын жөндеу, дәлдеу және реттеу жұмыстары жөнiнде тиiстi білім деңгейi мен практикалық жұмыс тәжiрибесi бар біліктi мамандардың;
8) жөнделетiн өлшем құралдарын тексеруге құқы бар заңды тұлғамен метрологиялық қызмет көрсетулердi орындауға арналған шарттардың;
9) мәлiмдеушiнiң санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын санитарлық қадағалау органдарының қорытындыларының болуын қамтиды.