аумақтарда, темір жол, әуе жолы көлiктерiнде, министрлiктердiң, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң қызметiн бақылайды;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң қызметiн ұйымдастыру мен басқару жөніндегі, лабораториялық бақылау әдiстерi, халықты санитариялық-эпидемиологиялық қорғау шараларын жетiлдiру жөніндегі әдiстемелiк нұсқауларды, нұсқамаларды және басқа директивалық құжаттарды әзiрлейдi және енгiзедi;
жаңа аспаптар мен жабдықтарды, лабораториялық зерттеулер мен өлшеулер әдiстемесiн, жұмыстың алдыңғы қатарлы түрлерi мен әдiстерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
мәселелердi алқаларда, кеңестерде, комитеттерде қарау үшiн материалдар дайындауға қатысады;
сертификаттық зерттеулер жүргiзуге және еңбек жағдайларын сараптауға қатысады;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң лабораторияларын аттестациялауды жүзеге асырады, сынақ орталықтары мен лабораторияларын тiркеуге қатысады;
санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлу жағдайын зерттейдi, жаңа аппаратуралар, аспаптар, арнаулы автокөлiк, медициналық-биологиялық препараттар, химиялық реактивтер сатып алуға жәрдемдеседi;
ғылыми-зерттеу институттарымен, медициналық институттардың кафедраларымен, басқа да ғылыми және практикалық мекемелермен бiрлесiп санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау проблемалары бойынша семинарлар, кеңестер, конференциялар ұйымдастырады және өткiзедi, өзiнiң салалық бөлiмшелерi базасында мамандар даярлайды;
санитариялық-эпидемиологиялық станцияларды кадрлармен қамтамасыз ету, мамандардың біліктiлiгiн арттыру мәселелерiмен айналысады.
3. Облыстық, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар:
кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi сақталуына, қоршаған ортаның ластануын болдырмауға, жоюға, еңбек, оқу, тұрмыс және демалыс жағдайларын жақсартуға, жұқпалы, паразиттiк, кәсiптiк-ауруларға шалдығудың және уақытша еңбек ету қабiлетiнен айрылуға байланысты сырқаттанудың, тамақтан және кәсiптiк уланулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-гигиеналық және жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралардың өткiзiлуiне;
қалалық және селолық мекендердi жоспарлау мен салуға, тұрғын-үй-азаматтық және өнеркәсiптiк құрылыс объектiлерiне оларды орналастыруды перспективалық жоспарлау, жер учаскелерiн бөлу, жобалау, салу және салынып бiткен объектiлердi қабылдау кезеңдерiнде;
тағам өнiмдерi мен азық-түлiк шикiзатын өндiруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға;
тамақ өнiмдерiне және ауыз сауға қатысы бар технологиялық жабдықты, мүкәммалды, ыдыстар мен орайтын материалдарды өндiру мен пайдалануға;
балалар ойыншықтары мен тауарларын, косметикалық және жуғыш құралдарды өндiру мен сатуға;
радиоактивтi заттарды және иондандыратын сәулелену көздерiн өндiруге, тасымалдауға, сақтауға, қолдану мен көмiп тастауға, халыққа және оның жекелеген топтарына түсетiн сәуле күштерiне, қоршаған ортаның адамға радиациялық әсерiнiң мөлшерiн құрайтын объектiлерiнiң радиоактивтiлiгiне;
улы және күштi әсер ететiн заттардың, химиялық және биологиялық өсiмдiк қорғау құралдарының, жануарлар мен өсiмдiктер өсуiн тездететiн құралдардың сақталуы мен қолданылуына;
өнеркәсiп орындарында ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң сақталуына, кәсiптiк аурулар мен уланудың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, уақытша еңбек ету қабiлетiнен айрылуға байланысты сырқаттану жағдайларын азайтуға;
ел қоныстанған жерлердегi сумен жабдықтаудың, канализацияның және тазалаудың жай-күйiне, жер бетіндегі және жер асты суларының, шаруашылыққа арналған сумен және ауызсумен жабдықтау көздерiнiң, демалатын орындардың, атмосфералық ауа мен топырақтың, коммуналдық және тұрмыстық мақсаттағы объектiлердiң ластануын болдырмау және жою жөніндегі шараларды жүргiзуге;
жұқпалы және паразитарлық ауруға шалдығудың жай-күйiне, ауруларды және жұқпалы ауруларға шалдығуы мүмкiн деген күдiк тудырған адамдарды ауруханада ұстау жөніндегі шараларды орындауға, дезинфекция және дератизация ошақтарына, аурулармен бiрге болған адамдарды лабораториялық тексеруге, алдын ала егулер жүргiзуге;
шекараны карантиндiк және ерекше қауiптi инфекциялардың әкелуiнен және таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі шаралар кешенiн жүргiзуге мемлекеттік санитариялық қадағалауды жүзеге асырады:
- алдын ала және мерзiмдi медициналық байқауға жататын контингенттердi анықтауға қатысады, кәсiптiк аурулар мен кәсiптiк улануларды есепке алады, тергеу және талдау жүргiзедi, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған шараларды орындауға бақылау жасайды;
- тамақтан улану жағдайларын тергейдi, олардың пайда болу себептерiн анықтайды, алдын алу шараларын ұйымдастыру мен өткізуге бақылау жасайды;
- санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
- зерттеулердiң бекітілген номенклатурасына сәйкес аумақтар мен объектiлердiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына сипаттама беру үшiн қажеттi бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, токсикологиялық, радиологиялық зерттеулер жүргiзедi және құралдармен өлшейдi.
4. Облыстардың, республикаға бағынысты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциялары бар қалалардың санитариялық-эпидемиологиялық станциялары (басқармалары), темір жолдардың жол санитариялық-эпидемиологиялық станциялары, әуе көлiгіндегі Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станция сонымен бiрге мынадай ұйымдық-нұсқамалық функцияларды орындайды:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша ақпараттық-әдiстемелiк хаттар мен нұсқамалар әзiрлейдi;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, лабораториялық зерттеулердi және құралдармен өлшеулердi жүзеге асыру жөніндегі жаңа әдiстердi зерттейдi, сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
кадрлар орналастыруды, біліктiлiк арттыру курстарында мамандар даярлауды жүзеге асырады;
аттестациялық комиссиялар құрады және мамандарға біліктiлiк категорияларын беру үшiн аттестация өткiзедi;
санитариялық-эпидемиологиялық қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мамандардың кеңестерiн, конференцияларын, семинарларын, курстық даярлықтарын ұйымдастырады және өткiзедi;
қазiргi заманғы автоматтандырылған басқару жүйелерiн пайдалана отырып, жергiлiктi санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға баға беру iсiне практикалық көмек көрсетедi, қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың қызметiн үйлестiредi;
материалдық-техникалық базаны нығайтуға, лабораторияларды ең жаңа аппаратурамен, жабдықтармен жарақтандыруға және арнаулы автокөлiкпен қамтамасыз етуге көмектеседi.
5. Темір жолдағы және әуе көлiгіндегі санитариялық-эпидемиологиялық станциялар темір жол және әуе көлiгi объектiлерiнде осы Ереженiң 3,4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық станциялар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады және оны осы Ереженiң 3,4- тармақтарына сәйкес iшкi iстер органдарының, iшкi әскерлердiң адам құрамына, олардың отбасы мүшелерiне, мамандандырылған мекемелердегi арнаулы контингентке қатысты жүргiзедi.
7. Министрлiктердiң, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын санитариялық-эпидемиологиялық станциялар оны осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес қамтамасыз етедi.
8. Ерекше қауіптi және карантиндiк iндеттер бойынша жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралардың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн қамтамасыз ететiн органдар мен мекемелер:
- Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi мынадай функцияларды атқарады:
Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты мен аймақтық обаға қарсы станциялар құрамында бiрыңғай ғылыми-өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асырады;
аймақтық обаға қарсы станциялардың қызметiн басқарады және жұмысын бақылайды;
республикасы аумағында ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттер бойынша эпидемиологиялық жағдайға баға беру мен болжауды қамтамасыз етедi, олардың алдын алу, шекараларды санитариялық қорғау жөніндегі ғылыми негiзделген бағдарламалар әзiрлейдi;
ерекше қауіптi және карантиндiк iндеттер, шекараларды санитариялық қорғау кезіндегі профилактикалық және жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды ұйымдастырады және орындайды;
мамандандырылған лабораториялардың жұқпалы аурулардың таралуына қарсы режим талаптарына сай келетiндiгiн анықтау үшiн аттестация өткiзедi;
жаңа медициналық иммунобиологиялық препараттар жасап, енгiзедi, санитариялық-жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралар кешенiн, ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттерге қарсы күресу жөніндегі ғылыми және әдiстемелiк шаралар әзiрлейдi;
ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттер бойынша дәрiгерлердi, биологтар мен лаборанттарды мамандандыру мен олардың білімiн жетiлдiру, обаға қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық станциялар басшы қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру iсiн ұйымдастырады және өткiзедi;
ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттердiң алдын алу және шекараларды санитариялық қорғау мәселелерi бойынша Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн барлық ұйымдар мен мекемелердiң және емдеу-алдын алу мекемелерiмен қарым-қатынас жасайды;
- Аймақтық обаға қарсы станциялар:
обаға қатысты эпидемиялық салауаттылыққа бағытталған профилактикалық шаралар кешенiн ұйымдастырып, өткiзедi және iндеттiң таралған аумақтан шығып кетпеуiнiң алдын алады;
станциялардың эпидемиологиялық ушығулардың пайда болу жағдайларына үнемi дайын тұруын, ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттер ошағын шектеу және жою, шекараларды санитариялық қорғау жөнiнде жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi;
ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттердiң алдын алу және шекараларды санитариялық қорғау жөніндегі шараларды өткізуде денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiне практикалық, әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қауiптiлiктiң 1 және 2 топтағы қоздырғыштарын анықтау жөніндегі зерттеулер жасайтын лабораториялардағы жұқпалы аурулардың таралуына қарсы режимге бақылауды жүзеге асырады;
емдеу-профилактикалық мекемелердiң ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттердiң пада болу жағдайына әзiрлiгiн бақылайды.
ҚР Үкіметінің 1998.09.07. № 651 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Профилактикалық және ошақты дезинфекцияны, дезинсекцияны, даратизацияны ұйымдастыратын және өткiзетiн органдар мен мекемелер:
- Республикалық "Дезинфекция" бiрлестiгi мынадай функцияларды орындайды:
аумақтарда профилактикалық дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық шараларды өткізу мәселелерi бойынша облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерiне ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
профилактикалық дезинфекциялық қызметтi басқаруды перспективалық даму және жетiлдiру жоспарларын әзiрлейдi, олардың жергiлiктi жерлерде iске асырылуына бақылау жүргiзедi;
дезинфекция, дезинсекция, дератизация проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастырады, жаңа құралдар мен препараттарды сынақтан өткiзедi және енгiзедi, жұмыстан осы заманғы нысандары мен әдiстерiн әзiрлеп, енгiзедi;
біліктiлiктi арттыру курстарында кадрлар даярлауды ұйымдастырады;
- Облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерi:
қалалық және аудандық дезинфекция станцияларының жұмысын басқаруды және ұйымдастыруды, олардың қызметiне және өткiзген шараларының сапасына бақылауды қамтамасыз етедi;
дезинфекция станцияларының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шараларды және күнделiктi санитариялық қадағалау iсiн орындайды;
эпидемиялық ушығу кезiнде дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шаралар өткізуге қатысады;
- қалалық және аудандық дезинфекция станциялары:
инфекциялық аурулар ошақтарында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық шараларды жүзеге асырады;
объектiлер мен елдi мекендер аумақтарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етедi;
профилактикалық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргiзедi.
10. Республикалық, облыстық және қалалық "Денсаулық" орталықтары:
салауатты өмiр сатын насихаттауды, халықты гигиеналық оқыту мен тәрбиелеудi, сондай-ақ жекелеген кәсiптiк топтарды арнайы даярлықтан өткізудi жүзеге асырады;
халықтың арасында және ұйымдасқан ұжымдарда санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргiзедi;
бұқаралық ақпарат құралдарымен, баспалармен қарым-қатынасты қамтамасыз етедi;
баспа қызметiн жүзеге асырып, денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiн арнаулы әдебиетпен қамтамасыз етедi.
11. Қазақ гигиена және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институты, Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты, Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты мынадай функцияларды орындайды:
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң гигиена, эпидемиология және кәсiптiк патология проблемалары жөніндегі әлеуметтiк тапсырыстарды қамтамасыз етедi;
санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, әдiстемелiк нұсқамаларды әзiрлейдi;
жұмыс аймағының ауасында, атмосфера ауасында, шаруашылыққа арналған және ауызсулар мен мәдени-тұрмыстық жағдайларға арналған сулардағы химиялық және биологиялық заттардың жол беруге болатын шекте шоғырлануының және әсерiнiң қауiпсiз деңгейiнiң гигиеналық регламенттерiн және физикалық факторлардың жол беруге болатын шектi деңгейiн негiздейдi;
иммунобиологиялық препараттар шығарады, жаңа вакциналар, қоректену орталары мен диагностикумдар шығаруды игередi, оларды қолдану мен бақылау жөніндегі әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлейдi;
республиканың әртүрлi аймақтарындағы жұқпалы және паразитарлық аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiне зерттеу жүргiзедi, олардың алдын алу жөнiнде ғылыми негiзделген ұсыныстар әзiрлейдi;
өндiрiстiк және табиғи ортаның қолайсыз факторларымен өзара байланыста халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулық жағдайын зерттейдi, тиiстi ұсыныстар әзiрлейдi;
Қазақстан Республикасы аумағында және жекелеген аймақтарда санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенiн өткізуде Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiне практикалық көмек көрсетедi;
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама өткізуге қатысады;
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын даярлау iсiн ұйымдастырады және өткiзедi.
12. Темір жолдағы және әуе көлiгіндегі санитариялық-эпидемиологиялық станциялар, Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi аймақтық обаға қарсы станциялармен бiрге, Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты, Қазақ еңбек гигиеналық және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институты, республикалық және облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерi қалалық және аудандық дезинфекция станцияларымен бiрге, Республикалық, облыстық және қалалық "Денсаулық" орталықтары өз мiндеттерiн орындаған кезде санитариялық-жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралар өткізудi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк аумақтарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жүзеге асыратын органдармен және мекемелермен қарым-қатынас жасап, келісіп отырады.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі мен iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық станциялар Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк аумақтарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен және мекемелермен қарым-қатынас жасап, елдi мекенде аумақтарының санитариялық жай-күйiн, көше саудасының жай-күйiн, көлiк құралдарын пайдалануды бақылау функцияларын бiрлесiп атқарады, коммерциялық құрылымдарды қадағалау, сондай-ақ жұқпалы аурулар мен бактерия көздерiн анықтау кезiнде көмек көрсетедi.
ҚР Үкіметінің 1997.08.04. № 505; 1999.07.06. № 708; 1999.07.09. № 1315 қаулыларымен V-бөлiм өзгертілді
V. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қызметтi қаржыландыру
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттен Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң республикалық органдары мен мекемелерi, темір жол мен әуе көлiгiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ететiн санитариялық-эпидемиологиялық органдар мен мекемелер қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау миниcтрлiгiне бөлiнетiн нысаналы қаражат есебiнен денсаулық сақтау мекемелерiн иммунобиологиялық препараттармен, санитариялық-эпидемиологиялық станцияларды осы заманғы әрi бiрегей жабдықтармен, аспаптармен, санитариялық автокөлiкпен жабдықтау жүзеге асырылады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң аумақтық органдары мен мекемелерi, объектiлерде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мекемелер аудандық, қалалық, облыстық қаржы басқармалары (бөлiмдерi) арқылы тiкелей қаржыландырылады. (бесінші) (алтыншы) (жетінші) (сегізінші) (тоғызыншы) (оныншы)
Жұқпалы аурулардың таралуына қарсы күрес жөніндегі шараларға, сондай-ақ сырқаттану көбейген немесе жұқпалы және паразитарлық аурулардың жайылу қаупi туған кезде жоспардан тыс жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шаралар жүргiзуге республикалық және жергiлiктi бюджеттерде арнаулы қаражат (эпидемиологиялық қор) көзделедi, ол қолданылып жүрген нұсқамаларға сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мекемелерiнiң шығыстар сметасы бойынша пайдаланылады.
Жұқпалы және паразитарлық аурулардың таралу ошағын жоюға таратылған адамдарға тәулiктiк қаражат қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төленедi.
Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайтын тәртiппен пайдаланады.
VI. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қызметтiң мүлкi және оны материалдық-
техникалық қамтамасыз ету
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет құрамына кiретiн органдар мен мекемелердiң үйлерi, ғимараттары, жабдықтары, көлiк құралдары және басқа мүлкi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң иеленуiне, пайдалануы мен басқаруына берiледi және жекешелендiруге, акцияландыруға, басқаға беруге және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге сатуға болмайды.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi бюджеттер, бюджеттен тыс арнаулы қаражат және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қаржыландыру көздерi есебiнен жүзеге асырылады.
Әкiмдер, министрлiктер, темір жолдар, компаниялар, концерндер және корпорациялар өз қаражаты есебiнен санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың материалдық-техникалық базасын нығайтады, оларды байланыс құралдарымен және коммуникациялармен, ал қызметкерлерiн осы ведомстволар үшiн белгiленген жеңiлдiктермен қамтамасыз етедi.
VII. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қызметтiң ведомстволық санитариялық-эпидемиологиялық
қызметтермен, басқа да мемлекеттік қадағалау
органдарымен қарым-қатынасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қарулы Күштерiнiң, Шекаралық және Iшкi әскерлерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық қызметтерiне ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады және бiрлескен ережелер негiзiнде олармен қарым-қатынас жасайды.
Басқа да мемлекеттік қадағалау органдарымен қарым-қатынас белгiленген тәртiппен бекітілген бiрлескен ережелер негiзiнде жүзеге асырылады.