«Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қызметi туралы ереженi бекіту жөнiнде» Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі
№ 547 Қаулысы
(1999.07.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекеттік санитариялық қадағалау органдары мен мекемелерінiң тиiмдiлiгiн және пәрмендiлiгiн арттыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 25 сәуірдегі
№ 547 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қызметi туралы
Ереже
I. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызметi - органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi, олардың басты мiндетi қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халықтың денсаулық жағдайына зиянды әсерiн болдырмау, анықтап, жойып отыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылау жасау және кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың санитариялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, санитариялық заңдарды және Қазақстан Республикасы заңдарының адамның денсаулығын сақтауға қатысты бөлiгiн орындауын қадағалау арқылы жұқпалы және кәсiптiк аурулардың алдын алу болып табылады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулыларын және өзге нормативтiк актiлердi басшылыққа алып отырады.
II. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қызметтiң құрылымы
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң құрылымына мыналар кiредi:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқармасы;
- Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер:
Қазақ республикалық санитариялық-эпидемиологиялық
станциясы
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциялар;
- Темір жол көлiгiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер:
Жол санитариялық-эпидемиологиялық станциялары
Бөлiмшелiк станциялық-эпидемиологиялық станциялар
Желiлiк санитариялық-эпидемиологиялық станциялар;
- Әуе көлiгiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер:
Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станция
Бiрлескен авиаотрядтардың санитариялық-эпидемиологиялық станциялары;
- Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне iссапарға жiберiлiп, оның объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелер:
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жанындағы Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станция
Iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық станциялар;
- Министрлiктердiң, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мекемелер;
Объектiлердегi санитариялық-эпидемиологиялық станциялар;
- Ерекше қауiптi және карантиндiк iндет бойынша жұқпалы
аурулардың таралуына қарсы шаралар ұйымдастыру мен өткізудi
қамтамасыз ететiн органдар мен мекемелер:
Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi
Аймақтық обаға қарсы станциялар;
- Алдын ала және ошақтық дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзетiн органдар мен мекемелер:
Республикалық "Дезинфекция" бiрлестiгi
Облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерi
Шаруашылық есептегi қалалық және аудандық дезинфекциялық станциялар;
Бюджеттегi қалалық және аудандық дезинфекциялық станциялар;
- Салауатты өмiр салтын насихаттауды, халықты гигиеналық жағынан оқыту мен тәрбиелеудi жүзеге астыратын органдар мен мекемелер:
Республикалық "Денсаулық" орталығы
облыстық "Денсаулық" орталықтары
қалалық "Денсаулық" орталықтары;
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерi заңды ұйымдар болып табылады, олардың дербес шығыстар сметасы, өзiнiң негiзгi қорлары мен айналым қаражаты, банкiлерде бюджеттік және арнаулы шоттары, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы жазылған мөрi болады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң құруды, қайта құруды және таратуды Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң жоғары тұрған басқару органдары белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң құрылымы, адам саны мен штат кестесi санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес құрылып, оны белгiленген жалақы қоры шеңберiнде органның және мекеменiң басшысы бекiтедi.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына біліктiлiк категориясын беру үшiн аттестациялауды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқармасы жанындағы комиссия және облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың комиссиялары жүзеге асырады;
- Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi ғылыми жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын мекемелер:
Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты
Қазақ гигиена және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институты
Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институты.
ҚР Үкіметінің 1998.09.07. № 651 қаулысымен III-тарау өзгертілдi
III. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
қызметке, оның органдары мен мекемелерiне
басшылық жасау
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық Бас дәрiгерi басқарады, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары болып табылады, қызмет органдары мен мекемелерiне орталықтан басқару қағидаларына сай басшылық жасауды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқармасы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметке басшылық жасайды, оны Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқарманың бастығы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік санитариялық Бас дәрiгерiнiң бiрiншi орынбасары басқарады. Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқарма бастығының орынбасарлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық Бас дәрiгерiнiң орынбасарлары болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқарманың бастығын және оның орынбасарларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қазақ республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы Қазақстан Республикасында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын барлық органдар мен мекемелерге практикалық және ұйымдық әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады, оны Бас дәрiгер басқарады, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық Бас дәрiгерiнiң орынбасары болып табылады.
Қазақ республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық Бас дәрiгерiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Облыстың және республикалық бағыныстағы қаланың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi - облыстық (қалалық) санитариялық-эпидемиологиялық бас дәрiгерi, (қалалық) санитариялық-эпидемиологиялық басқарманың бастығы болып табылады және облыстың (қаланың) әкiмшiлiк аумақтарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын мекемелерге, министрлiктердiң, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мекемелерге, сондай-ақ бюджеттегi дезинфекциялық станцияларға басшылық жасайды.
Темір жол және әуе көлiгiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң, ерекше қауiптi және карантиндiк iндет бойынша жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды қамтамасыз ететiн мекемелердiң, шаруашылық есеппен дезинфекциялық, дератизациялық және дизинсекциялық шаралар жүргiзетiн органдар мен мекемелердiң, "Денсаулық" орталықтарының қызметiн бақылайды және үйлестiрiп отырады.
Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық мәселелерiнде облыстың барлық емдеу-профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық мекемелерiнiң арасындағы үйлестiру iсi мен қарым-қатынасты жүзеге асырады.
Облыстың (республикалық бағыныстағы қаланың) мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық Бас дәрiгерi облыстың (қаланың) әкімімен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қаланың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi болып табылады және қала аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын мекемелерге басшылық етедi.
Темір жол және әуе көлiгiнде қала аумағында ерекше қауiптi және карантиндiк iндет бойынша жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды орындайтын, дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық шаралар жүргiзетiн мекемелердiң, қалалық "Денсаулық" орталығының объектiлерiнде санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың қызметiн үйлестiрiп отырады.
Қаланың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiн облыстың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi қала әкімімен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Ауданның мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi болып табылады және оның жұмысына басшылық етедi.
Темір жол және әуе көлiктерiнде, аудан аумағында ерекше қауiптi және карантиндiк iндет бойынша жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды орындайтын, дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық шаралар жүргiзетiн мекемелердiң объектiлерiнде санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың қызметiн үйлестiрiп отырады.
Ауданның мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiн облыстың мемлекеттi санитариялық бас дәрiгерi аудан әкімімен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Темір жолдың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi жол санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылады және темір жолдың бөлiмшелерi мен желiлiк учаскелерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мекемелерге басшылық етедi.
Темір жолдың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Темір жол бөлiмшесiнiң мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi және бөлiмшесi санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылады және темір жол бөлiмшесiнiң желiлiк учаскелерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық станцияларына басшылық етедi.
Темір жол бөлiмшесiнiң мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiн Темір жолдың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Темір жолдың желiлiк учаскесiнiң мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi желiлiк санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылады және оның жұмысына басшылық етедi.
Желiлiк учаскенiң мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiн темір жолдың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Әуе көлiгіндегі мемлекеттік санитариялық бас дәрiгер - әуе көлiгіндегі Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi болып табылады, әуе көлiгiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын бiрлескен авиаотрядтардың санитариялық-эпидемиологиялық станцияларына басшылық етедi.
Әуе көлiгіндегі мемлекеттік санитариялық бас дәрiгердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Бiрлескен авиаотрядтың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi бiрлескен авиаотряд санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылады және оның жұмысына басшылық етедi.
Бiрлескен авиаотряд санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерiн әуе көлiгiнде Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінiң объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын Бас мемлекеттік санитариялық дәрiгер Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жанындағы Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бастығы болып табылады және Iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың жұмысына басшылық етедi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын Бас мемлекеттік санитариялық дәрiгердi Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрiгерi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiмен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Iшкi iстер басқармаларының объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жүзеге асыратын Бас мемлекеттік санитариялық дәрiгер Iшкi iстер басқармалары жанындағы санитариялық-эпидемиологиялық станциялардың бастығы болып табылады, оны Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі жанындағы Орталық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның бастығы iшкi iстер басқармасының бастығымен келiсе отырып қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне iссапарға жiберiлiп, оның объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң адам құрамы iшкi iстер органдарының кiшi, орташа, аға және жоғары басшы құрамына Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кадр құрамында тұратын жұмысшылар мен қызметшiлерге бөлiнедi.
Iшкi iстер органдары үшiн белгiленген құқықтық мәртебе, әлеуметтiк қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне iссапарға жiберiлiп, оның объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалайды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң қызметкерлерiне қолданылады.
Министрлiк, компания, корпорация объектiсiнiң мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi - объект санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi болып табылды және оны облыстың мемлекеттік санитарлық бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директоры сонымен бiрге Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтының директоры да болып табылады және аймақтық обаға қарсы станцияларға басшылық етедi.
Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директорын Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Аймақтық обаға қарсы станцияның бастығы обаға қарсы бөлiмшелерге басшылық етедi, оны облыстың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып Қазақ обаға қарсы ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бас директоры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Республикалық "Дезинфекция" бiрлестiгiнiң бас директоры республикалық және облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерiне басшылық етедi, оны облыстық "Дезинфекция" бiрлестiктерiнiң Директорлар кеңесiнiң ұсынуы бойынша және Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Облыстық "Дезинфекция" бiрлестiгiнiң директоры шаруашылық есептегi қалалық және аудандық дезинфекция станцияларына басшылық етедi, оны облыстық мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып республикалық "Дезинфекция" бiрлестiгiнiң бас директоры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. (37-абзац)
Қалалық (аудандық) дезинфекция станциясының бас дәрiгерi тиiсiнше бюджеттегi қалалық (аудандық) дезинфекция станциясына басшылық етедi, оны облыстық мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Республикалық "Денсаулық" орталығының бас директоры облыстық және қалалық "Денсаулық" орталықтарына басшылық етедi, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Облыстық "Денсаулық" орталығының бас дәрiгерi облыстық және қалалық "Денсаулық" орталығына басшылық етедi, оны облыстың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып республикалық "Денсаулық" орталығының бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қалалық "Денсаулық" орталығының бас дәрiгерi қалалық "Денсаулық" орталығына басшылық етедi, оны қаланың мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiмен келiсе отырып облыстық "Денсаулық" орталығының бас дәрiгерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ гигиена және кәсiптiк аурулар ғылыми-зерттеу институтының директорлары осы мекемелерге басшылық етедi, оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық бас дәрiгерiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
IV. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қызметiнiң
функциялары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметiнiң функциялары "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында баяндалған, оған сәйкес:
1. Санитариялық-эпидемиологиялық бас басқарма:
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн органдар мен мекемелерге басшылық етедi;
республика халқының денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулылары мен өкiмдерiн әзiрлеуге қатысады;
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн жетiлдiру бағдарламасын әзiрлейдi;
министрлiктер мен ведомстволардың қоршаған ортаны жақсартуға және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған кешендi санитарлық-сауықтыру шараларын үйлестiрiп отырады;
министрлiктердiң, ведомстволардың, компаниялардың, концерндердiң, корпорациялардың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау жөніндегі қызметiн бақылайды;
мемлекеттік стандарттарды, өнiмге, тауарларға, процестер мен қызметтерге, жобалау нормаларына, гигиеналық нормаларға техникалық шарттарды келiседi;
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселесiнде басқа да мемлекеттік бақылау органдарымен қарым-қатынас жасайды;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінiң бұйрықтары, алқа қаулыларын, Кеңестердiң шешiмдерiн әзiрлеуге қатысады;
санитариялық-эпидемиологиялық салауттылық мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бөлiмдерiмен, Жоғарғы Кеңес комитеттерiмен, министрлiктермен, ведомстволармен, компаниялармен қарым-қатынас жасайды;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен мекемелерiнiң карантиндiк және ерекше қауiптi iндеттер әкелуiне және таралуынан шекараны қорғау жөніндегі қызметiн ұйымдастырып, үйлестiрiп отырады;
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықтың көкейкестi мәселелерi және жұқпалы аурулар таралуының ушығуына байланысты ел аумағында карантин енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзедi;
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi ғылыми жағынан қамтамасыз ету iсiн үйлестiрiп отырады;
гигиена мен эпидемиология саласындағы ғылыми жетiстiктердi практикаға енгізуге бақылауды қамтамасыз етедi;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi, басқа да нормативтiк-техникалық құжаттамаларды қажетсiнуiн анықтайды, оларды әзiрлеу мен келiсуге қатысады, басып шығаруды ұйымдастырады;
басшы кадрлар резервiн iрiктеу мен даярлауды жүзеге асырады;
орталық аттестация комиссиясын құрып, мамандарға біліктiлiк категорияларын беру үшiн аттестация өткiзедi;
қалалық мекендердi жоспарлау мен салу жөніндегі жобалық құжаттаманы әзiрлеу кезiнде санитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң сақталуын бақылайды, объектiлердi салу мен жаңғыртуға iрiктеп бақылау жасайды;
жұмыс iстеп тұрған объектiлердi мемлекеттік-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн барлық органдар мен мекемелердiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады, оның нәтижелерi бойынша материалдар дайындап, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының талқылауына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы алқа мен санитариялық-эпидемиологиялық кеңеске ұсынады.
ҚР Үкіметінің 1998.09.07. № 651 қаулысымен 2-тармақ өзгердi
2. Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станция:
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк аумақтарында, темір жол және әуе жолы көлiктерiнде, министрлiктерiнiң, компанияларының, концерндерiнiң, корпорацияларының объектiлерiнде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелерге практикалық және ұйымдық-әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз етедi;
санитариялық-гигиеналық, профилактикалық, жұқпалы аурулардың таралуына қарсы шараларды, ерекше қауiптi және карантиндiк iндеттi әкелуден және таратудан шекараны қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен өткізуде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң органдары мен мекемелерiне практикалық көмек көрсетедi;
автоматтандырылған басқару жүйелерiн пайдалана отырып, есеп жүргiзу және есеп беру көмегiмен санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға бақылауды жүзеге асырады;
жұқпалы және кәсiптiк ауруларға шалдығуға, оның iшiнде уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты сырқаттануға қоршаған ортаның жай-күйiмен өзара байланысты талдау жасап, баға бередi;
санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметке кiретiн органдар мен мекемелердiң қызметiн үйлестiруге бағытталған басқарушылық шешiмдер қабылдау үшiн ақпарат базасын қалыптастырады;
объектiлердi жобалау, салу және пайдалану кезiнде санитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң сақталуына мемлекеттi санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
санитариялық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық, зерттеулер жасайды, шуды, тербелiстi, электромагниттi өрiстердi және басқа физикалық факторларды өлшейдi;