«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 1315 қаулысы
(2005.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды (бүр.ред.қара)
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақ КСР-індегі мемлекеттік экологиялық сарапшылық туралы ережеде:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргiзгенi үшiн ақы түрiнде түсетiн барлық қаражат бюджетке аударылады";
2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 сәуірдегі № 547 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., № 14, 166-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметi туралы ережеде:
"Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтi қаржыландыру" деген Ү бөлiм мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын тауарларды сату мен қызмет көрсетулерден түсетiн түсiмдердi олар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындайтын тәртiппен пайдаланады".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі